"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-148 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында "Жұмыс көлемі" бағанында "19050" деген сандар "152400" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл | |
ауданының әкімі | Т. Ташмағамбетов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы әкімдігі | |
денсаулық сақтау басқармасының | |
"Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" | |
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық | |
кәсіпорны, бас дәрігер | |
__________________ Қ.Ержанов |