Ескерту. Шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 15.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Балуан селосы азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің Балуан ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | А. Ақышева |
| Ауылдық округ әкімінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 15 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің атау берілген Балуан ауылының құрамдас бөліктерінің тізбесі
Бірінші көшеге – Сейтен Сауытбеков атындағы;
Екінші көшеге – Жеңіс;
Үшінші көшеге – Орталық;
Төртінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы
