Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан ауылы және Ивановка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қазақстан ауылының, Ивановка ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Қазақстан ауылы:
№ 1 көшеге – Орталық атауы;
№ 2 көшеге - Мектеп атауы;
2) Ивановка ауылы:
№ 1 көшеге - Орталық атауы;
№ 2 көшеге - Мектеп атауы;
№ 3 көшеге - Қылшақты атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | А.Ахметжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Зеренді ауданы "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
|
Зеренді ауданы "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |
