"АІ-Farabi" ордені туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 1237 Жарлығы.

      Білім, ғылым, мәдениет пен руханият салаларында елеулі жетістіктерге жеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мемлекеттік награда - "АI-Farabi" ордені тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "АІ-Farabi" орденінің эскизін әзірлесін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады