"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 1181 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) музейлер:

      кемінде жиырма бес жыл немесе астанада орналасқан республикалық меншіктегі музейлер – кемінде он жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады;

      кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді;

      жеке тұрған ғимараты болады;

      халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады;

      музей қорының құрамында ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдени құндылықтардың кемінде он пайызы болады;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) кітапханалар:

      кемінде жиырма бес жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады;

      кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді;

      жеке тұрған ғимараты болады;

      халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады;

      кітапхана қорының құрамында сирек кездесетін қолжазбалар, көне кітаптар, құжаттар мен басылымдар коллекциялары болады, олардың кемінде он пайызы ұлттық мәдени игілік болып табылады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады