ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 1152 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан тарапынан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.".
2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 19), 21) тармақшалары, 12-бабының 3), 13), 22) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;".
3. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі".
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі".
6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"186. Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Президент Әкімшілігінің Басшысы, Сыртқы істер министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қатысады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары";
18-тармақ алып тасталсын;
32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32-1. Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі";
мынадай мазмұндағы 32-2-тармақпен толықтырылсын:
"32-2. Президенттің кеңесшілері".
7. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік комиссия төраға мен Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол алып тасталсын.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.";
24-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзінің бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
3) Президентпен келісу бойынша өзінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Кеңсе бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;
4) Президенттің қарауына өзінің бірінші орынбасарын және орынбасарларын, Президенттің көмекшілерін және кеңесшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;";
25, 26-тармақтар және 27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысы айқындайтын бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.
26. Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларын, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерін, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
27. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері:";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Президент міндеттердің бірінші кезектілігі мен маңыздылығына қарай Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне осы Ережеде көзделгеннен ерекшеленетін өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді жүктеуі мүмкін. Президент өзінің көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.".
9. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:
31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"СІМ өз құзыреті шегінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісіне Қазақстан Республикасы Президентінің деңгейінде тапсырманың жобасын дайындаудың орындылығы туралы негізделген ұсыныс енгізе алады.";
32-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі тапсырмалардың жобасын үш жұмыс күні ішінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарымен және орынбасарларымен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін Президенттің көмекшілерімен, Президент Кеңсесінің бастығымен және Президенттің кеңесшілерімен, Мемлекеттік құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен электрондық түрде келіседі.".
10. "Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережеде:
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың тұрақты мүшелері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (басшының орынбасары);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (басшының орынбасары);
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
5) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
6) Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
7) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
8) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
9) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.".
11. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
6-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;".
12. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары.";
мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
"12-2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.".
13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.
14. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары".
15. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
"
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Қазақстан Республикасының Президенті |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары | Қазақстан Республикасының Президенті |
".
16. "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.".
17. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі";
"Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі";
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
18. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.
19. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары".
20. "Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 881 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Кеңестің хатшысы болып табылады.
12. Қазақстан тарапынан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Кеңестің мүшелері болып табылады.".
21. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі";
"Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.
22. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 қазандағы № 60 өкімінде:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бектенов Олжас Абайұлы | – | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Скляр Роман Васильевич | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Асылов Берік Ноғайұлы | – | Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Жұманғарин Серік Мақашұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Сапаров Айдарбек Сейпілұлы | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Такиев Мәди Төкешұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Шаққалиев Арман Абайұлы | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Әбдіразақов Елдар Советұлы | – | "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Айтжанов Асхат Әбдірахманұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша өңірлік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ақшолақов Болат Оралұлы | – | "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің және "Қазақстанның инвесторлар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Әкпар Дулат Бекманапұлы | – | "Нәтиже" сүт фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Баталов Райымбек Әнуарұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша) |
Богачев Сергей Николаевич | – | "Авиа Центр Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша) |
Болатжан Әсем | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Доскенов Талғат Қаскенұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша) |
Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Жамбыл облысы бойынша өңірлік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ибраев Қанат Сұлтанұлы | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы, "DD21" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Қаниев Берік Серәліұлы | – | "Lancaster Group" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Овсянников Владимир Вячеславович | – | "Method" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Подвалов Александр Юрьевич | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Астана қаласы бойынша өңірлік кеңесінің төрағасы, "AG TECH" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Радостовец Николай Владимирович | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Рахымбаев Айдын Жұмаділұлы | – | "BI Group" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы | – | "Astana Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша) |
Шаяхметова Үміт Болатханқызы | – | "Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы | – | "AlageumGroup" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
".
23. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамында:
"Қазақстан тарапынан Кеңес мүшелері" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан тарапынан Кеңес мүшелері: | ||
Бектенов Олжас Абайұлы | – | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Скляр Роман Васильевич | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы |
Жұманғарин Серік Мақашұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Мәдиев Жаслан Хасенұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Балаева Аида Ғалымқызы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі |
Көшербаев Ермек Беделбайұлы | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Такиев Мәди Төкешұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы | – | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы |
Қарағойшин Рустам Тимурұлы | – | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
".
24. "Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 237 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Кеңестің мүшелері: (Қазақстан тарапынан)
Бектенов Олжас Абайұлы | – | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Дәдебай Айбек Арқабайұлы | – | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы | – | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Мәдиев Жаслан Хасенұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Жанасова Әсел Жұбанышқызы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Көшербаев Ермек Беделбайұлы | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Нұрбек Саясат | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
Лазар Ернар Мерғалымұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі |
Кеңестің мүшелері: (шетел тарапынан)
әл-Мазруи Эбтесам | – | Біріккен Ұлттар Ұйымының "Игілікке арналған жасанды интеллект" бастамасының атқарушы кеңесінің төрағасы, Біріккен Араб Әмірліктері (келісім бойынша) |
әл-Олама Омар | – | Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеуге арналған қосымшалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі, Біріккен Араб Әмірліктері (келісім бойынша) |
Бризель Синтия | – | Рersonal Robots group MIT Media Lab директоры, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Дебба Меруан | – | Халифа ғылым және технологиялар университетінің профессоры, Біріккен Араб Әмірліктері (келісім бойынша) |
Дж. Грот Олаф | – | Cambrian Futures негізін қалаушы және бас директоры, Берклидегі Калифорния университетінің Haas School of business профессоры, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Ито Джой | – | Чиба технологиялық институтының президенті, Жапония (келісім бойынша) |
Ким Пол | – | Стэнфорд университетінің Graduate School of Education техникалық директоры және деканның орынбасары, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Кхосла Прадип | – | Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ректоры, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Ли Кай-Фу | – | Sinovation Ventures, 01.ai бас директоры, Қытай Халық Республикасы (келісім бойынша) |
Норвиг Питер | – | Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google-де зерттеулер жөніндегі директоры, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Садирак Николя | – | 01 Edu және 01 Talent негізін бірлесіп қалаушы, Франция (келісім бойынша) |
Стирлинг Ричард | – | Oxford Insights негізін бірлесіп қалаушы және бас директоры, Ұлыбритания (келісім бойынша) |
Тайсон Лора | – | Берклидегі Калифорния университетінің Graduate School at the Haas School of business құрметті профессоры, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Ханин Александр | – | Polynome Group негізін қалаушы, Біріккен Араб Әмірліктері (келісім бойынша) |
Хопкрофт Джон | – | есептеу жүйелерінің теориясы саласындағы ғалым, Тьюринг сыйлығының лауреаты, Америка Құрама Штаттары (келісім бойынша) |
Чжан Я-Цинь | – | Цинхуа университетінің жанындағы Жасанды интеллект индустриясын зерттеу институтының негізін қалаушы, Қытай Халық Республикасы (келісім бойынша) |
