"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 1007 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу, сондай-ақ:

      банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін;

      банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібін және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттарды беру не аталған рұқсаттарды беруден бас тарту тәртібін айқындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтарып алу, сондай-ақ:

      мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін;

      халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін;

      мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру тәртібін;

      мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру тәртібін айқындау;

      4) құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін айқындау, оның ішінде:

      банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, банк операцияларын және Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау тәртібін;

      сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және олардан айыру тәртібін;

      микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      5-2) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктердің ірі қатысушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына және иеленуіне рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуға ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін; еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуына арналған өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды айқындау;

      16-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды келісу;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің, өзара сақтандыру қоғамдарының тізілімін жүргізу;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру тәртібін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін айқындау;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қою, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту;";

      42-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау, ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 42-11), 42-12), 42-13), 42-14), 42-15), 42-16), 42-17), 42-18), 42-19), 42-20), 42-21), 42-22), 42-23) және 42-24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42-11) сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені тануға арналған нормативті белгілеу;

      42-12) актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын белгілеу;

      42-13) актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      42-14) міндетті актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      42-15) актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды белгілеу;

      42-16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижелерін жіберу тәртібін және мерзімдерін белгілеу;

      42-17) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуге тестілеуді өткізу тәртібін белгілеу;

      42-18) сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды; сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      42-19) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      42-20) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту;

      42-21) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұруы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту;

      42-22) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісу бойынша міндетті түрде сақтауға жататын құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      42-23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәмілесі немесе мәмілелер жиынтығы құнының мөлшерін (соңғы он екі ай ішінде), мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарын, жеке немесе заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастағы тұлғалар деп танылмайтын өзге де тұлғаларды белгілеу;

      42-24) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына және оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне қойылатын талаптарды, оны келісу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;";

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оның ішінде:

      акционерлердің жалпы жиналысында және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінде қабылданатын, оларға қатысты вето құқығы белгіленген шешімдерді келісу тәртібі мен мерзімдерін;

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын;

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындау;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төлеуі үшін бастапқы біржолғы жарнаның мөлшерін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 51-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-7) өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялау тәртібін және мөлшерін, өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 55-1) және 55-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру мен өтеудің қорытындылары туралы есептердi қарау, сондай-ақ олардың күшін жою, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібін белгілеу;

      55-2) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар етудің нысандары мен мерзімдерін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5), 59-6), 59-7) және 59-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібін айқындау;

      59-2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуге арналған құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту;

      59-3) жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту;

      59-4) акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту;

      59-5) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібін бекіту;

      59-6) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту;

      59-7) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту;

      59-8) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту;";

      62) және 63) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      63) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға қойылатын талаптарды белгілеу, мыналарды:

      бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;

      бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру тәртібін;

      бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру тәртібін;

      бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін;

      инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;

      орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;

      бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін;

      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "66-1) қор биржасының ұйымдық құрылымына, қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 69-1) және 69-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "69-1) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      69-2) орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;";

      74-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-6) дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібін айқындау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;";

      74-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-10) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттарын айқындау, сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның сандық құрамын белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 74-11), 74-12), 74-13), 74-14), 74-15), 74-16), 74-17), 74-18), 74-19), 74-20), 74-21), 74-22), 74-23), 74-24), 74-25), 74-26), 74-27), 74-28), 74-29) және 74-30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "74-11) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымның дербес шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындау;

      74-12) төлем агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілеу;

      74-13) облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, облигацияларды ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін белгілеу;

      74-14) білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;

      74-15) қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-16) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін белгілеу;

      74-17) бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге де жабдықтарға қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-18) эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайларын, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін белгілеу;

      74-19) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді-көшірме беру және номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша өзінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты табыс ету тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      74-20) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөнінде қабылдайтын шараларды айқындау;

      74-21) эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібін, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін белгілеу;

      74-22) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      74-23) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілеу;

      74-24) эмитенттің қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты жария ету тәртібін және шарттарын белгілеу;

      74-25) эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) оларды басқару қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      74-26) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      74-27) бір тұлға және нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу;

      74-28) "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ оларды басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      74-29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;

      74-30) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерін бағалау әдістері дұрыс қолданылмаған немесе олардың құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға (фидуциарийлерге) орындалуы міндетті нұсқауларды жіберу;";

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты барабар түрде айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 78-3), 78-4), 78-5), 78-6), 78-7), 78-8), 78-9) және 78-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "78-3) шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу тәртібін айқындау;

      78-4) резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібін, оларды есептеу әдістемесі мен құрылымын айқындау;

      78-5) зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      78-6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын айқындау;

      78-7) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібін және шарттарын белгілеу;

      78-8) зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды белгілеу;

      78-9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу;

      78-10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілеу;";

      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "86-1) қаржы нарығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ең төмен талаптарды белгілеу;";

      93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "93) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және иеленуіне рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуға ие болуына рұқсат беру, аталған келісімдер мен рұқсаттарды беру не беруден бас тарту, сондай-ақ банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 93-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "93-1) бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу;";

      95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылған провизияларды (резервтерді), провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруді банктердің жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      96-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96-1) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу тәртібін айқындау;";

      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, сондай-ақ:

      қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін;

      бағалы қағаздар нарығы субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі мен шарттарын;

      уәжді пайымдауды қалыптастыру мен пайдалану тәртібін айқындау;";

      100-1) тармақша алып тасталсын;

      100-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-2) бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындау;";

      102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "102) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мыналарды:

      банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындауды;

      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібін және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындауды;

      есептер мен қосымша ақпараттың нысандарын, оларды ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары тарату комиссияларының беру мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуді;

      есептер мен қосымша ақпараттың нысандарын, оларды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарату комиссияларының беру мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуді қоса алғанда, қаржы ұйымдарын таратуды жүзеге асыру, бейрезидент-банктер филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін, аталған субъектілердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      107-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-1) қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 109-1), 109-2) және 109-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "109-1) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимін келісу;

      109-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту;

      109-3) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау тәртібін бекіту;";

      112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "112) банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары жиынтық үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 112-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "112-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары жиынтық үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимиттерін айқындау;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иеленуіне рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 122-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "122-2) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу (бекіту), сондай-ақ лизинг берушілердің исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау;";

      124) және 126) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 126-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "126-1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініштің нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 127-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "127-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 128-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "128-1) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 130-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "130-1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруді жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну, ақпаратты жария ету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау;";

      134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "134) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Агенттікті хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің тізбесін айқындау;";

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тәртібін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін айқындау;";

      143-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-2) жеке тұлғаға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, тіркеуге жататын тұтынушылық банктік қарызды немесе тұтынушылық микрокредитті беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу тәртібін, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе тұтынушылық микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төмен мөлшерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 146-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "146-1) банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 147-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "147-1) ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестицияларының мөлшерін және ұйымдардың жарғылық капиталына банк немесе банк холдингі инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу;";

      151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "151) ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 151-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "151-1) Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу;";

      152) және 153) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "152) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      153) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, олардың нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген, резерв ретінде қабылданатын қаржы құралдарының тізбесін және оларды сатып алу (өткізу) тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 154-1), 154-2) және 154-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "154-1) заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары немесе сақтандыру холдингтері сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды белгілеу;

      154-2) сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін белгілеу;

      154-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 155-1), 155-2), 155-3) және 155-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "155-1) заңды тұлғалардың исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу;

      155-2) исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын белгілеу;

      155-3) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидаларын белгілеу;

      155-4) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу тәртібін айқындау;";

      164) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "164) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алу шарттары да, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алуы туралы мәліметтер мен ақпараттың нысандарын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 165-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "165-1) қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 166-1) және 166-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "166-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген, нысандарын, тізбесін, ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті ұсыну қағидаларын келісу;

      166-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібін айқындайтын, қаржы ұйымдарының және олардың ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, кредиттік бюролардың және коллекторлық агенттіктердің есептілікті ұсыну қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 176-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "176-1) ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібін айқындау;";

      183) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "183) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін айқындау;";

      189) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "189) қарыз алушы-жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тәртібін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "189-1) микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 191-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "191-1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімдерін жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 204-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "204-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу;";

      207) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "207) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын, оны ұсыну тәртібі мен мерзімін белгілейтін өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 207-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "207-3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігінің ұсыну мерзімдері мен тәртібін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 212-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "212-1) активтер мен міндеттемелердің құны мен құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпараттың нысандарын, акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның оны беру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;";

      213) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "213) жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 213-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "213-1) банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) тәртібін айқындау;";

      214) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "214) мыналар:

      кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының;

      кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 214-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "214-1) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы мен кастодиан-банк арасында жасалатын кастодиандық шарттың үлгілік нысанын белгілеу;";

      218) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "218) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "218-1) тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілеу;";

      219) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "219) түзету коэффициентін қолдану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 226-1), 226-2), 226-3) және 226-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "226-1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      226-2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ лизинг берушілердің ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау;

      226-3) екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мөлшерін және оларды есептеу тәртібін келісу;

      226-4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілейтін және салықтық әкімшілендіру үшін қажет:

      коллекторлық агенттіктер, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер, инвестициялық портфельді басқарушылар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органына ұсынатын мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;

      тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы брокерлер салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін;

      бағалы қағаздарды ұстаушы-тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін;

      салық органы сұрау салуының және бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар салық органына ұсынатын мәліметтердің нысандарын;

      активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібін;

      сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын келісу;";

      21-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;".

      2. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының алпысыншы, бір жүз қырық төртінші, бір жүз қырық бесінші, бір жүз сексен бесінші, бір жүз сексен алтыншы, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші, екі жүз отыз төртінші, екі жүз отыз бесінші, екі жүз алпысыншы, екі жүз алпыс бірінші, екі жүз алпыс екінші, екі жүз алпыс үшінші, екі жүз алпыс төртінші, екі жүз алпыс бесінші, екі жүз алпыс алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады