"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының ағынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 980 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер
Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) Жарғысынын мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін растай отырып,
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарын басшылыкқа ала отырып,
өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып,
есірткі, психотроптық заттардың (бұдан әрі есірткілер) және олардың прекурсорларының заңсыз айналымының, сондай-ақ есірткілерді теріс пайдалану ауқымының ұлғаюына алаңдаушылық білдіре отырып,
есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымының Тараптар халқының денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі қатер төндіретінін түсіне отырып,
Тараптар аумағын есірткілер мен олардың прекурсорларының контрабандасы және заңсыз транзиті үшін пайдаланудың ұлғаюына алаңдаушылық білдіре отырып,
Тараптардың есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, сондай-ақ есірткілерді теріс пайдалануға қарсы күрес ісіндегі ынтымақтастығын нығайту Тараптар халқының мүдделеріне сай келеді деп есептей отырып,
1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен бірге 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірыңғай конвенцияның, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның, 1988 жылғы Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының ережелерін, БҰҰ-ның бейіндік қарарлары мен құжаттарын, сондай-ақ БҰҰ Есірткі заттар жөніндегі комиссиясының шешімдері мен Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитеттің ұсынымдарын назарға ала отырып,
2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің, 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастык ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрі - ШЫҰ) есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерін қозғайтын басқа да құжаттарды негізге ала отырып,
есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған тиімді шараларды қабылдауға өзара мүдлелілікті негізге ала отырып,
ШЫҰ-да бар есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру және дамыту мақсатын көздей отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің максаттары үшін төменде санамаланған терминдер мыналарды білдіреді:
"Есірткіге қарсы орталық" немесе "ЕҚО" ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы орталығы;
"Кеңес" - Есірткіге қарсы орталықтың Тараптардың өкілдерінен тұрағын жоғары органы;
"Өкіл" жіберуші Тарап Кеңесте осы қызметті атқару міндетін жүктеген адам;
"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттің Есірткіге қарсы орталық жанындағы тұрақты өкілі" жіберуші Тарап осы қызметті атқару міндетін жүктеген адам;
"Атқарушы комитет" - Есірткіге қарсы орталықтың тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы;
"Директор" - Атқарушы комитеттің жоғары әкімшілік лауазымды адамы;
"Лауазымды адамдар" - Тараптар Атқарушы комитетте жұмыс істеу үшін жіберетін және Кеңестің келісімімен Директор тиісті штаттық лауазымдарға тағайындаған, дипломатиялық мәртебесі бар немесе соған теңестірілген адамдар;
"Секондмент бойынша қызметкерлер" - Тараптар Атқарушы комитетке жұмыс істеу үшін ерікті негізде жіберетін мамандар, олар ШЫҰ бюджетінен ақшалай қамтылым, кепілдіктер немесе өтемақылар алмайды;
"Жұмыскерлер" - Атқарушы комитетте әкімшілік, техникалық және өзге де функцияларды атқаратын, дипломатиялық мәртебесі жоқ адамдар;
"Персонал" - Директор, лауазымды адамдар, секондмент бойынша қызметкерлер және жұмыскерлер;
"Үй-жайлар" - меншік құқығының тиесілігі мен нысандарына қарамастан, ЕҚО-ның мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимараттар немесе олардың бөліктері, соның ішінде осы ғимараттарға немесе ғимараттардың бөліктеріне қызмет көрсететін жер учаскелері;
"Өкілдік орналасқан мемлекет" - аумағында Атқарушы комитет орналасатын Тарап.
2-бап
Тараптар ЕҚО-ны құрады, Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласы оның орналасқан жері болып табылады.
Есірткіге қарсы орталықтың орналасу шарттары өкілдік орналасқан мемлекеттің үкіметі мен ШЫҰ арасындағы келісіммен айқындалады.
3-бап
Есірткіге қарсы орталық ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады және Тараптардың құзыретті органдарының өзара іс-қимыл жасауына жәрдемдесуге және олардың есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығын үйлестіруге арналған.
Есірткіге қарсы орталық өз қызметінде халықаралық шарттарды, ШЫҰ шеңберінде қабылданған шешімдер мен өзге де құжаттарды басшылыққа алады.
4-бап
Есірткіге қарсы орталық заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады және оның осындай лауазымда, атап айтканда:
азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға;
жылжымалы және жылжымайтын мүлікті иеленуге және оған билік етуге;
кез келген қажетті валютамен банктік шоттар ашуға және жүргізуге;
соттарда талапкер немесе жауапкер ретінде өкілдік етуге құқылы.
Осы бапта көзделген құқықтарды ЕҚО атынан Директор жүзеге асырады.
5-бап
ЕҚО-ның қызметін қаржыландыру ШЫҰ бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылады.
ЕҚО-ны қаржыландыру тәртібі ШЫҰ бюджетінің мәселелерін регламенттейтін құжаттарда айқындалады.
6-бап
ЕҚО-ның негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
1. Тараптардың есірткілер мен олардың прекурсорларынын заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2. Тараптарға есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық әлеуетін дамытуда және іске асыруда, соның ішінде мына бағыттар бойынша жәрдемдесу:
2.1. есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша келісілген жедел-профилактикалық іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру;
2.2. есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және олардың жолын кесу;
2.3. есірткілер мен олардың прскурсорларының заңсыз айналымынан алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл бойынша келісілген шаралар қабылдау;
2.4. Тараптардың құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды жасауға қатысы бар адамдарды халықаралық іздеуді жүзеге асыру;
2.5. Тараптардың уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптардың құзыретті органдарының келісілген халықаралық есірткіге қарсы операциялар мен есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын, соның ішінде халықаралық бақыланатын жеткізілімдерді ұйымдастыру, өткізу және үйлестіру;
2.6. есірткілерді теріс пайдаланудың және есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айн алымымен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу;
2.7. Тараптардың құзыретті органдарының бөлімшелері үшін Тараптардың өтініші бойынша есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
3. ШЫҰ кеңістігінде есірткі ахуалын, соның ішінде жаңа психикалық белсенді заттардың пайда болуы бөлігінде мониторингтеу және талдау.
4. ЕҚО-ның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ЕҚО-ның деректер банкін қалыптастыру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жүргізу.
5. Есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты ақпаратты жинау, сақтау, қорғау, талдау және ақпарат алмасу, сондай-ақ Тараптардың құзыретті органдарына олардың сұрау салуы бойынша осы ақпаратты беру.
6. Есірткілердің және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласын қозғайтын халықаралық шарттар мен құжаттар жобаларын әзірлеуге қатысу.
7. Есірткілер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу және оның тетіктерін жетілдіру жөнінде ғылыми-практикалық конференңиялар, семинарлар, конгресс-көрме іс-шараларын, сондай-ақ өзге де іс-шараларды дайындау және өткізу.
8. ШЫҰ-ның байқаушы мемлекеттерінің және диалог бойынша серіктестерінің құзыретті органдарымен бірге есірткілердің және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимылды орнату және дамыту.
9. Тараптар мүддесі үшін бейінді халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ мемлекеттік, мемлекеттік емес, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдармен және мекемелермен есірткілер мсн олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты мәсәлелер бойынша жұмыс бабындағы байланыстарды орнату және қолдап отыру.
10. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен ЕҚО-ға жүктелуі мүмкін өзге де міндеттер мен функциялар.
7-бап
Есірткіге қарсы орталықтың деректер банкін құру, оның жұмыс істеу және жүргізу тәртібі, сондай-ақ ЕҚО-ның деректер банкінде қамтылатын ақпаратты жинауға, сақтауға, қорғауға, талдауға, алмасуға және беруге қатысты мәселелер ШЫҰ шеңберінде жасалатын жекелеген келісімдерде реттеледі.
8-бап
Есірткіге қарсы орталық өзінің қызметі шеңберінде ШЫҰ-ның басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Есірткіге қарсы орталықтың ШЫҰ-ның Хатшылығымен өзара іс-қимылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі бекітетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығының Атқарушы комитеті туралы ережеде (бұдан әрі қарай - Ереже) регламенттеледі.
Есірткіге қарсы орталықтың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қыр көрсету мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталықпен өзара іс-қимылы Тараптар арасындағы жекелеген келісімде реттеледі.
9-бап
Тараптар ЕҚО-мен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын өздерінің құзыретті органдарының тізбесін, оның ішінде көрсетілген өзара іс-қимылды үйлестіретін құзыретті органды айқындайды.
Тараптар осы Келісімнің күшіле енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаларды тапсыру кезінде осы Келісімнің депозитарийін бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
Тараптардың бірінің құзыретті органдарының тізбесінде өзгерістер болған жағдайда, ол депозитарийді мұндай өзгерістер жасалған күннен бастап 30 күн ішінде бұл туралы жазбаша хабардар етеді, депозитарий бұл туралы Тараптарға хабарлайды.
10-бап
Осы Келісіммен құрылатын Кеңес пен Атқарушы комитет ЕҚО-ның органдары болып табылады.
Кеңес өз функцияларын орындау үшін қажет деп есептейтін қосымша органдарды құра алады.
11-бап
Кеңес үздіксіз жұмыс істей алатындай түрде ұйымдастырылады. Осы мақсатта әрбір Тарап ЕҚО орналасқан жерде тұрақты түрде өкілдік етуге тиіс. Тараптар ұлттық заңнамасына сәйкес ЕҚО жанындағы өздерінің тұрақты өкілдерін тағайындайды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы жанындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттің тұрақты өкілі туралы ережені ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі бекітеді.
Кеңес кезең-кезеңімен отырысқа жиналады, оларда Тараптың құзыретті органының басшысы немесе басқа да арнаулы уәкілетті өкіл әрбір Тараптан өкілдік ете алады.
Кеңес осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген ЕҚО-ның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Кеңес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне ЕҚО қызметі туралы жыл сайынғы баяндамаларды ұсынады.
Егер Тараптардың ешқайсысы оған қарсылық білдірмесе, Кеңестегі кез келген мәселе бойынша шешім (консенсус) қабылданды деп есептеледі.
Кеңес өз төрағасын сайлау тәртібін қоса алғанда, өзінің рәсім қағидаларын белгілейді.
12-бап
Атқарушы комитет Директордан және ЕҚО-ның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін персоналдан тұрады.
Директор Атқарушы комитеттің жоғары әкімшілік лауазымды адамы болып табылады және Кеңестің барлық отырысына осындай лауазымда әрекет етеді, сондай-ақ Кеңес оған жүктейтін басқа да функцияларды орындайды.
Директорды Кеңестің ұсынымы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі тағайындайды.
Директордың, өзінің пікірінше Кеңесте қарауды қажет ететін ӘО құзыреті шеңберіндегі кез келген мәселелерді Кеңестің назарына жеткізуге құқығы бар.
Директор тиісті Тараптардың ШЫҰ бюджетіне үлестік жарналарын ескере отырып, Кеңестің келісімімен Тараптардың азаматтары қатарынан лауазымды адамдарды тағайындайды.
Атқарушы комитеттің міндеттері мен функциялары, оларды іске асыру тәртібі, Атқарушы комитетте жұмыс істеуге жіберілегін лауазымды адамдарды тағайындау және кері шақырып алу, Директорды ауыстыру тәртібі, сондай-ақ Атқарушы комитеттің Тараптардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Ережеде айқындалады.
Атқарушы комитеттің құрылымы мен штат кестесін Директордың Кеңес мақұлдаған ұсыныстары негізінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының (премьер-министрлерінің) кеңесі бекітеді.
Персонал өз міндеттерін атқару барысында қандай да бір мемлекеттен және (немесе) үкіметтен, ұйымнан немесе жеке адамнан нұсқаулар сұрауға немесе алуға тиісті емес.
Тараптар персонал функцияларының халықаралық сипатын құрметтеуге және ол өз міндеттерін атқару кезінде оған ықпал етпеуге міндеттенеді.
13-бап
Тараптар Атқарушы комитетте жұмыс істеу үшін адамдарды өздерінің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес жібереді.
Жұмыскерлер мен Атқарушы комитет арасындағы еңбек қатынастары өкілдік орналасқан мемлекеттің заңнамасында реттеледі.
14-бап
Есірткіге қарсы орталық, оның мүлкі мен активтері, үй-жайлары, көлік құралдары, архивтері, құжаттары, оның ішінде қызметтік хат-хабары 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымынын артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді тиісті көлемде және тәртіппен пайдаланады.
15-бап
Директор, лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың бірге тұратын отбасы мүшелері 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Секондмент бойынша қызметкерлер 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның 17-бабына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Өкілдік орналасқан мемлекеттің азаматтары ШЫҰ мен өкілдік орналасқан мемлекет арасындағы келісімге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер жұмыскерлерге қолданылмайды.
16-бап
Директор, лауазымды адамдар және секондмент бойынша қызметкерлер ЕҚО-дағы жұмысы аяқталғаннан кейін өздерін жіберген Тараптардың құзыретті органдарының қарамағына қайтарылады.
17-бап
Есірткіге қарсы орталықтың эмблемасы және басқа да символикасы болады және оларды өздері тұратын үй-жайлар мен көлік құралдарына орналастыра алады.
Тараптар ЕҚО-ның ресми құжаттарын, мөрлері мен мөртабандарын мойындайды.
18-бап
Директордың, лауазымды адамдардың және секондмент бойынша қызметкерлердің, сондай-ақ олардың бірге тұратын отбасы мүшелерінің ЕҚО-дағы жұмыс уақытын еңбек сіңірген жылдарға есепке жатқызу, зейнетақымен қамсыздандыру жіберуші Тараптың заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Директорға, лауазымды адамдарға және секондмент бойынша қызметкерлерге, сондай-ақ олардың бірге тұратын отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету тәртібі ШЫҰ мен өкілдік орналасқан мемлекет арасындағы келісімде айқындалады.
19-бап
ШЫҰ-ның ресми және жұмыс тілдері ЕҚО-ның ресми және жұмыс тілдері болып табылады.
20-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен рәсімделеді.
21-бап
Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
22-бап
ШЫҰ Хатшылығы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады, ол Келісімге қол қойылған күннен бастап 15 күн ішінде Тараптарға оның куәландырылған көшірмелерін жібереді.
23-бап
ЕҚО мәртебесін бекітетін өзгерістер енпзу туралы хаттама күшіне енген жағдайда Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттср басшыларының кеңссі осы күнгс қарай Атқарушы комитеттің Ережесін, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының (премьер-министрлерінің) кеңесі - құрылымы мен штат кестесін, сондай-ақ ЕҚО қызметін қаржыландыруды көздейтін ШЫҰ бюджетін бекіткен күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.
Егер 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Хартиясына ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органы ретіндегі ЕҚО мәртебесін бекітетін өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі, Атқарушы комитеттің Ережесін, құрылымын, штат кестесін және ЕҚО қызметін қаржыландыруды көздейтін ШЫҰ бюджетін бекіту Тараптардың осы батпа көрсетілген мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соғы жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен кейін болса, онда осы Келісім көрсетілген хаттама күшіне енген және аталған құжаттар бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хартиясына қосылған мемлекеттердің қосылуы үшін ашық болады.
Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы тиісті құжатты депозитарий алған күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.
24-бап
Кез келген Тарап осы Келісімнің қолданылу уақытында туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеп, шығатыны туралы болжамды шығу күнінен 12 ай бұрын депозитарийге жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнен шыға алады.
Депозитарий басқа Тараптарды шығу туралы хабарлама алған кезден бастап 30 күн ішінде осы ниет туралы хабарлайды.
2025 жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалады әрі екі мәтіннің күші бірдей.