Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 966 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 18 тамыздағы
№ 966 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      "В" санаттарының тобында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы басқармасының (қызметтің) басшысы".

      2. "Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынуды көздейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жоғары аудиторлық палата бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, ұлттық жобаларды және мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігіне назар аударады. Ұсынылған құжаттар мен бағалау материалдарының анықтығын және негізділігін растау қажет болған жағдайда Жоғары аудиторлық палата бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджет процесіне басқа да қатысушыларға құжаттаманы және ақпаратты ұсыну туралы талап жібереді, сондай-ақ бағалау немесе мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша материалдарды пайдаланады.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Жоғары аудиторлық палатаға тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң бекітілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің жобасын бағалау бойынша қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жолдайды.".

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:

      13-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту жолымен қалпына келтіруді және нұсқаманы орындауды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талап қоюды беру;";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "бюджеттен тыс қорлар аудитінің;";

      2) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы "пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізуді жүзеге асырады;" деген сөздер "пайдалануына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "бюджеттен тыс қорларға сәйкестік аудитін жүргізуді жүзеге асырады;";

      3-1) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      15-2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;".

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда (бұдан әрі – Өзгерістер мен толықтырулар):

      2-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларымен толықтырылсын.";

      3-тармақтың он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      Өзгерістер мен толықтыруларға қосымшада:

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүргізу қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ тексеру комиссиясы әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынуды көздейді.";

      20-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған құжаттар мен бағалау материалдарының анықтығын және негізділігін растау қажет болған жағдайда тексеру комиссиясы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджет процесіне басқа да қатысушыларға құжаттаманы және ақпаратты ұсыну туралы талап жібереді, сондай-ақ бағалау немесе мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша материалдарды пайдаланады.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тексеру комиссиясына облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бекітілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын бағалау бойынша қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады