"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 926 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:

      15-тармақта:

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Кеңестің аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;

      8) аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкестігі тұрғысынан алдын ала қарау;";

      9) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;";

      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, кассациялық сот төрағасының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтау мәселелерін қарауы бойынша талдамалық және өзге де материалдарды дайындау;".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады