"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 110-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын;

      3) ай сайын 5-і күнінен кешіктірмей көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 9 шілдедегі
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне
жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

2.

"Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

3.

"Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

4.

"Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

5.

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

6.

"Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 1433 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

7.

"Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

8.

"Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

9.

"Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

10.

"Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

11.

"Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

12.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

13.

Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

14.

Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан соманы беру және аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

15.

Жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан соманы беру және аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

16.

Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

17.

Өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша өндіріп алынған ақшаны бөлу, сондай-ақ олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы тамыз

Д.М.Ваисов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады