1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын,
5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 109-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
2. | "Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
3. | "Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
4. | "Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы" жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | жергілікті өкілді органдардың шешімдері | ЖАО | 2026 жылғы тамыз |
әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
5. | "Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 167 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
6. | "Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
7. | "Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | жергілікті өкілді органдардың шешімдері | ЖАО | 2026 жылғы тамыз |
әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
8. | "Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
9. | "Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
10. | "Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
11. | "Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
12. |
"Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы шілде | Н.Қ. Шәрбиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
