"Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкiмiне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 9-ө Өкімі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкiмiне мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Үйлестіру кеңесінің шешімдері орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін заңнама шеңберінде орындауға міндетті болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) осы өкімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады