1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкiмiне мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Үйлестіру кеңесінің шешімдері орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін заңнама шеңберінде орындауға міндетті болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) осы өкімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |