1. Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген қоса беріліп отырған құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілер жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілер қабылдасын;
3) ай сайын, 30-нан кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпарат орналастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-нен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің 2025 жылғы 28 қарашдағы № 190-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар | Б.Ш. Жақселекова |
2. | "Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы |
ҰЭМ, Әділетмині, | 2026 жылғы қаңтар | |
3. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қаңтар | Р.А. Коняшкин |
4. | "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы қаңтар | Е.Е. Біржанов |
5. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
6. | Авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
7. | Өнеркәсіптік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
8. | "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
9. | Ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар | Б.Ш. Жақселекова |
10. | Тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар | Б.Ш. Жақселекова |
11. | Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеудің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар | Б.Ш. Жақселекова |
12. | Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар | Б.Ш. Жақселекова |
13. | Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
14. | Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері бойынша Комиссия жөніндегі ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы қаңтар |
Б.Ш. Жақселекова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.
