Қазақстан Республикасының "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 118-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтап және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 24 шілдедегі
№ 118-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының және эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметі, сондай-ақ Арал маңының қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

 

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚНРДА

2025 жылғы тамыз

Н.А. Әбдірахманов

2.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы тамыз

А.А. Құрманова

3.

Бір тұлға және нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу және эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, Эндаумент-қор (нысаналы капиталдың) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқару қағидаларын, сондай-ақ Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан РеспубликасыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА

2025 жылғы тамыз

М.Ж. Хаджиева

4.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2025 жылғы тамыз

Т.І. Ешенқұлов

5.

Нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы тамыз

А.А. Құрманова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады