"Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 94-ө Өкімі

      "Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының су кеңесін құру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су кеңесінің құрамында:

      Қазақстанның су кеңесі құрамының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының су кеңесінің құрамы";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су кеңесі туралы ережеде:

      Қазақстанның су кеңесі туралы ереженің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының су кеңесі туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      6. Кеңестің міндеті:

      1) су қорын қорғау және пайдалану, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын әзірлеу және іске асыру саласындағы мемлекеттік саясат;

      2) трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды бірлесіп пайдалану бойынша шектес елдермен өзара іс-қимыл жасау;

      3) өңірлер мен экономика салалары арасындағы су бөлу;

      4) су қорын қорғау және пайдалану, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су үнемдеу саласындағы іс-шараларды басым қаржыландыру;

      5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы инвестициялық жобалар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобалар мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.".

      Премьер-Министр О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады