Қазақстан Республикасының су кеңесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімі.

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

      Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. "Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының су кеңесінің құрамы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2022 № 158-ө өкімімен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө; 10.09.2024 № 133-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Серікәли Мұхаметкәрімұлы Мұқатаев – Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры (келісу бойынша);

      Аманбек Мырзахметұлы Рамазанов – сарапшы-консультант (келісу бойынша)

      Саят Құрбанбайұлы Әлімқұлов – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Дулат Қажкенұлы Қалитов – "Геотерм" өндірістік компаниясының бас директоры (келісу бойынша);

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының су кеңесі туралы ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының су кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

      2. Кеңес Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің міндеті:

      1) су қорын қорғау және пайдалану, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын әзірлеу және іске асыру саласындағы мемлекеттік саясат;

      2) трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды бірлесіп пайдалану бойынша шектес елдермен өзара іс-қимыл жасау;

      3) өңірлер мен экономика салалары арасындағы су бөлу;

      4) су қорын қорғау және пайдалану, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су үнемдеу саласындағы іс-шараларды басым қаржыландыру;

      5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы инвестициялық жобалар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобалар мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.06.2025 № 94-ө өкімімен.

3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады