Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 600 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 4-тармақтың он төртінші, он бесінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 9 шілдедегі
  № 600 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылыс негіздерін, мемлекеттік Егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге;".

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына, қордың Жарғысына, Өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес акционер ретінде Үкіметке және қордың Директорлар кеңесіне қордың қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ашады және қор мен ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.";

      25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қор туралы заңға сәйкес қор компанияларға қатысты бірыңғай саясатты қалыптастырады, ұйымдарға арналған әдістемелік ұсынымдар мен корпоративтік стандарттарды бекітеді. Мұндай бағыттарға адами ресурстарды басқару, цифрлық технологиялар, инвестициялар, инновациялар, тәуекелдер, корпоративтік басқару, жоспарлау, экономика мен қаржы мәселелері және өзге де мәселелер кіреді. Холдингтік компаниялар өз тобы үшін қордың корпоративтік стандарттарымен қамтылмаған бағыттар бойынша не қордың толықтыратын/нақтылайтын саясаттары мен корпоративтік стандарттары бойынша бірыңғай саясатты бекіте алады.";

      31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму жоспары шеңберінде Директорлар кеңесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындайды: нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын, өзекті, қол жеткізудің белгіленген мерзімдерінің болуы. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау ұзақ мерзімді ҚНК арқылы айқындалады. Даму жоспарына қызметтің жекелеген бағыттарын (мысалы, инвестициялық, инновациялық, цифрлық технологиялар, адами ресурстарды басқару) енгізу ұсынылады.";

      34-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) компанияның даму жоспарының жобасы компанияның атқарушы органының мақұлдауын алғаннан кейін қордың қызметті жоспарлау, мониторингтеу және бағалау жөніндегі цифрлық жүйесіне енгізіледі және компанияның Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне жіберіледі;

      5) компанияның даму жоспарын компанияның Директорлар кеңесі бекітеді және даму жоспарының бекітілген нұсқасы да қордың қызметті жоспарлау, мониторингтеу және бағалау жөніндегі цифрлық жүйесіне енгізіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Компанияның атқарушы органы компанияның даму жоспарының және ҚНК орындалуына мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері және даму жоспарының орындалуы туралы есептер қордың тиісті құжаттарында айқындалған тәртіппен қордың қызметті жоспарлау, мониторингтеу және бағалау жөніндегі цифрлық жүйесіне енгізіледі.";

      38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Холдингтік компанияның тобын басқарудың басқа ықтимал тетіктеріне кейбір функцияларды (жоспарлау, қазынашылық, бухгалтерлік есеп, цифрлық технологиялар, құқықтық қамтамасыз ету, ішкі аудит және өзгелер) орталықтандыру кіреді.".

      3. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі";

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің аппараты";

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Білім басқармасы, сондай-ақ оған есеп беретін және оның бақылауында болатын, аудандарда, қалаларда немесе астанадағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері";

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлімнің 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, сондай-ақ оған есеп беретін және оның бақылауында болатын, аудандарда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда орналасатын балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері";

      "Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі" деген бөлімнің "* тек республикалық маңызы бар қала, астана үшін" деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "* астана, республикалық маңызы бар қала үшін ғана".

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды адамдары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;";

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;";

      2) тармақшаның жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "цифрлық ресурстарды және цифрлық жүйелерді, цифрлық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;";

      15-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;";

      19) және 19-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      19-1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, оның ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдерін әзірлеу тәртібін, мерзімдерін және құрылымын айқындау;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы Заңының жобасына астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің кірістерін болжау;";

      34-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін әзірлеу;";

      66-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-2) цифрлық объектілерді құру және дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырманы түзетуге байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін келісу;";

      121-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121-1) астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары үшін міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді әзірлеу және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіту;";

      124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "124) ұлттық цифрлық объектілерді құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау;";

      129-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "129-1) астана (облыс, республикалық маңызы бар қала) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгілік регламентін бекіту;";

      154-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-2) цифрлық объектілерді құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін келісу;";

      160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "160) Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет және астана бюджеті, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы Заңының жобасын әзірлеу;";

      185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "185) Қазақстан Республикасының өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарау;";

      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "199) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу қағидаларын келісу;";

      256) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "256) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеу, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;";

      19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;".

      5. "Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 668 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;".

      6. "Бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 96 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында қайта бөлу қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әр топ шеңберінде жүргізіледі.";

      9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, егер алушы министрлік немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы болып табылса, хаттың тиісті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның орынбасарларының қолы қойылып енгізіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады