Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ағымдағы ұшу жоспары (CPL) – ұсынылған ұшу жоспарындағы ықтимал өзгерістерді көрсететін ұшу жоспары, бұл өзгерістер әуе қозғалысына қызмет көрсету органының кейінгі диспетчерлік рұқсаттарымен негізделеді;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс легін бағыттауға арналған белгіленген маршрут. "ӘҚҚ маршруты" термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады.
ӘҚҚ маршруты ӘҚҚ маршрутының индексін, негізгі нүктелерге (жол нүктелеріне) дейінгі немесе кері бағыттағы жол сызығын, негізгі нүктелер арасындағы қашықтықты, хабарламаларды беруге қатысты талаптарды және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктікті қамтитын маршруттық техникалық талаптармен айқындалады;";
7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-2. Ұшу ақпаратының ауданын жоғарғы және төменгі аудандарға бөлу қажеттігін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетуші айқындайды.";
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Атыс, ракета ұшыруды, жарылыс жұмыстарын, басқарылмайтын аэростат ұшыруды (осы Қағидалардың 83-1-тармағына сәйкес жеңіл деп жіктелетін басқарылмайтын аэростаттарды қоспағанда) жүргізумен байланысты жұмыстар жүргізілетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге қызмет жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима) үшін меншік иесі немесе объектіні пайдалануға жауапты орган ӘҚБ орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді әзірлейді, онда ӘҚБ орталығы мен ӘҚҚ органы арасындағы жұмысты бастау және тоқтату уақыты, тік және көлденең шекараларды белгілеу бойынша үйлестіру шаралары және өзара іс-қимыл бойынша шаралар көрсетіледі. Өзара іс-қимыл жөніндегі келісім жауапкершілік ауданында объект орналасқан ӘҚБ орталығымен және ӘҚҚ органымен келісіледі және оны объектінің жауапты тұлғасы (басшысы) бекітеді.
Өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді келісу кезінде ӘҚҚ органы ұшуды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тік және көлденең шекараларды, сондай-ақ қолданылу кезеңін өзгертуге бастама жасай алады.";
82-1-тармақтың 6) тармақшасындағы "8 км шегінде өтетін жағдайларда ЭҚБ орталықтарына жіберілуге тиіс." деген сөздер "8 км шегінде өтетін;" деген сөздерімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) маршрут (жоспарланған траектория) тыйым салынған аймақ, ұшуды шектеу аймағы, пилотсыз әуе кемелерінің ұшуын шектеу аймағы шегінде немесе солар арқылы өтетін және пайдаланушы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсат алған;
8) эксперименттік авиацияның ПАЖ қолданылып ұшқан кезде ЭҚБ орталықтарына жіберілуге тиіс.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Мынадай:
1) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және оған қоса берілетін пайдалану ерекшеліктері (авиакомпаниялар үшін) болса;
2) авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін пайдалану ерекшеліктері (авиациялық жұмыстар орындауды жоспарлап отырған пайдаланушылар үшін) болса;
3) ұшуды орындау құқығын беретін қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін пайдалану ерекшеліктері (сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 килограммнан асатын ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін), сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшу массасы 5700 килограммнан аз ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан, тікұшақтар пайдаланылатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болса;
4) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты және азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін), ал қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ әуе кемелері үшін – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы ұшуды орындауға берген рұқсаты болса;
5) ұсынылған ұшу жоспары осы Қағидада белгіленген нысанға және мазмұнға сәйкес келсе (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін);
6) әуе кемесінің сынақтық ұшуды немесе айналып ұшуды орындауға әзірлігі туралы жөндеу немесе құрастыру кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болса;
7) аэронавигациялық қызмет көрсетушімен жасалған шарттарға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кезекшілікке жұмылдырылған (мәлімделген) әуе кемелері үшін – ұшу жоспарында осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04, 02 шартты белгілері, "ОК" және "ПК" литерлері бар мақсаттарға сәйкес келетін ұшу мақсаттары мен ұшу литерлерінің атауы көрсетілген ұшуды орындаса және жауапкершілік ауданын іргелес іздестіру және құтқару аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қамтуы шартымен ӘҚЖ БО әуе кеңістігінің қазақстандық пайдаланушысынан алған ұшу жоспарын әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушының берілген сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктердің, ұшуды орындау құқығын беретін куәліктердің, ұшуға жарамдылық сертификаттарының және азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін ӘҚЖ БО-ға дереу ұсынады.";
177-4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) егер курстан ауытқу салдарынан әуе кемесі ұшу ақпаратының көршілес аудандарының (FIR) шегінен шығып кетсе немесе шегіне кірсе, көршілес ұшу ақпараты аудандарына (FIR) қызмет көрсететін ӘҚҚ органдарын хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 177-9-тармақпен толықтырылсын:
"177-9. ӘҚҚ органы өзінің жауапкершілік ауданынан тыс жерде (берілген әуе кеңістігінде) әуе кемесін ұстап алу жүзеге асырылатыны өзіне мәлім болғаннан кейін осы жағдайларда қолайлы болып табылатын төменде көрсетілген шаралардың бірін қабылдайды:
1) ұстап алу жүзеге асырылатын әуе кеңістігіне қызмет көрсететін ӘҚҚ органын хабардар етіп, осы органды осы әуе кемесін тануға ықпал ететін қолда бар ақпаратпен қамтамасыз етеді және одан осы Қағиданың 177-4-тармағына сәйкес әрекет етуді сұрайды;
2) ұстап алынатын әуе кемесі мен ӘҚҚ-ның тиісті органы, ұстап алуды басқару органы немесе ұстап алатын әуе кемесі арасындағы хабарламаларды ретрансляциялайды.";
көрсетілген Қағидаға 3-2-қосымшада:
2.4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша мемлекеттік объектілердің, аса маңызды инфрақұрылым объектілерінің үстінен ПӘК ұшуына шектеу ұдайы қолданылатын аймақтар.";
мынадай мазмұндағы 2.7-1-тармақпен толықтырылсын:
"2.7-1. Мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша мемлекеттік объектілердің, аса маңызды инфрақұрылым объектілерінің үстінен ПӘК ұшуына шектеу ұдайы қолданылатын аймақты белгілеуге сұранысты тиісті мемлекеттік орган осы қосымшаның 4-1-тармағында көрсетілген нысан бойынша береді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша мемлекеттік объектілердің, аса маңызды инфрақұрылым объектілерінің үстінен ПӘК ұшуына шектеу ұдайы қолданылатын аймақты белгілеуге сұраныс нысаны:
1. | Сұранысқа бастамашы | Өтініш беруші болып табылатын және ПӘК ұшуына ұдайы шектеу қолданылатын аймақты белгілеу жоспарланатын объект құрылымына кіретін мемлекеттік органды көрсету |
2. | Объектінің және заңды тұлғаның атауы | Осы объектінің қарамағындағы объектінің және заңды тұлғаның атауын көрсету |
3. | Объектінің географиялық координаттары | 1984 (WGS-84) дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесі бойынша объект орталығының географиялық координаттарын градуспен, минутпен және секундпен көрсету |
4. | Аймақ шекараларының географиялық координаттары |
Шектеу аймағы шеңбер түрінде белгіленсе, объект орталығы үшін 1984 (WGS-84) дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесі бойынша градуспен, минутпен және секундпен географиялық координаттар; |
5. | Аймақтың тік шекаралары |
Жоспарланған тік шекараларды көрсету. |
6. | Байланыс деректері | Мүддесі үшін ПӘК ұшуына шектеу қойылған аймақ белгіленген мемлекеттік органның байланыс деректерін (телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы) көрсету. Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылардың заңды және жеке тұлғаларының өтініші және пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақты пайдалану қажет болған кезде рұқсат алу үшін пайдаланылады |
7. | Т.А.Ә, лауазымы | Сұраныс берген ұйым басшысының немесе әскери бөлім командирінің Т.А.Ә. |
8. | Қолы | |
9. | Т.А.Ә, лауазымы | Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының Т.А.Ә. |
10. | Қолы | |
11. | Күні |
";
2) "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды қамтамасыз етудің іздестіру-құтқару қызметін бірлесіп құратын барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттері, ӘК пайдаланушылар мен әуежайлардың арасында жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады және қамтамасыз етіледі. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының, әуе қозғалысын басқару органдарының, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттерінің, мемлекеттік органдардың іздестіру-құтқару командаларының, іздестіру, авариялық-құтқару қызметтерінің, ӘК пайдаланушылардың және әуежайлардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қауіпті жүктер – адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) парашюттік-десанттық құтқару тобы (бұдан әрі – ПДҚТ) – парашютпен секіруге дайындалған мемлекеттік авиацияның авиациялық құтқарушыларынан және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын тұратын, ІҚО (Ж) өткізуге арналған жарақтармен жарақтандырылған және іздестіру-құтқару ӘК бортында орналасқан топ;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) авариялық-құтқару құралымы (бұдан әрі – АҚҚ) – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) авиациялық іздестіру мен құтқару күштері мен құралдары – экипаждары және құтқару мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар ӘК, ПДҚТ авариялық-құтқару мүлкімен және жарақтарымен, сондай-ақ оларды апат орнына десанттау құралдары (парашют жүйелері, құтқару контейнерлері, парашюттік платформалар) бар АҚҚ және ПДҚТ;";
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) КОСПАС-САРСАТ жүйесі – 406 МГц жиілігінде сигнал тарататын авариялық маяктарды анықтауға арналған халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесі;";
мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
"30) теңізде құтқару үйлестіру орталығы – кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайта беруді) қамтамасыз ету үшін өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын ұйым;
31) іздестіру және құтқару жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі – ІҚҰЖ) – Қазақстан Республикасында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мен перспективалық дамуын сипаттайтын тұжырымдамалық құжат.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Іздестіру және құтқару мақсаттары үшін іздестіруді және құтқаруды жүзеге асыру жүктелген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы органдар мен ұйымдардың басшылары ҰІҚЖ-ға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Апат үстіндегі немесе апатқа ұшыраған ӘК-ні, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін тиімді іздестіру және құтқару үшін үйлестіру орталықтары мен теңіздегі құтқару үйлестіру орталығы арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, іс-қимылды келісуді және ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. ІҚҰЖ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен бекітіледі.
ІҚҰЖ мыналарды қамтиды:
1) ұйымның тиімділігін арттыру үшін құрылған кез келген іздестіру және құтқару аудандарының шекараларын қоса алғанда, іздестіру және құтқару аудандарының сипаттамасы;
2) қолда бар құралдардың, персоналдың және жабдықтардың сипаттамасы;
3) ІҚО (Ж) қатыстырылған персоналды оқыту бағдарламасын, біліктілік стандарттарын және сертификаттау рәсімдерін қарау;
4) ІҚО (Ж)-ға тартылған қызметтерді қамтамасыз ететін немесе қолдайтын барлық мекемелердің рөлі мен жауапкершілігін қарастыру;
5) ІҚО (Ж) үшін жауапты тұлғалардың тікелей бақылауына жатпайтын құралдар мен қызметтерді қамтамасыз ететін құзыретті органдармен жасалған барлық келісімдердің қысқаша мазмұны;
6) көршілес іздестіру-құтқаруды үйлестіру орталықтарымен өзара көмек туралы барлық келісімдердің қысқаша мазмұны.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының аумағындағы КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесімен ақпарат қабылдау орталығының қызметі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) министрліктердің, ведомстволардың, ӘК пайдаланушыларының ІҚҰЖ сәйкес авиациялық оқиғалар болған жағдайда іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру, апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі қызметін үйлестіреді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) іздестіру-құтқару ӘК экипаждарын, ПДҚТ, ЖІҚК, АҚҚ персоналдарын даярлау бағдарламаларын (курстарын) қарайды;";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Үйлестіру орталығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетушінің (бұдан әрі – АНҚ көрсетуші) базасында ұшу ақпаратының әрбір ауданында құрылады және тәулік бойы жұмыс істейді.
ІҚО (Ж) тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімімен бас Үйлестіру орталығы айқындалып осы, Қағидалардың 16-тармағында көзделген функциялар оның және басқа үйлестіру орталықтарының арасында бөлінеді.
Мемлекеттік авиацияның ҚҮО мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен мемлекеттік авиацияның басқару пунктінің базасында құрылады.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтық авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар тағайындаған байланыс, іздестіру және құтқару пункттері арқылы КОСПАС-САРСАТ жүйесінен алынған апат сигналдары туралы ақпаратты қабылдайды және оны іздестіру және құтқару аудандарындағы кезекші іздестіру-құтқару күштеріне хабарлайды.
КОСПАС-САРСАТ жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пункттері мен Үйлестіру орталығының өзара іс-қимылы КОСПАС-САРСАТ хатшылығы әзірлеген "G.007 құтқару үйлестіру орталықтары (RCCs), іздестіру-құтқару байланыс пункттері (SPOCs) және халықаралық теңіз ұйымының Кемелерді күзету жөніндегі құзыретті органдары үшін апат туралы хабарламалар жөніндегі нұсқаулық" құжатына сәйкес қамтамасыз етіледі. КОСПАС-САРСАТ жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пунктінен үйлестіру орталығына берілетін ақпарат форматының үлгісі осы Қағидаларға 13-қосымшада келтірілген;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) тұрақты негізде қажетті байланыс орнату және оны қолдау мақсатында шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады.
Қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес басқа іздестіру және құтқару үйлестіру орталықтарынан көмек сұрайды немесе сұрау бойынша көмек көрсетеді;";
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) ИКАО-ның ұшуды басқару анықтамалығындағы (OPS CTRL) апаттық сигналдарды бақылаудың (ADT) электрондық дерекқорындағы жедел байланыс деректерін және ақпаратты бақылауды жаңартады;
11) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің (LADR) орналасқан жері туралы деректер қоймасына кіру үшін жазылымды ресімдейді және жаңартады.";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) бұрын орын алған авиациялық оқиғалардың немесе ауадан байқылаған кезде табылмаған немесе белгісіз әуе кемесінің сынықтары ретінде қате қабылдану ықтималдығы белгілі объектілердің координаттары туралы мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) 406 МГц (IBRD) жиілікте жұмыс істейтін радиомаяктарды тіркеудің халықаралық дерекқорында радиомаяктарды тіркеу деректеріне қолжетімділігі бар.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пунктімен;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Үйлестіру орталығы, мемлекеттік авиацияның ҚҮО өз қызметінде Қазақстан Республикасының авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасын, халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын, халықаралық авиациялық және теңіздегі іздестіру және құтқару жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – ХАТІҚН), азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген ережелерді басшылыққа алады.
Үйлестіру орталығының мамандары өз жұмысында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
ІҚО (Ж) өткізу кезеңінде үйлестіру орталығының мамандарына үйлестіру орталығының шешілетін міндеттеріне тікелей қатысы жоқ функционалдық міндеттер жүктелмейді. Үйлестіру орталығы мамандарының лауазымдарына АНҚ көрсетуші белгілеген біліктілік талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.";
21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік авиацияның ҚҮО, сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің Үйлестіру орталықтарымен іс-қимылдарды үйлестіру;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші операция жүргізілетін жерде ІҚО (Ж) жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған жедел штабтың бастығы ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші болып табылады.
ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушінің міндеттері:
1) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі бөлінген күштер мен құралдарды басқару;
2) Үйлестіру орталығымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен ІҚО (Ж) жүргізудің бастапқы жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, кейіннен оны әзірлеу және нақтылау;
3) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі байланыс орнату әдістерін айқындау;
4) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылын бақылау;
5) ІҚО (Ж) жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға күн сайын ІҚО (Ж) жүргізу нәтижелері туралы есеп беру;
7) ІҚО (Ж) жүргізудің барлық жағдайларын (іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ІҚО (Ж) жүргізілетін жерге келу және осы ауданнан кету уақыты, тексерілген аудандар, іздестіру кезінде қолданылған жол желілері арасындағы аралық, табылған заттар мен белгілер, жасалған әрекет, алынған нәтижелер) тіркеу;
8) ІҚО (Ж) үйлестірушісіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, тартылған күштер мен құралдардың басшыларына бұдан әрі қажет болмайтын күштер мен құралдарды босату жөнінде ұсынымдар беру;
9) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға тірі қалған адамдар саны мен олардың тегі туралы ақпарат беру;
10) Үйлестіру орталығынан, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органнан қосымша талап етілетін көмек сұрау болып табылады.";
25-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің құнына жағдайды нақтылау үшін ІҚО (Ж) жүргізу кезінде үйлестіру орталығының шешімі бойынша іздестіру-құтқару ӘК кезекшісінің ұшуы, ІҚО (Ж) даярлау және орындау деңгейін ұстап тұру мақсатында жаттығу ұшулары және ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша оқу-жаттығулар жүргізу қосымша қосылады.";
26-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген АҚҚ және ЖІҚК тарта отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі ұшу құрамы үшін жаттығу ұшуларының үлгілік бағдарламасына сәйкес іздестіру және құтқару ауданында кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің жаттығу ұшулары;";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж) үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын бөледі. Авариялық-құтқару қызметтері персоналы қатысу рөліне байланысты АҚҚ және (немесе) ЖІҚК мәртебесіне ие болады. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының ІҚО (Ж) үшін тартылған персоналының саны әрбір іздестіру және құтқару ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарында айқындалады.
29. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына парашюттік қызметтің кезекші нұсқаушылары, құтқарушылар, медициналық және инженерлік-техникалық жұмыскерлер құрамынан құралатын ПДҚТ-ға мамандар бөледі. ПДҚТ-ға тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына АҚҚ мамандарын бөледі. АҚҚ тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларымен айқындалады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. КОСПАС-САРСАТ жүйесінен апат туралы ақпарат қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен іздестірудің және құтқару бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс пункттері тағайындалады (КОСПАС-САРСАТ жүйесінен ақпарат қабылдау үшін іздестіру және құтқарудың түйісу нүктелері).";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар ІҚО (Ж) жүргізуде кез келген мүмкін болатын көмекті көрсетеді.
Әуежайлардың (әуеайлақтардың) персоналына және қажетті жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12216 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында айқындалады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Әрбір іздестіру және құтқару ауданына осы Қағидаларға 2-қосымшада қамтылған іздестіру және құтқару ауданында (саласында) ІҚО (Ж) ұйымдастырудың және жүргізудің үлгілік жоспары негізінде іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізуді ұйымдастыру жоспары (бұдан әрі – ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспары) әзірленеді.
Әзірленген ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын Үйлестіру кеңесінің басшысы және Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның өкілдері бекітеді.
Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің қолданыстағы жоспарлары туралы ақпаратқа қолжетімділікті жоғарылату мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары АНҚ көрсетушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
41-1 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:
1) № 1 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК дереу ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, электрмен қоректендірудің жерүсті көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға әзір;
ұшу құрамы, АҚҚ немесе ПДҚТ (бар болса) әуе кемесінің ішінде, ал техникалық құрам – әуе кемесінің жанында;
экипаждардың міндеті белгіленген және қажет болғанда ұшу кезінде радио бойынша немесе спутниктік электр байланысы арқылы нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста болады;
ЖІҚК тапсырмаларды орындау үшін дереу шығуға әзір тұрады;
тікұшақтың ұшып шығуы және ЖІҚК шығуы 10 минуттан кешіктірілмейді;
ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 15 минуттан соң;
2) № 2 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, авариялық-құтқару мүлкі ӘК бортында және пайдалануға әзір;
ұшу құрамы және техникалық құрам, АҚҚ немесе ПДҚТ (бар болса) ӘК-ге жақын арнайы бөлінген жерде;
экипаждарға ұшып шығуды ұйымдастыру және іздестіру тәсілі бойынша нұсқаулар берілді;
іздестіру бойынша тапсырма ұшар алдында және қажет болғанда ұшу кезінде нақтыланады;
ЖІҚК жеке құрамы бөлімше басшысы белгілейтін жерде болады, ПД ЖІҚК ҚТ мүлкі мен керек-жарақтары салынды және тапсырмаларды орындауға шығуға дайындалған көлік құралына тиелген, көлік құралдарының орналасқан орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген;
тікұшақтың ұшуы және ЖІҚК шығуы команда берілгеннен кейін 20 минуттан кешіктірілмейді;
ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 30 минуттан кешіктірілмейді;
3) № 3 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және тағы басқа іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға әзір және белгіленген жерлерде (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) тұрады;
АҚҚ немесе ПДҚТ және ЖІҚК ұшу, техникалық және жеке құрамы сабақтарда, жұмыста және демалыста болады;
мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің іздестіру-құтқару ӘК-нің № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.
Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен ұшып шығу уақыты команда берілген соң жазда 1 сағаттан және қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.
Ескертпелер:
1. Мемлекеттік авиация экипаждары үшін:
1) № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке өту уақыты – 10 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 10 минут);
2) № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 20 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 20 минут);
3) № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 10 минут.
2. Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен № 1 және № 2 әзірлікке өту уақыты жазда 1 сағаттан, қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.
3. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының:
№ 1 әзірлікте болу уақыты 2 сағаттан аспайды;
№ 2 әзірлікте болу уақыты тәулік бойы (2 тәуліктен аспайды);
кейіннен № 3 әзірлікке ауысып, кезекшілік атқарғанда ұшу кезінде ғана № 2 әзірлікте болу уақыты – 7 тәулік (мемлекеттік авиация экипаждары үшін);
мемлекеттік авиация экипаждары мен азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірлікте (тұрақты орналасу орындарынан тыс) болу уақыты 15 тәуліктен аспайды.
42. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілікті ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес атқаруын күн сайын бақылауды жүзеге асырады.
АНҚ көрсетушімен шарт жасасқан кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні пайдаланушылар күн сайын Үйлестіру орталығына белгіленген уақытта кезекшілікке шыққан іздестіру-құтқару ӘК экипаждары туралы осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес іздестіру-құтқару ӘК-нің жауапкершілік ауданын жабу мүмкіндігімен ұшуды орындауға әзір екені туралы мәліметті баяндайды.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын іздестіру мен құтқару мақсаттарынан басқа жауапкершілік ауданын іргелес іздестіру және құтқару аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қорғауында болу шартымен ұшу жоспарында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04, 02 шартты белгілері, "ОК" және "ПК" литерлері бар мақсаттарға сәйкес келетін ұшу мақсаттары мен литерлерінің атауы көрсетілген кезде ұшуларды орындау үшін пайдалануға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
"47-1. Авиациялық күштер мен іздестіру және құтқару құралдарының құрамына кіретін АҚҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларына сәйкес даярлануға тиіс.";
48-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) топ құрамының ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі өз міндеттерін білуін, сондай-ақ ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын білуін;";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Азаматтық авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жерүсті және ұшу даярлығынан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген) азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуға дайындығы қағидаларына сәйкес арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы тағайындалады.
Мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына әскер түрлерінің жауынгерлік даярлық курсына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы кіреді.";
3-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. ЖІҚК, ПДҚТ және АҚҚ қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақталуына қойылатын талаптар";
мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығымен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларына сәйкес техникалық құралдармен АҚҚ жарақтандырылады.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. ПДҚТ, ЖІҚК мен АҚҚ жарақтандыру бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, азаматтардың ерікті жарналары, қорлар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға көрсетілген мемлекеттік органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтіп-ұстауға бөлінген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер шегінде жүзеге асырылады.";
56-тармақтың 4) тармақшасындағы "аппаратурасымен беріледі." деген сөздер "аппаратурасымен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ELT авариялық жетек таратқышы (бұдан әрі – ELT таратқышы) немесе авариялық жетек таратқышы (апат сигналдарын қадағалау) ELT (DT) (бұдан әрі – ELT (DT) таратқышы) беріледі.";
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
"57-1. Қауіп сигналы ELT немесе ELT (DT) таратқыштарынан 406 МГц жиілігінде КОСПАС-САРСАТ жүйесінің жер маңындағы орбиталық спутниктеріне автоматты түрде немесе экипаж мүшесі қолмен беріледі.";
60-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы ELT немесе ELT (DT) таратқышын іске қосып, егер бұл әуе кемесін ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық рәсімдерінде көзделсе, апат сигналын береді. Сигнал беру тәртібі осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған.
Апат сигналдары апат кезінде пайдаланудағы ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс арнасының жұмыс жиілігінде, сондай-ақ халықаралық авариялық жиіліктерде 121,5 МГц (әуе кемесін ұстап алу кезінде де пайдаланылатын), радиотелефон режимінде 123,1 МГц немесе 500 кГц немесе 2182 кГц және 4125 кГц жиіліктерінде, 156,8 МГц (16 арна) радиотелефон режимінде теңіз қызметтерінен көмек сұрату кезінде беріледі.";
60-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60-3. Апатқа ұшыраған ӘК-нің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені толық қол сұғылмаушылықта сақтау бойынша, жүкті, багажды, поштаны тасымалдау бойынша осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелері немесе тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, сондай-ақ егер мұндай мемлекет тергеп-тексеруге қатысуға ниет білдірсе, әуе кемесін тіркейтін шет мемлекеттің уәкілетті өкілі (пайдаланушы, әзірлеуші немесе дайындаушы) келгенге дейін шаралар қабылдайды және басқа да қажетті шараларды жүргізеді.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Әуеайлақтан тыс жерге амалсыз қонғаннан кейін апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж авариялық радиоқұралдарды жұмысқа дайындайды. Бұл ретте байланыс апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипаж мүшелерінде бар авариялық-құтқару радиоқұралдарының түріне қарай 406 МГц, 121,5 МГц (243 МГц), 156,8 МГц, 2182 кГц, 4125 кГц жиілігінде немесе теңіз күштерінен көмек сұраған жағдайда 8364 КГц жиілігінде жүзеге асырылады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. ІҚО (Ж)-ге қатысатын ӘК, теңіз және өзен корабльдері (кемелері) өзара әрекеттесу мақсатында радиобайланысты 2182 кГц, 3023 кГц, 4125 кГц, 5680 кГц, 121,5 МГц, 123,1 МГц және 156,3 МГц (06 арна) жиіліктерде жүзеге асырады.";
66-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) спутниктік электр байланысы бойынша (қажет болған жағдайда).";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. ПДҚТ мен АҚҚ өзінің шақыру белгісі ретінде 10-нан 19-ға дейінгі, ал ЖІҚК 20-дан 29-ға дейінгі екі мәнді сандық индексті қосып, тұрақты орналасатын әуеайлақтың трассалық шақыру белгісін пайдаланады.";
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. ELT (DT) таратқыштарымен жабдықталған әуе кемелерін қадағалауда ұстауды ендіру қағидаттары ИКAO Doc 10165 "Әуе кемелерінің жаһандық апаттық хабарлау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (GADSS) жөніндегі нұсқаулық", ИКAO Doc 10150 "Апатқа ұшыраған әуе кемесінің орналасқан жері туралы деректер қоймасына қойылатын функционалдық талаптар жөніндегі нұсқаулық (LADR)" және ИКAO Doc 10054 "Апатқа ұшыраған әуе кемесінің орнын анықтау және борттық жазу құрылғыларындағы деректерді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық" құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.";
4-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. ЖІҚК, АҚҚ мен ПДҚТ даярлауға қойылатын талаптар";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. ПДҚТ мен АҚҚ мыналарды атқара алуға тиіс:
1) қиылысқан және жетуі қиын жерлерде жол көрсету, топографиялық картаны қолдану және азимут бойынша ауысу;
2) ІҚО (Ж) жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, түрлі іздестіру тәсілдерін қолдану;
3) апатқа ұшыраған ӘК-ден кемесіндегі зардап шеккендерді эвакуациялау және шығару, оларға дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсетіледі;
4) түрлі климаттық және физикалық-географиялық жағдайларда тірі қалу қағидаларын қолдану;
5) әуе кемесіндегі өртті сөндіру тәсілдері мен құралдарын қолдану;
6) іздестіру-құтқару ӘК-ні қондыру үшін алаң таңдау және таңбалау.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Медициналық қызметкер, егер ол АҚҚ, ЖІҚК және ПДҚТ құрамында болса:
1) тікелей апат орнында дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;
2) эвакуациялау кезектілігін, тасымалдау түрін айқындау және апатқа ұшырағандарды медициналық мекемелерге уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз ете алуы қажет.";
90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"90. ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңінде іс-қимылды үйлестіру мен шешім қабылдауды Үйлестіру орталығы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу бойынша, қажет болған жағдайда мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңі уақыт бойынша қайсысының бұрын басталуына қарай апаттық кезең басталған сәттен жедел штаб жұмысы басталғанға дейін немесе апаттық кезең жабылғанға дейін қолданылады.
91. ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен және қажет болған жағдайда Үйлестіру орталығымен және мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.";
97 және 98-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Айқынсыздық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп келіп түскен ақпаратты бағалайды.
98. Алаңдаушылық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы бұл туралы дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар етеді.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган алаңдаушылық кезеңінің туындағаны туралы ІҚО (Ж) басшысын тағайындау үшін болжамды іздестіру мен құтқару ауданының өзінің аумақтық бөлімшесінің кезекші қызметін хабардар етеді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп болжамды іздестіру мен құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтар арқылы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын дереу әрекетке кірістіреді, сондай-ақ жағдайдың өрбуін бағалау негізінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қолда бар ақпарат негізінде ІҚО (Ж) өткізу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын жасайды және оны мемлекеттік авиация ҚҮО-мен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;";
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. Іздестіру-құтқару іс-шараларын дәл бағалау үшін іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының есептерін сұрау және бағалау қажет. Бұл бағалау өз кезегінде іздестіру мен құтқаруды жалғастыру керектігін және оларды қайда жүргізу керектігін анықтайды. ІҚО (Ж) басшысы (үйлестірушісі) зерттелген аудандарды картаға түсіруді ұйымдастырады. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштер мен құралдардан алынған ақпарат іздестіруді жалғастыру және ауданды одан әрі зерттеу аймағын айқындау туралы шешім қабылдау мақсатында осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысанына енгізілуге тиіс.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Іздестіру мен құтқару аудандарында ІҚО (Ж)-ны тікелей басқаруды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік аудандарының ІҚО (Ж) жедел штабтары (бұдан әрі – Жедел штаб) жүзеге асырады.";
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. ІҚО (Ж) өткізуді тікелей басқаратын жедел штабтар:
1) өздеріне бағынысты органдарға нұсқау береді және осы нұсқаулар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлайды;
2) Үйлестіру орталығын оқиғалардың дамуы туралы ақпараттандырады;
3) қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган арқылы іздестіру мен құтқару үшін қосымша әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын сұратады;
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына және Үйлестіру орталығына күн сайын ІҚО (Ж)-ның орындалу барысы туралы есеп береді.";
110-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ПДҚТ немесе АҚҚ міндеттерін және ПДҚТ-мен немесе АҚҚ-мен өзара іс-қимыл тәртібін және экипаждағы міндеттерді нақтылау;";
131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"131. Іздестіру-құтқару ӘК-нің экипажы апат орнын тапқан кезде радиобайланыс арналары арқылы немесе спутниктік электр байланысы арқылы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне:
1) UTC бойынша сағатпен және минутпен анықталған уақытты, апат ауданының координаттарын;
2) ӘК-нің жай-күйі мен жағдайын, авариялық ӘК-ден эвакуацияланған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бар-жоғын және көзге байқалған жағдайын;
3) радиобайланыс арналары бойынша апатқа ұшырағандардан алынған ақпаратты;
4) апат ауданындағы ауа райын;
5) жергілікті жер бедерінің бағасын және апатқа ұшыраған ӘК мен адамдар тұрған жер (су) бетінің жай-күйін (теңіз толқынын, мұз жағдайын);
6) қозғалу құралдарын (су, теміржол, автокөлік, жегін көлік) пайдалану мүмкіндігін;
7) апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін қабылданған іс-қимылдарды хабарлайды.";
133, 134, 135 және 136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Қонғаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК командирі бірінші кезекте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық көмек көрсетуді және оларды жақын әуежайға немесе медициналық мекемеге эвакуациялауды ұйымдастырады.
Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмек апат орнында өзіне-өзі және өзара көмек ретінде көрсетіледі. Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмекті тікелей апат орнында АҚҚ немесе ПДҚТ, ЖІҚК құрамына кіретін медициналық персонал көрсетеді, ал оны көрсету мүмкін болмаған жағдайда, жақын медициналық мекемелерде көрсетіледі.
Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектігі мен тасымалдау түрін апат орнында медициналық персонал айқындайды, бұл ретте радио арқылы мамандардан консультация алу мүмкіндігі қолданылады.
134. Апатқа ұшыраған ӘК-де өрт болған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы қонғаннан кейін АҚҚ немесе ПДҚТ-мен бірлесіп адамдарды, бірінші кезекте жарақат алғандарды ӘК-ден эвакуациялауға дереу кіріседі және бір уақытта өрттің алдын алу шараларын қабылдайды.
ПДҚТ есебінің жетекшісі, АҚҚ үлкені немесе іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі экипаж мүшелері мен құтқарушылар арасында міндеттерді бөле отырып, эвакуацияны басқарады. Өртті сөндіру үшін іздестіру-құтқару ӘК бортындағы құралдарды, сондай-ақ қолда бар құралдарды (су, құм, топырақ және т с.с.) барынша қолдану қажет. Мүмкін болса, жергілікті тұрғындарды жұмылдыру қажет.
135. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждары мен ПДҚТ, ЖІҚК немесе АҚҚ мүшелері әуе кемесіндегі авариялық люктер мен шығатын жерлерді және фюзеляжды ашатын орынды білуге тиіс.
136. Апатқа ұшырағандарды тікұшақ бортына тартып көтеру әдетте құтқарушының көмегімен ілініп тұру режимінде кабельдік ілмекті шығырды, құтқару себетін, желісін, орындығын немесе зембілін пайдаланып қауіпсіздік шараларын сақтау режимінде жүргізіледі.";
142 және 143-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"142. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектілігін ПДҚТ немесе АҚҚ құрамындағы медицина қызметкерінің баяндауы бойынша ПДҚТ немесе АҚҚ жетекшісі немесе іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.
143. АҚҚ немесе ПДҚТ-ны жерге түсіру, апатқа ұшырағандарды қону тәсілімен немесе ілініп тұру режимімен эвакуациялау мүмкін болмаған жағдайда, адамдардың тірі қалуын қамтамасыз ету үшін апаттық-құтқару жарақтары мен арнайы жүктері бар салынған төсемді лақтырады.";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. ІҚО (Ж) мына жағдайларда аяқталған болып есептеледі:
1) іздестіру-құтқару операцияларына қатысы бар ӘК немесе адамдардың апатқа ұшырау жағдайынан шыққаны туралы ақпарат келіп түскенде;
2) іздестіріліп жатқан ӘК немесе адамдар табылған және тірі қалғандары құтқарылғанда;
3) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына сәйкес апат кезеңінде ӘК, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы шешім қабылданғанда.
Іздестіру-құтқару ӘК, ЖІҚК және АҚҚ немесе ПДҚТ ІҚО (Ж) жүргізгеннен кейін бастапқы орналасқан жерге қайтып келгенде ІҚО (Ж) толық аяқталды деп есептеледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның 3-тарауында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ІҚО (Ж) жүргізу орнында үйлестіруші (ІҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселені азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Оқиға куәгерлерімен байланысты ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлама мен байланыс телефонын ұсыну.";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы

Іздестіру-құтқару әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен жарақтандыру
1. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесі (ең төменгі)
Р/с№ | Мүлік пен керек-жарақ | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Азық-түлік қоры (үш тәулікке): құрғақ азық (азық концентраттары жиынтығы немесе консервіленген азық-түлік тағамдары), қойытылған сүт, кофе, қант пен тұз, бұралатын тығыны бар, суы бар полиэтилен сыйымдылықтар | жиынтық | 2 |
2. | Металл асхана керек-жарақтары (соққыға төзімді, сынбайтын) | жиынтық | 3 |
3. | Термос (сыйымдылық) 10 л, суы бар | дана | 1 |
4. | Портативті радиотаратқыш/қабылдағыш (авариялық радиостанция) | жиынтық | 2 |
5. | Пиротехникалық сигнал беретін құралдар (түрлі-түсті түтін шығаратын шамдар және (немесе) жарық беретін зымырандар зымыран тасығышпен) немесе басқа жарық сигналдарын беретін құралдар | дана | 10 |
6. | Қосалқы батареялар жиынтығы бар қалта шамы | жиынтық | 2 |
7. | Компас | дана | 1 |
8. | Дүрбі | дана | 1 |
9. | Ысқырық | дана | 2 |
1 | 2 | 3 | 4 |
10. | Сигнал беретін айна | дана | 2 |
11. | Сигналдық кодтар кестесі, аман қалу әдістеріне қатысты ұсыныстары бар кітапша | дана | 2 |
12. | Алғашқы медициналық көмек қобдишасы | жиынтық | 1 |
13. | Жылы киім-кешек (күрте, шалбар, жүннен жасалған етік, жүннен тоқылған шұлық, жүннен жасалған бас киім, қолғап) | жиынтық | 2 |
14. | Ұйықтау қапшығы (ауа райы салқын аудандарға арналған, тері) | жиынтық | 2 |
15. | Шатыр | жиынтық | 1 |
16. | Ылғал мен желге төзімді сіріңкелер | қорап | 4 |
17. | Құрғақ жанармай (таблетка түрінде) | таблетка | 20 |
18. | От жағуға арналған лупа | дана | 1 |
19. | Суды тазартатын таблеткалар (құрал) | орам | 4 |
20. | Жиналмалы пышақ | дана | 2 |
21. | Балта | дана | 2 |
22. | Төтенше жағдайларға арналған тығыз фольгадан жасалған көрпе | дана | 4 |
23. | Репеллент және москит торы | дана | 1 |
24. | Күннен қорғайтын көзілдірік немесе шағылысудан қорғайтын көзілдірік | дана | 2 |
25. | Таяқтары бар шаңғы немесе қарда жүретін аяқ киім (қарлы аудандар үшін) | жұп | 2 |
26. | Санитария зембілдер | дана | 1 |
27. | Омыртқасы зақымданған адамдарды тасымалдауға арналған қалқан | дана | 1 |
28. | Батареялар жиынтығы бар электр мегафон (тікұшақтарға арналған) | жиынтық | 1 |
29. | Құтқару кеудешесі (белдігі)* (таулы аудандарға арналған) | дана | 2 |
30. | Құтқару салы (немесе қайық)* | дана | 1 |
31. | Су айдындарын бояуға арналған құрал (бояғыш маркерлер) немесе қалқымалы түтіндік буй* | орам | 4 |
32. | Халықаралық сигналдар жиынтығы* | дана | 1 |
* теңіз акваторияларының аудандары үшін (үлкен су айдындары).
2. 1-24-тармақтарда және осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құтқару мүлкі мен керек-жарағы әуе кемесінен лақтыру үшін арнайы жұмсақ қаптарға (парашютті-десанттық қаптар) немесе контейнерлерге салынады. Мүлік (жүзу құралдарынан басқа) су өткізбейтін қаптарға салынады.
3. Құтқару кеудешелері (белдіктері), құтқару салдары (қайықтар) қаптардан шығарылады және қолдануға дайын, олар үшін көзделген қаптамамен тиеледі.
4. Құтқару мүлкі мен керек-жарағы бар қаптарда түрлі-түсті кодтың, ағылшын, орыс (және қазақ) тілдеріндегі жазулардың баспаханалық тәсілмен жазылған және түсініктемені талап етпейтін нышандардың көмегімен (контейнерлерде) олардың ішіндегісінің жалпы сипаттамасы белгіленуге тиіс.
Қаптардың (контейнерлердің) сыртқы бетінде:
1) жиынтықтың ішіндегіні белгілейтін ені 50 мм түрлі-түсті сақиналы жолақ немесе боялған жалаушалар түріндегі таңба бекітіледі:
ҚЫЗЫЛ – дәрі-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;
КӨК – су және азық-түлік, ыдыс-аяқ;
САРЫ – киім-кешек және баспана құралдары;
ҚАРА – дабыл құралдары, от жағуға және жарықтандыруға арналған құрылғы;
2) ХАТІҚН сәйкес жарық қайтаратын материалдан жасалған тиісті пиктограммалары бар таспалар пайдаланылады.
Түсірілетін барлық қаптарға (контейнерлерге) ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде басып шығарылған тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар салынады және мүмкіндігінше, түсініктемені қажет етпейтін суреттермен және нышандармен толықтырылады;
3) сондай-ақ жарық шағылыстыратын материалдан жасалған тиісті пиктограммаларды пайдалану керек. Пиктограммалар төмендегі суретте келтірілген.

Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын (ЖІҚК) техникалық құралдармен жарақтандыру
1. Жарақтандыру табелі:
Р/с № | Мүлік пен керек-жарақ | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Радиостанциясы бар жол талғамайтын автомашиналар | дана | 1 |
2. | Жол талғамайтын көлік құралына орнатылған және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған жылжымалы басқару командалық пункті | дана | 1 |
3. | Тікұшақ үшін қону алаңын белгілеуге арналған ақ және қызыл түсті жалаушалар (әрбір түсте 8 данадан) | дана | 16 |
4. | Қондыру шашкалары (түтінді) | дана | 10 |
5. | Компас | дана | 2 |
6. | Батареялар жиынтығы бар электр шамы | жиынтық | 6 |
7. | Көзбен шолып іздестіру палеткасы бар 1:200000 масштабтағы жергілікті жердің топографиялық карталары | жиынтық | 2 |
8. | Дүрбі | дана | 2 |
9. | Қолғап (брезент) | жұп | 6 |
10. | Металл кесуге арналған бензинді ара | дана | 1 |
11. | Балта | дана | 4 |
12. | Сүймен | дана | 2 |
1 | 2 | 3 | 4 |
13. | Үшкір күрек | дана | 4 |
14. | Бақан | дана | 1 |
15. | Слесарь құралдары: шойбалға, кескіш, балға, қол ара | жиынтық | 1 |
16. | Өрт сөндіргіш | дана | 2 |
17. | Батареялар жиынтығы бар мегафон | жиынтық | 2 |
18. | Фотоаппарат | дана | 1 |
19. | Санитария зембілдер | дана | 2 |
20. | Алғашқы медициналық көмек қобдишасы | жиынтық | 2 |
21. | Көп функциялы жиналмалы құрал (әрбір ЖІҚК мүшесіне) | дана | 1 |
22. | Бензоплитка (примус) | дана | 1 |
23. | Төрт орындық палатка | дана | 2 |
24. | Кем дегенде 20 литр сыйымдылықтағы ауыз су | дана | 1 |
25. | Асхана керек-жарақтары соққыға төзімді, сынбайтын (әрбір ЖІҚК мүшесіне) | жиынтық | 1 |
26. | Жеке тамақтану рационы (үш тәулікке әрбір ЖІҚК мүшесіне) | жиынтық | 1 |
2. ЖІҚК қолдану үшін міндетті техникалық құралдардың тізбесін іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық және өзге де жағдайларын ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган нақтылайды және толықтырады және жеке актімен (бұйрықпен/өкіммен) бекітеді.
Парашюттік-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық құралдармен жарақтандыру
1. Жарақтандыру табелі:
Р/с№ | Мүлік пен керек-жарақ | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жыл мезгіліне сай арнайы киім-кешек (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | жиынтық | 1 |
2. | Дайындық деңгейі бойынша парашют жүйесі (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
3. | Қосалқы парашют жүйесі (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
4. | Сақтандыру аспабы (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
5. | Парашюттік биіктік өлшегіш (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
6. | Парашютшінің қорғаныш шлемі (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
7. | Арқан кесетін пышақ (арқан кескіш) (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
8. | Құтқару кеудешесі (белдігі) (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
9. | Компас | дана | 1 |
10. | Батареялар жиынтығы бар электр қалташамы (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | жиынтық | 1 |
11. | Ішетін су құйылған тысталған фляга (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | жиынтық | 1 |
12. | Су өтпейтін орамдағы желге төзімді сіріңке | қорап | 1 |
1 | 2 | 3 | 4 |
13. | Көп функциялы жиналмалы құрал (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | дана | 1 |
14. | Бес саусақты техникалық қолғаптар (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | жұп | 1 |
15. | Екі тәулікке арналған жеке тамақтану рационы (ПДҚТ әрбір мүшесіне) | жиынтық | 1 |
16. | Р-855УМ (Р-855А1) радиостанциясы | дана | 1 |
17. | Алғашқы медициналық көмек қобдишасы | жиынтық | 1 |
18. | 2 орындық палатка | дана | 1 |
2. ПДҚТ қолдану үшін міндетті техникалық құралдардың тізбесін іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық және өзге де жағдайларын ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган нақтылайды және толықтырады және жеке актімен (бұйрықпен/өкіммен) бекітіледі.
3. Көрсетілген техникалық құралдар сыйымдылықтарға салынады және іздестіру-құтқару әуе кемелерімен оқиға орнына парашютпен немесе парашютсіз лақтыра отырып жеткізуге дайындалады.
Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіруді жүргізу әдістемесі
1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын іздестіру ауданын анықтау әдістемесі
Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда жалпы көріністе іздестіру ауданы былайша айқындалуы мүмкін (1-сурет):

1-сурет. Іздестіру ауданын анықтау әдістемесі
1) жұмыс картасына апатқа ұшыраған ӘК-нің берілген ұшу маршрутының учаскесі (АВ) ұшып өткенде байланыс болған соңғы бақылау нүктесінен (А нүктесі) ол келмеген немесе онымен байланыс болмай қалған нүктеге (В нүктесі) дейін енгізіледі;
2) карта масштабында маршрут учаскесінің бойымен (АВ) ені ±r болатын жолақ салынады, ол А нүктесін ұшып өткен кезде ӘК орнын айқындау қателіктерінің мәніне тең (a, f, g, b жолақтары) болады;
3) В нүктесінен маршрут сызығына перпендикулярлы түрде S жолын ұшып өту уақыты ішінде ӘК-нің ең үлкен L бүйірлік ауытқуына тең Ве және Вd бөліктері белгіленеді.
Картада түзілген пішін (а, d, е, b, с) апатқа ұшыраған ӘК тұрған жердің ең ықтимал ауданы болады.
2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық іздестіруді орындау әдістемесі
Апатқа ұшыраған ӘК экипажын іздестіру-құтқару ӘК-нің және радиоторауылдауыш аппаратураның ерекше жоғары жиілігінің (ЕЖЖ) және жоғары жиілігінің (ЖЖ) көмегімен іздестіру негізгі іздестіру әдісі болып табылады.
Авариялық-құтқару маяктарының сигналдары бойынша іздестіру:
1) апатқа ұшыраған әуе кемесі немесе әуе кемесіндегі адамдар авариялық-құтқару маягымен жарақтандырылғаны белгілі болса немесе сондай жорамал болса, КОСПАС-САРСАТ жүйесі арқылы қандай да бір хабар алынған-алынбағанына қарамастан, биік эшелонда электрондық іздестіруді дереу бастау керек. Көптеген әуе кемелері ELT немесе ELT (DT) таратқыштармен жабдықталған, олар шамадан тыс жүктеме белгілі бір деңгейге, мысалы, авария кезіндегідей деңгейге жеткенде жұмыс істей бастайды. Электрондық іздестіруді бастағанда анағұрлым төменгі эшелондарда визуалды іздестіруді елемеуге болмайды, өйткені электрондық іздестірудің сәттілігі құтқару маягының сигнал беру қабілетіне байланысты;
2) электрондық іздестіру кезінде шолу ені іздестіру үшін таңдап алынған ұшу эшелоны үшін көкжиекке дейінгі қашықтық бойынша анықталуға тиіс, өйткені авариялық маяктардың көпшілігі тікелей көрінетін қашықтық шегінде ғана қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жиіліктерде жұмыс істейді. Алайда, егер табудың ықтимал қашықтығы белгілі болса және ол көкжиекке дейінгі қашықтықтан аз болса, онда табу қашықтығынан бастау керек. Авариялық-құтқару маягын анықтаудың ықтимал қашықтығы белгісіз болған кезде теңіз үстінен ағаш аз көмкерген немесе ағаш мүлдем жоқ немесе жазықтық үстінен іздестіру кезіндегі есептік ен көкжиекке дейінгі қашықтықтың шамамен жартысына тең болуға тиіс. Таулы жерлердің үстінде есептік шолу ені көкжиекке дейінгі қашықтықтың 1/10 бөлігіне дейін азайтылуы мүмкін. Таулы жерлерде немесе өсімдік тығыз өскен жерлерде сигналдың таралу қашықтығы судағыға немесе тегіс жердегіге қарағанда айтарлықтай аз болады;
3) әдетте, авариялық-құтқару маяктарының сигналдары бойынша іздестіру кезінде қатарлас галс немесе толқын тәрізді сызық тәсілімен іздестіру әдісін қолдану керек. Егер белгілі бір ауданда бірінші іздестіру кезінде маяк табылмаса, ол жерде қайта іздестіру жүргізу керек, бұл ретте іздестіру маршрутының учаскелері бірінші іздестіру схемасына сәйкес іздестіру маршрутының учаскелеріне қатысты тік бұрыш жасауы керек. Егер маяктың орналасқан жері әлі анықталмаса, бірақ оның осы ауданда екеніне және жұмыс істеп тұрғанына айтарлықтай сенімділік болса, іздестіру маршрутының учаскелерін бірінші іздестіру кезіндегі маршрут учаскелеріне қатарлас, бірақ жол сызықтары арасындағы аралықтың жартысына ығыстырып орналастыру арқылы үшінші іздестіруді қарастырған жөн;
4) авариялық-құтқару маягының дабылы анықталғаннан кейін оның орналасқан жерін анықтау үшін мынадай схемалардың бірін пайдалануға болады.
Бағдарлау сигналы бойынша бағдар ала алатын іздестіру құралдары пайдаланылған кезде авариялық-құтқару маягының сигналы анықталған сәттен бастап іздестіру құралы сол маякқа бағытталады. Егер іздестіру құралы іздестіру объектісінің орналасу ықтималдығының тығыздығы ең жоғары болатын бастапқы нүктеге қарай қозғалса, құтқару маягының сигналы тез қабылдануы мүмкін. Егер бұл сәтті болмаса, онда бұл ауданда секторлық іздестіру, кеңейетін шаршы түрінде іздестіру, қатарлас галстаумен іздестіру немесе қамтамасыз етілетін іздестіру күшінің оңтайлы шамасына негізделген жол сызықтары арасындағы интервалмен толқын тәрізді сызықты іздестіру әдістерін қолдана отырып жүйелі іздестіру жүргізілуі керек.
Ұшып бара жатқан әуе кемелерінен 121,5 МГц жиіліктегі сигналдың анықталғаны туралы мәлімдеме алған кезде (бұл сигналды КОСПАС-САРСАТ жүйесі өңдемейді) радиомаякты электрондық іздестіруді жүргізу үшін іздестіру ауданын белгілеу қажет.
Бағдарлау сигналдары бойынша бағдар ала алмайтын іздестіру құралымен жүзеге асырылатын тыңдау арқылы электрондық іздестіру кезінде авариялық-құтқару маягының анықталған радиожиілік сигналы электрондық тәсілмен естуге болатын дыбысқа түрлендіріледі, оны іздестіру әуе кемесі экипажының кемінде бір мүшесі динамиктің немесе бас телефондардың көмегімен ести алады.

2-сурет. Автоматты радиокомпасты пайдалана отырып (АРК) авариялық радиостанцияға шығу үшін маневр
Апатқа ұшыраған ӘК тұрған жері анықталған ауданға шыққаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы авариялық радиостанция сигналы анықталғанға дейін іздестіруді жүзеге асырады.
Жұмыс істеп тұрған авариялық радиостанцияның (радиомаяк) сигналы АРК-У2, АРК-УД, ЮР-26 радиокомпастарының көмегімен анықтағанда ӘК курстық бұрыш көрсеткішінің, ОЖЖ радиопеленгатор индикациясының орнықтылығына көз жеткізгеннен кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы ӘК-ні көрсетілген радиостанцияға бағыттайды.
Радиокомпастың курстық көрсеткішінің (РКК) тілінің 1800 градусқа бұрылуы бойынша айқындалатын авариялық радиостанциядан (радиомаяк) ұшып өткеннен кейін экипаж зардап шеккендерді көзбен шолып анықтауды қамтамасыз ететін ұшу биіктігінде оған қайта шығу есебінен маневр (2-сурет) жасайды.
3. Көзбен шолып іздестіру үшін іздестіру ауданын шаршыларға бөлу тәртібі
Көзбен шолып тексеру кезінде іздестіру ауданы көзбен шолып іздестіру торы бар палеткаға сәйкес көлемі 20х20 км болатын шаршыларға бөлінеді (3-сурет). Қажет болған жағдайда 20х20 км шаршы палеткаға сәйкес 10х10 км болатын 4 шаршыға бөлінеді. Ойлы-қырлы жерлері көп орманды жерді жан-жақты тексеру үшін жерүсті іздестіру-құтқару командасы 10х10 км шаршыны 5х5 км болатын 4 шаршыға бөледі.
ІҚО (Ж) басшысы (үйлестірушісі) бірінші кезектегі тексеру шаршысын және іздестіру бағытын айқындайды.
Көзбен шолып іздестіру торы салынған палетканы пайдаланған кезде:
1) палетканың ортасын әуеайлақтың бақылау нүктесімен (ӘБН), өзіндік бағдармен немесе болжамды апат ауданының орталығымен түйістіру;
2) палетканың көлденең осін шын меридианның солтүстік бағытымен немесе болжамды ұшу бағытының перпендикуляр осімен түйістіру;
3) картада түзілген шаршыларды палетка нөміріне сәйкес нөмірлеу (3-1-сурет).

4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру тәсілдері
Егер радиотехникалық құралдардың көмегімен іздестіру ауданын үздіксіз тексеріп қарау нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, ІҚО (Ж) басшысының (үйлестірушісінің) шешімімен көзбен шолып іздестіру жүргізіледі, оны мынадай тәсілдермен жүзеге асыруға болады: "Тарақ", "Қатарлас галс (PS)", "Секторлық іздестіру (VS)", "Толқын тәрізді сызық (CS)", "Кеңейетін шаршы", "Жол сызығын тексеріп қарау (TS)", "Контурлық іздестіру (OS)" және "Берілген маршрут":
1) "Тарақ" тәсілімен іздестіру (4-сурет) барынша аз уақытта және іздестіру-құтқару ӘК саны жеткілікті болғанда үлкен аумақты қарау мақсатында қолданылады.
"Тарақ" тәсілі көзбен көру шамамен 75 % болған немесе іздестіру аппаратурасының әрекет ету қашықтығы аралықтарда қатарлас түзу сызықты маршруттар бойынша бірге ұшу арқылы ӘК тобының іздестіру ауданын бір мезгілде тексеруінен тұрады.
"Тарақ" тәсілі, әдетте, іздестіру-құтқару ӘК-нің орналасқан жерінен әлдеқайда алыс қашықтықта іздестіруді ұйымдастыруда қолданылады;

4-сурет. "Тарақ" тәсілімен іздестіру схемасы
2) "Қатарлас галс (PS)" тәсілімен іздестіру қолда бар іздестіру ұшақтарының (тікұшақтардың) саны жеткіліксіз болған кезде және ауқымды аумақты тексеріп қарау үшін қолданылады.
Қатарлас галс іздестіру әдісі әдетте тірі қалғандардың орналасқан жеріне қатысты белгісіздік тым жоғары болғанда қолданылады, бұл біркелкі қамтып, кең ауқымды аумақта іздестіруді қажет етеді. Бұл су кеңістігінде немесе мейлінше жазық жерлерде іздестіруде тиімді. Қатарлас галс іздестіру әдісі тікбұрыш пішінді аймақты қамтиды (5-сурет). Ол әрдайым дерлік үлкен іздестіру аймағын бір уақытта операция жүргізілетін жерде болатын жеке іздестіру құралдары бойынша бөлінген шағын аудандарға бөлу қажет болған жағдайда қолданылады.
Бұл тәсілмен іздестіру аймағын бірнеше жеке ұшақпен (тікұшақпен) немесе бір ұшақпен (тікұшақпен) бір уақытта қаралатын бірнеше іздестіру учаскелеріне (жолақтарына) бөлуге болады.
Іздестіру апатқа ұшыраған әуе кемесінің ең ықтимал орналасқан жерінен (жолағынан) басталуға тиіс (6-сурет).
Галстар арасындағы қашықтық (қабаттасудың 25 %-ы қамтамасыз етілгенде) "Тарақ" тәсілімен іздеген кездегі ұшақтар (тікұшақтар) арасындағы интервалмен бірдей белгіленеді. Тексеріп қарау жолақтары арасындағы интервал галстар арасындағы қашықтықтың жартысына тең алынады.
Кері бұрылу санын азайту үшін галстардың түзу сызықты учаскелерін тексеріп қарау жолақтары бойымен бағыттаған жөн.

5-сурет. Бір әуе кемесімен "Қатарлас галс" тәсілімен іздестіру әдісі
"Қатарлас галс" және "Кеңейетін шаршы" тәсілдерін іздестіру кезінде галс арасындағы ұсынылатын қашықтық (6-сурет):
1) ойлы-қырлы жер – 0,5 км;
2) орман – 1 км;
3) тығыз орман – 0,5 км;
4) ашық жер – 2 км.
Галстардың ұзындығы 10–20 км болуы керек;

мұнда: ҰМБН – ұшу маршрутының бастапқы нүктесі;
ҰМСП – ұшу маршрутының соңғы пункті.
6-сурет. Екі ұшақпен (тікұшақпен) "Қатарлас галс" тәсілімен іздестіру
3) "Кеңейетін шаршы" тәсілімен іздестіру (7-сурет), әдетте, ӘК апат орны туралы деректер болған кезде қолданылады.
Іздестіру апатқа ұшыраған экипаждың болуы ықтимал деген жорамал бар белгілі нүктенің айналасындағы ауданды бір ӘК-мен тексеруден тұрады.
Маршруттың іргелес қатарлас учаскелері арасындағы қашықтық жергілікті жердің анық көрінуіне кепілдік беруі керек;

мұнда: ББП – бағыттың бастапқы пункті;
БАП – бағыттың аралық пункті;
ҰБСП – ұшу бағытының соңғы пункті.
7-сурет. "Кеңейетін шаршы" тәсілімен іздестіру
4) "Межелі маршрут" тәсілімен іздестіру (8-сурет) апатқа ұшыраған ӘК маршрутының учаскесі бойымен өтетін межелі жол сызығы бойынша орындалады.
Бұл тәсіл іздестіру аймағы іздестіру-құтқару ӘК ұшуының межелі биіктігінде іздестіру аппаратурасының әрекет ету қашықтығы 0,5–0,7 құрайтын жолақ болған кезде қолданылады;

мұнда: ҰББП – ұшу бағытының бастапқы пункті;
ҰБСП – ұшу бағытының соңғы пункті;
L – іздестіру радиотехникалық аппаратурасы (тексеру) жолағының ені;
l – іздестіру аймағының ені.
8-сурет. "Межелі маршрут" тәсілімен іздестіру
5) "Секторлық іздестіру (VS)" тәсілімен іздестіру (9-сурет).
Секторлық іздестіру әдісі іздестіру объектісінің орналасқан жері нақты белгілі болған кезде және іздестіру аймағы шағын болған жағдайда тиімді болады. Мысалы, команда мүшелерінің бірі команданың екінші мүшесінің теңіз кемесінің бортынан құлап кеткенін көргенде немесе авариялық жағдай орын алған жер туралы мәлімдеме ол жер туралы өте нақты дерек берген кемеден алынған кезде. Секторлық іздестіру 9-суретте көрсетілгендей бастапқы нүктеде орталығы бар шеңбер болып табылатын ауданда іздестіру кезінде қолданылады. Мұндай іздестіру кезінде навигацияны жүзеге асыру оңай, іздестіру объектісін табу ықтималдығы жоғары орталық нүктеге жақын аймақты жаппай қамту қамтамасыз етіледі. Аудан көлемінің шағын болуына байланысты бұл іздестіру әдісіне бір немесе жақын эшелондарда ұшатын бірнеше әуе кемесі немесе бірнеше теңіз кемесі бір уақытта қатыспауы керек. Оның орнына бір теңіз кемесі мен бір әуе кемесін бір ауданда тәуелсіз секторлық іздестіру үшін пайдалануға болады.
Бастапқы нүктеге қолайлы маркер (мысалы, түтін қалтқысы немесе маяк) тастап жіберуге болады, ол схеманың ортасын білдіретін бағдар немесе навигациялық құрал ретінде қолданылады. Іздестіру маршрутының әрбір учаскесі маркерге жақын қашықтықта немесе оның дәл үстінен өтуі керек. Секторлық іздестіру теңізде маркер бойынша жүргізілгенде іздестіру барысында іздестіру объектісінің қозғалысына жалпы су ағысының әсерін ескере отырып түзету оңайырақ болады. Бірінші учаскеде іздестіру әдетте дрейф бағытында жүзеге асырылады. Әуе кемелері пайдаланылған кезде іздестіру әдісінің радиусы әдетте 9-дан 37 км-ге дейін (5-тен 20 теңіз миліне дейін) болады. Іздестіру маршрутының алдыңғы және кейінгі учаскелері арасындағы бұрыш пайдаланылған радиусқа және іздестіру маршруты учаскелерінің соңындағы жол сызықтары арасындағы максималды аралыққа байланысты болады. Теңіз кемелері пайдаланылған кезде іздестіру әдісінің радиусы әдетте 3,7-ден 9 км-ге дейін болады (2-ден 5 теңіз миліне дейін) және әр бұрылыс 1200 жетеді. Әдетте, секторлық іздестірудегі барлық кері бұрылу оң жақтағы борт бағытында орындалады.
Егер секторлық іздестіру әдісі бойынша бірінші іздестіру аяқталған кезде іздестіру объектісінің орналасқан жері анықталмаса, онда іздестіру әдісін бұрып, 9-суретте нүктелі сызықтармен көрсетілгендей, бірінші іздестіру барысында тексерілген маршрут учаскелерінің ортасында орналасқан іздестіру маршрутының учаскелерін қолдана отырып екінші іздестіруді жүргізу қажет;

9-сурет. "Секторлық іздестіру (VS)" әдісі: бір құрал
6) "Жол сызығын тексеру (TS)" тәсілімен іздестіру.
Жол сызығын тексерумен іздестіру әдісі әдетте әуе немесе теңіз кемесі бір пункттен екінші пунктке дейінгі маршрутта із-түзсіз жоғалып кеткен жағдайларда қолданылады. Ол апатқа ұшыраған кеме апатқа ұшырады, қонуға мәжбүр болды немесе таңдалған жол сызығында немесе оның жанында батып кетті деген болжамға негізделген және 10-суретте көрсетілгендей іздестіру күшінің осы бастапқы сызыққа жақын шоғырлануын болжайды.
Әдетте тірі қалғандар едәуір қашықтықта болса да, іздестіру құралының назарын сигналдық айна немесе боялған түтін (күндізгі уақытта), сигналдық зымырандар, жыпылықтайтын от немесе сигналдық от (тәуліктің қараңғы уақытында) немесе электронды маяк (ашық немесе қараңғы уақытта) сияқты кез келген құралдардың көмегімен тарта алады деп болжанады).
Жол сызығын тексеру арқылы іздестіру апатқа ұшыраған кеме таңдап алған маршрут бойынша жылдам және барынша мұқият іздестіруді қамтамасыз етеді.
Іздестіру құралы жол сызығының бір жағынан іздей алады және 10-суретте көрсетілгендей кері бағытта (TSR) орала алады немесе таңдалған жол сызығы бойымен және әр жағынан бір рет іздей алады, содан кейін 11-суретте көрсетілгендей кері қайтпай, (TSN) өз жолын жалғастыра алады. Қозғалыс жылдамдығы жоғары болғандықтан, әуе кемелері көбінесе әдетте күндізгі уақытта жер бетінен 300-600 м (1000-2000 фут) немесе қараңғы уақытта 600-900 м (2000-3000 фут) биіктікте жол сызығын тексеру кезінде іздестіруде қолданылады. Бұл схема көбінесе іздестірудің бірінші кезеңі ретінде қолданылады, өйткені ол салыстырмалы түрде аз жоспарлауды қажет етеді және оны тез жүзеге асыруға болады. Егер іздестіру барысында жол сызығын тексере отырып, тірі қалғандардың орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса, онда іздестіруді неғұрлым қарқынды түрде анағұрлым кең ауданда жүргізу керек.
Осы ауданда және апатқа ұшыраған кемемен немесе оған жақын маршрутпен жүретін әуе кемелеріне іздестіруге көмек көрсету үшін маршруттан ауытқуды ұсыну керек. Бұл олардың маршруттан ауытқып, апатқа ұшыраған кеменің ең ықтимал маршрутымен немесе қатарлас дерлік маршрутпен жүруі керек дегенді білдіреді. Мұндай көмек көрсетуге бірнеше құрал жұмылдырылған жағдайларда, әсіресе егер олар қарсы бағытта жүріп бара жатса, іздестіруді жоспарлайтын қызметкер барлық құралды басқа құралдардың бар екендігі туралы хабардар етуі керек және қарсы бағытта жүретін құралдардың әр жақтан бір маршрут бойынша жүруіне жол бермеуі керек.
Ұшып бара жатқан әуе кемелерін жол сызығын тексеріп іздестіруге тартуды экипажы оқытылған құралдардың іздестіру-құтқару күштері жүргізетін іздестіруге қатысты қосымша шара ретінде қарастырған жөн, өйткені мұндай әуе кемелері:
бортында даярланған бақылаушылардың жеткілікті саны болмауы мүмкін;
оңтайлы іздеу биіктігі мен жылдамдығында емес, стандартты ұшу эшелондары мен жылдамдығында ұшуға мәжбүр болуы мүмкін;
бұлттардың үстінен ұшуға мәжбүр болуы мүмкін;

10-сурет. "Жол сызығын тексеріп қайта оралу (TSR)" тәсілімен іздестіру әдісі

11-сурет. "Жол сызығын қайта оралмай тексеру (TSN)" тәсілімен іздестіру әдісі
7) "Толқын тәрізді сызық (CS)" тәсілімен іздестіру.
Толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру әдісі негізінен қатарлас галс іздестіру әдісіне ұқсас, тек іздестіру маршрутының учаскелері тіктөртбұрыштың ұзын жақтарына емес, қысқа жақтарына қатарлас орналасады. Бір аймақты қамту үшін толқын тәрізді сызық (CS) іздестіру әдісін қолдану әлдеқайда көп кері бұрылуды қажет ететіндіктен, әдетте қатарлас галс әдісі (PS) сияқты тиімді емес, алайда әуе кемесі мен теңіз кемесін бірге үйлестірілген іздестіру үшін пайдалануға болады. Толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру әдісі 12-суретте көрсетілген.
Толқын тәрізді сызық бойынша үйлестірілген іздестіру (CSC).
Үйлестірілген әуе-теңізде іздестіру, әдетте, әуе кемесі жүзеге асыратын іздестіруге ден қою бағытындағы іздестіру ауданының үлкен осі бойында толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру схемасымен ұшатын әуе кемесінің қозғалысын теңіз кемесінің қозғалысымен үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Әуе кемесі іздестіру маршрутының учаскелері бойынша ұшуды теңіз кемесінің бағытына тік бұрыш жасай отырып орындайды.
Теңіз кемесінің жылдамдығы, әуе кемесінің жылдамдығы, әуе кемесін іздестіру маршруты учаскелерінің ұзындығы және жол сызықтары арасындағы интервал жоспарлау кезінде әуе кемесінің іздестіруге ден қою бағыты бойынша қозғалу жылдамдығы суүсті құралының жылдамдығына тең болатындай етіп айқындалады. Іздестіру әдісі дұрыс орындалған кезде әуе кемесі 13-суретте көрсетілгендей іздестіру маршрутының әр учаскесінің ортасында теңіз кемесінің дәл үстінен өтуі керек;

12-сурет. "Толқын тәрізді сызық (CS)" тәсілімен іздестіру әдісі

13-сурет. "Толқын тәрізді сызық бойынша үйлестірілген іздестіру (CSC)" тәсілімен іздестіру әдісі
8) "Контурлық іздестіру (OS)" тәсілімен іздестіру.
Контурлық іздестіру таулар мен шатқалдардың айналасында қолданылады, өйткені жер бедерінің күрт өзгеруі басқа әдістерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бермейді. Әр тау шыңынан етегіне қарай тексеріледі, бірақ ешқашан етегінен шыңына қарай тексерілмейді. Контурлық іздеу әдісінің (OS) егжей-тегжейлі сипаттамасы 14-суретте көрсетілген.
Іздестіруші әуе кемесі осы эшелонда тауды толық айналып ұшып, іздестіруді ең биік шыңнан бастайды. Әуе кемесі 150-300 м (500-1000 фут) төмен болуы мүмкін контурлық іздестірудің келесі эшелонына дейін тегіс және қауіпсіз түсуі үшін таудан алыстау бағытта биіктігін төмендете отырып, айнала ұшуды орындап, содан кейін контурлық іздеуді төменгі биіктікте жалғастыра алады. Іздестірудің кері бағытында айнала ұшу үшін орын жеткілікті болмаған кезде әуе кемесі тауды айнала шиыршық жасап төмендей алады, бірақ төмендеу жылдамдығы шамамен бірқалыпты болуы керек. Егер қандай да бір себептермен тауды айналып ұшу мүмкін болмаса, жоғарыда көрсетілгендей биіктік бойынша оның көлбеуінің бойынан бірдей аралықпен біртіндеп ұшып өтуі керек.
Аңғарларда іздестіру шеңбер бойымен айнала ұшу түрінде жүргізіледі, әрбір айналып ұшып өткен сайын шеңбердің ортасы жол сызықтарының арасындағы бір аралыққа ығыстырылады.

14-сурет. "Контурлық іздестіру (OS)" тәсілімен іздестіру әдісі
Контурлық іздестіру өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан тауларда, шатқалдарда және аңғарларда іздестіру кезінде өте сақ болу керек. Төменде ескеру қажет қауіпсіздік нұсқаулары берілген.
Экипаж өте тәжірибелі, дұрыс нұсқау алған және олардың ірі масштабты дәл карталары болуы керек (ұсынылатын масштаб 1:100000).
Таулы аудандарда іздестіру үшін мүмкіндігінше бірнеше қозғалтқышы бар әуе кемелерін бөлу керек.
Іздестіру кезінде ұшқыштың назары толығымен әуе кемесін басқаруға бағытталуы керек. Ұшқыш кез келген қауіптен аулақ болу үшін (электр желілері, аспалы жолдар және т.б.) алдындағы жер бедерін бағалауы керек және жергілікті жер бедерінің алдамшы болу ықтималдығын болжай білуі керек, себебі ол әуе кемесінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Аңғарларда іздестіруді жүзеге асыру кезінде ұшқыш әуе кемесі кездесетін кедергілерді еңсеріп не биіктікке көтеріле алуы, не оларды айналып өту үшін бұрыла алуы үшін ұшуды алдын ала жоспарлауы керек. Ол сондай-ақ қауіпті жағдай туындаған жағдайда әуе кемесін қай бағытқа бұру керектігін әрдайым білуге тиіс.
Іздестіру аймағындағы ауа-райы қолайлы болуы керек. Көрінуді де, турбуленттілікті де үнемі бақылауда ұстау қажет. Желдің жылдамдығы 56 км/сағ (30 түйін) асатын таулы аймақтарда ұшудан аулақ болу керек, өйткені бұл жағдайда төмендеу жылдамдығы 10 м/с (2000 фут/мин) асуы мүмкін.
Ұшу алдында экипаж жер бедерінің биіктіктері мен көлденең контурларын көрсететін үлкен масштабтағы контурлы карталарды зерттеп, ықтимал күшті турбуленттілік аймақтарын анықтауы қажет. Ұшқыштар тау баурайына жақын жерде іздестіру және ұшу биіктігіне дейін төмендеуді орындамай тұрып, турбуленттілік пен төмен ағындарды анықтауы керек.
Таулы аймақтардағы жел мен ауа легінің бағыты тым өзгергіш болуы мүмкін. Турбуленттілікке ұшыраған кезде ұшқыш әуе кемесінің конструкциясындағы шекті жүктемелердің асып кетуіне жол бермеу үшін дереу тиісті шаралар қабылдауы керек.
Егер әуе кемесінің бағыты бойынша алда аңғардан шығатын қауіпсіз маршрут болмаса, әуе кемесі ұшу биіктігінде 180 градусқа бұрылыс жасауға мүмкіндік бермейтін тым тар аңғарға кірмеуге тиіс. Іздестіру кезінде ұшуды қажет болған жағдайда 1800 бұрылуды орындау үшін оның бүкіл енін пайдалану мүмкін болатындай етіп шатқалдың немесе аңғардың бір жағына жақын орындау керек. Бұл талап тауды айналып өту кезінде контурлық іздестіру кезінде сақталуы керек.
Әуе кемесі жоғары маневрлі және кері бұрылу радиусы аз болуы керек.
Контурлық іздестірудің әрбір ауданында басқа іздестіруші әуе кемесімен ықтимал соқтығысуды болдырмау үшін бір әуе кемесі ғана болуға тиіс.
____________________________
Кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысаны (ІҚО (Ж) үйлестірушісі толтырады)
ІҚО (Ж) Үйлестірушісі _____________________/__________________/
Кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысаны (ІҚО (Ж) дан кейін іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі толтырады)
Мәлімдеме | Debriefing |
SAR құралы: ___________________ | SAR: __________________________ |
ӘК нөмірі: ________________________ | A/C No.: ________________________ |
Күні: _____________________________ | Date: ___________________________ |
Жөнелту пункті: _________________ | Point of Departure: _______________ |
Қону пункті: _______________________ | Point of Landing: _________________ |
Жалпы ұшу уақыты: ________________ | Time Off: _______________________ |
Міндетті орындауға: _______________ |
On Task: _______________________ |
Қону уақыты: ______________________ | Landed: ________________________ |
Нақты тексерілген аудан: ____________ | Area Actually Searched: ___________ |
Іздестіру түрі: ______________________ | Type of Search: __________________ |
Абс. биіктік /көріну қашықтығы: _____ | Altitude/Vis: ____________________ |
Жергілікті жердің сипаты немесе теңіздің жай-күйі: __________________ | Terrain or Sea State: _______________________________ |
Бақылаушылар саны: _______________ | Number of Observers: _____________ |
Іздестіру ауданындағы метеорологиялық жағдай (көріну қашықтығы, жел жылдамдығы, бұлттардың төменгі шекарасы және т.б.): ______________________________ |
Weather Conditions in Search Area (Vis, Wind velocity, Ceiling, etc.): |
Іздестіру объектісі табылды. |
Object of Search: |
Тірі қалғандардың саны мен жағдайы: __________________________________ | Number and Condition of Survivors: _______________________________ |
Көзбен шолып анықтау және (немесе) басқа мәлімдемелер: ________ | Sightings and (or) other reports: _______________________________ |
Байланыс: (Байланыс сапасын көрсету және (немесе) нұсқама деректерімен салыстырғандағы кез келген өзгерістер) __________________________________ | Telecommunications: (Note quality of communications and (or) any changes other than briefed) ______________________________ |
Ескертпелер: (Іздестіру кезінде жасалған кез келген іс-қимыл, мәселелер, күрделі ескертулер, ұсыныстар) ________________________ | Remarks: (To include any action taken on search, any problems, criticism, suggestions) _____________________ |
"_____" ______________ ____________ |
"_____" ____________ ___________ |
____________________________
КОСПАС-САРСАТ сигналын қабылдау орталығы авариялық жағдай туралы Іздестіру мен құтқарудың үйлестіру орталығына беретін авариялық хабар форматы (формат стандартты КОСПАС-САРСАТ форматына негізделген)
№ | Жол атауы | Жол мазмұны | Жол форматы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Хабар тарату орталығы | хабарды өңдеу орталығының сәйкестендіргіші | хабарды өңдеу орталығының келісілген әріптік аббревиатурасы (мысалы, TPS немесе GEOS) |
2. | Хабарлама нөмірі | хабардың жеке нөмірі | қоңырауларды өңдеу орталығының аббревиатурасы, содан кейін қоңырауларды өңдеу орталығы берген хабардың жеке нөмірі (мысалы, GEOS/12345) |
3. | Хабар күні | Григориан күнтізбесі бойынша күні, айы, жылы | DD MMM YY, мұндағы DD – күн, MMM – ай атауы, алғашқы үш әрпіне дейін қысқартылған және YY – жылдың соңғы екі цифры |
4. | Хабар берілген уақыт | дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша сағат, минут (UTC) | UTC, мұндағы hh – түн ортасынан бастап өткен толық сағаттардың саны (00–24), mm – сағаттың басынан бастап өткен толық минуттардың саны (00–59) |
5. | Жергілікті уақыт (факультативтік) | құрылғының орналасқан жері анықталған пункттің жергілікті уақыты бойынша сағат, минут | (жергілікті уақыт), мұндағы hh – түн ортасынан бастап өткен толық сағаттардың саны (00–24), mm – сағаттың басынан өткен толық минуттар саны (00–59) және "жергілікті уақыт" сөздері EST, CST, MST, PST немесе басқа жергілікті уақыт белдеуінің аббревиатураларымен ауыстырылады. Тиісті жағдайларда аббревиатура "жазғы уақытты" қамтиды |
6. | Хабар түрі | жаңа авариялық құлақтандыру немесе жаңарту (егер жаңарту хабардың бастапқы нөмірін қамтыса) | нақты жағдайға байланысты "Жаңадан құлақтандыру" немесе "Жаңарту", № 2 жолға сәйкес хабардың бастапқы нөмірінің жаңартылуына қолданылады |
7. | Межелі пункттің ІҚО (Ж) жауапты өкілетті органы | хабар жіберілетін пункт | хабар жіберілген (ағылшын тілінде) ІҚО (Ж) өкілетті органының тану коды |
8. | Құрылғы сәйкестендіргіші | IMEI нөмірі (15-ұялы байланыс құрылғысының цифрлық халықаралық сәйкестендіру нөмірі (IMEI) | мұндағы AABBBBBB – құрылғының түрін анықтау коды (TAC), CCCCCC – құрылғыға сериялық нөмір берген өндіруші және D – бақылау цифры |
9. | Құрылғы өндірушісі және модель нөмірі | авариялық хабар тарататын құрылғының тану белгісі | құрылғы өндірушісі және модель нөмірі (мысалы, SPOT Satellite GPS Messenger) |
10. | Спутниктік жүйе | авариялық құлақтандырудың сәйкестендіру коды | пайдаланылатын спутниктік жүйенің сәйкестендіру коды (мысалы, Глобалстар, Инмарсат, Иридиум) |
11. | Хабар | толық хабар | құрылғы жіберген хабардың толық мәтіні |
12. | Ендік | градуспен және минуттың ондық бөлшектерімен көрсетілген WGS-84 форматындағы ендік | DD MM MMMs, мұндағы DD градустарды көрсетеді, ал MM MMM минуттар мен минуттың ондық бөліктерін (дәлдігі шамамен 2 м (6 фут), ал s ендік экваторға қатысты солтүстік "N" немесе оңтүстік "S" екенін көрсетеді |
13. | Бойлық | градуспен және минуттың ондық бөлшектерімен көрсетілген WGS-84 форматындағы бойлық | DDD MM MMMs, мұндағы DDD градустарды көрсетеді және MM MMM минуттарды және минуттық бойлықтың ондық бөліктерін көрсетеді (дәлдігі шамамен 2 м (6 фут), ал s бойлық нөлдік меридианға қатысты шығыс "E" немесе батыс "W" екенін көрсетеді |
14. | Орналасу туралы дереккөз және оның дәлдігі | GPS, GLONASS, допплерлік жүйесі және т.б. көрсеткен орналасқан жері және болжамды орналасқан жерінің дәлдігі | орналасқан жерінің дереккөзі (мысалы, GPS, GLONASS, допплерлік жүйе) және метрмен көрсетілген болжамды орналасқан жерінің дәлдігі (мысалы, GPS:10 м) |
15. | Ықтимал координаталық қозғалыс және салыстырмалы биіктік | егер жерге қатысты жылдамдық пен курс (SOG және COG), сондай-ақ теңіз деңгейіне қатысты биіктік бар болса | SSS:CCC:HHHHH, мұндағы SSS – жерге қатысты түйіндермен өлшенген жылдамдық (SOG) (1-ден 999-ға дейін), CCC – солтүстік меридианның шын бағытына қатысты градуспен (1-ден 360-қа дейін) көрсетілген нақты жол сызығы (жерге қатысты курс (COG) және HHHHH – жер деңгейінен биіктігі (салыстырмалы биіктігі 1-ден 99999-ға дейін) метрмен. Егер қандай да бір жол болмаса, таза күйінде қалдырылады |
16. | Құрылғы туралы бастапқы деректер базасы | пайдаланушы туралы байланыс ақпараты бар дерекқордың орналасқан жері туралы мәлімет | толық мекенжайы мен телефон нөмірлері (оның ішінде елдің атауы, пошта коды/индексі және халықаралық телефон теру кодтары) |
17. | Тіркелген аты | құрылғы иесінің аты | тіркелген құрылғы иесінің толық аты-жөні |
18. | Тіркелген мекенжайы | иесінің мекенжайы | құрылғы иесінің толық мекенжайы, оның ішінде елдің атауы және пошта коды/индексі |
19. | Тіркелген телефон нөмірлері | иесінің телефон нөмірлері | телефон нөмірлері, соның ішінде кабельдік және мобильді/ұялы телефонды қоса алғанда, иесі тіркеген барлық телефондарға арналған толық теру кодтары |
20. | Қоңырауларды өңдеу орталығы туралы байланыс ақпараты | қоңырауларды өңдеу орталығының толық мекенжайы мен телефон нөмірлері | толық мекенжайы мен телефон нөмірлері (оның ішінде елдің атауы, пошта коды/индексі және халықаралық телефон теру кодтары) |
21. | Қоңырауларды өңдеу орталығының жедел қызметкері | қоңырауларды өңдеу орталығындағы авариялық хабарды қабылдаушының аты-жөні және оның тікелей телефоны | толық аты-жөні және телефон нөмірі (қажет болған жағдайда қосымша нөмірді қоса) |
22. | Ескертпелер | қоңырауларды өңдеу орталығына мәлім жағдай туралы кез келген қосымша ақпарат | еркін мәтінді енгізу өрісі |
23. | Соңғы хабар | хабардың соңы | хабардың аяқталуы |
