"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі Ұлттық археологиялық қызмет (бұдан әрі – Ұлттық археологиялық қызмет) ретінде айқындалсын.
2. Ұлттық археологиялық қызметке мынадай функциялар берілсін:
1) археологиялық жұмыстарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
2) археологиялық жұмыстарды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу;
3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізу;
4) археологиялық жұмыстар жүргізу қорытындысы бойынша есептерді жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |