Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектісін ұшыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 198 қаулысы

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 838 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2026 жылғы 27 наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағының "Бәйтерек"
ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен пайдалы жүктеменің габариттік-массалық макетін ұшыру мақұлдансын (резервтік ұшыру күндері: 2026 жылғы 28 наурыз – 30 сәуір аралығында әр тәулік сайын).
      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады