1. 2026 жылғы 27 наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағының "Бәйтерек"
ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен пайдалы жүктеменің габариттік-массалық макетін ұшыру мақұлдансын (резервтік ұшыру күндері: 2026 жылғы 28 наурыз – 30 сәуір аралығында әр тәулік сайын).
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |