"Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 145 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (II кезең: 2026 – 2028 жылдар) (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан және 15 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына және 25 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспары іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Р/с
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Қаржыландыру көлемі
|
Қаржыландыру көздері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
I. Ақпараттық саясатты жетілдіру
|
1.
|
Шетелдік теле-, радиоарналардың дубляждау бойынша талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2026 жылғы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
2.
|
Онлайн-платформаларда және масс-медиада оккульттық сала өкілдерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2026 жылғы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
3.
|
Онлайн-платформалардың меншік иелері мен олардың заңды өкілдіктері үшін құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу
|
МАМ бұйрығы
|
МАМ
|
2028 жылғы қаңтар
|
-
|
талап етілмейді
|
4.
|
Онлайн-платформаларды пайдаланушыларды сәйкестендіру бойынша ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
5.
|
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналар қызметінің тетіктерін жетілдіруді көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірлеу
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
6.
|
Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы жеке суретіне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды күшейту
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
7.
|
Жасанды интеллектінің көмегімен жасалған медиаөнімді таңбалау жөніндегі ұсыныстарды енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
МАМ
|
2027 жылғы
шілде
|
-
|
талап етілмейді
|
8.
|
Аудиовизуалды арналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялауды енгізу
|
заңнамалық түзетулер топтамасы
|
МАМ
|
2027 жылғы
наурыз
|
-
|
талап етілмейді
|
9.
|
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс тетігін жетілдіру
|
Есептік ақпарат
|
МАМ, ЖАО
|
2028 жылғы
қаңтар
|
-
|
талап етілмейді
|
II. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі мен отандық ақпараттық контенттің сапасын арттыру
|
10.
|
Отандық және шетелдік БАҚ арасында келісімдер жасасу арқылы шетелдік БАҚ-пен контент алмасу бойынша өзара іс-қимылды кеңейту
|
келісімдер
|
МАМ, СІМ
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
11.
|
Қазақстандық телеарналардың халықаралық хабар тарату географиясын кеңейту
|
халықаралық келісімдер
|
МАМ, "Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша)
|
2028 жылғы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
12.
|
Балаларға арналған танымдық, білім беру-тәрбие бейнеконтентін жасау және тарату
|
балаларға арналған бейнеконтент
|
МАМ, ОМ
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы
желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы
|
13.
|
Қоғамның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінің өзекті мәселелеріне арналған деректі фильмдер жасау және трансляциялау
|
деректі фильмдер
|
МАМ, "Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша)
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы
|
14.
|
Тарихи өткеннің, Қазақстан тарихы өркендеуінің үздіксіздігі мен оны түсіндірудің объективті бейнесін көрсететін деректі, көркем тарихи фильмдер мен сериалдар жасау және трансляциялау
|
деректі,
көркем фильмдер
|
МАМ
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы
|
15.
|
Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасында, сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында айқындалған ұлттық құндылықты танымал етуге бағытталған деректі фильмдер мен сериалдар жасау және трансляциялау
|
деректі фильмдер
|
МАМ,
"Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ
(келісу бойынша)
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы
|
16.
|
Отандық телеарналардың контентін цифрлық платформаларда (Aitu, YouTube және т.б.) орналастыру және ілгерілету
|
контентті орналастырудың медиажоспары
|
МАМ,
"Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша)
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы
|
17.
|
Спутниктік жабдықтар мен шартты қолжетімділік карталарының заңсыз таратылуын анықтау жөніндегі шараларды қабылдау
|
есептік
ақпарат
|
ЖАО, МАМ
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
18.
|
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында халықтың телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісіне қол жеткізуін қамтамасыз ету
|
радиотелевизиялық станцияларды пайдалануға беру актісі
|
МАМ, ЖИЦДМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазтелерадио" АҚ (келісу бойынша)
|
жыл сайын,
2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
19.
|
Шетелдік медианарықтарға өткізілетін отандық аудиовизуалды өнімнің үлесін арттыру
|
жоспар-кесте
|
МАМ
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
20.
|
Ірі спорттық және өзге де іс-шараларды онлайн- трансляциялау кезінде ұлттық телеарналардың цифрлық платформаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
іс-қимыл алгоритмі
|
МАМ,
ЖИЦДМ, Қаржымині
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
21.
|
Мемлекеттік БАҚ-тың Интернет желісінсіз қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 5G Broadcast хабар тарату технологиясын тестілеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
МАМ, ЖИЦДМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазтелерадио" АҚ (келісу бойынша)
|
2027 жылғы шілде
|
көзделген қаражат шеңберінде
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
22.
|
БАҚ-та жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі әдістемелеік ұсынымдарды бекіту
|
бұйрық
|
МАМ, ТАО (келісу бойынша), ЖИЦДМ, БАҚ (келісу бойынша)
|
2027 жылғы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
23.
|
Жалған ақпаратқа және "deepfake"-контентке қарсы күрес жөніндегі кешенді шараларды қабылдау
|
шаралар кешені
|
МАМ, ТАО (келісу бойынша), ОКҚ (келісу бойынша)
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
24.
|
Масс-медиа саласында ЖАО жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау және тұжырымдау
|
шаралар кешені
|
ЖАО
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
-
|
талап етілмейді
|
III. Журналистиканы дамыту және халықтың медиасауаттылығын арттыру
|
25.
|
"Журналистика" мамандығы бойынша студенттерді дуальды оқытуды іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу
|
дуальды оқытуды кеңейту жөніндегі шаралар кешені
|
ҒЖБМ, МАМ
|
2026 жылғы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
26.
|
Халықтың медиасауаттылығын арттыру жөніндегі оқыту іс-шараларын ұйымдастыру
|
оқыту іс-шаралары
|
МАМ, ЖАО, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
27.
|
Салалық журналистиканы дамыту бойынша БАҚ өкілдеріне арналған оқытуды жүргізу
|
Оқыту іс-шаралары
|
МАМ, ЖАО,
ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)
|
жыл сайын, 2026 – 2028 жылдардағы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
28.
|
Қазақстандағы Euronews Academy курстары бойынша оқу құралдарын дайындау (электрондық формат)
|
оқу материалдарының жыл сайынғы шығарылымы
|
"Медиа дамыту қоры" КҚ (келісу бойынша), МАМ
|
жыл сайын, 2026 – 2027 жылдардағы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
29.
|
Медиасауаттылық бойынша ЖЖОКБҰ оқытушыларына арналған әдістемелік ұсынымдарды бекіту
|
бұйрық
|
МАМ, ОМ, ҒЖБМ, БАҚ (келісу бойынша), ҮЕҰ (келісу бойынша), ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)
|
2028 жылғы шілде
|
|
талап етілмейді
|
30.
|
Медиасаланың өзекті бағыттары бойынша журналистерге арналған бейнекурс жасау
|
бейнекурс
|
МАМ , "Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша), "Қазақ газеттері" ЖШС (келісу бойынша)
|
2027 жылғы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
31.
|
ЖЖОКБҰ-ны тарта отырып, медиакеңістіктегі үрдістерді мониторингтеу
|
мониторинг жүргізу
|
МАМ, ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ келісу бойынша)
|
2027 жылғы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
32.
|
БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша ОМО және ЖАО уәкілетті адамдарына (бөлімшелеріне) арналған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру
|
оқыту іс-шаралары
|
МАМ, ЖАО
|
2027 жылғы желтоқсан
|
|
талап етілмейді
|
ЖЖОКБҰ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
"Қазақстан" РТРК" АҚ – "Қазақстан" республикалық телерадиокомпаниясы" акционерлік қоғамы
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ТАО – "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны