Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 151 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 46-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-17-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-8-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 150-бабына сәйкес әзірленді.";

      2) "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 143-бабына сәйкес әзірленді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады