"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 70 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛА есептеуге арналған коэффициенттер;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;

      4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21, 22 және 22-1-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

      5) осы қаулыға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 22-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 3 ақпандағы
№ 70 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына
22-1-қосымша

Ғарыш қызметі саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

Р/с №

Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылардың түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе

1

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілеріне:
ерекше жұмыс істеу режимі бар Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істегені үшін;
ғарыш техникасымен жұмыс істегені үшін;
"Байқоңыр" ғарыш айлағының аумағындағы көшпелі сипаттағы жұмыс үшін

Ерекше еңбек жағдайлары үшін

ЛА-дан 70 %



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады