Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 51 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын және көрсеткіштерге қол жеткізілуін қамтамасыз етсін;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары

Кіріспе

Мал шаруашылығы саласы туралы

      Мал шаруашылығы Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының дәстүрлі әрі аса маңызды саласы болып табылады. Қазіргі уақытта мал шаруашылығының үлесі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40 %-ын құрайды. Соңғы жылдары бұл салада өндіріс көлемі мен мал басының 2-3 % деңгейде белгілі бір өсімі байқалуда.

      Саланың айтарлықтай әлеуетін ескерсек, қазіргі уақыттағы өсу қарқыны экспорттық мүмкіндіктерді толық көлемде ашып отырған жоқ. Ел жекелеген мал шаруашылығы өнімдері бойынша, атап айтқанда құс еті, ірімшік, сүзбе, және шұжық өнімдері бойынша импортқа тәуелді күйде қалып отыр.

      Қазіргі уақытта мал шаруашылығы 11 қосалқы саладан тұрады: ет және сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, марал шаруашылығы, балара шаруашылығы және қоян шаруашылығы.

      Ет бағытындағы мал шаруашылығында берік асыл тұқымды ядро қалыптастырылған, оның қомақты бөлігі 2020 жылға дейін қолданылған "Сыбаға" бағдарламасы аясында жоғары сапалы асыл тұқымды ірі қара малды импорттау есебінен құрылған. Елде әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи бордақылау алаңдарының желісі қалыптасты, бұл саланың тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

      Сонымен қатар ет бағытындағы мал шаруашылығының өнімділігі әлі де төмен деңгейде. Мәселен, бұқашықтардың орташа тәуліктік салмақ қосуы тәулігіне шамамен 600-800 грамды құрайды, ал әлемдік стандарт бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен тәулігіне 1800-2000 грамды құрайды.

      Сүт бағытында заманауи тауарлық сүт фермаларын салу қызу жалғасуда. Кепіл саясаты икемді іске асырылып отырған бағдарлама кредиттік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жеңілдетілген кредит беру мен субсидиялау тетігінің арқасында жобалардың өтелу мерзімі 15-17 жылдан 12 жылға дейін қысқаруда.

      Аталған бағдарламаны іске асыру басталғалы бері осындай 100-ден астам ферма пайдалануға берілді. Бұл ретте Ресей Федерациясында соңғы 5 жылда 900-ден астам сүт кешені іске қосылған, Беларусь Республикасында шамамен 3 мың тауарлық сүт фермасы жұмыс істейді, олардың 1 683-і – заманауи фермалар, бұл жалпы фермалардың 56 %-ын құрайды.

      Тауарлық сүт фермаларында бір бағымдағы сиырға шаққандағы орташа жылдық сүт сауымы 5 700 литрді құрайды, ал алдыңғы қатарлы фермаларда орта есеппен 10 000 литрге дейін жетеді, бұл Еуропаның жетекші сүт өндіруші елдерінің деңгейіне сәйкес келеді.

      Қой және ешкі шаруашылығы әсіресе оңтүстік және батыс өңірлерде стратегиялық маңызға ие. Ұсақ мал басы қалпына келтіріліп, 20,2 млн басқа жетті. Қой етін экспорттауға деген қызығушылық артып келеді. Сонымен қатар салада төмен өнімділік пен инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы сияқты мәселелер бар. Мәселен, тоқтының орташа тәуліктік салмақ қосуы тәулігіне 150-200 грамды құрайды, ал әлемдік стандарт бойынша бұл көрсеткіш тәулігіне 350-500 грамды құрайды.

      Қазақстан жылқы шаруашылығының бірегей дәстүрлерін сақтап келеді. Жылқы басының тұрақты өсімі байқалуда: 1990 жылы олардың саны 1,6 млн басты құраса, бүгінгі таңда 4,4 млн басқа жетті. Сондай-ақ жылқы етіне, қымызға және сублимацияланған бие сүтіне ішкі нарықта да, шетелде де сұраныс артып келеді. Алайда жалпы алғанда бұл сектор негізінен экстенсивті болып қалып отыр және заманауи технологиялардың тапшылығын сезінуде.

      Түйе шаруашылығы дәстүрлі түрде батыс және оңтүстік облыстарда шоғырланған. Бүгінгі таңда түйе саны шамамен 300 мың басты құрайды. Шұбат, сублимацияланған түйе сүті және ет сияқты өнімдерге сұраныс бар, алайда өндіріс көлемі әзірге шектеулі әрі тұрақсыз болып қалып отыр.

      Құс шаруашылығы мал шаруашылығының қосалқы салалары арасында ерекше орын алады, жоғары даму қарқынын көрсетіп, ішкі нарықтағы ет пен жұмыртқа тұтынудың едәуір бөлігін қамтамасыз етуде. Соңғы бес жылда бірқатар инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында құс етімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 58 %-дан 79 %-ға дейін өсті. Тағамдық жұмыртқа бойынша Қазақстан импортқа толық тәуелсіздікке қол жеткізді.

      Алайда инкубациялық жұмыртқаның, ата-енелік үйірлердің және азықтық қоспалардың әкелінуіне тәуелділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр, бұл одан әрі өсу мен технологиялық жаңаруды тежейді.

      Экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту үшін шошқа шаруашылығының елеулі әлеуеті бар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және өндірістік көрсеткіштері жоғары. Сонымен қатар олардың саны әлі де шектеулі, ал асыл тұқымдық қор негізінен импорттық генетика есебінен қалыптасуда. Саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін отандық шаруашылықтарды сапалы асыл тұқымдық материалмен қамтамасыз ете алатын мамандандырылған генетикалық орталықтар құру қажет.

      Марал шаруашылығының аясы тар, бірақ болашағы зор қосалқы сала болып табылады және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында шоғырланған. Туризмнің дамуына байланысты қазақстандық панта өнімдеріне ішкі нарықта да, халықаралық нарықтарда да сұраныс жоғары, сондай-ақ оның экспорттық әлеуеті зор.

      Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар балара шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады. Жыл сайынғы бал өндіру көлемі 5 мың тоннаға жетіп, белсенді түрде экспортқа шығаруға алғышарттар қалыптастырылған. Алайда омарталардың басым бөлігі өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктірілмеген ұсақ шаруашылықтардан тұрады, бұл саланы ауқымды дамыту мен заманауи технологияларды енгізуді шектейді.

      Қоян шаруашылығы енді ғана қолға алынуда және бірлі-жарым ұсақ шаруашылықтар айналысады. Дегенмен бұл қосалқы сала жоғары өсімталдығымен, рентабельділігімен және өндірістік шығынның төмендігімен ерекшеленеді, бұл оны кешенді қолдау көрсетіп, инвестиция тарту шартымен оның ішінде қоян шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехтарын құруға ең перспективалы салалардың біріне айналдырады.

      Мал шаруашылығының барлық қосалқы салалары үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі тән және кредиттік ресурстарға қол жеткізу қиын. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті өзіндік құнына әсерін тигізеді. Аталған мәселелерді шешу үшін азықты, мал басын, жанар-жағармай материалдарын, ветеринариялық препараттарды сатып алуға және өзге де ілеспе шығындарға арналған айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жеңілдетілген кредиттік бағдарламаларды іске қосу қажет.

      Тұқымдық және өнімділік сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының басын көбейту үшін ел ішінде де, шетелде де асыл тұқымды мал сатып алуға арналған жеңілдетілген кредит беруді енгізу қажет. Мәселен, малды сырттан әкелу есебінен асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 927,8 мың басқа жетіп, оның үлес салмағы 11 %-ке дейін ұлғайды, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 344,1 мың басты немесе жалпы мал басының 5,6 %-ын құраған. Бұл ретте отандық гендік қорды сақтау мақсатында ірі қара малдың қазақстандық ақбас және әулиекөл тұқымдарын қоса алғанда, отандық мал тұқымын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Отандық тұқым бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстары, оның ішінде селекциялық бағдарламаларды сүйемелдеуге ғылыми ұйымдардың қатысуын кеңейту, отандық мал тұқымын мақсатты түрде өсірумен айналысатын шаруашылықтарды ынталандыру тетіктерін енгізу және селекциялық және асылдандыру іс-шараларын жүргізуге мемлекеттік бақылауды күшейту есебінен күшейтіледі.

      Сонымен қатар жануарларды көбейтудің заманауи технологияларын, атап айтқанда біржынысты ұрықты қолдана отырып қолдан ұрықтандыруды және эмбриондық өсіруді енгізу қажет.

      Өсімдік шаруашылығында қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі таңда елде жем-шөп мәселесі шешілген – нарықта қолжетімді жемдік астық жеткілікті. Алайда жайылымдық азық өндіру мәселесі әлі де өзекті болып отыр: жайылымдардың едәуір бөлігі тозған (27 млн гектар) және тиімді пайдаланылмайды. Осы бағытта 066 бағдарламасы ("Жайылымдардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы іс-шараларды жүргізу") шеңберінде жайылым алқаптарын түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар арқылы жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары күшейтілетін болады.

      Сондай-ақ Мемлекет басшысының ет бағытындағы мал шаруашылығында өндірістік цикл жүйесін енгізу туралы жайылымдарды ұтымды және ротациялық пайдалануға басымдық бере отырып, көшпелі мал шаруашылығының әлеуеті пайдаланылатын болады. Аталған міндетті іске асыру үшін жайылым инфрақұрылымын қамтамасыз етуге бағытталған көшпелі мал шаруашылығы жобаларын жеңілдетілген мөлшерлемелер бойынша бірыңғай кредиттік өнім арқылы қаржыландыру қажет.

      Саланы техникамен қамтамасыз ету үшін азық дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған жаңа кредиттік/лизингтік өнімді енгізу қажет.

      Дегенмен кепілдікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешпейінше, жоғарыда аталған кредит беру бағдарламаларын іске асыру мүмкін емес. Қамту деңгейі 85 %-ға дейінгі кепілдендіру тетігін енгізу қажет, ол фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін едәуір кеңейтуге, мал басының жаңартылуын арттыруға және мал шаруашылығы секторын жаңғыртуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

      Мал шаруашылығының дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі – саланың жұмыскерлер үшін тартымдылығының жеткіліксіздігі болып қала береді. Мал шаруашылығы – үнемі айналысуды талап ететін, жыл бойы іркіліссіз жүргізілетін өндіріс. Ауылдық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік жағдай жасау мәселесі де маңызды. Ең алдымен, бұл шопандар мен малшыларға қатысты, өйткені аталған санаттағы жұмысшылардың тапшылығы байқалуда.

      Сондай-ақ салада кадр тапшылығы мәселесі де бар. Мал шаруашылығындағы нақты өндірістік процестерге бағытталған арнайы мамандарды даярлау қажет. Қазіргі таңда білім беру бағдарламаларының басым бөлігі тым жалпылама болып қалып отыр және жануарларды ұстаудың, көбейтудің және азықтандырудың заманауи технологиялары үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етпейді. Тар бейінді мамандану бағдарламаларын қалыптастыру және нақты өндіріс базасында дуальді даярлауды енгізу саладағы кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар саланы ғылыми сүйемелдеуді жүйелі түрде күшейту қажет. Бүгінгі күні ғылыми зерттеулер бытыраңқы түрде жүргізілуде және әрдайым өндірістің нақты сұраныстарына жауап бере бермейді. Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін ғылыми зерттеулер өндіріс сұранысымен тығыз интеграциялануға тиіс: зерттеу тақырыптары шаруашылықтардың нақты проблемалары негізінде қалыптастырылуы, тәжірибелік база кәсіпорындармен бірлесіп дамытылуы, ал алынған нәтижелер практикаға енгізілуі қажет.

      Жоғарыда аталған шараларды іске асыру мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуін, импортты алмастыруды және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін негізгі факторға айналады.

Паспорт

1.

Атауы

Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар)

2.

Әзірлеу үшін негіз

2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау шеңберінде

3.

Іске асыру мерзімі

2026 – 2030 жылдар

4.

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы
 

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СРИМ, МАМ, ОМ, Қорғанысмині, Еңбекмині, ҒЖБМ, ӨҚМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, СИМ, КМ, ЖАО, ЭСТО, "ҰАҒБО" КеАҚ, РП, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Атамекен" ҰКП, ЕДБ, ӘКК

5.

Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген қысқаша ақпарат
 

Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша импортқа тәуелділіктің сақталуына, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің әлемдік стандарттармен салыстырғанда төмен болуына, ауыл шаруашылығы жануарларының санын және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша айтарлықтай әлеуетті болуына негізделеді. Кешенді жоспарды іске асыру ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.


Р/с

 

Атауы
 

Аяқталу нысаны
 

Орындалу мерзімі
 

Жауапты орындаушылар
 

Қаржыландыру көлемі,
млн теңге
 

Қаржыландыру көздері
 


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1. ІҚМ басын 7,9 млн-нан 12 млн басқа дейін, ұсақ мал басын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін, жылқыны 4,8 млн-нан 7,0 млн басқа дейін ұлғайту (Кешенді жоспарға 1-қосымша).
2. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша ет өндіру көлемін 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін арттыру (Кешенді жоспарға 2-қосымша).
3. Ауыл шаруашылығы құралымдарында сүт өндіру көлемін 1,4 млн тоннадан 2,1 млн тоннаға дейін ұлғайту (Кешенді жоспарға 3-қосымша).
4. Ет экспортын 82 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін 2 есеге арттыру.

1. Ауыл шаруашылығы жануарларының санын арттыруға ынталандыру жөніндегі шаралар

1.1. Мал шаруашылығы саласында субсидиялау және кредит беру

1.

Қолданыстағы Қағидалар шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауды жүзеге асыру

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ

2.

Бір жынысты тұқым сатып алу құнын 18 мың теңгеге дейін және ірі қара мал эмбриондарын сатып алу құнын 120 мың теңгеге дейін арзандатуға арналған нормативті ұлғайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ

3.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін cүт өндіру құнын арзандатуды субсидиялау тетігін қайта қарау

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2026 жылғы желтоқсан

АШМ

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ

4.

Мал шаруашылығының оның ішінде мал өсіру шаруашылықтары үшін (ІҚМ, ҰМ, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, балара шаруашылығы, қоян шаруашылығы және марал шаруашылығы) бағыттарды кеңейте отырып, жылдық 5 % мөлшерлемемен айналым қаражатын толықтыруға арналған жеңілдетілген кредит бағдарламасын іске асыру

АӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттар

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

2026 жыл – 104 000 млн теңге; 2027 жыл – 250 000 млн теңге; 2028 жыл – 250 000 млн теңге;
2029 жыл – 250 000 млн теңге; 2030 жыл – 250 000 млн теңге.

ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты

5.

Ауыл шаруашылығы жануарларының жоғары өнімді мал басын сатып алуға жылдық 6 %-бен жаңа кредиттік өнім енгізу

АӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттар

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша) 2026 жыл – 260 000 млн теңге; 2027 жыл – 300 000 млн теңге; 2028 жыл – 300 000 млн теңге; 2029 жыл – 300 000 млн теңге; 2030 жыл – 300 000 млн теңге.

ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты

6.

Азық дайындау техникасы мен жабдықтарды, оның ішінде өздігінен жүретін және тіркемелі азықтаратқыштарды, сондай-ақ мобильді/ модульді азық дайындау цехтарын сатып алуға жылдық 5 %-бен лизингтік өнімді іске асыру

АӨК субъектілерімен жасалған лизинг шарттары

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша) 2026 жыл – 50 000 млн теңге; 2027 жыл – 50 000 млн теңге; 2028 жыл – 50 000 млн теңге; 2029 жыл – 50 000 млн теңге; 2030 жыл – 50 000 млн теңге.

ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты

7.

Ет бағытындағы мал шаруашылығы жобаларын, оның ішінде жайылымдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруға бағытталған жылдық 6 %-бен бірыңғай кредиттік өнім енгізу

АӨК субъектілерімен жасалған кредиттік шарттар

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

2026 жыл – 50 000 млн теңге; 2027 жыл – 50 000 млн теңге; 2028 жыл – 50 000 млн теңге; 2029 жыл – 50 000 млн теңге; 2030 жыл – 50 000 млн теңге.

ЕДБ мен қаржы институттарының тартылған қаражаты

8.

– Шалғайдағы мал шаруашылығы жобаларын;
– асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуды;
– мал шаруашылығына арналған айналым қаражатын толықтыруды "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арқылы 85 %-ға дейін жабу деңгейімен қаржыландыруға арналған кредиттерді кепілдендіру тетігін енгізу

АӨК субъектілерімен жасалған кепілдік беру туралы шарттар

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, ЖАО, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

2026 жыл – 29 800 млн теңге
2027 жыл – 40 300 млн теңге; 2028 жыл – 40 300 млн теңге; 2029 жыл – 40 300 млн теңге; 2030 жыл – 40 300 млн теңге.

ЖБ

9.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға жылдық 2,5 %-бен жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында мал шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру (ӘКК арқылы)

пайдалануға беру актісі

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ
 

10.

Инвестицияға тапсырыс беру шеңберінде "АНК" АҚ және ЕДБ арқылы қаржыландыру жолымен мал шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру

пайдалануға беру актісі

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, ЕДБ (келісу бойынша)

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ
 

11.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында мал шаруашылығы жобаларына кредит беру

АӨК субъектілерімен жасалған кепілдік беру туралы шарттар

жыл сайын

ҰЭМ, ЖАО, АШМ

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ
 

1.2. Асыл тұқымдық істі және селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты дамыту

12.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа мемлекеттік бақылауды күшейту бөлігінде асыл тұқымды мал шаруашылығының заңнамалық базасын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы I тоқсан

АШМ, ҰЭМ, "ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша),РП (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

13.

Қой шаруашылығында асыл тұқымдық құндылықты бағалаудың (индекстік бағалау) заманауи әдістеріне біртіндеп көшу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы I тоқсан

АШМ, "ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша), РП (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

-

14.

Ірі қара малдың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалауды болжау үшін геномдық талдау технологиясын енгізу

АШМ-ға ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

"ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша), РП (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

-

15.

Ірі қара малға геномдық талдау жүргізу шығындарын субсидиялау мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы II тоқсан

АШМ

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ

16.

Қазақстанның ауа райы жағдайларына бейімделген және өнімділік сапасы жақсартылған мал шаруашылығы мен қой шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді шығару бойынша жұмысты жалғастыру

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

"ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша),РП (келісу бойынша)

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ

17.

САТЖАҚ цифрлық платформасын жүргізілетін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды есепке алудың кеңейтілген функционалымен жетілдіру

техникалық құжаттама

2027 жылғы II тоқсан

АШМ, ЖИЦДМ, ЭСТО (келісу бойынша),"ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

1.3. Мал шаруашылығы саласын ғылыми қамтамасыз ету

18.

Жұмыс істеп тұрған озық мал шаруашылықтары базасында тауарлық сүт фермалары, репродуктор, бордақылау алаңдары, азық өндірісі бағыттары бойынша ғылыми материалдармен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматында әр облыста оқу орталығын құру мәселесін пысықтау

АШМ-ға ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

"ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша), АШМ

талап етілмейді

-

19.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін мал шаруашылығының барлық салалары бойынша білім тарату мақсатында өтеусіз семинарлар мен вебинарлар өткізу

АШМ-ға есептер

жыл сайын 25 желтоқсанға дейін

"ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша)

267 "Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бағдарламасының 101-кіші бағдарламасы шеңберінде көзделген қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ

20.

Мал шаруашылығындағы селекцияға инновациялық технологияларды енгізу

АШМ-ға ақпарат

2026 – 2028 жылдар

ЖАО

019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бағдарламасы шеңберінде көзделген қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ

21.

ІҚМ-ның, қойдың және жылқының әрбір тұқымы бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жоспарын әзірлеу және қабылдау

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

РП (келісу бойынша), "ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

22.

Аграрлық жоғары оқу орындарында "Мал шаруашылығы" бағыты бойынша мамандарды даярлауды қайта қарау, оның ішінде "Зоотехния" білім беру бағдарламасын шығару мәселесін қарау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, "ҰАҒББО" КеАҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

1.4. Берік азықтық базаны және жайылымдық инфрақұрылымды құру

23.

Кешенді жоспарға 4-қосымшаға сәйкес егіс алаңдарын азықтық дақылдар егісін ұлғайту бағытына қарай әртараптандыру

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО

талап етілмейді

-

24.

Облыстар бөлінісінде жерасты суларымен қамтамасыз ету карталарын әзірлеу

электрондық карта

2027 жылғы I тоқсан

СРИМ, АШМ

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

РБ
 

25.

Азықтық дақыл тұқымын сатып алу кезінде өтемақы үлесін 20 %-ға ұлғайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ
 

26.

Суармалы жерлерді азықтық дақылдар үшін ауыл шаруашылығы айналымына тарту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

жыл сайын

АШМ, СРИМ, ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ
 

27.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде премикстер мен азықтық қоспаларды шығаратын кәсіпорындар құруға ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ
 

28.

Жайылымдарды суландыру есебінен олардың жаңа алқаптарын айналымға енгізу

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ
 

29.

066 "Жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізу" бағдарламасы шеңберінде қаражат бөлу арқылы ауылдық елді мекендердің айналасындағы жайылымдық алқаптарды түбегейлі жақсарту
 

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО

қолда бар бюджет қаражаты шегінде

ЖБ
 

30.

Жерді жалға алу шарттарына жайылымдық алқаптардың тозуына жол бермеу және жер пайдаланушылардың жыл сайын жайылымдарды түбегейлі (жайылымдардың жалпы алаңының 1 %-ынан кем емес) және үстірт (жайылымдардың жалпы алаңының 5 %-ынан кем емес) жақсарту жұмыстарын жүргізуі жөніндегі міндетті норманы енгізу мәселелерін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

талап етілмейді

-

31.

10 мың гектардан астам егіс алқабы бар, бірақ мал шаруашылығымен айналыспайтын жер пайдаланушылар үшін егіс алқаптарының кемінде 15 %-ін азықтық дақылдарға пайдалану бойынша талаптар енгізу арқылы өсімдік шаруашылығымен айналысатын ірі жер пайдаланушыларды мал шаруашылығына тарту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

талап етілмейді

-

1.5. Мал шаруашылығы саласының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар

32.

"Мал шаруашылығы" бағыты бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына квота беру мәселесін пысықтау:
– ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында міндетті түрде 3 (үш) жыл бойы еңбекпен өтеу;
– жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жауапкершілігін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы I тоқсан

ҒЖБМ, АШМ, ЖАО, ҰЭМ

талап етілмейді

-

33.

Университеттермен, жұмыс берушілермен және колледждермен бірлесіп, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды аграрлық мамандықтарға ерте кәсіптік бағдарлау бойынша пилоттық жобаны ұйымдастыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы тамыз

ОМ, ҒЖБМ, АШМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), ЖАО

талап етілмейді

-

34.

Мал шаруашылығы мен ветеринария саласында кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін

ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), АШМ

талап етілмейді

-

35.

Магистратурада, оның ішінде бөлінген гранттарды қайта бөлу арқылы тар бейінді ветеринариялық мамандарды даярлау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 – 2029 жылдар

АШМ, ҒЖБМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша)

қолда бар бюджет
қаражаты шегінде

РБ, ЖБ
 

36.

Мал шаруашылығы саласындағы мамандар үшін ауылда, кентте, ауылдық округте жалдамалы тұрғын үй салған жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, оның ішінде құрылыс пен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шығындарын ескере отырып, құрылыс құнының 50 %-і деңгейінде норматив белгілеу және ең жоғары құнға лимит белгілеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

ӨҚМ, ҰЭМ

қолда бар бюджет
қаражаты шегінде

РБ
 

37.

Жұмыс орындарын субсидиялауды бақташылар мен шопандарға қолдануды кеңейту мәселесін пысықтау, қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, ЖАО

талап етілмейді

-
 

38.

Әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы мал шаруашылығындағы қойшылар (шопандар) мен бақташылардың кәсіптерін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер тізбесіне енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ

талап етілмейді

-

39.

Зиянды еңбек жағдайларында еңбек өтілін қалыптастыру кезінде шалғайдағы мал шаруашылығындағы қойшылар (шопандар) мен бақташылардың жеңілдікті өтілін есептеу бөлігіндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы
I тоқсан

Еңбекмині

талап етілмейді

-

40.

Бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру және мәдениет арқылы қойшы (шопан), бақташы, малшы, сауыншы, бұзау бағушы, сақманшы және құс өсіруші мамандықтарының беделін арттыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы
III тоқсан

АШМ, МАМ, Еңбекмині, ОМ

талап етілмейді

-

41.

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін мал шаруашылығы объектілері санаттарына жатқызуды қайта қарау бөлігінде, мал басының саны бойынша шекті мәнді ұлғайту бағытында мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы
желтоқсан

АШМ, ЭТРМ, ҰЭМ

талап етілмейді

-

1.6. Ветеринариялық қауіпсіздікті дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық нарықтарын кеңейту

42.

Жергілікті атқарушы органдарды ветеринариялық объектілермен қамтамасыз ету:
– ветеринариялық станцияларды сатып алу;
– ветеринариялық пункттерді сатып алу;
– мал қорымдарын сатып алу

АШМ-ға ақпарат

2026 – 2027 жылдар

ЖАО, АШМ

2026 жыл – 36 382 млн теңге;
2027 жыл – 29 818 млн теңге

ЖБ

43.

Сібір жарасы көмінділерін ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендіру, оның ішінде бетон қоршауларын орнату, ескерту (көрсеткіш) тақтайшаларын қою және басқа да шаралар

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО, АШМ

қолда бар бюджет қаражаты шегінде
 

ЖБ

44.

Тірі асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын және мал шаруашылығы өнімін әкету мәселесін пысықтау

хаттамалар мен ветеринариялық сертификаттар

жыл сайын

АШМ

талап етілмейді

-

45.

Ветеринария саласындағы ақпараттық базаны жетілдіру:
- бірыңғай платформа құру арқылы цифрлық шешімдерді жаңғырту;
- Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциялау;
- ветеринариялық препараттардың өндіруден бастап өткізу, қолдану және кәдеге жаратуға дейінгі барлық кезеңдерде қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық препараттардың айналымын бақылау жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу

техникалық құжаттама

жыл сайын

АШМ, ЖИЦДМ, ЭСТО

-

нарықтан тартылған қаражат

46.

Мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау мақсатында қоғамдық тамақтану объектілерін "ветеринариялық санитариялық сараптама" модуліне қосу

техникалық құжаттама

жыл сайын

АШМ, ОМ, ҒЖБМ, Қорғанысмині, ҰЭМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді

-

47.

Ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

АШМ

талап етілмейді

-

48.

Ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын арттыру және оларды арнайы киіммен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 – 2028 жылдар

ЖАО, АШМ

2027 жыл – 23 878,2 млн теңге;
2028 жыл – 22 588,7 млн теңге
 

РБ

1.7. Нарықтарды дамыту және ішкі нарық үшін компенсаторлық тетіктерді енгізу

49.

Сиыр етін экспорттаушылар үшін экспорт көлемінің кемінде 15 %-ын ішкі нарыққа жеңілдетілген бағамен жеткізу жөніндегі міндеттемені енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

жыл сайын

АШМ, СИМ, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді

-

50.

Жаңа нарықтарды ашу және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жүзеге асыру үшін қазақстандық кәсіпорындарды отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

жыл сайын

АШМ, ӨҚМ, СИМ

талап етілмейді

-

1.8. Мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу

51.

Ауыл шаруашылығы жануарларын цифрлық есепке алу және қадағалау үшін RFID-биркаларды (чиптер мен алқалар) қолдануды кеңейту

АШМ-ға ақпарат

2026 жылғы наурыз

ЖАО

талап етілмейді

-

52.

Жайылымдарды қоршауға арналған электрлі қоршауларды қолдану, сондай-ақ малды мониторингтеу үшін ПҰА пайдалану

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын

ЖАО

талап етілмейді

-

53.

Өнімділікті болжау және табынды басқару үшін жасанды интеллектін қолдану

АШМ-ға ақпарат

2027 – 2028 жылдар

ЖАО

талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      АӨК – агроөнеркәсіптік кешен

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      "АНК" АҚ – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ӘКК – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары

      "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ЖОО – жоғары оқу орны

      "ҚазАгроҚаржы" АҚ – "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      КМ - Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ПҰА – пилотсыз ұшу аппараты

      РБ – республикалық бюджет

      РП – "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі №278 Қазақстан Республикасы Заңы аясында құрылған асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі республикалық палаталар

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры (асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі)

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "ҰАҒБО" КеАҚ – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      ҰМ – ұсақ мал

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІҚМ – ірі қара мал

      ЭСТО – "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      RFID – Radio Frequency Identification (тег (белгі) пен арнайы оқу құрылғысы арасындағы өзара әрекетке негізделген радиосигналдар арқылы жануарларды автоматты түрде сәйкестендіру тәсілі)

  Қазақстан Республикасында
мал шаруашылығын дамытудың
2026 – 2030 жылдарға арналған
кешенді жоспарына 1-қосымша

Ірі қара мал басының саны, мың бас

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

781

836

911

1 011

1 143

Ақмола

386

413

451

500

565

Ақтөбе

630

674

735

816

922

Алматы

614

657

716

795

899

Атырау

249

266

290

322

364

Шығыс Қазақстан

387

415

452

502

567

Жамбыл

464

497

541

601

679

Жетісу

513

549

599

665

751

Батыс Қазақстан

1 075

1 150

1 254

1 392

1 573

Қарағанды

449

481

524

582

657

Қостанай

411

439

479

531

601

Қызылорда

389

416

453

503

568

Маңғыстау

22

24

26

29

32

Павлодар

499

534

582

646

730

Солтүстік Қазақстан

298

319

348

386

436

Түркістан

1 160

1 241

1 353

1 502

1 697

Ұлытау

150

161

175

194

220

Қазақстан Республикасы

8 479

9 072

9 889

10 976

12 403

Ұсақ мал басының саны, мың бас

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

1 211

1 283

1 373

1 483

1 616

Ақмола

561

594

636

687

748

Ақтөбе

1 254

1 329

1 423

1 536

1 675

Алматы

2 591

2 746

2 938

3 173

3 459

Атырау

573

607

650

702

765

Шығыс Қазақстан

568

602

644

696

758

Жамбыл

3 385

3 588

3 839

4 147

4 520

Жетісу

1 621

1 719

1 839

1 986

2 165

Батыс Қазақстан

1 451

1 538

1 645

1 777

1 937

Қарағанды

716

758

812

876

955

Қостанай

450

477

511

552

601

Қызылорда

654

693

742

801

873

Маңғыстау

308

326

349

377

411

Павлодар

654

693

742

801

873

Солтүстік Қазақстан

430

455

487

526

573

Түркістан

4 609

4 886

5 228

5 646

6 154

Ұлытау

228

241

258

279

304

Қазақстан Республикасы

21 263

22 539

24 116

26 046

28 390

Жылқы саны, мың бас

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

434

466

508

561

629

Ақмола

265

285

311

343

384

Ақтөбе

424

456

497

549

615

Алматы

265

285

311

343

384

Атырау

166

179

195

215

241

Шығыс Қазақстан

243

261

284

314

352

Жамбыл

209

224

245

270

303

Жетісу

216

232

253

280

314

Батыс Қазақстан

350

376

410

453

507

Қарағанды

423

455

496

548

613

Қостанай

190

204

222

246

275

Қызылорда

292

313

342

377

423

Маңғыстау

148

160

174

192

215

Павлодар

337

362

395

436

489

Солтүстік Қазақстан

166

179

195

215

241

Түркістан

523

562

612

677

758

Ұлытау

198

213

232

257

287

Қазақстан Республикасы

4 848

5 212

5 681

6 278

7 031

  Қазақстан Республикасында
мал шаруашылығын дамытудың
2026 – 2030 жылдарға арналған
кешенді жоспарына 2-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша ет өндіру көлемі, мың тонна

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

92,6

100,9

108,5

118,8

132,1

Ақмола

150,5

157,3

166,4

178,6

194,8

Ақтөбе

60,8

64,5

69,6

76,6

85,7

Алматы

191,1

203,5

222,2

257,6

301,1

Атырау

30,3

32,2

34,8

38,3

42,8

Шығыс Қазақстан

114,1

120,3

128,6

138,8

153,8

Жамбыл

77,6

81,8

92,2

110,6

137,0

Жетісу

60,1

64,0

68,9

75,7

84,5

Батыс Қазақстан

49,3

55,2

59,4

65,0

72,4

Қарағанды

63,2

67,0

72,1

78,9

88,1

Қостанай

38,2

43,3

46,4

50,5

56,1

Қызылорда

22,9

24,3

26,3

29,0

32,4

Маңғыстау

14,4

15,2

16,2

17,5

19,2

Павлодар

64,2

68,0

73,0

79,8

88,7

Солтүстік Қазақстан

50,4

63,6

68,2

74,3

83,4

Түркістан

134,2

157,0

169,1

185,4

206,7

Ұлытау

15,2

16,1

17,5

19,3

21,6

Қазақстан Республикасы

1 229,1

1 334,1

1 439,3

1 594,5

1 800,4

  Қазақстан Республикасында
мал шаруашылығын дамытудың
2026 – 2030 жылдарға арналған
кешенді жоспарына 3-қосымша

Ауыл шаруашылығы құралымдарындағы сүт өндіру көлемі, мың тонна

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

112

119

126

135

146

Ақмола

98

104

111

120

132

Ақтөбе

52

54

55

57

59

Алматы

131

147

166

190

220

Атырау

8

8

8

8

9

Шығыс Қазақстан

128

135

143

153

167

Жамбыл

48

49

50

52

55

Жетісу

63

66

71

77

85

Батыс Қазақстан

60

62

64

67

69

Қарағанды

102

105

109

114

122

Қостанай

98

105

114

124

139

Қызылорда

12

12

13

13

14

Павлодар

181

195

211

230

250

Солтүстік Қазақстан

260

280

303

330

370

Түркістан

133

138

143

150

161

Ұлытау

50

50

51

52

53

Шымкент қаласы

32

33

35

38

41

Қазақстан Республикасы

1 567

1 663

1 774

1 909

2090

  Қазақстан Республикасында
мал шаруашылығын дамытудың
2026 – 2030 жылдарға арналған
кешенді жоспарына 4-қосымша

Азықтық дақылдар егілетін алқаптарды кеңейту, мың га

Өңірлер

2026

2027

2028

2029

2030

Абай

137

143

151

158

166

Ақмола

353

370

389

408

429

Ақтөбе

264

274

285

297

308

Алматы

204

210

219

226

235

Атырау

5

5

5

5

5

Шығыс Қазақстан

132

137

142

148

154

Жамбыл

186

188

190

197

206

Жетісу

96

100

104

108

112

Батыс Қазақстан

210

224

240

257

273

Қарағанды

195

210

230

245

255

Қостанай

559

581

604

628

645

Қызылорда

74

78

82

86

90

Павлодар

264

282

302

313

325

Солтүстік Қазақстан

405

420

435

450

460

Түркістан

230

246

263

282

301

Ұлытау

5

5

5

5

5

Қазақстан Республикасы

3 319

3 473

3 646

3 813

3 969


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады