Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын және көрсеткіштерге қол жеткізілуін қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Мал шаруашылығы саласы туралы
Мал шаруашылығы Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының дәстүрлі әрі аса маңызды саласы болып табылады. Қазіргі уақытта мал шаруашылығының үлесі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40 %-ын құрайды. Соңғы жылдары бұл салада өндіріс көлемі мен мал басының 2-3 % деңгейде белгілі бір өсімі байқалуда.
Саланың айтарлықтай әлеуетін ескерсек, қазіргі уақыттағы өсу қарқыны экспорттық мүмкіндіктерді толық көлемде ашып отырған жоқ. Ел жекелеген мал шаруашылығы өнімдері бойынша, атап айтқанда құс еті, ірімшік, сүзбе, және шұжық өнімдері бойынша импортқа тәуелді күйде қалып отыр.
Қазіргі уақытта мал шаруашылығы 11 қосалқы саладан тұрады: ет және сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, марал шаруашылығы, балара шаруашылығы және қоян шаруашылығы.
Ет бағытындағы мал шаруашылығында берік асыл тұқымды ядро қалыптастырылған, оның қомақты бөлігі 2020 жылға дейін қолданылған "Сыбаға" бағдарламасы аясында жоғары сапалы асыл тұқымды ірі қара малды импорттау есебінен құрылған. Елде әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи бордақылау алаңдарының желісі қалыптасты, бұл саланың тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.
Сонымен қатар ет бағытындағы мал шаруашылығының өнімділігі әлі де төмен деңгейде. Мәселен, бұқашықтардың орташа тәуліктік салмақ қосуы тәулігіне шамамен 600-800 грамды құрайды, ал әлемдік стандарт бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен тәулігіне 1800-2000 грамды құрайды.
Сүт бағытында заманауи тауарлық сүт фермаларын салу қызу жалғасуда. Кепіл саясаты икемді іске асырылып отырған бағдарлама кредиттік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жеңілдетілген кредит беру мен субсидиялау тетігінің арқасында жобалардың өтелу мерзімі 15-17 жылдан 12 жылға дейін қысқаруда.
Аталған бағдарламаны іске асыру басталғалы бері осындай 100-ден астам ферма пайдалануға берілді. Бұл ретте Ресей Федерациясында соңғы 5 жылда 900-ден астам сүт кешені іске қосылған, Беларусь Республикасында шамамен 3 мың тауарлық сүт фермасы жұмыс істейді, олардың 1 683-і – заманауи фермалар, бұл жалпы фермалардың 56 %-ын құрайды.
Тауарлық сүт фермаларында бір бағымдағы сиырға шаққандағы орташа жылдық сүт сауымы 5 700 литрді құрайды, ал алдыңғы қатарлы фермаларда орта есеппен 10 000 литрге дейін жетеді, бұл Еуропаның жетекші сүт өндіруші елдерінің деңгейіне сәйкес келеді.
Қой және ешкі шаруашылығы әсіресе оңтүстік және батыс өңірлерде стратегиялық маңызға ие. Ұсақ мал басы қалпына келтіріліп, 20,2 млн басқа жетті. Қой етін экспорттауға деген қызығушылық артып келеді. Сонымен қатар салада төмен өнімділік пен инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы сияқты мәселелер бар. Мәселен, тоқтының орташа тәуліктік салмақ қосуы тәулігіне 150-200 грамды құрайды, ал әлемдік стандарт бойынша бұл көрсеткіш тәулігіне 350-500 грамды құрайды.
Қазақстан жылқы шаруашылығының бірегей дәстүрлерін сақтап келеді. Жылқы басының тұрақты өсімі байқалуда: 1990 жылы олардың саны 1,6 млн басты құраса, бүгінгі таңда 4,4 млн басқа жетті. Сондай-ақ жылқы етіне, қымызға және сублимацияланған бие сүтіне ішкі нарықта да, шетелде де сұраныс артып келеді. Алайда жалпы алғанда бұл сектор негізінен экстенсивті болып қалып отыр және заманауи технологиялардың тапшылығын сезінуде.
Түйе шаруашылығы дәстүрлі түрде батыс және оңтүстік облыстарда шоғырланған. Бүгінгі таңда түйе саны шамамен 300 мың басты құрайды. Шұбат, сублимацияланған түйе сүті және ет сияқты өнімдерге сұраныс бар, алайда өндіріс көлемі әзірге шектеулі әрі тұрақсыз болып қалып отыр.
Құс шаруашылығы мал шаруашылығының қосалқы салалары арасында ерекше орын алады, жоғары даму қарқынын көрсетіп, ішкі нарықтағы ет пен жұмыртқа тұтынудың едәуір бөлігін қамтамасыз етуде. Соңғы бес жылда бірқатар инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында құс етімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 58 %-дан 79 %-ға дейін өсті. Тағамдық жұмыртқа бойынша Қазақстан импортқа толық тәуелсіздікке қол жеткізді.
Алайда инкубациялық жұмыртқаның, ата-енелік үйірлердің және азықтық қоспалардың әкелінуіне тәуелділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр, бұл одан әрі өсу мен технологиялық жаңаруды тежейді.
Экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту үшін шошқа шаруашылығының елеулі әлеуеті бар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және өндірістік көрсеткіштері жоғары. Сонымен қатар олардың саны әлі де шектеулі, ал асыл тұқымдық қор негізінен импорттық генетика есебінен қалыптасуда. Саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін отандық шаруашылықтарды сапалы асыл тұқымдық материалмен қамтамасыз ете алатын мамандандырылған генетикалық орталықтар құру қажет.
Марал шаруашылығының аясы тар, бірақ болашағы зор қосалқы сала болып табылады және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында шоғырланған. Туризмнің дамуына байланысты қазақстандық панта өнімдеріне ішкі нарықта да, халықаралық нарықтарда да сұраныс жоғары, сондай-ақ оның экспорттық әлеуеті зор.
Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар балара шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады. Жыл сайынғы бал өндіру көлемі 5 мың тоннаға жетіп, белсенді түрде экспортқа шығаруға алғышарттар қалыптастырылған. Алайда омарталардың басым бөлігі өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктірілмеген ұсақ шаруашылықтардан тұрады, бұл саланы ауқымды дамыту мен заманауи технологияларды енгізуді шектейді.
Қоян шаруашылығы енді ғана қолға алынуда және бірлі-жарым ұсақ шаруашылықтар айналысады. Дегенмен бұл қосалқы сала жоғары өсімталдығымен, рентабельділігімен және өндірістік шығынның төмендігімен ерекшеленеді, бұл оны кешенді қолдау көрсетіп, инвестиция тарту шартымен оның ішінде қоян шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехтарын құруға ең перспективалы салалардың біріне айналдырады.
Мал шаруашылығының барлық қосалқы салалары үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі тән және кредиттік ресурстарға қол жеткізу қиын. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті өзіндік құнына әсерін тигізеді. Аталған мәселелерді шешу үшін азықты, мал басын, жанар-жағармай материалдарын, ветеринариялық препараттарды сатып алуға және өзге де ілеспе шығындарға арналған айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жеңілдетілген кредиттік бағдарламаларды іске қосу қажет.
Тұқымдық және өнімділік сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының басын көбейту үшін ел ішінде де, шетелде де асыл тұқымды мал сатып алуға арналған жеңілдетілген кредит беруді енгізу қажет. Мәселен, малды сырттан әкелу есебінен асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 927,8 мың басқа жетіп, оның үлес салмағы 11 %-ке дейін ұлғайды, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 344,1 мың басты немесе жалпы мал басының 5,6 %-ын құраған. Бұл ретте отандық гендік қорды сақтау мақсатында ірі қара малдың қазақстандық ақбас және әулиекөл тұқымдарын қоса алғанда, отандық мал тұқымын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Отандық тұқым бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстары, оның ішінде селекциялық бағдарламаларды сүйемелдеуге ғылыми ұйымдардың қатысуын кеңейту, отандық мал тұқымын мақсатты түрде өсірумен айналысатын шаруашылықтарды ынталандыру тетіктерін енгізу және селекциялық және асылдандыру іс-шараларын жүргізуге мемлекеттік бақылауды күшейту есебінен күшейтіледі.
Сонымен қатар жануарларды көбейтудің заманауи технологияларын, атап айтқанда біржынысты ұрықты қолдана отырып қолдан ұрықтандыруды және эмбриондық өсіруді енгізу қажет.
Өсімдік шаруашылығында қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі таңда елде жем-шөп мәселесі шешілген – нарықта қолжетімді жемдік астық жеткілікті. Алайда жайылымдық азық өндіру мәселесі әлі де өзекті болып отыр: жайылымдардың едәуір бөлігі тозған (27 млн гектар) және тиімді пайдаланылмайды. Осы бағытта 066 бағдарламасы ("Жайылымдардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы іс-шараларды жүргізу") шеңберінде жайылым алқаптарын түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар арқылы жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары күшейтілетін болады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының ет бағытындағы мал шаруашылығында өндірістік цикл жүйесін енгізу туралы жайылымдарды ұтымды және ротациялық пайдалануға басымдық бере отырып, көшпелі мал шаруашылығының әлеуеті пайдаланылатын болады. Аталған міндетті іске асыру үшін жайылым инфрақұрылымын қамтамасыз етуге бағытталған көшпелі мал шаруашылығы жобаларын жеңілдетілген мөлшерлемелер бойынша бірыңғай кредиттік өнім арқылы қаржыландыру қажет.
Саланы техникамен қамтамасыз ету үшін азық дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған жаңа кредиттік/лизингтік өнімді енгізу қажет.
Дегенмен кепілдікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешпейінше, жоғарыда аталған кредит беру бағдарламаларын іске асыру мүмкін емес. Қамту деңгейі 85 %-ға дейінгі кепілдендіру тетігін енгізу қажет, ол фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін едәуір кеңейтуге, мал басының жаңартылуын арттыруға және мал шаруашылығы секторын жаңғыртуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығының дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі – саланың жұмыскерлер үшін тартымдылығының жеткіліксіздігі болып қала береді. Мал шаруашылығы – үнемі айналысуды талап ететін, жыл бойы іркіліссіз жүргізілетін өндіріс. Ауылдық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік жағдай жасау мәселесі де маңызды. Ең алдымен, бұл шопандар мен малшыларға қатысты, өйткені аталған санаттағы жұмысшылардың тапшылығы байқалуда.
Сондай-ақ салада кадр тапшылығы мәселесі де бар. Мал шаруашылығындағы нақты өндірістік процестерге бағытталған арнайы мамандарды даярлау қажет. Қазіргі таңда білім беру бағдарламаларының басым бөлігі тым жалпылама болып қалып отыр және жануарларды ұстаудың, көбейтудің және азықтандырудың заманауи технологиялары үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етпейді. Тар бейінді мамандану бағдарламаларын қалыптастыру және нақты өндіріс базасында дуальді даярлауды енгізу саладағы кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар саланы ғылыми сүйемелдеуді жүйелі түрде күшейту қажет. Бүгінгі күні ғылыми зерттеулер бытыраңқы түрде жүргізілуде және әрдайым өндірістің нақты сұраныстарына жауап бере бермейді. Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін ғылыми зерттеулер өндіріс сұранысымен тығыз интеграциялануға тиіс: зерттеу тақырыптары шаруашылықтардың нақты проблемалары негізінде қалыптастырылуы, тәжірибелік база кәсіпорындармен бірлесіп дамытылуы, ал алынған нәтижелер практикаға енгізілуі қажет.
Жоғарыда аталған шараларды іске асыру мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуін, импортты алмастыруды және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін негізгі факторға айналады.
Паспорт
1. | Атауы | Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) |
2. | Әзірлеу үшін негіз | 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау шеңберінде |
3. | Іске асыру мерзімі | 2026 – 2030 жылдар |
4. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СРИМ, МАМ, ОМ, Қорғанысмині, Еңбекмині, ҒЖБМ, ӨҚМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, СИМ, КМ, ЖАО, ЭСТО, "ҰАҒБО" КеАҚ, РП, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Атамекен" ҰКП, ЕДБ, ӘКК |
5. |
Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген қысқаша ақпарат | Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша импортқа тәуелділіктің сақталуына, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің әлемдік стандарттармен салыстырғанда төмен болуына, ауыл шаруашылығы жануарларының санын және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша айтарлықтай әлеуетті болуына негізделеді. Кешенді жоспарды іске асыру ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. |
Р/с |
Атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі, |
Қаржыландыру көздері |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
"АНК" АҚ – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӘКК – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары
"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖБ – жергілікті бюджет
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ЖОО – жоғары оқу орны
"ҚазАгроҚаржы" АҚ – "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
КМ - Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ПҰА – пилотсыз ұшу аппараты
РБ – республикалық бюджет
РП – "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі №278 Қазақстан Республикасы Заңы аясында құрылған асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі республикалық палаталар
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры (асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі)
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
"ҰАҒБО" КеАҚ – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҰМ – ұсақ мал
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІҚМ – ірі қара мал
ЭСТО – "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
RFID – Radio Frequency Identification (тег (белгі) пен арнайы оқу құрылғысы арасындағы өзара әрекетке негізделген радиосигналдар арқылы жануарларды автоматты түрде сәйкестендіру тәсілі)
| Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 1-қосымша |
Ірі қара мал басының саны, мың бас
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 781 | 836 | 911 | 1 011 | 1 143 |
Ақмола | 386 | 413 | 451 | 500 | 565 |
Ақтөбе | 630 | 674 | 735 | 816 | 922 |
Алматы | 614 | 657 | 716 | 795 | 899 |
Атырау | 249 | 266 | 290 | 322 | 364 |
Шығыс Қазақстан | 387 | 415 | 452 | 502 | 567 |
Жамбыл | 464 | 497 | 541 | 601 | 679 |
Жетісу | 513 | 549 | 599 | 665 | 751 |
Батыс Қазақстан | 1 075 | 1 150 | 1 254 | 1 392 | 1 573 |
Қарағанды | 449 | 481 | 524 | 582 | 657 |
Қостанай | 411 | 439 | 479 | 531 | 601 |
Қызылорда | 389 | 416 | 453 | 503 | 568 |
Маңғыстау | 22 | 24 | 26 | 29 | 32 |
Павлодар | 499 | 534 | 582 | 646 | 730 |
Солтүстік Қазақстан | 298 | 319 | 348 | 386 | 436 |
Түркістан | 1 160 | 1 241 | 1 353 | 1 502 | 1 697 |
Ұлытау | 150 | 161 | 175 | 194 | 220 |
Қазақстан Республикасы | 8 479 | 9 072 | 9 889 | 10 976 | 12 403 |
Ұсақ мал басының саны, мың бас
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 1 211 | 1 283 | 1 373 | 1 483 | 1 616 |
Ақмола | 561 | 594 | 636 | 687 | 748 |
Ақтөбе | 1 254 | 1 329 | 1 423 | 1 536 | 1 675 |
Алматы | 2 591 | 2 746 | 2 938 | 3 173 | 3 459 |
Атырау | 573 | 607 | 650 | 702 | 765 |
Шығыс Қазақстан | 568 | 602 | 644 | 696 | 758 |
Жамбыл | 3 385 | 3 588 | 3 839 | 4 147 | 4 520 |
Жетісу | 1 621 | 1 719 | 1 839 | 1 986 | 2 165 |
Батыс Қазақстан | 1 451 | 1 538 | 1 645 | 1 777 | 1 937 |
Қарағанды | 716 | 758 | 812 | 876 | 955 |
Қостанай | 450 | 477 | 511 | 552 | 601 |
Қызылорда | 654 | 693 | 742 | 801 | 873 |
Маңғыстау | 308 | 326 | 349 | 377 | 411 |
Павлодар | 654 | 693 | 742 | 801 | 873 |
Солтүстік Қазақстан | 430 | 455 | 487 | 526 | 573 |
Түркістан | 4 609 | 4 886 | 5 228 | 5 646 | 6 154 |
Ұлытау | 228 | 241 | 258 | 279 | 304 |
Қазақстан Республикасы | 21 263 | 22 539 | 24 116 | 26 046 | 28 390 |
Жылқы саны, мың бас
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 434 | 466 | 508 | 561 | 629 |
Ақмола | 265 | 285 | 311 | 343 | 384 |
Ақтөбе | 424 | 456 | 497 | 549 | 615 |
Алматы | 265 | 285 | 311 | 343 | 384 |
Атырау | 166 | 179 | 195 | 215 | 241 |
Шығыс Қазақстан | 243 | 261 | 284 | 314 | 352 |
Жамбыл | 209 | 224 | 245 | 270 | 303 |
Жетісу | 216 | 232 | 253 | 280 | 314 |
Батыс Қазақстан | 350 | 376 | 410 | 453 | 507 |
Қарағанды | 423 | 455 | 496 | 548 | 613 |
Қостанай | 190 | 204 | 222 | 246 | 275 |
Қызылорда | 292 | 313 | 342 | 377 | 423 |
Маңғыстау | 148 | 160 | 174 | 192 | 215 |
Павлодар | 337 | 362 | 395 | 436 | 489 |
Солтүстік Қазақстан | 166 | 179 | 195 | 215 | 241 |
Түркістан | 523 | 562 | 612 | 677 | 758 |
Ұлытау | 198 | 213 | 232 | 257 | 287 |
Қазақстан Республикасы | 4 848 | 5 212 | 5 681 | 6 278 | 7 031 |
| Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша ет өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 92,6 | 100,9 | 108,5 | 118,8 | 132,1 |
Ақмола | 150,5 | 157,3 | 166,4 | 178,6 | 194,8 |
Ақтөбе | 60,8 | 64,5 | 69,6 | 76,6 | 85,7 |
Алматы | 191,1 | 203,5 | 222,2 | 257,6 | 301,1 |
Атырау | 30,3 | 32,2 | 34,8 | 38,3 | 42,8 |
Шығыс Қазақстан | 114,1 | 120,3 | 128,6 | 138,8 | 153,8 |
Жамбыл | 77,6 | 81,8 | 92,2 | 110,6 | 137,0 |
Жетісу | 60,1 | 64,0 | 68,9 | 75,7 | 84,5 |
Батыс Қазақстан | 49,3 | 55,2 | 59,4 | 65,0 | 72,4 |
Қарағанды | 63,2 | 67,0 | 72,1 | 78,9 | 88,1 |
Қостанай | 38,2 | 43,3 | 46,4 | 50,5 | 56,1 |
Қызылорда | 22,9 | 24,3 | 26,3 | 29,0 | 32,4 |
Маңғыстау | 14,4 | 15,2 | 16,2 | 17,5 | 19,2 |
Павлодар | 64,2 | 68,0 | 73,0 | 79,8 | 88,7 |
Солтүстік Қазақстан | 50,4 | 63,6 | 68,2 | 74,3 | 83,4 |
Түркістан | 134,2 | 157,0 | 169,1 | 185,4 | 206,7 |
Ұлытау | 15,2 | 16,1 | 17,5 | 19,3 | 21,6 |
Қазақстан Республикасы | 1 229,1 | 1 334,1 | 1 439,3 | 1 594,5 | 1 800,4 |
| Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 3-қосымша |
Ауыл шаруашылығы құралымдарындағы сүт өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 112 | 119 | 126 | 135 | 146 |
Ақмола | 98 | 104 | 111 | 120 | 132 |
Ақтөбе | 52 | 54 | 55 | 57 | 59 |
Алматы | 131 | 147 | 166 | 190 | 220 |
Атырау | 8 | 8 | 8 | 8 | 9 |
Шығыс Қазақстан | 128 | 135 | 143 | 153 | 167 |
Жамбыл | 48 | 49 | 50 | 52 | 55 |
Жетісу | 63 | 66 | 71 | 77 | 85 |
Батыс Қазақстан | 60 | 62 | 64 | 67 | 69 |
Қарағанды | 102 | 105 | 109 | 114 | 122 |
Қостанай | 98 | 105 | 114 | 124 | 139 |
Қызылорда | 12 | 12 | 13 | 13 | 14 |
Павлодар | 181 | 195 | 211 | 230 | 250 |
Солтүстік Қазақстан | 260 | 280 | 303 | 330 | 370 |
Түркістан | 133 | 138 | 143 | 150 | 161 |
Ұлытау | 50 | 50 | 51 | 52 | 53 |
Шымкент қаласы | 32 | 33 | 35 | 38 | 41 |
Қазақстан Республикасы | 1 567 | 1 663 | 1 774 | 1 909 | 2090 |
| Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 4-қосымша |
Азықтық дақылдар егілетін алқаптарды кеңейту, мың га
Өңірлер | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
Абай | 137 | 143 | 151 | 158 | 166 |
Ақмола | 353 | 370 | 389 | 408 | 429 |
Ақтөбе | 264 | 274 | 285 | 297 | 308 |
Алматы | 204 | 210 | 219 | 226 | 235 |
Атырау | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
Шығыс Қазақстан | 132 | 137 | 142 | 148 | 154 |
Жамбыл | 186 | 188 | 190 | 197 | 206 |
Жетісу | 96 | 100 | 104 | 108 | 112 |
Батыс Қазақстан | 210 | 224 | 240 | 257 | 273 |
Қарағанды | 195 | 210 | 230 | 245 | 255 |
Қостанай | 559 | 581 | 604 | 628 | 645 |
Қызылорда | 74 | 78 | 82 | 86 | 90 |
Павлодар | 264 | 282 | 302 | 313 | 325 |
Солтүстік Қазақстан | 405 | 420 | 435 | 450 | 460 |
Түркістан | 230 | 246 | 263 | 282 | 301 |
Ұлытау | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
Қазақстан Республикасы | 3 319 | 3 473 | 3 646 | 3 813 | 3 969 |