Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1130 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспарында:
"Кіріспе" деген бөлімде бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы 2018 жылдан бері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұлғасындағы салалық мемлекеттік органға тиесілі, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне берілді. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның 2013 – 2022 жылдарға арналған бірінші онжылдық даму жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысымен бекітілген және іске асырылуына "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (бұдан әрі – қоғам) қатысатын қызмет бағыттарының қайта қаралуына, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты өзектілендірілген.
Қоғамның 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспары екінші онжылдық кезеңге арналған кезекті стратегиялық құжат болып табылады.2025 жылғы өзектілендіру Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына:
1) "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына;
2) "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығына;
3) "Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 437 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы;
4) "Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысына;
5) "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 606 қаулысына енгізілетін өзгерістерден туындайды.";
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген 1-бөлімде:
"Ішкі ортаны талдау" деген 1.2–кіші бөлімде:
"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау" деген 1.2.2–тарауда:
"Қоғамның республикалық бюджет қаражаты және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін дамыту жөніндегі қоғам жобаларының портфелі" деген 5-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | Атауы | Ұзындығы, км |
Сомасы, |
2022 – 2025 жылдар | |||
1 | "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" а/ж | 28 | 8 807 |
2 | "Подстепное – Федоровка" а/ж | 72 | 25 932 |
3 | "Рахманов қайнары" а/ж | 27,7 | 8 000 |
Жиыны | 127,7 | 42 739 | |
2025 – 2030 жылдар* | |||
1 | "Қызылорда – Павлодар – Успенка- РФ шекарасы" а/ж Жезқазған – Қарағанды учаскесі | 572 | 1 173 000 |
2 | Орал қаласын айналып өтетін "Орал – Атырау" а/ж | 516 | 1 290 000 |
3 | "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" а/ж | 262 | 523 051 |
4 | "Алматы – Талғар – Бәйдібек би" а/ж | 68 | 170 000 |
5 | "Алматы – Үшқоңыр – Ұзынағаш" а/ж | 48 | 120 000 |
6 | "Семей – РФ шекарасы (Барнауылға)" а/ж | 111 | 120 000 |
7 | Орталық – Батыс дәлізі, "Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Қандыағаш" учаскесі | 1 273,2 | 1 274 000 |
8 | "Атырау – Доссор" а/ж | 86 | 138 000 |
9 | "Рудный қаласын айналып өтетін жол салу" а/ж | 16,9 | 26 000 |
10 | "Астана – Қостанай – РФ шекарасы (Челябіге)" а/ж | 830 | 2 075 000 |
11 | "Бейнеу – Сексеуіл" а/ж | 736 | 662 000 |
12 | "Сарыағаш қаласын айналып өтетін жол" а/ж | 102 | 238 000 |
13 | "Жаңаөзен – Кендірлі" а/ж | 156 | 156 000 |
14 | "Шымкент қаласын айналып өтетін" а/ж | 48 | 120 000 |
15 | Қызылорда қаласын айналып өтетін жол салынатын "Қызылорда – Сексеуіл" а/ж | 495 | 879 000 |
16 | Жайық өзені арқылы өтетін көпір | 7 | 70 000 |
17 | "Бурабай – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" транзиттік дәлізінің "Астана – Петропавл" а/ж, "Петропавл –РФ шекарасы" учаскесі 496-465 км және Петропавл қаласын айналып өтетін жол 0-8 км | 37 | 87 700 |
18 | "Қызылорда – Павлодар – Қалбатау – Өскемен" а/ж 1381-ші км Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы | 2,7 | 50 328 |
19 | "Түркістан қаласын айналып өтетін жол" | 29,6 | 65 000 |
20 | "Рахманов кайнары" а/ж | 27,7 | 11 582 |
21 | "Подстепное – Федоровка" а/ж | 72 | 22 665 |
Жиыны | 5 496,1 | 9 271 326 | |
2030 – 2035 жылдар* | |||
1 | "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" а/ж | 929 | 929 000 |
2 | "Өскемен – Шемонаиха" а/ж | 131 | 131 000 |
3 | Астана қаласын солтүстік – шығыс айналып өтетін а/ж | 28 | 28 000 |
4 | "Қарағанды – Баянауыл – Қалқаман" а/ж | 324 | 324 000 |
5 | "Қарағанды – Успенка – РФ шекарасы" а/ж | 390 | 390 000 |
6 | "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" а/ж | 603 | 603 000 |
7 | "Семей – Өскемен" а/ж | 100 | 100 000 |
8 | "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" а/ж | 84 | 50 400 |
9 | Семей қаласын айналып өтетін жол | 51 | 98 100 |
Жиыны | 2 640 | 2 653 500 | |
2035 – 2040 жылдар* | |||
1 | "Құлсары қаласын айналып өтетін жол салынатын Құлсары – Мұқыр" а/ж | 181 | 181 000 |
2 | "Құлсары-Мұқыр" а/ж | 183 | 183 000 |
3 | Өскемен қаласын айналып өтетін жол | 23 | 88 600 |
Жиыны | 387 | 452 600 | |
Барлығы | 8 650,8 | 12 420 165 | |
";
"Қоғамның мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландырылатын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларының ағымдағы портфелі" деген 6-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | Жоба | Келісім жасалған жыл | Сомасы | Игерілгені, % | Бастапқы сметаға қарағанда қымбаттау, % | Қымбаттаудың себебі |
Еуропа Қайта Құру және Даму банкі | ||||||
1 | "Күрті – Бурылбайтал" (2214 – 2 295 км) | 2016 жыл | 31,5 млрд теңге | 31,5 млрд теңге, 99,6 % | - | |
2 | "Күрті – Бурылбайтал" (2152 – 2 214 км) | 2016 жыл | 29,5 млрд теңге | 29,5 мдрд теңге, 99 % | - | |
3 |
"Қонаев – Күрті" | 2019 жыл | 34,2 млрд теңге | 22,6 млрд теңге, 66 % | 3,9 % | COVID-19, ТЖ, эскалация |
4 | "Атырау – Астрахань" (616 – 833 км) | 2019 жыл | 128,9 млрд теңге | 101,7 млрд теңге, 81 % | 21,3 % | COVID-19, ТЖ,өзгерістерге өтінімдер, эскалация |
5 | "Қызылорда – Жезқазған" (12 – 216 км) | 2021 жыл | 81,3 млрд теңге | 58,9 млрд теңге, 77 % | 21 % | негізгі жол-құрылыс материалдарының қымбаттауы |
ҚХР Экспорттық-импорттық банкі | ||||||
6 | "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" (287 – 1073 км) | 2016 жыл | 382,2 млрд теңге | 319,7 млрд теңге, 83,6 % | 31,5 % | COVID-19, ТЖ, негізгі жол-құрылыс материалдарының қымбаттауы |
7 | "Мерке – Бурылбайтал" (7 – 273 км) | 2016 жыл | 114,5 млрд теңге | 102,3 млрд теңге, 89,3 % | 16,2 % | COVID-19, ТЖ, негізгі жол-құрылыс материалда рының қымбаттауы |
8 | "Қалбатау – Майқапшағай" (906 – 1321 км) | 2016 жыл | 213,7 млрд теңге | 152,6 млрд теңге, 71,4 % | 31,4 % | COVID-19, ТЖ, негізгі жол-құрылыс материалда рының қымбаттауы |
9 | "Астана қаласын оңтүстік – батыс айналып өтетін жол" (0 – 34 км) | 2017 жыл | 57,2 млрд теңге | 53,4 млрд теңге | COVID-19, ТЖ, негізгі жол-құрылыс материалда рының қымбаттауы | |
10 | "Қарағанды-Балқаш" (1492,4 – 1855 км) | 2018 жыл | 317,4 млрд теңге | 265,8 млрд теңге, 83,7% | 24,5 % | COVID-19, ТЖ, негізгі жол-құрылыс материалда рының қымбаттауы |
Азия Даму Банкі | ||||||
11 | "Ақтөбе – Қандыағаш" (11 – 100 км) | 2020 жыл | 98,9 млрд теңге | 84,1 млрд теңге, 85 % | 42,8 % | COVID-19, ТЖ, эскалация |
12 | "Қызылорда – Жезқазған" (216 – 464 км) | 2024 жыл | 108,5 млрд теңге | 3,2 млрд теңге, 0,03 % | 77 % | Жобаның сметалық бөлігін түзету |
";
"1.2.3 Республикалық маңызы бар жекелеген автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) жүріп өту үшін ақы алу жүйесін дамыту" деген тарауда:
тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"2018 – 2024 жылдары ақы алудан түскен жалпы түсім ҚҚС-сыз 124,1 млрд теңгені құрады, ал 2018 – 2024 жылдары күрделі салымдарды ескергенде ақы алу жүйесін және учаскені күтіп-ұстауға жалпы шығыс 117,3 млрд теңге мөлшерінде болды.".
7 және 8-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:
"7-кесте. Ақылы автожолдарды пайдаланушылардың қанағаттану деңгейінің серпіні, %
Атауы | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
Жоспар | 50 | 60 | 70 | 80 | 95 | 95 | 95 |
Нақты | 81 | 78,9 | 89,7 | 83,3 | 63,4 | 95,3 | 95,1 |
Сауалнамаға қатысушылардың саны | 796 | 398 | 243 | 317 | 1 359 | 32 717 | 294 224 |
8-кесте. Түсімдер мен шығыстар көлемінің серпіні, ҚҚС-сыз млн теңге
Атауы | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
Ақы алудан түскен түсім | 1 375 | 4 812 | 5 131 | 8 048 | 24 688 | 31 323 | 48 750 |
Шығыстар, оның ішінде: | 1 378 | 4 093 | 4 435 | 6 288 | 22 728 | 31 098 | 47 253 |
ақы алу жүйелерін күтіп-ұстау | 361 | 1 403 | 1 472 | 2 225 | 7 954 | 10 884 | 16 539 |
учаскені күтіп-ұстау | 1 017 | 2 690 | 2 963 | 4 063 | 14 774 | 20 214 | 30 714 |
";
"Жол бойындағы сервисті дамыту" деген 1.2.4–тарауда:
алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 449 жол бойындағы сервис объектісі орналасқан, олардың ішінде 1 309-ы немесе 90 %-ы ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Автомобиль жолдарының бойында 618 демалыс алаңы орналасқан, оларда жұмыс істеп тұрған 144 бірлік модульдік және күрделі үлгідегі абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптар бар.
2025 жылы жол бойындағы сервис объектілерінің 36 бірлігін (22 автожанармай құю станциялары (бұдан әрі – АЖС) және 14 тамақтану объектісі мен кемпингтер) және санитарлық-гигиеналық тораптардың 37 бірлігін салу және ұлттық стандарт талаптарына сәйкестік көрсеткішін 100 %-ға дейін арттыру жоспарланған. 2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша жол бойындағы 24 сервис объектісі (бұдан әрі – ЖСО) пайдалануға берілді, оның ішінде 10 бірлік дәмхана, 14 бірлік АЖС демалыс алаңдарының артында салынды.
Республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол бойындағы сервис объектілерімен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, оның ішінде халықаралық, техникалық нормаларға, сондай-ақ жол жүрісіне қатысушы – көрсетілген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың нақты сұранысана толық көлемде сай келмейтінің атап өткен жөн. 2018 – 2025 жылдардағы жол сервисі объектілерін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейінің серпінін талдау осы көрсеткіштің дәйекті түрде өскенін көрсетеді.
Бұдан бөлек, жол бойындағы сервис мәселелері бойынша жол пайдаланушыларға уақтылы кері байланыс беру бойынша "1403" байланыс орталығы үнемі жұмыс істейді, сондай-ақ жол бойындағы сервис объектілерінің иелерімен және әлеуетті инвесторлармен жол бойындағы сервис объектілерін ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін жағдай жасау мүмкіндігі, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары иелері күтетін межені айқындау және осы кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу.".
9 және 10-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:
"9-кесте. Жол бойындағы сервис объектілері бойынша 2024 жылы ақпарат
Р/с № | Өңір | Барлығы | |||||||
ЖБС-ға сәйкес келетін барлығы | сәйкес келеді, %-бен | сәйкес келмейді | жұмыс істеп тұр | жұмыс істемейтін ЖСО |
2024 жылғы |
жұмыс істейтін жаңа ЖСО | ЖСОбарлығы | ||
1 | Абай облысы | 40 | 91% | 4 | 43 | 1 | 44 | 0 | 44 |
2 | Ақмола облысы | 157 | 92% | 14 | 166 | 5 | 171 | 0 | 171 |
3 | Ақтөбе облысы | 106 | 89% | 13 | 119 | 0 | 118 | 1 | 119 |
4 | Алматы облысы | 182 | 89% | 15 | 192 | 13 | 205 | 0 | 205 |
5 | Атырау облысы | 43 | 100% | 0 | 42 | 0 | 42 | 1 | 43 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы | 37 | 100% | 0 | 37 | 0 | 37 | 0 | 37 |
7 | Жамбыл облысы | 53 | 93% | 4 | 55 | 0 | 55 | 2 | 57 |
8 | Жетісу облысы | 32 | 89% | 4 | 36 | 0 | 36 | 0 | 36 |
9 | Батыс Қазақстан облысы | 78 | 87% | 12 | 90 | 0 | 88 | 2 | 90 |
10 | Қарағанды облысы | 91 | 88% | 13 | 104 | 0 | 104 | 0 | 104 |
11 | Қостанай облысы | 117 | 91% | 12 | 120 | 9 | 129 | 0 | 129 |
12 | Қызылорда облысы | 52 | 93% | 4 | 53 | 1 | 54 | 2 | 56 |
13 | Маңғыстау облысы | 30 | 97% | 1 | 31 | 0 | 31 | 0 | 31 |
14 | Павлодар облысы | 107 | 91% | 18 | 124 | 1 | 125 | 0 | 118 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы | 86 | 91% | 9 | 95 | 0 | 93 | 2 | 95 |
16 | Түркістан облысы | 87 | 84% | 16 | 103 | 0 | 103 | 0 | 103 |
17 | Ұлытау облысы | 11 | 100% | 0 | 9 | 2 | 11 | 0 | 11 |
ЖИЫНЫ | 1 309 | 90 | 139 | 1 419 | 32 | 1 446 | 10 | 1 449 | |
10-кесте. Жол сервисі объектілерін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі, %-бен
Атауы | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
Жоспар | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 60 | 65 |
Нақты | 37 | 37,2 | 51 | 79,2 | 69,2 | 93,5 | 96,5 |
Сауалнамаға қатысушылардың саны | 796 | 398 | 580 | 317 | 1 359 | 32 717 | 294 224 |
";
"Инновациялар және цифрландыру" деген 1.2.7–тарауда:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі уақытта қоғам жол желісінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи технологиялық шешімдер мен материалдарды белсенді қолданады. "Астана – Қарағанды – Алматы" тас жолында жаңа қақпа жүйесі –коррозияға қарсы апталған және жылжымалы секциялары бар заманауи инженерлік құрылғы ауа-райы қолайсыз жағдайларында қорғау үшін орнатылған.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру аясында көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылауды енгізу, ауыспалы ақпараттың электрондық таблолары мен белгілерін, жарықтандырудың инновациялық жүйелерін, жарық шағылыстырғыш элементтерді, жарықтың шағылысуына қарсы экрандарды, лазерлік қондырғыларды орнату, сондай-ақ қашықтан өнімділікті бақылай отырып, жануарларды тану, үркіту және жіктеу үшін жасанды интеллект модулін енгізу арқылы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Автомобиль жолдарының егжей-тегжейлі моделін және жол қызметі мен инфрақұрылым объектілерін, автожол объектілеріндегі жұмыстарды орындау барысына цифрлық мониторинг жүйесін көрсетіп, жолдардың цифрлық картасының іске асырылуын жалғастыру, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы байланыс орталығын одан әрі жаңғырту жоспарлануда.
Автожолдарда цифрландыруды арттыру саласындағы инновациялық шешім – бейнеаналитика және жасанды интеллект элементтері бар зияткерлік көлік жүйесін енгізу болады.
Сондай-ақ қоғам екі автожол учаскесінде цифрлық теңге пайдаланылатын пилоттық жобаны іске қосады, бұл бюджет қаражатын таңбалауға мүмкіндік береді және олардың дұрыс жұмсалмауын жоққа шығарады.
Сонымен қатар қоғам экологиялық және ресурс үнемдеуші технологияларды сынақтан өткізуге қатысады: Қазақстанда 52 инновация материалдардың бірыңғай базасында "жасыл" мәртебеге ие болды және жол құрылысы объектілерінде қолданылуы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу институттарымен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл шеңберінде резеңке үгінділерін қайта өңдеу және жабын сипаттамаларын жақсарту негізінде шешімдер пысықталуда.
Осы технологияларды одан әрі масштабтау, бақылау және басқару процестерін цифрландыруды күшейту, сондай-ақ Қазақстанның климаттық және пайдалану жағдайларына бейімделген инновацияларды жүйелі түрде енгізу жоспарда бар.
"Kaztoll" қоғамының электрондық төлем алу жүйесі 27 ақылы учаскеде жұмыс істейді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауыр салмақты автокөлік құралдарының габариттік параметрлерінің бұзылуы, оларды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің көліктік деректер базасы және тасымалдау серпіні мониторингінің ақпараттық талдау жүйесіне беру туралы деректерді тіркеуге арналған автоматтандырылған арнайы өлшеу құралдарының 22 бірлігі жұмыс істейді.";
"Республикалық жолдар желісін дамыту және күтіп-ұстау" стратегиялық бағыты деген 3.1-тарауда:
1-міндетте "Жол жобаларын іске асыру сапасын арттыру" оныншы бөлік алып тасталсын;
"Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету" стратегиялық бағыты деген 3.4-тарауда:
"Қоғамның теңгерімді дамуын қамтамасыз ету" деген 3-міндетте алтыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Қоғам жол-көлік жарақатын азайту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыруда, онда инфрақұрылымдық, сондай-ақ ұйымдастырушылық шаралар қамтылған. Қоғам тәуекелдерді азайту, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік жарақатын қоса алғанда, жол-көлік оқиғалары салдарының ауырлығын төмендетуге ықпал ететін жағдайлар жасау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.";
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспарына 1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысына 1-қосымша "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша |
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ сандық және сапалық көрсеткіштері
Р/ с № | Стратегиялық бағыт | Міндеттің атауы | Қызметтің негізгі көрсеткіші | Жылдар бойынша көрсеткіштердің мәні | |||||||||
2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 | 2031 | 2032 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
1 | Республикалық жолдар желісін дамыту және күтіп-ұстау | 1-міндет. Жол жобаларының іске асырылу сапасын арттыру | 2019 жылға қатысты негізгі капиталға инвестициялардың өсімі*, % | 15,1 | 152,8 | ||||||||
Өткен жылға қатысты негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі, кемінде, % | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |||||
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бойынша I және II техникалық санаттағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, % | 50 | 55 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | |||
Іске асырылатын жобалар бөлінісінде қайта жаңартылған автомобиль жолдарының үлесі (жол жүрісін ашу),% | 45 | 47 | 50 | 20 | 35 | 14 | 10 | 13 | |||||
Құрылыспен қамтылған автомобиль өткізу пункттерінің үлесі,% | 16 | 19 | 22 | 38 | 54 | 69 | 85 | 100 | |||||
Күрделі және орташа жөндеумен қамтылған республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың үлесі, % | 30,8 | 35,3 | 40,9 | 17,5 | 15 | 10 | 10 | 10 | |||||
Нормативтік жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі**, % | 94 | 97 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 100 | |||
2-міндет. Жолдарды күтіп-ұстаудың заманауи тәсілдерін енгізу | Кешенді-нысаналы бағдарламаның жоспарлы мәндерінің орындалуы, % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | ||
Автожолдарды күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасымен жарақтандыру, % | 90 | 95 | 100 | 48 | 50 | 52 | 54 | 56 | |||||
2 | Автожолдардың қолжетімді және іркіліссіз ақылы желісі | 1-міндет. Автожолдарда ақы жүйесін сапалы енгізу | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ақы алу жүйесін енгізу, % | 20 | 27 | ||||||||
Республикалық маңызы бар автожолдардың ақылы учаскелерін енгізуге инфрақұрылым дайындау, % | 22 | 30 | 36 | 36 | 36 | 36 | 36 | 36 | |||||
2-міндет. Пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін арттыру | Ақылы автожолдарды пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі, % | 95 | 95 | 95 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | ||
3 | Жол бойындағы сервисті дамыту | 1-міндет. Жол бойындағы бизнесті дамыту |
Жол бойындағы сервис объектілерін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі, % | 60 | 65 | 70 | 75 | 80 | 85 | 90 | 95 | 100 | 100 |
2-міндет. Жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту |
Ұлттық стандартқа сәйкес жол бойындағы сервис объектілерімен қамтамасыз етілген автомобиль жолдарының үлесі, % | 82 | 90 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | ||
3-міндет. Биоәралуандықты қорғау | Жасыл желектерді отырғызу жүзеге асырылған демалыс алаңдарының саны, бірлік | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | |||
4 | Қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету | 1-міндет. Бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету | ERP жүйесінің модулін енгізу (SMART QAJ), бірлік | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Республикалық автомобиль жолдары желісінің цифрлық картасын жасау, кемінде % | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |||
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату, бірлік | 15 | 18 | 8 | 11 | 9 | 20 | 21 | 25 | 30 | 30 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
2-міндет. Орнықты дамудың ажырамас элементі ретінде қаржылық орнықтылықты күшейту | Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 1,0 | 1,0 | ||||||||||
2019 жылға арналған жоспарлы көрсеткішке қатысты еңбек өнімділігінің өсімі, %-бен | 35 | 40 | |||||||||||
Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022 (жоспар) 100 % | 132,6 | 143,7 | 156,6 | 163,7 | 171,4 | 179,8 | 188,8 | 198,5 | |||||
3-міндет. Қоғамның теңгерімді дамуын қамтамасыз ету |
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру,**** мың адам, | 85 | 75,9 | ||||||||||
тұрақты | 1 | 0,9 | |||||||||||
уақытша | 84 | 75 | |||||||||||
Корпоративтік басқаруды бағалау, бірлік | 1 | 1 | 1 | 1 | |||||||||
Шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесін арттыру, % | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысына 2-қосымша "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша |
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
Р/с | Міндеттің/түйінді көрсеткіштің атауы |
Есептеу әдістемесі | |
Міндеттер | Түйінді көрсеткіштер | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жол жобаларын іске асыру сапасын арттыру | 2019 жылғы деңгейге қатысты негізгі капиталға инвестициялардың өсімі, % | 2019 жылғы деңгейге қатысты инвестиция өсімінің % (пайызы) |
Өткен жылға қатысты негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі, кемінде % | Есепті жылдағы инвестициялардың өткен жылғы инвестицияларға қатынасы | ||
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бойынша I және II техникалық санаттағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, % | I және II техникалық санаттағы жолдар ұзындығының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығына қатынасы | ||
Іске асырылатын жобалар бөлінісінде қайта жаңартылған автомобиль жолдарының үлесі (жол жүрісін ашу), % | Іске асырылып жатқан жобалар бөлінісінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобалары бойынша іс жүзінде жол жүрісінің ашылуы (өспелі қорытындымен) | ||
Құрылыспен қамтылған автомобиль өткізу пункттерінің үлесі,% | Қамтылған автомобиль өткізу пункттерінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жалпы өткізу пункттеріне қатынасы | ||
Күрделі және орташа жөндеумен қамтылған республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың үлесі, % | Күрделі және орташа жөндеумен қамтылған республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының республикалық жолдар желісінің жалпы | ||
ұзындығына қатынасы (құрылыс және реконструкциялау жобаларын қоспағанда) | |||
Нормативтік жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, % | Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығына жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығының қатынасы | ||
2 | Жолдарды күтіп-ұстаудың заманауи тәсілдерін енгізу | Кешенді-нысаналы бағдарламаның жоспарлы мәндерінің орындалуы, % | Есепті кезеңдегі жол жұмыстары көлемінің нақты орындалуының жоспарлы кезеңге қатынасы |
Автожолдарды күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасымен жарақтандыру, % | Автожолдарды нормативтік қажеттіліктен күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасымен жарақтандыру (өспелі қорытындымен) | ||
3 | Автожолдарда ақылылық жүйесін сапалы енгізу | Республикалық маңызы бар а/ж жалпы ұзындығында ақы алу жүйесін енгізу, % |
Ақылы учаскелер ұзындығының |
Республикалық маңызы бар автожолдардың ақылы учаскелерін енгізуге инфрақұрылым дайындау,% |
Ақылы учаскелер ұзындығының | ||
Пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін арттыру | Ақылы автожолдарды пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі, % | Автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінің қанағаттанған пайдаланушылар санының сауалнамаға қатысқан пайдаланушылардың жалпы санына қатынасы | |
4 | Жол бойындағы бизнесті дамыту | Жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі, % | Жол сервисі объектілерінің қанағаттандырылған пайдаланушылары санының сауалнамаға қатысқан жол бойындағы сервис объектілерін пайдаланушылардың жалпы санына қатынасы |
Жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту | Ұлттық стандарттарға сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз етілген автомобиль жолдарының үлесі, % | Ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервис объектілерінің нақты санының жол бойындағы сервис объектілерінің жалпы санына қатынасы | |
Биоәралуандықты қорғау | Жасыл желектерді отырғызу жүзеге асырылған демалыс аландарының саны, кемінде бір бірлік | Жасыл желектерді отырғызу жүзеге асырылған демалыс алаңдарының саны | |
5 | Бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету | ERP-жүйесінің модульдерін енгізу (SMART QAJ), бірлік | Енгізілген ERP модульдерінің саны |
Автомобиль жолдарының республикалық желісінің цифрлық картасын жасау | Цифрланған картаның республикалық жолдар желісінің жалпы ұзындығына қатынасы | ||
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату, бірлік | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы | ||
6 | Орнықты дамудың ажырамас элементі ретінде қаржылық орнықтылықты күшейту | Ағымдағы өтімділік коэффициенті | Айналымдағы активтер шамасының жалпы мәнінің қысқа мерзімді міндеттемелер шамасының жалпы мәніне қатынасы |
2019 жылға арналған жоспарлы көрсеткішке қатысты еңбек өнімділігінің өсімі |
Көрсеткіштің нақты орындалуының | ||
Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022 (жоспар) 100, % | Көрсеткіштің нақты орындалуының 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткішке қатынасы | ||
7 | Қоғамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету | Жұмыс орындарын құру, мың адам, оның ішінде: | Еңбек шарты бойынша еңбек ететін және тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысты орындайтын жалдамалы жұмыскерлерді қоса алғанда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және жөндеуді жүзеге асыратын компаниялар жұмыскерлерінің жалпы тізімдік саны |
тұрақты | қызметкерлердің жалпы саны мен уақытша қызметкерлер арасындағы айырмашылық | ||
уақытша | маусымдық, уақытша жұмыскерлердің, оның ішінде автожол саласының сабақтас салалары жұмыскерлерінің саны | ||
Корпоративтік басқаруды бағалау, бірлік | Тәуелсіз ұйымдардың қоғамның корпоративтік басқаруын бағалауы | ||
Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдер үлесінің артуы, % | Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін, басқарманы, директорлар кеңесін, корпоративтік секторды қоса алғанда, басшы әйелдер санының жалпы санға қатынасы | ||
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысына 3-қосымша "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспарына 3-қосымша |
