"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1202 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 6.4, 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 13.1) жолдар, реттік нөмірі 6.4-жол алып тасталсын;

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлім:

      мына:

      "


14.27)

Byron Shipping Limited



      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "



14.28)

"KMG Systems & Services" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі








";

      "QazaqGaz" ҰК" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 18-2.16.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18-2.

16.2.

"GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2025

      ";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде реттік нөмірі 3-1.4-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады