Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1177 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін онымен келісім бойынша немесе оның ұсынуы бойынша шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдардың тізімі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады