ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1096 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – кәдеге жаратылған тауардың аукцион барысында қалыптасатын бағасы;
2) алғашқы баға – кәдеге жаратылған тауардың осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес айқындалатын бағасы;
3) аукцион – тізілімнің веб-порталы пайдаланылып электрондық форматта өткізілетін, қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – тізілім веб-порталының аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бөлімі;
5) аукцион нөмірі – ЭЦҚ болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) баға көтерілетін аукцион – бастапқы баға алдын ала жарияланған қадаммен көтерілетін аукцион әдісі;
7) баға төмендетілетін аукцион – бастапқы баға алдын ала жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион әдісі;
8) бастапқы баға – кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион басталатын баға;
9) ең төмен баға – кәдеге жаратылған тауарды одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;
10) мемлекеттік материалдық резервтің жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімі – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмейтін тамақ өнімі;
11) жеңімпаз – кәдеге жаратылған тауар үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы;
12) жұмылдыру резервi – материалдық құндылықтардың мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою бойынша шара қабылдау, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті шектеулi номенклатура бойынша запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
13) кәдеге жаратылған тауарлар – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары технологиялық өңдеуден өткеннен кейін алынған тауарлар;
14) кәдеге жаратылған тауарларды өткізу – кәдеге жаратылған тауарларды уәкілетті органның міндеттерін жүзеге асыру, басқа мемлекеттік органдарға беру және аукцион өткізу арқылы сату үшін қолдану;
15) кепілдік жарна – аукционға қатысу үшін кәдеге жаратылған тауардың алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша сомасы;
16) қатысушы – аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
17) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін материалдық құндылықтар одан әрі пайдалануға жатпайтын мерзім;
18) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) – жұмылдыру мұқтажына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою бойынша шара қолдануға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
19) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
20) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шарт негізінде қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік резерв саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары (бұдан әрі – операция жасау жоспары) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;
23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару – тұтынушылық қасиеттерінен толық немесе ішінара айырылуы, оның ішінде физикалық және моральдық тозуы салдарынан мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тануға байланысты іс-шаралар кешені;
24) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына оларды одан әрі пайдалану, оған адам мен жануарлардың қол жеткізу мүмкіндігін жоққа шығаратындай әсер ету (термиялық, химиялық, механикалық не өзге) рәсімі;
25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды жоққа шығаратын және (немесе) өзге өнім шығарып технологиялық өңдеу;
26) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері (бұдан әрі – сақтау нормативтері) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері (бұдан әрі – сақтау пункттері) және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шарт негізінде сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
28) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтары – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған, жарамдылық және сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларына сәйкес келмейтін материалдық құндылықтар;
29) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату – экономикалық пайданы айқындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын эксперименттік кәдеге жарату;
30) сақтау мерзімі өткен өзге материалдық құндылықтар – тамақ өнімдерін қоспағанда, сақтау мерзімі өткен және зертханалық зерттелуге (сыналуға) тиіс тауарлар;
31) сату бағасы – кәдеге жаратылған тауардың аукцион нәтижесінде белгіленген түпкілікті бағасы;
32) сатып алушы – сатып алу-сату шартын жасасқан аукцион жеңiмпазы;
33) сатып алу-сату шартының идентификаторы – тізілім веб-порталы беретін сатып алу-сату шартының бiрегей нөмiрі;
34) технологиялық есеп-қисап – кәдеге жаратылған тауардың шығуы үшін қажетті шикізаттың атауы мен мөлшерін қамтитын, оның көлемін көрсететін есеп-қисап. Қойылған міндеттерге байланысты нақты, теориялық немесе технологиялық өнімділік есептеледі;
35) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) кәдеге жаратылған тауарлары туралы электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
36) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
37) экономикалық есеп-қисабы – кәдеге жаратылған тауардың өзіндік құнының есеп-қисабы, ол шикізаттың есеп-қисабын, саны мен құнын, өңдеу бойынша өндірістік жұмыстардың атауы мен құнын есептеуді қамтиды;
38) экономикалық пайда – экономикалық және технологиялық есеп-қисаптарды салыстыру арқылы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратудың рентабельділігін белгілеу;
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару тәртібі
3. Сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар ведомствоға, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік ұйымға жыл сайын, 30 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 күніне дейінгі мерзімде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің тізбесін ұсынады.
4. Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органдардың жұмылдыру резервін қоспағанда (бұдан әрі – материалдық резерв) одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің және мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарының ұсынылған тізбесі негізінде, материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде ведомство басшысының бұйрығымен материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөнінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
5. Материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөніндегі комиссияның құрамына мыналар кіреді:
1) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);
2) ведомстволық бағынысты ұйым басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;
3) ведомствоның бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
4) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
5) ведомствоның материалдық резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері;
6) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты жұмыскері;
7) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскері.
6. Одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің және жұмылдыру резервінің өзге де материалдық құндылықтарының ұсынылған тізбесі негізінде жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөнінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
7. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөніндегі комиссияның құрамына:
1) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);
2) жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйым басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;
3) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
4) жұмылдыру тапсырыстары/сақтау пункті белгіленген ұйымның бухгалтерлік қызметінің жұмыскері;
5) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның ведомствоның жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері;
6) жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты жұмыскері;
7) жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымның сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскері кіреді.
8. Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін анықтау үшін комиссия:
1) есептен шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тікелей қарап тексеруді жүзеге асырады, бұл ретте нормативтік және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланады және оның қайта қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды;
2) есептен шығарылатын материалдық құндылықтардың жинақтылығын тексереді;
3) материалдық құндылықтарды сауда-саттықтарда өткізу, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру, нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдалану бойынша қабылданған шаралар туралы материалдарды тексереді;
4) есептен шығару себептерін анықтайды;
5) материалдық құндылықтарды сақтау кезінде сақтау нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуді, есептен шығарылатын мүліктің жекелеген түзілімдерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
Мемлекеттік резервтің:
1) жарамдылық және сақтау мерзімі өткен;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін материалдық құндылықтары есептен шығарылады.
9. Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін қарап тексеру қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару актісін (бұдан әрі – есептен шығару актісі) жасайды, оған комиссия төрағасы және комиссияның барлық мүшелері 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 (екі) данада қол қояды.
Есептен шығару актісінің бір данасы сақтау пунктінде, ведомстволық бағынысты ұйымда немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымда қалады, есептен шығару актісінің екінші данасы оған қол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға жіберіледі.
Есептен шығарылмайтын материалдық құндылықтарды тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Есептен шығару актісін алғаннан кейін ведомство немесе жұмылдыру тапсырысын орындайтын мемлекеттік орган 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және (немесе) ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдарға санитариялық-эпидемиологиялық және (немесе) ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізу үшін құзыреті бойынша сұрату жібереді, олардың қорытындысы бойынша зерттеу (сынақ) хаттамалары ресімделеді.
Мемлекеттік резервтің өзге материалдық құндылықтарын зертханалық зерттеуді аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді, оның қорытындысы бойынша зерттеу хаттамасы жасалады.
11. Тамақ өнімдерін зерттеу (сынау) хаттамаларының негізінде күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде ведомство басшысының немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының не оларды алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – кәдеге жарату немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссия) құрылады.
Материалдық резервті кәдеге жарату немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссияның құрамына:
1) ведомство басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);
2) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;
3) ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;
4) ведомствоның материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлері;
5) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты жұмыскерлері;
6) ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскерлері;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және ветеринария саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.
Жұмылдыру резервін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссияның құрамына:
1) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);
2) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;
3) жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;
4) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлері;
5) жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты жұмыскерлері;
6) жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің жұмыскерлері;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және ветеринария саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.
12. Отырыс нәтижесі бойынша кәдеге жарату және жоюды айқындау жөніндегі комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау хаттамасын жасайды.
13. Ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату бойынша көрсетілген қызметтерді сатып алады.
14. Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеу хаттамасының және мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату нәтижелерінің негізінде комиссия 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық пайда туралы қорытынды жасайды, онда экономикалық және технологиялық есеп-қисаптарды көрсетеді және кәдеге жаратудың және жоюдың орындылығын анықтайды.
Технологиялық есеп-қисап сапа және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өнімді қайталама өңдеу технологиясын таңдау арқылы жүргізіледі.
Экономикалық есеп-қисап теңгерімдік құнмен салыстырғанда нарық конъюнктурасына сәйкес кәдеге жаратылған тауардың құнын (мониторингтеуді) қамтиды, оның нәтижесі кәдеге жаратудың рентабельділігін айқындайды.
15. Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды немесе жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеу хаттамасының және экономикалық пайда туралы қорытындының негізінде уәкілетті орган мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдайды. Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті органның және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдайды.
16. Жою немесе кәдеге жарату кезінде броньнан шығару тәртібімен шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы саласындағы заңнамасына сәйкес құпиясыздандырылады.
3-тарау. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою тәртібі
17. Уәкілетті орган материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомстволық бағынысты ұйым, сақтау пункті материалдық резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою үшін шаралар қабылдайды немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою үшін шаралар қабылдайды.
18. Материалдық құндылықтарды жою үшін шығару уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд берудің нысандары мен тәртібі негізінде жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жоятын жер туралы шешім қабылдау үшін ведомстволық бағынысты ұйым, сақтау пункттері немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
20. Уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган шешім қабылдағанға дейін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюға жол берілмейді.
21. Ведомстволық бағынысты ұйым, сақтау пункттері материалдық резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жойған кезде ведомствоның, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өртке қарсы қызмет, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерін тартады.
Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жою кезінде сақтау пункттері немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өртке қарсы қызмет, ішкі істер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерін тартады.
22. Мемлекеттік резервтің өртену, жарылу қаупі бар, сондай-ақ арнайы технология бойынша жоюдың айрықша жағдайларын талап ететін материалдық құндылықтарын жоюды оларды жоюға тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
23. Адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Жарамсыз болып қалған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
25. Мемлекеттік резервтің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын жоюды жүргізген сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 (екі) данада мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою туралы акт (бұдан әрі – жою туралы акт) жасайды.
Жою туралы актінің бір данасы сақтау пунктінде, ведомстволық бағынысты ұйымда немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымда қалады, екінші данасы оған қол қойылған кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға жіберіледі.
26. Ведомство жою туралы актінің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығарады.
Жою туралы актінің негізінде жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есептен шығарады.
4-тарау. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату тәртібі
27. Материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату үшін броньнан шығару туралы уәкілетті органның шешімі негізінде ведомство оларды кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастырады.
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның шешімі негізінде жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган оларды кәдеге жарату үшін кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастырады.
28. Кәдеге жаратылатын тамақ өнімдері:
шикізат алу;
зарарсыздандыру;
өнеркәсіптік қайта өңдеу;
мал азығын алу және тағы басқа мақсатта технологиялық қайта өңдеуге ұшырайды.
29. Материалдық құндылықтарды кәдеге жарату мақсатында шығару уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд берудің нысандары мен тәртібі негізінде жүзеге асырылады.
30. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату жүргізілгеннен кейін кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсетуші ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы акт (бұдан әрі – кәдеге жарату туралы акт) ұсынады.
32. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары кәдеге жаратылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес кәдеге жарату туралы актінің негізінде есептен шығарылады.
33. Тамақ өнімі ретіндегі материалдық құндылықтар кәдеге жаратылған жағдайда кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсетуші техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес кәдеге жаратылған тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы және (немесе) өзге нысандағы құжаттарды ұсынады.
Өзге материалдық құндылықтар кәдеге жаратылған жағдайда кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсетуші техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес кәдеге жаратылған тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы және (немесе) өзге нысандағы құжаттарды ұсынады.
34. Материалдық құндылықтар кәдеге жаратылғаннан кейін кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау қызметі субъектісін тарту арқылы кәдеге жаратылған тауарды бағалауды өз есебінен жүргізеді.
Кәдеге жаратылған тауар бағалау туралы есепте көрсетілген баға бойынша ведомствоның немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның есебіне қойылады.
35. Кәдеге жаратылған тауарларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне және мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ұсынылатын қызметтерді көрсету туралы электрондық акт негізінде жүзеге асырылады.
Есепке алынған кәдеге жаратылған тауарлар кейіннен өткізу үшін ведомствоның, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданады.
5-тарау. Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібі
36. Егер кәдеге жаратылған тауар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлеміне кіретін тауарға сәйкес келсе, онда кәдеге жаратылған тауар мемлекеттік резервтің қойылған міндеттерін қамтамасыз ету үшін ведомствоның немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның теңгеріміне қойылады.
Қалған жағдайларда кәдеге жаратылған тауарлар:
1) Операция жасау жоспарына сәйкес тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу;
2) басқа мемлекеттік органдардың немесе ведомстволық бағынысты ұйымның теңгеріміне беру арқылы өткізіледі.
1-параграф. Кәдеге жаратылған тауарларды аукцион өткізу арқылы өткізу
37. Аукцион комиссиясын ұйымдастыру үшін ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган аукцион комиссиясын құрады, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және аукцион комиссиясының мүшелері кіреді. Аукцион комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды.
Аукцион комиссиясының төрағасы ретінде басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға немесе оны алмастыратын тұлға айқындалады. Аукцион комиссиясының төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын оның орынбасары атқарады.
Аукцион комиссиясының ұйымдастыру қызметін аукцион комиссиясының хатшысы қамтамасыз етеді, ол ведомствоның немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары қатарынан айқындалады. Хатшы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бермейді.
38. Аукциондық комиссияның отырыстары аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі және аукциондық комиссияның қатысқан мүшелері, оның төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Аукциондық комиссия мүшесі болмаған жағдайда аукциондық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
Аукциондық комиссия шешімдері қатысып отырған аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
39. Әрбір кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін аукциондық комиссия тізілімнің веб-порталына мынадай құжаттардың:
1) сәйкестікті растау саласындағы құжаттың;
2) кәдеге жаратылған тауарлардың жай-күйін көрсететін кәдеге жаратылған тауарлардың кемінде 3 дана фотосуретінің;
3) сатып алу-сату шарты жобасының электрондық көшірмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Хабарлама жарияланғаннан кейін аукциондық комиссия тізілімнің веб-порталы арқылы барлық ниет білдірушілердің кәдеге жаратылған тауар туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
40. Аукцион өткізу туралы хабарламаны аукциондық комиссия ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Аукцион өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
1) аукционның өткізілетін күні және уақыты;
2) аукционның әдісі;
3) кәдеге жаратылған тауардың атауы, көлемі, алғашқы бағасы қамтылған кәдеге жаратылған тауар туралы мәліметтер;
4) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы және ең төмен бағалары (баға төмендетілетін аукцион өткізілген кезде);
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны аудару үшін банк деректемелері;
6) өтінімдерді қабылдау мерзімі;
7) аукцион өткізу тәртібі, оның ішінде аукционға қатысуды ресімдеу тәртібі, аукцион жеңімпазын айқындау шарттары;
8) кәдеге жаратылған тауар туралы қосымша ақпарат, оның ішінде кәдеге жаратылған тауарды шығару мерзімі және орналасқан жері, қосылған құн салығының есеп-қисабы қамтылады.
41. Кәдеге жаратылған тауардың алғашқы бағасы баланстық құн негізінде айқындалады.
42. Аукциондық комиссия Операция жасау жоспары қабылданған немесе кәдеге жаратылған тауар Операция жасау жоспарына енгізілген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде кәдеге жаратылған тауарды бірінші аукционға шығарады.
Аукцион өтпеді деп танылған жағдайда әрбір келесі аукцион әрбір жиырма жұмыс күні сайын жүзеге асырылады.
43. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі.
44. Қатысушыларға кепілдік жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі.
Аукционда жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан артық болса, онда бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталында ведомство мен сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеңімпазға айырманы қайтарады.
45. Кепілдік жарна:
1) жеңімпазға – сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда;
2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы, жеке немесе заңды тұлға тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ қойған кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.
46. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, одан кейін қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
47. Аукционға қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында тіркелу, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукционға қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінімі) толтыру қажет.
48. Ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға дайындалатын және ол өткізілетін бүкіл кезең ішінде аукционға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
49. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген кәдеге жаратылған тауар бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында бар-жоғы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
50. Қатысушының осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда веб-портал өтінімді қабылдауды және кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион нәтижелері айқындалғанға дейін кепілдік жарна сомасын бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны аукционға жіберуді жүргізеді. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда веб-портал қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Веб-портал автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
51. Аукцион өткізілгенге дейін қатысушы кәдеге жаратылған тауарлардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізе алады. Мұндай сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстар қатысушыға жүктеледі.
Сараптамаға қажетті кәдеге жаратылған тауарлардың көлемін сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген заңды тұлға айқындайды.
Сараптама жүргізу үшін қатысушы:
1) ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға сынама алу үшін сараптама жүргізуге қажетті кәдеге жаратылған тауарлардың атауы және орналасқан жері қамтылған хатты;
2) кәдеге жаратылған тауарлардың техникалық регламенттерде немесе стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдерін жүргізу үшін кәдеге жаратылған тауарлардың қажетті мөлшерін ұсыну туралы сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген заңды тұлғаның хатын;
3) сараптамаға арналған кәдеге жаратылған тауарлардың көлемі үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасын немесе нотариат растаған көшірмесін ұсынады.
52. Сараптамаға арналған кәдеге жаратылған тауарлардың көлемі үшін ақы төлеу кәдеге жаратылған тауардың бастапқы бағасына қарай есептеледі және республикалық бюджетке енгізіледі.
Сараптамаға арналған кәдеге жаратылған тауарлардың көлемі үшін төлем алынғаннан кейін ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік резервтен кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд жазып береді.
Наряд негізінде қатысушы сараптама жүргізу үшін кәдеге жаратылған тауарларды алады.
Кәдеге жаратылған тауарлардың сапалық жай-күйі бойынша сараптама, техникалық регламент пен стандарттау жөніндегі құжаттарың талаптарына сәйкестіктігін бағалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Тізілім веб-порталы аукционды өткізу басталғанға дейін кемінде бес минут қалғанда электрондық өтінімін кері қайтарып алған қатысушының аукцион нөмірін жояды.
54. Аукцион сауда-саттықтың баға көтерілетін немесе баға төмендетілетін екі әдісімен өткізіледі.
Баға көтерілетін аукцион өткізгенде кәдеге жаратылған тауардың бастапқы бағасы кәдеге жаратылған тауардың алғашқы бағасына тең болады.
Баға төмендетілетін аукцион өткізілген жағдайда бастапқы баға алғашқы бағаны 3 (үшке) тең жоғарылатушы коэффициентке көбейту жолымен айқындалады.
55. Кәдеге жаратылған тауар бірінші сауда-саттыққа баға көтерілетін әдіс қолданылатын аукционға шығарылады.
Кәдеге жаратылған тауар екінші сауда-саттыққа баға төмендетілетін әдіс қолданылатын аукционға шығарылады, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі басқа баға белгіленеді.
Кәдеге жаратылған тауар үшінші сауда-саттыққа баға төмендетілетін әдіс қолданылатын аукционға шығарылады, ең төмен баға белгіленбейді.
56. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион кәдеге жаратылған тауардың бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
57. Аукцион сейсенбі – жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады.
58. Егер баға көтерілетін аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда кәдеге жаратылған тауарды сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтті деп танылады.
Егер баға төмендетілетін аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
59. Егер аукцион басталған сәтте кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион залындағы аукционға қатысушы екеуден аз болса, онда осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
60. Баға көтерілетін аукцион:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушы бастапқы бағаны осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтпеді деп танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі бастапқы бағаны осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
3) егер бастапқы немесе ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы құнды арттыру жолымен кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растамайтын болса, онда кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтті деп танылады.
Кәдеге жаратылған тауар бойынша бағаны көтерілетін аукцион қатысушылардың бірі ең жоғары баға ұсынғанға дейін өткізіледі.
61. Баға төмендетілетін аукцион:
1) егер аукцион басталған кезден сәттен екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растамайтын болса, онда кәдеге жаратылған тауардың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес белгіленген бағадан бір қадамға азайтылады;
2) егер баға азайтылғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растамайтын болса, онда кәдеге жаратылған тауардың соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азайтылады.
Жарияланған баға бойынша кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы баға төмендетілетін аукционның жеңімпазы болып танылады және осы кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион өтті деп танылады;
3) егер кәдеге жаратылған тауардың бағасы белгіленген ең төмен мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі кәдеге жаратылған тауарды сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өтпеді деп танылады.
62. Осы Қағидалардың 58-тармағының екінші бөлігінде, 59-тармағында, 60-тармағының 1) тармақшасында және 61-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды, ол тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.
63. Бағаны өзгерту қадамы:
1) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы баға көтерілетін аукционда 10 пайыз мөлшерінде және баға төмендетілетін аукционда 5 пайыз мөлшерінде;
2) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерінен 50000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы баға көтерілетін аукционда 7 пайыз мөлшерінде және баға төмендетілетін аукционда 5 пайыз мөлшерінде;
3) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен бастап 100000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде;
4) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен бастап 250000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы баға көтерілетін аукционда 2,5 пайыз мөлшерінде және баға төмендетілетін аукционда 5 пайыз мөлшерінде;
5) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселенген мөлшерінен бастап 500000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы баға көтерілетін аукционда 1 пайыз мөлшерінде және баға төмендетілетін аукционда 5 пайыз мөлшерінде;
6) кәдеге жаратылған тауардың бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 500000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы баға көтерілетін аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде және баға төмендетілетін аукционда 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
64. Әрбір сатылған кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган және жеңімпаз аукцион өткізілген күні тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен ведомствоның немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
65. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушыға:
1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторына бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарлама шығару жолымен хабардар етіледі;
2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабар беріледі.
66. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтар фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы тарапынан болған кезде тізілім веб-порталына ақпаратты орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
67. Қатысушының компьютер және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болған кезде аукцион жалғаса береді.
68. Тізілім веб-порталында осы Қағидалардың 65-тармағында көрсетілген техникалық ақаулық фактісі болып, аукционды жүргізуге немесе аукцион өткізу рәсіміне кедергі болған жағдайда бірыңғай оператор бұл туралы ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға жазбаша хабарлайды және аукционды техникалық ақаулықтар жөнделген күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады, аукционға қатысқан қатысушыларды тізілімнің веб-порталына ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы осы аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар етеді.
69. Сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында электрондық форматта жасалады және ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мен жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Шартта оны жасасудың негізі ретінде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сілтеме көрсетіледі.
Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды, ол тізілім веб-порталында қалыптастырылады және бұл кәдеге жаратылған тауар күшін жойған аукцион шарттарымен аукционға қайтадан шығарылады.
70. Аукционда жеңген тұлға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және ведомствоға ол нақты шеккен шығынды өтейді.
71. Сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасынан кепілдік жарна шегеріп тасталған соң, сатып алушы оны сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізеді, бұл ретте төлем мақсатында сатып алушы сатып алу-сату шартының сәйкестендіргішін көрсетеді.
72. Төлем мерзімі өтіп кетіп, шарт жасалған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен асқан жағдайда ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган шартты біржақты тәртіппен бұзады.
Бұл жағдайда кәдеге жаратылған тауар күшін жойған аукцион шарттарымен қайта өтетін аукционға қайтадан шығарылады.
73. Кәдеге жаратылған тауарларды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес қабылдау-тапсыру актісі, шығару актісі негізінде сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушының толық төлеуі шартымен жүргізіледі.
74. Кәдеге жаратылған тауарды өткізу уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд берудің нысаны мен тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
75. Сатып алушы қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жағдайда ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, ол тізілім веб-порталында қалыптастырылады.
76. Ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган және сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп саналады.
77. Кәдеге жаратылған тауарлар өткізілгеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес есептен шығарылады.
78. Кәдеге жаратылған тауарларды өткізуден алынған қаражатты бірыңғай оператор ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган тізілімнің веб-порталына қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі туралы мәліметтерді енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
2-параграф. Кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру арқылы өткізу
79. Уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган қажет болған кезде және егер аукцион қорытындылары бойынша кәдеге жаратылған тауар өткізілмеген жағдайда кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың немесе ведомстволық бағынысты ұйымның теңгеріміне беруді жүзеге асырады.
80. Кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру алушы мемлекеттік органдармен және уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
81. Уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органдардың немесе ведомстволық бағынысты ұйымның теңгеріміне беру үшін өзінің интернет-ресурсында беруге жататын кәдеге жаратылған тауарлардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) орналастырады және оны мемлекеттік органдарға немесе ведомстволық бағынысты ұйымға жібереді.
82. Мемлекеттік органдар тізбені 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және уәкілетті органға кәдеге жаратылған тауарларды қабылдау туралы кәдеге жаратылған тауарлардың атауы, саны, өлшем бірлігі туралы мәліметтер қамтылған өтінім береді.
83. Уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарайды және келіседі не себептерін көрсете отырып, оларды келісуден бас тартады.
84. Мемлекеттік органдардың өтінімі келісілгеннен кейін кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру туралы шешім қабылдау үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көлік шығыстары, оның ішінде кәдеге жаратылған тауарларды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар алушы мемлекеттік органның есебінен жүзеге асырылады.
85. Кәдеге жаратылған тауарларды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес қабылдау-тапсыру актісі, шығару актісі негізінде жүргізіледі.
86. Кәдеге жаратылған тауарларды беру туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган бекіткен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік резервтен өткізуге наряд берудің нысаны мен тәртібіне сәйкес наряд береді.
87. Кәдеге жаратылған тауарлар өткізілгеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібіне сәйкес есептен шығарылады.
88. Мемлекеттік резервтен өтеусіз алынған тауарларды сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда мемлекеттік органдар берілген кәдеге жаратылған тауарлардың құнын республикалық бюджетке қайтаруды кәдеге жаратылған тауарлар өз теңгеріміне берілген кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етеді.
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 1-қосымша |
1-нысан
Мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесі.
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру тапсырмасы жүктелген ұйымның атауы
____________________________________________________________________
мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз төменде көрсетілген
материалдық құндылықтарының тізбесін ұсынады:
Р/с№ | Материалдық құндылықтардың атауы | Стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы | Өлшем бірлігі | Саны | Салынған күні | Жарамдылық мерзімі нің аяқталу күні | Бір бірлігінің бағасы | Жалпы құны | Техникалық жай-күйі | Ескертпе (материалдық құндылықтардың жарамсыздығын құрайтын басқа да себептер) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қолдары:
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру
тапсырмасы белгіленген ұйымның басшысы
______________________/ __________________/ ______________ лауазымы
қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру
тапсырмасы белгіленген ұйымның бас бухгалтері
______________________/ __________________/ ______________ лауазымы
қолы қолтаңбаның толық жазылуы
2-нысан
Одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің тізбесі
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру тапсырысы
белгіленген ұйымның атауы
__________________________ __________________________
одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің төменде көрсетілген тізбесін
ұсынады:
Р/с № | Тамақ өнімдерінің атауы | Стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы, | Өлшем бірлігі | Саны | Салынған күні | Жарамдылық мерзімі нің аяқталу күні | Бір бірлігінің бағасы | Жалпы құны | Техникалық жай-күйі | Ескертпе (тамақ өнімдерінің жарамсыздығын әкелген басқа да себептер ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қолдары:
Ведомстволық бағынысты ұйымның немесе сақтау пунктінің басшысы
______________/ _____________/ __________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Ведомстволық бағынысты ұйымның немесе сақтау пунктінің бас бухгалтері
_____________/ _____________/ ___________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару туралы № _____ акт
____жылғы "__" ________________
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру
тапсырмасы белгіленген ұйымның атауы
__________________________________________________________
Ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің немесе жұмылдыру
тапсырмасы белгіленген ұйымның толық мекенжайы
_________________________________________________________
____ж. "__" _________ № _____ бұйрықпен мынадай құрамда құрылған комиссия:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерінің және
жарамсыз өзге де материалдық құндылықтарының тізбесі негізінде ведомстволық
бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің не жұмылдыру тапсырысы белгіленген
ұйымның материалдық жауапты тұлғасының қатысуымен есептен шығарылатын
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарап-тексеруді жүзеге асырды,
бұл ретте нормативтік және техникалық құжаттама, сондай-ақ бухгалтерлік есеп
деректері пайдаланылды.
Құжаттармен танысу, материалдық құндылықтарды қарау (тексеру) барысында
мынадай жайттар анықталды:
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Стандарттау жөніндегі құжаттардың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы | Өлшем бірлігі | Саны | Дайындалған күні | Салынған күні | Жарамдылық /сақтау мерзімі нің аяқталу күні | Бір бірлігінің бағасы | Жалпы құны | Техникалық жай-күйі | Есептен шығару себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе:
Түрлі маркалы бұйымдарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды бөлек жолда көрсету
қажет.
Мөрдің (бар болса) орны
Комиссия төрағасы
_____________/ ____________/ ____________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Комиссия мүшелері: _____________/ ____________/ _________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
____________/ ____________/____________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жарату мен жоюды айқындау хаттамасы 20__ ж. "__" _________ №___
______ жылғы "__" ______ № ___ бұйрықпен мынадай құрамда құрылған кәдеге
жарату мен жоюды айқындау жөніндегі комиссия:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
20__ ж. "__" ___________ № ___ тамақ өнімдерін зерттеу (сынау) бойынша
ұсынылған хаттамалардың негізінде төмендегі туралы шешім қабылдады:
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Жарамдылық/сақтау мерзімінің өткен күні | Өлшем бірлігі | Жойылады, саны | Кәдеге жаратылады, саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қолдары:
Кәдеге жарату мен жоюды айқындау жөніндегі комиссия төрағасы:
_____________/ ____________/ ____________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Кәдеге жарату мен жоюды айқындау жөніндегі комиссия мүшелері:
_____________/ ____________/ ____________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Ескертпе: жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жарату осы Қағидаларға 4-қосымша сәйкес нысан бойынша экономикалық пайда туралы қорытындыға сәйкес кәдеге жаратудың орындылығы анықталған жағдайда жүргізіледі.
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Экономикалық пайда туралы № ___ қорытынды
20__ ж. "__" _____________
____ жылғы "__" _____ № ___ бұйрықпен мынадай құрамда құрылған комиссия:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
20__ ж. "__"________ № ___ жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге
жарату мен жоюды айқындау хаттамасын, 20__ ж "___" ________ № ___ өзге
материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер хаттамасын және 20__ ж.
"__"________ № ___ мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз
материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату нәтижелерін қарап,
экономикалық және технологиялық есеп-қисап жасады:
Р/с№ | Материал- дық құндылық тың атауы | Саны мен өлшем бірлігі | Технологиялық есеп-қисап | Экономикалық есеп-қисап | |||
Кәдеге жаратылған тауарды өндіруге арналған шикізат тың атауы | Кәдеге жаратылған тауарды өндіруге арналған шикі заттың саны мен өлшем бірлігі | Кәдеге жаратылған тауардың атауы | Кәдеге жаратылған тауардың саны мен өлшем бірлігі | Кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызмет құны | Кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетуші айқындаған кәдеге жаратылған тауарлардың құны | Статистикаға сәйкес орташа нарық тық құны | |
Комиссия қорытындысы: ____________________________________
__________________________________________________________
Қолдары:
Комиссия төрағасы ______________/ ____________/________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Комиссия мүшелері: ____________/ ____________/ _________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою туралы 20__ ж "__" _________ № ____ акт
___________________________________________________________
ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің не жұмылдыру тапсырмасы
белгіленген ұйымның атауы______________________________________________
ведомстволық бағынысты ұйымның, сақтау пунктінің не жұмылдыру тапсырысы
белгіленген ұйымның толық мекенжайы
Біз: _______________________________________________________
(мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жоюға қатысқан тұлғалардың
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), жұмыс орны, лауазымы)
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою үшін броньнан шығару
туралы уәкілетті органның ____ жылғы "___" _____________
№ ______ шешімі негізінде төменде аталған мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға
жарамсыз материалдық құндылықтарын жойдық:
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы | Өлшем бірлігі | Саны | Жою үшін негіз | Жою тәсілі | Жойылған орны | Жойылған уақыты мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарын
жоюға қатысқан тұлғалардың қолдары және Т.А.Ә.
______________/ ____________/ _______________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы 20__ ж. "__" _________ № ____ акт
Тапсырыс берушінің атауы______________________
Кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетушінің атауы ____________________
Кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетуші (толық атауы) уәкілетті органның
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату үшін броньнан
шығару туралы ____ жылғы "__" ________ № ____ бұйрығы және мемлекеттік сатып
алу туралы ____ жылғы "__" _________ № ______ шарты, сондай-ақ ____ жылғы "__"
________________ қабылдау-тапсыру актісі негізінде мемлекеттік резервтің төменде
аталған одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын кәдеге жаратты:
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Материалдық құндылықтардың саны | Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы | Кәдеге жаратылған тауардың атауы | Өлшем бірлігі | Кәдеге жаратылған тауардың саны | Стандарттау жөніндегі құжаттардың нөмірлері, артикулы, сериясы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
_____________________________________/ ______________/ ___________________
Кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетушінің атауы, басшының қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса)
| Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына 7-қосымша |
Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу бойынша аукционға қатысуға арналған өтінім
1. Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) танысып,_________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет
ететін өкілінің Т.А.Ә.)
20 __ жылғы "____"___________мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында
болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) аукционға қатысу үшін кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім (енгіздік):
Р/с | Кәдеге жаратылған тауардың атауы | Кәдеге жаратылған тауар үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||
2 | ||
Жиыны |
3. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).
4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(дар)ы болып танылған жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға ол өткізілген күні қол қоюға және ол өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндеттеме аламын(з).
5. Мынадай:
1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оны өткізу күнінде қол қоймаған;
2) сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімдерде қол қоймаған;
3) мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор оны республикалық бюджет кірісіне жіберетініне келісемін (келісеміз).
6. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге осы өтінімнің сатып алу-сату
шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.
7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын(ыз):
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә._______________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК _________________________________________________________
БСК __________________________________________________________
Банктің атауы __________________________________________________
Кбе __________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСК/БСК______________________
Жеке тұлға үшін:
Т.А.Ә. ______________________________________________________
ЖСН _______________________________________________________
Паспорт деректері ____________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі:___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК _________________________________________________________
БСК __________________________________________________________
Банктің атауы __________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСК/БСК ______________________
Өтінім берушінің ЭЦҚ деректері;
Өтінім берушінің ЭЦҚ қол қойған күні және уақыты.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында
20__ж. "__" ____ _______ сағат ____ минутта қабылданды.
Қатысушының аукциондық нөмірі _____________________
