"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының атауын "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы деп өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 981 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының атауы "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлiк қоғамы деп өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 19 қарашадағы
№ 981 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі "21-158. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ" деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-221-жолмен толықтырылсын:

      "21-221. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 363-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "363-2. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы.".

      3. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық басқарушы холдингтер" деген бөлімдегі 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы.".

      4. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Бәйтерек" холдингі қызметінің негізгі нысанасы өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру және маңызды ірі жобаларды ұйымдастыру болып айқындалсын.";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері".

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы.".

      6. "Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 275 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатта:

      "4.2.3. Квазимемлекеттік сектор" деген бөлімдегі он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (бұдан әрі – холдинг) ESG қағидаттарын (қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік саналылық, корпоративтік басқарудың жоғары сапасы) және корпоративтік басқарудың үздік стандарттарын ұстана отырып, инвестициялар тарту, өнеркәсіптік-инновациялық даму, ұлттық өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешен мен тұрғын үй-құрылыс секторын кеңейту салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі түйінді даму институты ретінде өз рөлін арттыруды жалғастырады.".

      7. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 528 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларында:

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ бюджеттік кредиттерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған шарттарға және өлшемшарттарға сәйкес тартады.

      32. Осы Кепілдік беру қағидаларының 31-тармағында көзделген ережелер орындалғаннан кейін Даму банкі өз лимиттері шегінде бюджет қаражатын бөлу және осы Кепілдік беру қағидаларына сәйкес кепілдіктер ұсыну мақсатында банктердің тізбесін айқындайды. "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ Даму банкінің жеке банктік шотында "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ мен Даму банкі арасында жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын орналастырады.

      33. Даму банкі қарыз шартына сәйкес "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-дан бюджеттік кредит алуына қарай не банк бюджеттік кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде Даму банкі бюджет қаражатын банкаралық кредит беру шартын жасасу арқылы банктерге мынадай шарттармен бөледі:

      1) нысаналы мақсаты – банктің кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын қаржыландыруы;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі бүтін оннан бес) %-дан аспайды;

      3) кредит беру мерзімі – жиырма жылға дейін;

      4) банктің кредиттік қаражатты игеру мерзімі – банкаралық кредиттеу шарты жасалған күннен бастап он сегіз ай;

      5) кредит беру валютасы – теңге;

      6) кәсіпкерлік субъектісі банк алдындағы кредитті өтеген кезде банктің осы Кепілдік беру қағидаларында айқындалған шарттарда кәсіпкерлік субъектілерін қайтарылған қаражат есебінен қайта қаржыландыруына рұқсат етіледі;

      7) кәсіпкерлік субъектісі үшін банктегі кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Даму банкі кепілдік берген кездегі тәуекелдер үшін комиссияны ескергенде жылдық 11,5 (он бір бүтін оннан бес) %-дан аспайды.".

      8. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына бере алатынына.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидаларының 5-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) қаржы агенттігінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаның қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына беруге құқылы екенімен;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына ұсынады.";

      көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның елу бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына ұсынатынымен;".

      9. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 706 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесіндегі 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы.".

      10. "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штабтың) құрамында:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

      11. "Көміртегі бейтараптығына көшу және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау процесін ұйымдастыру жөнінде жобалық офис құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 201-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Көміртегі бейтараптығына көшу және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау процесін ұйымдастыру жөніндегі жобалық офистің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі".

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі";

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".

      13. "Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 89-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі";

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 77-ө өкімінде:

      1-тармақтағы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".

      15. "Ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 144-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі";

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады