Ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 144-ө Өкімі

      Ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу және ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2025 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлестің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 144-ө өкіміне
қосымша

Ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілі (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "ECOJER" Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Жасыл даму" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан мұнай-газ және энергетика ұйымдарының қауымдастығы "KAZENERGY" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Энергетикалық және тау-кен активтері департаменті директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Мұнай-газ активтері департаменті директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының "Энергия тиімділігі, инновациялық даму және экологиялық қауіпсіздік" департаменті директоры (келісу бойынша)

      "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының химиктер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісу бойынша)

      "QAZCEM" цемент және бетон өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың өзін-өзі реттеу ұйымының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары (келісу бойынша)

      GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы өкілдігінің климаттың өзгеруі бойынша сарапшысы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады