"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 950 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 255-жолдың 5-бағанындағы 3) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 281-жолдың 5-бағанында:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 307-жолдың 5-бағанында:

      9) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      52) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 308-жолдың 5-бағанында:

      "27) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы" деген тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;";

      мынадай мазмұндағы 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      30) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      31) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 310-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      6) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      7) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 344-жолдың 5-бағанындағы 1) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 353-жолдың 5-бағанында:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) "Тұлпар Мұнай Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      18) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады