Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы әскери фельдъегерлік пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Жұматайұлы Қосановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы әскери фельдъегерлік пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 912 қаулысымен мақұлданған |
|
| Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы әскери фельдъегерлік пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2020 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттері әскери құралымдарының мүддесінде Тараптардың құпия және қызметтік ақпаратты жеткізу кезінде оны қорғауды қамтамасыз етудегі өзара мүддесін ескере отырып,
әскери фельдъегерлік пошта байланысы саласында ақпараттық алмасуды және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру және іс-қимылдарды келісу қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
"әскери хат-хабар" – құпия және пошта жөнелтілімдері, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің әскери құралымдары жіберетін және алатын "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құпия және пошта жөнелтілімдері;
"әскери құралымдар" – Тараптар мемлекеттері қарулы күштерінің әскери басқару органдары, әскери бөлімдері мен ұйымдары (мекемелері);
"әскери фельдъегерлік пошта байланысының желісі" – Тараптар уәкілетті органдарының, оның ішінде екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы фельдъегерлік пошта байланысы әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің, әскери хат-хабарды қабылдау, өңдеу және жеткізу, оны межелі жерге жіберу үшін құрылатын бірыңғай жүйеге байланыстырылған жылжымалы байланыс құралдарының (жеткізу құралдарының) және олардың межелі жүру маршруттарының (фельдъегерлік немесе арнайы пошта байланысы маршруттарының) жиынтығы;
"фельдъегерлер" – Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес әскери хат-хабарды жеткізу жөніндегі міндеттерді атқаратын Тараптың уәкілетті органының лауазымды адамдары (оның ішінде курьерлер және қолма-қол жеткізушілер).
Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Ресей тарапынан – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Тараптар уәкілетті органдардың өзгергені туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы өз әскери құралымдарының мүддесінде әскери хат-хабарын жеткізу осы Келісімге Қосымша және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Әскери хат-хабарды әскери фельдъегерлік пошта байланысының желісі арқылы жеткізу туралы ережеге сәйкес бір Тарап мемлекетінің әскери фельдъегерлік пошта байланысының желісі арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар уәкілетті органдарының өзара уағдаласуы бойынша екінші Тарап мемлекетінің әскери құралымдарына жолданған бір Тараптың әскери хат-хабарын жеткізу осы екінші Тараптың әскери фельдъегерлік пошта байланысының желісі арқылы өзінің әскери хат-хабарын жеткізу үшін белгіленген қағидалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Осы Келісімге сәйкес жеткізілетін әскери хат-хабар қол сұғылмайтын болып табылады және осы тармақта көзделген жағдайды қоспағанда, ашылуға да, ұсталуға да жатпайды.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін әскери хат-хабарда Тарап мемлекетінің аумағына (аумағынан) әкелуге (әкетуге) тыйым салынған немесе шектелген жүктер мен заттар (оның ішінде қару, есірткі заттар, психотроптық заттар және (немесе) прекурсорлар, сондай-ақ оларды қолдануға және жасауға арналған құрылғылар) бар деп пайымдауға елеулі негіздер болған жағдайда мемлекет аумағына (аумағынан) әскери хат-хабар әкелінетін (әкетілетін) Тарап мемлекетінің шекара органдары аумағына (аумағынан) әскери хат-хабар әкелінетін (әкетілетін) Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық құралдар арқылы шекаралық бақылауды жүзеге асырады.
Техникалық құралдар арқылы осындай жүктер мен заттарды анықтаған жағдайда аумағында осындай жүктер мен заттар анықталған Тарап мемлекетінің құзыретті органдары фельдъегерлердің жеке басының қолсұғылмаушылығына, олардың қамаудан және ұстап алудан иммунитетіне нұқсан келтірмей, сондай-ақ әскери хат-хабар құрамындағы әкелуге (әкетуге) тыйым салынуға немесе шектелуге жатпайтын құжаттар мен заттардың қолсұғылмаушылығын сақтай отырып, осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізеді.
2. Аумағына әскери хат-хабар жеткізілетін Тарап мемлекетінің шекара органдары екінші Тарап уәкілетті органының фельдъегерлері осы Келісімнің 5-бабында көзделген құжаттарды көрсеткен кезде басым тәртіппен олардың белгіленген өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтуін қамтамасыз етеді.
3. Аумағына әскери хат-хабар жеткізілетін Тарап мемлекетінің мемлекеттік билік органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары өз құзыреті шегінде фельдъегерлерге әскери хат-хабарды жедел жеткізуді ұйымдастыруда жәрдемдеседі және олар өз қызметтік міндеттерін атқарған кезінде, оның ішінде:
1) фельдъегерлер жүрген көлік аварияға ұшыраған жағдайда оларды құтқаруда және қолындағы әскери хат-хабар мен табельдік қарудың сақталуын қамтамасыз етуде қажетті көмек көрсетеді;
2) фельдъегерлер ауырған, мертіккен немесе қаза тапқан не олардың өз міндеттерін атқару мүмкіндігін болғызбайтын басқа да мән-жайлар басталған жағдайда қажетті көмек көрсетеді, әскери хат-хабар мен табельдік қаруды күзету, олардың сақталуы мен қолсұғылмаушылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды және мүддесінде әскери хат-хабар жеткізілетін Тараптың уәкілетті органына дереу хабарлайды.
Мемлекеттің әскери құралымдарының мүддесінде әскери хат-хабарды жеткізу жоспарланатын Тараптың уәкілетті органы екінші Тараптың уәкілетті органын өзінің фельдъегерлері, олардың онда болу кезеңі, жүріп-тұру маршруты туралы алдын ала хабардар етеді.
Фельдъегерлердің Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуі және кетуі Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін жарамды құжаттарын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Фельдъегерлер қызметтік міндеттерін атқарған кезде өздерімен бірге өз Тарапының уәкілетті органы берген табельдік қаруды сақтауға, алып жүруге, қолдануға және пайдалануға құқық беретін ресми құжаттары бар табельдік қару болуы мүмкін.
Фельдъегерлердің табельдік қаруды сақтау, алып жүру, қолдану және пайдалану және күш көрсету тәртібі сол мемлекеттің фельдъгерлеріне қолданылатын, болу мемлекетінің заңнамасында және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын, көрсетілген мәселелер реттелетін халықаралық шарттарда айқындалады.
Әскери хат-хабарды жеткізу кезінде фельдъегерлерге тегі, аты және әкесінің аты, сондай-ақ олардың мәртебесі мен әскери хат-хабарды құрайтын орындар саны көрсетілген ресми құжат (курьер парағы) және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған өзге де құжаттар берілуге тиіс.
Ресми құжатта көрсетілген мәліметтер әскери хат-хабарды жөнелтетін Тарап уәкілетті органының әскери құралымы лауазымды адамының қолымен куәландырылады, сондай-ақ жөнелтушінің мөрімен бекітіледі.
Әскери хат-хабарды жеткізу үшін сыртқы жағында көрінетін әскери хат-хабардың сыртында сәйкестендіру белгілері ("Әскери хат-хабар" деген жазу), пломба және (немесе) жөнелтушінің мөрі бар тиісті түрде ресімделген кез келген сөмке, пакет, конверт, қорап, қап, чемодан немесе басқа да қаптама пайдаланылады.
Фельдъегерлер әскери хат-хабар жеткізілетін Тарап мемлекетінің аумағында қызметтік міндеттерін атқару кезінде болу мемлекетінің қорғауын, жеке басының қолсұғылмаушылығын пайдаланады және өз Тарапы мемлекетінің әскери құралымдарына әскери хат-хабарды берген сәтке дейін қамауға алынбайды немесе ұсталмайды.
Фельдъегерлер болу мемлекетінің заңнамасын сақтауға және оның ішкі істеріне араласпауға міндетті.
Осы Келісімді іске асыру барысында және оның қолданысы тоқтатылғаннан кейін ақпарат алмасу тәртібі, оны қорғау шарттары мен шаралары:
2020 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шарттың 14-бабында;
2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Келісімді іске асыру бойынша шығысты дербес көтереді.
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптардың уәкілетті органдары қажеттілігіне қарай бірлескен кеңестер өткізеді.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты Тараптар арасында туындайтын даулы мәселелер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және келесі 5 жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады. Әрбір Тарап екінші Тарапты осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда тиісті кезең өткенге дейін 6 айдан кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, оның қолданысын тоқтата алады.
20__ жылғы "___" ______ ______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі мәтіндердің күші бірдей.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы әскери фельдъегерлік пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қосымша |
Әскери фельдъегерлік пошта байланысының желісі арқылы әскери хат-хабарды жеткізу туралы ереже
1. Осы Ереже екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан бір Тарап мемлекетінің әскери құралымдарының мүддесінде әскери хат-хабарды бір Тараптың әскери фельдъегерлік пошта байланысы желісі арқылы жеткізу тәртібін айқындайды.
2. Әскери хат-хабар Астана, Мәскеу, Қызылорда немесе Қарағанды қалаларына әуе көлігімен, бұдан әрі әскери құралымдар орналасқан елді мекендерге (орналасу пункттеріне) автомобиль (қажет болғанда – теміржол) көлігімен тікелей жеткізіледі.
Бұл ретте әскери хат-хабар қол жүгі немесе багаж ретінде:
азаматтық авиацияның рейстік әуе кемелерінің жолаушылар салондарында, ал жекелеген жағдайларда – әскери-көлік ұшақтарында және арнайы және пошта рейстерінің тікұшақтарында әуе көлігімен;
жолаушылар вагондарының купелерінде немесе жолаушылар пойыздарының пошта вагондарында теміржол көлігімен;
әскери құралымдардың арнайы автомашиналарында автомобиль көлігімен жеткізіледі.
Тараптардың бірінің әскери фельдъегерлік пошта байланысы желісінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері екінші Тараптың уәкілетті органының фельдъегерлеріне әскери хат-хабарды жеткізуде жәрдем көрсетеді.
Әскери хат-хабар жеткізуді екі фельдъегер (курьер және қолма-қол жеткізуші) жүзеге асырады, олардың біреуі әскери хат-хабарды жеткізу жөніндегі міндетті орындауға жауапты болып тағайындалады.
3. Мүддесінде әскери хат-хабар жеткізілетін Тарап мемлекетінің әскери құралымдары екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы әскери хат-хабарды жеткізген кезде олар аумағында болатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес оны жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
4. Фельдъегерлердің әскери хат-хабарды жеткізген кезде аумағына әскери хат-хабар жеткізілетін Тарап мемлекетінің құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына әскери хат-хабарды жедел жеткізуді ұйымдастыруда жәрдемдесу және олар өз қызметтік міндеттерін атқарған кезде қажетті көмек көрсету үшін жүгінуге құқығы бар.
5. Жеткізілетін әскери хат-хабарға барлық ілеспе құжат орыс тілінде толтырылады. Әскери хат-хабарда мекенжай, мәтін немесе белгі қазақ тілінде жазылғанда олар орыс тіліндегі аудармасымен бірге беріледі.
6. Жеткізу жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің заңнамасында тыйым салынған қауіпті жүктер мен заттарға жататын (оның ішінде қару, есірткі заттар, психотроптық заттар және (немесе) олардың прекурсорлары, сондай-ақ оларды қолдануға және жасауға арналған құрылғылар) осындай жүктер мен қауіпті заттар салынған әскери хат-хабарды жеткізуге жол берілмейді.
