"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 862 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      21-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      50) тармақша алып тасталсын;

      52) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды;";

      мынадай мазмұндағы 95-1) және 95-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-1) жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      95-2) астық нарығы жөніндегі операторға жемдік қорды сақтау шығыстарын өтейді;";

      508-35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      508-36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-36) балық ресурстарының және басқа су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-43) тармақша алып тасталсын;

      508-47) және 508-48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-47) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-48) үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;";

      508-53) тармақша алып тасталсын;

      508-63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-63) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-74) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-77) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-90) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;";

      508-98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-98) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;";

      508-112) және 508-113) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-112) үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;

      508-113) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;";

      508-115) және 508-116) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-115) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      508-116) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;";

      508-125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-125) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-126) тармақша алып тасталсын;

      508-127) және 508-128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-127) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;

      508-128) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;";

      508-130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-130) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.

      Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";

      мынадай мазмұндағы 508-145), 508-146), 508-147), 508-148), 508-149), 508-150), 508-151), 508-152), 508-153), 508-154), 508-155), 508-156), 508-157), 508-158), 508-159), 508-160), 508-161), 508-162), 508-163), 508-164), 508-165), 508-166), 508-167) және 508-168) тармақшалармен толықтырылсын:

      "508-145) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      508-146) аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-147) бюджет қаражаты есебінен аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;

      508-148) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      508-149) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-150) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізеді;

      508-151) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-152) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді;

      508-153) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;

      508-154) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-155) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-156) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      508-157) жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      508-158) аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      508-159) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-160) аквашаруашылық саласына су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-161) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;

      508-162) балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-163) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

      508-164) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      508-165) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-166) жабайы жануарлар (балық ресурстары және басқа да су жануарлары) тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-167) сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың (балық ресурстарының және басқа да су жануарларының) қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-168) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының бірінші тармағының елу бірінші және елу екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады