ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
381) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"381) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;";
400) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"400) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
402) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"402) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 405-1) тармақшамен толықтырылсын:
"405-1) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;";
412) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"412) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
441) және 442) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"441) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ Бірыңғай операторға немесе екінші деңгейдегі банкке (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
442) бірыңғай оператордың көппәтерлі тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) немесе жеке тұрғын үйлер кешенің құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру тәртібін әзірлеу және бекіту;";
455) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"455) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";
458) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"458) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;";
461) тармақша алып тасталсын;
463) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"463) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі мамандарды сертификаттау, олардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысу;";
466) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"466) кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;";
467) тармақша алып тасталсын;
468) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"468) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 494-7) тармақшамен толықтырылсын:
"494-7) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |