"Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 745 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық пантеон туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пантеон Астана қаласының аумағында астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында орналасқан.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады