Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық пантеон туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пантеон Астана қаласының аумағында астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында орналасқан.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |