ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданыссқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасында криминогендік ахуалдың жай-күйі мен даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және қабылдайды;";
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";
70-1) тармақша алып тасталсын;
98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"98) ішкі істер органдарының жүйесі үшін, оның ішінде халықаралық шарттар негізінде шет елдерде кадрлар даярлауды, оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады, кадрларға қажеттілікті және Министрліктің білім беру ұйымдарының түлектерін ішкі істер органдарының бөлімшелеріне бөлу тәртібін айқындайды;";
176) және 177) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"176) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
177) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 223-7) тармақшамен толықтырылсын:
"223-7) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өткізу режимін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
267) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"267) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдауды және келісуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақырулар беруден бас тартады;";
274) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"274) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 274-1) және 274-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"274-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, оның ішінде "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, астанада уақытша болатын (тұратын) жерге келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, сондай-ақ есепке қоюды қамтамасыз етеді;
274-2) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды қамтамасыз етеді;";
282) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"282) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 282-1) және 282-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"282-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркеудi қамтамасыз етеді;
282-2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тiркеудi қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 283-1) тармақшамен толықтырылсын:
"283-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
288) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"288) жеке басты куәландыратын құжаттарды: Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 289), 290), 291), 292), 293), 294), 295), 296), 297), 298), 299), 300), 301), 302), 303), 304), 305), 306), 307), 308), 309), 310), 311), 312), 313), 314), 315), 316), 317), 318), 319), 320), 321), 322) 323), 324), 325), 326), 327), 328), 329), 330), 331), 332), 333) 334), 335), 336), 337), 338), 339) және 340) тармақшалармен толықтырылсын:
"289) Ұлттық ұланның кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орнына қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
291) Ұлттық ұланның міндеттерін орындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
292) Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеру нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
293) ішкі істер органдары жүйесінде кинологиялық қызметті дамытуды ұйымдастырады;
294) ішкі істер органдарында іс жүргізудің және архив ісін ұйымдастырудың біртұтас мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
295) Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
296) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
297) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомостволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
298) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын әзірлейді;
299) азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
300) атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
301) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
302) қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші орган туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
303) ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
304) жоғары білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
305) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
306) ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
307) ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
308) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
309) алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
310) ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
311) ведомстволық және жедел есепке алуды құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
312) жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
313) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
314) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйі туралы мемлекеттік баяндаманы енгізеді;
315) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан олардың Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауы туралы мәліметтерді сұратады және алады;
316) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
317) сәйкестендiрiлген деректердiң сыныптауыштары мен анықтамаларын жүргiзу тәртiбiн, олардың құрылымын, құрамы мен форматын белгiлейдi;
318) қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін айқындайды;
319) ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады;
320) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
321) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есеп алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
322) арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
323) қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
324) арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
325) ішкі істер органдарының әрекеттегі резервінің қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
326) өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
327) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза беру тәртібін айқындайды;
328) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына мониторинг жүргізеді;
329) ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын, қабылдау-бөлу орындарын, арнаулы қабылдау орындарын және арнаулы үй-жайларын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
330) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;
331) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді;
332) аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін бөлінетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдардың және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрамын айқындайды;
333) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес аумақтық қорғаныс объектілерін қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады;
334) қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асырады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
335) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізуге қатысады;
336) соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тиісті әскери басқару органдарына бағынуын қамтамасыз етеді;
337) көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды;
338) қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
339) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
340) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |