Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 714 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 714 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Ақмола облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 13-12-жол алып тасталсын;

      "Ақтөбе облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 133-6-жол алып тасталсын;

      "Атырау облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 145-6-жол алып тасталсын;

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірлері 165-15 және 165-16-жолдар алып тасталсын;

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 180-5-жол алып тасталсын;

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 214-17-жол алып тасталсын;

      "Қызылорда облысы" деген бөлімде реттік нөмірлері 218-6 және 218-8-жолдар алып тасталсын;

      "Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 229-11-жол алып тасталсын;

      "Павлодар облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 265-11-жол алып тасталсын;

      "Түркістан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 303-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 295-10-жол алып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 396-жолдың 5-бағанындағы 14) тармақша алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлімде реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың, акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарының тізбесінде:

      "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлімде "Қызылорда теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі." деген кіші бөлім алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады