Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шiлдедегi № 551 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 30-тармағының 3) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын мерзімге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 шілдедегі
№ 551 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 18-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің қатаң нысаналы мақсаты болады, Бюджет кодексінің 20-бабында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулыларында көзделген мұқтаждыққа бөлінеді және пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бюджет қаражатын бөлу өтінішхат негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте бюджетте тиісті шығындарға арналған баламалы көздердің болмауы және тиісті бюджетті әзірлеу кезінде оларды жоспарлаудың мүмкін болмауы шарт.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысымен қаражат бөлінген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) күтілмеген шығын – күтілмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығын;

      2) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі – басқа мемлекеттердің аумағында әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге өтеусіз көрсететін көмек;

      3) халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесші орган.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлуді ұйымдастыру

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бюджет қаражатын бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен (бұдан әрі – қаулы), сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішхатқа, жиынтық есеп-қисаптарға, сондай-ақ оларға қатысты есеп-қисаптар мен негіздемелерге орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.

      Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхат жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша берілсе, онда:

      жиынтық есеп-қисапты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді және ол орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасарымен келісіледі;

      өтінішхатқа қатысты негіздеме мен есеп-қисаптарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      Жергілікті атқарушы органдардың резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішхат пен жиынтық есеп-қисаптарға, сондай-ақ оларға қатысты есеп-қисаптар мен негіздемелерге жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының сұрау салуы бойынша тиісінше облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен қаражат бөлінген кезде:

      жиынтық есеп-қисапты аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бекітеді және ол облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысымен келісіледі;

      негіздеме мен есеп-қисаптарға аудандық (қалалық) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы қабылданғаннан кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жұмыс күні ішінде тиісті қаржыландыру жоспарларына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – № 272 қағидалар) сәйкес өзгерістер енгізеді.

      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен төмен тұрған бюджетке бюджет қаражатын бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөлінген жағдайда төмен тұрған бюджеттерге қаражатты алғаш аудару төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде үнемделген, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісі оны № 272 қағидаларға сәйкес тиісті қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервін қалпына келтіру арқылы ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған жағдайларда төмен тұрған бюджеттің атқарушы органы бұл туралы қаражат бөлген жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне хабарлайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізгеннен кейін төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган № 272 қағидаларға сәйкес тиісті жергілікті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.

      Жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, пайдаланылмаған бюджет қаражатын, үнемделген ақшаны және (немесе) бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігінің қалдығын қайтаруды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырады.

      Осы тармақта көзделген бюджет қаражатын қайтару қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі үш жұмыс күні ішінде "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат айналымы арқылы тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органды қайтарылған сома мен оның себебін көрсете отырып хабардар етеді.

      9. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген және шетелдік валютаға айырбасталған бюджет қаражатың пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шетелдік валютаның пайдаланылмаған бөлігін № 272 қағидаларға сәйкес бастапқыда резервтерден қаражат бөлінгендегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамына қайта есептей отырып қайтаруды қамтамасыз етеді.

      10. 20 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөлуге әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда жол беріледі.

3-тарау. Төтенше резервті пайдалану

1-параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға арналған төтенше резервті пайдалану тәртібі, сондай-ақ төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу

      11. Төтенше резервтің ақшасы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою, сондай-ақ Қазақстан Республиканың "Төтенше жағдай туралы" және "Азаматтық қорғау туралы" заңдарында көзделген төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жіберіледі.

      Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру, сондай-ақ төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық жедел штабтың ұсынымдары бойынша төтенше резервтен жүзеге асырылады.

      12. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну тәртібі мен олардың тізбесін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      13. Қазақстан Республикасының аумағында өңірлік немесе жаһандық ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген кезде төтенше резервтен бюджет қаражатын бөлу үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына тиісті негіздемелермен және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын есеп-қисаптармен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішхат береді және мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы қаулының тиісті жобасын ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервтерінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қирағанының орнына тұрғынжай салуға және (немесе) сатып алуға қаражат бөлінген жағдайда жергілікті атқарушы органдар облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары қол қойған, тұрғынжайы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды анықтығы мен толықтығы тұрғысынан тексереді және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қажетті негіздемелер мен есеп-қисаптар болмаған жағдайда мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы қаулы жобасына келіспей қайтарып, оның қабылданбау себептерін көрседі.

      Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған болса, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын келіседі.

      14. Қаулы жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келісу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға және (немесе) төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын енгізеді.

      15. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда және олардың салдары болған жағдайларда төтенше резервтен бюджет қаражатын бөлу, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органының төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішхат береді және төтенше резервтен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған материалдарды анықтығы мен толықтығы тұрғысынан тексереді және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қажетті негіздемелер мен есеп-қисаптар болмаған жағдайда жазбаша негіздеп, өтінішхатты қайтарады.

      Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған болса, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын келіседі.

      16. Қаулы жобасын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органға әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға және (немесе) төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын енгізеді.

      17. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтарға жұмсалған шығын мен оларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдарының шығысын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.

      18. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін іс-шараларға жұмсалатын шығыс төтенше резервтен қаржыландырылған, сондай-ақ төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген іс-шаралар жүргізілген кезде шығыстың әр түрі бойынша бөлінген қаражаттың елу пайызынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) төлемге рұқсат етіледі.

      Көрсетілген шығыстарды одан әрі қаржыландыруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес негіздеуші құжаттарды ұсынуына қарай жүзеге асырады.

      19. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ұзақ мерзімді іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ олардың алдын алуға арналған есеп-қисаптармен бірге шығындардың қажетті көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қарауына ұсынады.

2-параграф. Қазақстан Республикасы ресми гуманитарлық көмек көрсеткен және Қазақстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсетілген кезде төтенше резервті пайдалану

      20. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуі және Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.

      21. Басқа мемлекеттердің аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасының ақша немесе тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде төтенше резерв қаражаты есебінен:

      азаматтық қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуге байланысты шығыстардың;

      оларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдары шығыстарының, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуге және жеткізуге байланысты шығыстардың;

      Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін тауар нысанында ұсынылған тауарлардың құны өтеледі.

      23. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін берілген тауарларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдарының шығыстарын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтумен және жеткізумен байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервті пайдалану

      24. Төтенше жағдай аймақтарында, эвакуация маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналастырылатын жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және олардың денсаулығын демеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісі негізінде өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болса, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен қаражат бөлуге жол беріледі.

      25. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген жылдық жоспарлы тағайындаулар мөлшерінде бюджет қаражатын бөледі.

      26. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен бюджет қаражатын бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12396 болып тіркелген) сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті негіздеуші материалдармен және жиынтық есеп-қисаптармен бірге өтінішхат береді.

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған материалдарды анықтығы мен толықтығы тұрғысынан тексереді және қажетті негіздемелер мен есеп-қисаптар болмаған жағдайда жазбаша негіздей отырып, өтінішхатты қайтарады.

      Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған болса, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган құқықтық актіні қабылдайды және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен қаражат бөледі.

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен бөлінген қаражаттың анық, негізді әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      27. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде толық пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы орган бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен бөлінген бюджет қаражаты ағымдағы қаржы жылы ішінде ішінара пайдаланылған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өзінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізеді.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін резервтен бөлінген бюджет қаражаты ағымдағы қаржы жылы пайдаланылмаған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өзінің құқықтық актісінің күшін жояды.

      Пайдаланылмаған бюджет қаражатын және (немесе) бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігінің қалдығын қайтару осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. Шұғыл шығындарға арналған резервті пайдалану

      28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жоюға бағытталған, сондай-ақ өзге де күтпеген шығындарға ақша қажет болған кезде іс-шаралар қаржыландырылады.

      29. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен бюджет қаражатын бөлу үшін тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтінішхат береді.

      Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал жеке тұрғын үй құрылысын күрделі жөндеуді қоспағанда, күрделі жөндеу (қалпына келтіру) бойынша және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға:

      1) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшысы не бірінші басшы уәкілеттік берген тұлға) бекіткен, нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді (ғимараттар мен құрылыс-жайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды) салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама;

      3) сұратылатын сомаға тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есеп-қисаптар, жұмыс түрлері бойынша жергілікті сметалар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.

      Жеке тұрғын үй құрылысын күрделі жөндеу бойынша қажетті құжаттама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұсынылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) бюджет қаражаты бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен, сондай-ақ бекітілген қаржы-экономикалық негіздемелермен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысымен бірге бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішхат береді.

      30. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулысын дайындау:

      1) Бюджет кодексінің 18-бабының 1-тармағында көзделген шығындарды қаржыландыру үшін;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервіндегі ақшаға қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттілік бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмаған кезде;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығынын (борышын) субсидиялау үшін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31.12.2025 дейін қолданылады – осы қаулының 3-тармағымен.

      31. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік орган берген өтінішхат негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат шегінде бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      32. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды берілген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулысының жобасын осы мемлекеттік орган дайындайды.

      33. Бюджет кодексінің 20-бабы 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылатын шығыстарды шұғыл шығындарға арналған резервтен қаржыландыруға жол берілмейді.

6-тарау. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті пайдалану

1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға арналған резервін пайдалану

      34. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде сот атқарушылық құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервтерінен қамтамасыз етіледі.

      35. Зиян келтірген, соттардың шешімдері бойынша төлем жүргізуге міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) негіздер болған жағдайда барлық сот сатыларында сот шешімдеріне шағымдану жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот толтырған атқарушылық құжат түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіз болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға қаражат бөлу туралы әзірленген қаулы жобасы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Бұл ретте қаулы жобасына барлық сатылардағы атқарушылық құжаттар мен сот актілерінің көшірмелері қоса беріледі.

      36. Соттардың шешімдері бойынша төлем жүргізуге міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) сот актілері түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сот актілеріне шағымдану шараларын қабылдайды.

      Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде мемлекеттік органдар (ведомстволар) қажет болған жағдайда сотқа оны тоқтата тұру не сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішхат енгізуге тиіс.

      37. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) өздерінің заңсыз қабылданған актілері, сондай-ақ өздерінің әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеті үшін келтірілген зиянды осы органдардың иелiгiндегi ақша есебiнен өтейді.

      38. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың лауазымды тұлғаларының кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген болса, мұндай тұлғалар келтірген зиянды өтеген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен оқшауланған қаражатты регресс тәртібімен өтеу бойынша шаралар қабылдайды.

2-параграф. Резервті жергілікті атқарушы органдардың соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға пайдалану

      39. Тиісті жергілікті атқарушы органдардың соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау сот атқарушылық құжаттары болған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған резервтерінен қамтамасыз етіледі.

      Соттардың шешімдері бойынша төлем жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы органдар негіздер болған жағдайда Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағымдану жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот толтырған атқарушылық құжат түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздеме болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның резервінен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      40. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылданған актілері, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті үшін зиянды осы органдардың иелiгiндегi ақша есебiнен өтейді.

      41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға бюджет қаражатын бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасын тиісті атқарушы орган дайындайды.

      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот актілерінің және атқарушылық құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

7-тарау. Резервтерді қолма-қол ақша тапшылығын жабуға пайдалану

1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттік кредиттер беру

      42. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда республикалық бюджетте кезекті қаржы жылында олардың бюджеттеріне кредит беру үшін көзделеді.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражатын бөлген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды береді.

      43. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі осыған ұқсас мәселелер бойынша бұған дейін қабылдаған қаулыларды және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне бұған дейін берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оны жабуға бюджет қаражатын бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражатын бөлген кезде:

      1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалардың болуы;

      2) бөлінетін бюджет қаражатының облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мәслихат шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұған дейін берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      4) бөлінетін кредит сомасының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитінен асып кетуіне әкеп соқтырмауы міндетті шарттар болып табылады.

      44. Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған кезде жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бюджеттік кредит алу түрінде қарыз алуы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.

      45. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды берілген болса, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бюджет қаражаты бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі мен кредитті өтеу графигі көрсетіледі.

2-параграф. Жергілікті атқарушы органның резервінен төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттік кредит беру

      46. Аудандық (қалалық) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық (қалалық) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда олардың бюджеттеріне кредит беру үшін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетте көзделеді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда облыстардың атқарушы органдарының резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражатын бөлген кезде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды береді.

      47. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ осыған ұқсас мәселелер бойынша облыс әкімдігінің бұған дейін қабылданған қаулыларын және бұған дейін төмен тұрған бюджеттерге берілген кредиттер туралы деректерді негізге ала отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда облыстардың атқарушы органдарының резервтерінен оны жабуға бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда облыстардың атқарушы органдарының резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражатын бөлген кезде:

      1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген сомалардың болуы;

      2) бөлінетін бюджет қаражатының аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің мәслихат шешімдерімен бекітілген және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұған дейін берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы міндетті шарттар болып табылады.

      48. Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған кезде облыстық бюджеттен бюджеттік кредит алу түрінде аудандық (облыстық маңыздағы қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.

      49. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды берілген кезде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда облыстардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражатын бөлу туралы қаулысының жобасын тиісінше бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.

      Облыстардың атқарушы органдарының резервінен бюджет қаражатын бөлген кезде облыстардың атқарушы органдарының қаулысында аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі мен кредитті өтеу графигі көрсетіледі.

      50. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда аудандық (қалалық) бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін көзделеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен оны жабуға кредит беру үшін бюджет қаражаты бөлінген кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері бюджетті атқару жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды береді.

      51. Аудандық (қалалық) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде, сондай-ақ осыған ұқсас мәселелер бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің бұған дейін қабылданған қаулыларын және бұған дейін төмен тұрған бюджеттерге берілген кредиттер туралы деректерді негізге ала отырып, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен оны жабуға бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға кредит беру үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджет қаражатын бөлген кезде:

      1) тиісінше аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық (қалалық) бюджетте көзделген сомалардың болуы;

      2) бөлінетін бюджет қаражатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің мәслихат шешімдерімен бекітілген және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы түсімдермен және тиісінше белгілі бір есепті кезеңде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға жіберу;

      3) аудандық (қалалық) бюджеттерден бұған дейінгі берілген кредиттер бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының берешегінің болмауы міндетті шарттар болып табылады.

      52. Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының аудандық бюджеттен бюджеттік кредит алу түрінде қарыз алуы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.

      53. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің өтінішхаты бойынша оң қорытынды берілген болса, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға кредит беру үшін тиісінше аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулысының жобасын тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қарауына енгізеді.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервінен бюджет қаражатын бөлген кезде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының қаулысында тиісінше аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит берудің нақты мерзімі мен кредитті өтеу графигі көрсетіледі.

8-тарау. Есептілікті ұсыну және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру

      54. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражатын алатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындысы бойынша "Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына сәйкес тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп береді.

      55. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпарат береді.

      56. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      57. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы орган резервтерінің пайдаланылуы туралы есептіліктің жариялануын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 шілдедегі
№ 551 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 968 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1027 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 493 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 668 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 58 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 294 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 312 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 330 қаулысы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 706 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 893 қаулысы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 492 қаулысы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 595 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 938 қаулысының 5-тармағы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 265 қаулысы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 641 қаулысының 2-тармағы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 775 қаулысы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 88 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 533 қаулысы.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 658 қаулысы.

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысы.

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 448 қаулысы.

      23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 671 қаулысы.

      24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 782 қаулысы.

      25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 917 қаулысы.

      26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы № 932 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы.

      29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады