Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 443 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 443 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі";

      10-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен бекітілген медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.".

      2. "Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидалары";

      1-тараудың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидалары Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм мен экстремизмнің профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақтағы терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Терроризм профилактикасының тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құқықтық шараларға әкімшілік, қылмыстық, ұйымдастырушылық және терроризмге қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік тетігін жетілдіруге және жасалған террористік қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қарудың, оқ-дәрінің, жарылғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының, радиоактивтік материалдардың, қауіпті биологиялық заттар мен химиялық реагенттердің заңсыз айналымы, терроризмді қаржыландырғаны үшін жазаның бұлтартпастығына, сондай-ақ көші-қон процестері мен ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану, оның ішінде экстремистік және террористік бағыттағы интернет-ресурстарды бұғаттау тәртібін реттеуге бағытталған өзге де шаралар жатады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік органдардың террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі".

      3. "Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 914 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттық құқық, осы мүліктің құрамы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен, сондай-ақ мүлік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.";

      8-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және теңіздегі жедел штабтардың басшысы (мүліктің зақымдалғанын немесе жоғалғанын көрсете отырып) берген мүліктің терроризм актісінің жолын кесу кезінде зақымдалу фактісін растайтын анықтаманы;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабар береді.

      Егер өтініш беруші жетіспейтін құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қаралмай иесіне қайтарылады. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырмайды.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады