"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 428 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүліктің берілген күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті өткізу кезінде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Арнаулы мемлекеттік қормен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күнi айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 63 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның филиалдарына берудi осындай мүлiктi алып қойған орган жүргізіп, уәкілетті органға мүлiктiң сомасы, берілген уақыты және оны алушы көрсетілген беру туралы хабарлама жiбереді.

      21. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер толық көлемде бюджеттің кiрiсiне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға номиналды түрде аударады.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігінде өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 428 қаулысына
1-қосымша
Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

      20__ жылғы "___" ___________ ____________________________

      (жасалған күнi) (акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия: уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________;

      __________________________________________________________________

      (жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сот

      орындаушысы_____________________________________________________

      (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өкiл________________________________________________________________

      (мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған

      (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________;

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өкiл________________________________________________________________

      (мүлiк уақытша жауапты сақтауында болатын ұйымның атауы, мекенжайы, жеке

      сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      өкiл________________________________________________________________;

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      бағалаушы__________________________________________________________;

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі,

      лицензияның күнi және нөмiрi)

      ___________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензияның

      күнi және нөмiрi)

      ___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен

      бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен)

      мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының негiзiнде

      иеленушіге

      ___________________________________________________________________

      тиесілі болған төмендегі мүлікті (сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде

      заттай дәлелдемелер) немесе иесіз деп танылған мүлiктiң бұрынғы иеленушінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі,

      сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

      сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ____________________________________________________________________

      (мүлiкті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) немесе мемлекет меншiгіне

      өтеусiз өткен мүлікті __________________________

      ____________________________________________________________________,

      (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) оның ішінде кедендік

      декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен

      орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды

      _______________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/

      бизнес сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен

      нөмiрi) немесе нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке

      өткен деп танылған мүлікті___________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) сондай-ақ құны мемлекет

      кiрiсiне түсетiн мемлекет меншiгі құқығының туындағанын куәландыратын басқа да

      құжаттардың негiзінде өзге де мүлiкті __ __________________________________________________

      (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұлғаның

      мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) тізімдеуді және

      қабылдауды жүргізді. Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/с №

Әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бір бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

Есепке қою үшін негіз болып табылатын құжатта көрсетілген

Қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша нақтысы

1

2

3

4

5

6

7

      Жиыны (жазумен):_______________________________________________

      __________________________________________________________________

      бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударуға жататын жиыны

      ___________________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi: _________________

      __________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________

      ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______

      жылғы "___" ____________ иеленушінiң қолы ____________________ Осы актіде

      көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған

      мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны, ауыстырылғаны немесе бүлiнгенi

      үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық

      және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. ____ жылғы "___" _____ (қолы)

      ___________________________________________________________________

      (мүлiкті қабылдаған ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру

      нөмірі, мекенжайы немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ескертпе

      * Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) беретін ұйым

      алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 428 қаулысына
2-қосымша
Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы

Р/с №

Жазба жасалған күн

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісінің нөмірі және күні

Жазба жасаудың негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні)

Бұрынғы иеленушілердің атауы немесе өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүліктің атауы (санаты)

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге

Мүліктің бағалау құны, теңге

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі кімге және қашан жіберілді

Мүлік кімге және қашан берілген не өткізілген (шешімнің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні)

Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні

Нақты түскен сома, теңге

бюджетке

Арнаулы мемле-кеттік қорға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады