Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 404 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
1994 жылғы 9 желтоқсандағы Тұрғылықты мемлекетінен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердің өндірістегі жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Тұрғылықты мемлекетінен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндірістегі жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Келісімнің 12-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісімде қолданылатын терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
"өндірістегі жазатайым оқиға" (бұдан әрі – жазатайым оқиға) – егер көрсетілген уақиғалар жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде, сондай-ақ жұмыс берушімен жасалған еңбек қатынастарына байланысты не оның мүддесінде жасалатын өзге де құқыққа сыйымды әрекеттерді жүзеге асырған кезде болса, оның салдарынан жұмыскер дене зақымын (жарақатын) алған уақиға, оның ішінде басқа адам келтірген дене зақымы (жарақаты); ыстық өту; күю; үсу; суға кету; электр тоғымен зақымдану, жай түсу, сәулелену; аңдардың қабуы мен жәндіктердің шағуы, флора мен фаунаның басқа да түрлерінің шағуы және олар келтірген басқа да дене зақымдары; жарылыстар, авариялар, ғимараттардың, құрылысжайлардың және конструкциялардың қирауы, дүлей зілзалалар (жер сілкінісі, көшкін, су тасқыны, дауыл, өрт салдарынан болған зақымдар және басқасы) және басқа да төтенше мән-жайлар салдарынан болған зақымдар; денсаулыққа жедел зақым келтіру (улану) (жұмыскерлердің көрсетілген заттар пайдаланылатын технологиялық процестің бұзылуымен байланысты емес жіті алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытты заттармен улану); жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру қажеттілігіне, оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты түрде айырылуына не жұмыскердің қайтыс болуына алып келген сыртқы факторлардың әсерінен туындаған денсаулықтың өзге де зақымдануы;
"жұмыскер" – екінші Тараптың аумағында қызметтік іссапармен уақытша жүрген бір Тарап азаматы;
"жұмыс беруші" – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым немесе жұмысқа орналасу Тарапының заңнамасына сәйкес жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке тұлға;
"қызметтік іссапар" – жұмыскердің жұмыс берушінің жазбаша өкімі бойынша екінші Тараптың аумағында қызметтік тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге іссапары".
2. 3-баптың бірінші бөлігіндегі "жүргізіледі" деген сөздерден кейін "жазатайым оқиға болған кәсіпорынмен," деген сөздермен толықтырылсын.
3. 5-баптың төртінші сөйлемі "топтық жазатайым оқиғалар" деген сөздерден кейін" ",ауыр жазатайым оқиғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Келісім мынадай мазмұндағы 8.1-баппен толықтырылсын:
Қызметтік іссапарға (транзитті қоса алғанда) бару және қайту кезінде екінші Тарап кәсіпорнының жұмыскерімен жазатайым оқиға болғаны туралы ақпарат алған кезде, аумағында жазатайым оқиға болған Тараптың еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органы жәбірленушінің жұмыс берушісі орналасқан Тараптың еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органына тиісті ақпаратты жібереді.
Жұмыс беруші аталған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша Тараптың тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Жазатайым оқиға туралы ақпаратты алған еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді бақылау үшін қажетті шараларды қабылдайды".
5. Келісімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын және осы Хаттамаға 1-қосымша болып есептелсін.
6. Келісім осы Хаттаманың "Н-1М нысанындағы өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың" 2-қосымшасымен толықтырылсын.
Осы Хаттама депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті хабарламаларды алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжаттарды беру арқылы Келісімге қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылған мемлекет үшін осы Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.
2025 жылғы 5 маусымда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
БЕКІТЕМІН:
Кәсіпорын басшысы
_____________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 ___ж. "__" _______ _________
Мөрдің орны (бар болса)
өндірістегі жазатайым оқиға туралы
АКТ
Кодтары
1. Кәсіпорынның атауы, тіркеу нөмірі ________________________
1.1. Мемлекет _____________________________________________________
1.2. Кәсіпорынның мекенжайы:
Облыс ____________________________________________________________
Қала, көше, үйлердің № _____________________________________________
Банктік деректемелер ________________________________________________
1.3. Меншік нысаны _________________________________________________
(мемлекеттік, муниципалдық, жеке және т.б.)
1.4. Жазатайым оқиға орын алған цех, учаске, орын
___________________________________________________________________
2. Экономика саласы (министрлік, ведомство) ___________________________
3. Жұмыскерді жіберген кәсіпорын ____________________________________
___________________________________________________________________
(мемлекет, кәсіпорынның атауы, тіркеу нөмірі, мекенжайы, банктік деректемелері,
__________________________________________________________________
экономика саласы, министрлік, ведомство)
4. Зардап шеккен адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________
__________________________________________________________________
5. Жынысы: ер, әйел (астын сызу) ____________________________________
6. Жасы (толық жыл санын көрсету) __________________________________
6.1. Отбасылық жағдайы ____________________________________________
7. Кәсібі, лауазымы _________________________________________________
разряд, сынып _____________________________________________________
8. Орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған осы кәсіп бойынша еңбек өтілі
__________________________________________________________________
9. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама және оны оқыту (өткізілген күні)
9.1. Кіріспе нұсқама ______________________________________________
9.2. Еңбекті қорғау бойынша оқыту ___________________________________
9.3. Бастапқы (қайталама) нұсқама _____________________________________
9.4. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеру ________________
9.5. Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өту _______________
10. Жазатайым оқиғаның күні мен уақыты ______________________________
___________________________________________________________________
(күні, айы, жылы, уақыты)
___________________________________________________________________
(жұмыс басталғаннан бастап толық сағат саны)
11. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары _______________________________
11.1. Себептері ____________________________________________________
11.2. Жарақаттың себебі болып табылатын жабдық ____________________
__________________________________________________________________
(атауы, типі, маркасы, шығарылған жылы,
___________________________________________________________________
дайындаушы кәсіпорын)
11.3. Жәбірленушінің алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуы
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(медициналық қорытындыға сәйкес)
11.4. Диагноз _______________________________________________________
(алдын ала, түпкілікті)
12. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар
р/с | Іс-шаралардың атауы | Орындалу мерзімі | Орындаушы | Орындалуы туралы белгі |
13. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзуға жол берген тұлғалар
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорынның атауы)
___________________________________________________________________
(нормативтік құжаттар ережелерінің олар бұзған баптары, параграфтары, тармақтары)
14. Жазатайым оқиғаның куәгерлері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Акт толтырылды ___________________________________________________
(күні, айы, жылы)
Жазатайым оқиғаға тергеп-тексеру жүргізген адамдардың қолдары: | |
(тегі, аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны) | |
(тегі, аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны) | |
(тегі, аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны) |
Н-1М НЫСАНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ АКТІНІ ТОЛТЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
1. Н-1М нысанындағы өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – Н-1М актісі) белгілі бір қорғау дәрежесі бар құжаттарға жатпайды. Н-1М актілерінің бланкілері типографиялық тәсілмен де, компьютерлік техниканың көмегімен де жасалады.
2. Енгізілген түзетулер Н-1М актісінің сол жақ шетінде көрсетіледі және кәсіпорын басшысының (жұмыс беруші – жеке тұлға) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
3. Н-1М актілерін ресімдеу кезінде жазбалар түсінікті және анық, көк немесе қара сиямен қолмен, баспа машинкасының немесе компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.
4. Н-1М актісіндегі тармақтарды толтыру қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асырылады.
Мыналарды:
тұрмыстық тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің экспрессивті формаларын;
анық емес сөз тіркестерін, жалпылама пайымдауларды, ырғақтар мен үндеулерді, образдық теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды;
жалпыға мәлім немесе құжат мәтінінде мағынасын ашып жазылғандардан басқа аббревиатураларды;
нормативтік емес лексиканы пайдалануға жол берілмейді.
5. Н-1М актісінің жасалған датасы өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге қатысқан адамдардың оған қол қойған датасы, ал бекітілген датасы кәсіпорын басшысының (жұмыс беруші – жеке тұлға) қол қойған күні болып табылады.
6. Н-1М актісінің 1-тармағында кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі. Қысқартуларды пайдалануға жол берілмейді. Кәсіпорынның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, оның тегі, өз аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
6.1.1.1-тармақшаны толтыру кезінде аумағында жазатайым оқиға болған мемлекеттің атауы көрсетіледі;
6.2. 1.2-тармақшаны толтыру кезінде кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілген толық заңды мекенжай көрсетіледі.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, оның тұрғылықты жерінің (болатын жерінің) мекенжайы көрсетіледі.
6.3. 1.3-тармақшаны толтыру кезінде кәсіпорынның меншік нысаны (мемлекеттік, муниципалдық, жеке және т.б.) көрсетіледі.
7. 1.4-тармақшаны толтыру кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің бекітілген тізбесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) атауы көрсетілуі тиіс, бұл ретте қысқартуға жол берілмейді.
Жарақат алған орын барынша дәл көрсетілуі тиіс.
8. 2-тармақта кәсіпорын экономикасының саласы (министрлік, ведомство) көрсетіледі.
9. 3-тармақты толтыру кезінде жұмыскерді жіберген кәсіпорынның толық атауы мен нақты орналасқан жерінің мекенжайы, аумағында кәсіпорын тіркелген мемлекет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, оның тегі, өз аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
10. 4-тармақ азаматтың паспортына немесе кәмелетке толған азаматтардың жеке басын куәландыратын өзге де құжатқа, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігіне сәйкес толтырылады.
11. 5-тармақта жынысына сәйкес келетін сөздің астын сызу арқылы зардап шеккен жұмыскердің жынысы көрсетіледі.
12. 6-тармақта зардап шеккен жұмыскердің жазатайым оқиға болған кездегі толық жасы цифрлармен көрсетіледі.
12.1. 6.1-тармақшада зардап шеккен жұмыскердің отбасылық жағдайы (зардап шеккен жұмыскердің отбасы құрамы – жұбайы, зайыбы, ата-анасы, кәмелетке толмаған балалары; зардап шеккен жұмыскердің асырауындағы отбасы мүшелерінің тегі, аты-жөні, жасы), яғни сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға оны тағайындау туралы мәселені қарау үшін қажетті деректер көрсетіледі.
13. 7-тармақта нысанасы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және зияткерлік меншік объектілерін жасау болып табылатын еңбек шарты (келісімшарты), азаматтық-құқықтық шарты немесе жұмыс түрі бойынша кәсіптің (лауазымның) атауы көрсетілуі тиіс. Егер зардап шеккен жұмыскердің бірнеше кәсібі (лауазымы) болса, онда жазатайым оқиға болған кезде орындаған жұмысы көрсетіледі.
14. 8-тармақта жазатайым оқиға болған кездегі кәсібі (лауазымы) немесе жұмыс түрі бойынша жұмыс өтілі көрсетіледі. Бұл ретте тек осы ұйымда ғана емес, сонымен қатар алдыңғы жұмыс орындары бойынша да жұмыс өтілі көрсетіледі.
Егер жұмыскер өз кәсібіне (лауазымына) байланысты емес жұмысты орындауға тартылған болса, онда орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған кәсіп (лауазым) немесе жұмыс түрін орындау бойынша жұмыс өтілі көрсетіледі.
15. 9-тармақта еңбекті қорғау бойынша нұсқаманы, оқытуды өткізу күні көрсетіледі.
15.1. 9.1-тармақшада еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаманы өткізу күні көрсетіледі.
Егер еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама өткізілмесе, Н-1М актісінің осы тармағында: "Өткізілген жоқ" деп көрсетіледі.
Егер еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаманы өткізу туралы деректер сақталмаса, онда Н-1М актісінің осы тармағында: "Мәліметтер сақталмаған" деп көрсетіледі;
15.2. 9.2-тармақшада оқудың аяқталған датасы (күні, айы, жылы) және оқу сағаттарының саны көрсетіледі.
Егер мұндай оқу талап етілмесе, Н-1М актісінде: "Қажет емес" деп көрсетіледі.
Егер мұндай оқу талап етілсе, бірақ зардап шеккен жұмыскер одан өтпесе, Н-1М актісінде: "Өткізілген жоқ" деп көрсетіледі.
Егер еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқуды өткізу туралы мәліметтер сақталмаса, онда актінің осы тармағында: "Мәліметтер сақталмаған" деп көрсетіледі;
15.3. 9.3-тармақшада орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған кәсібі (атқаратын лауазымы) немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау жөнінде нұсқаманың соңғы рет өткізілген түрі (жұмыс орнындағы бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты) және оның датасы көрсетіледі.
Егер еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізу талап етілмесе, 9-тармақта: "Қажет емес" деп көрсетіледі.
Егер жазатайым оқиға орын алған кәсіп немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізу қажет болса, бірақ ол өткізілмесе, 9-тармақшада: "Өткізілген жоқ" деп көрсетіледі.
15.4. 9.4-тармақша былайша толтырылады.
Егер еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімді тексеру өткізілген болса, онда 9.4-тармақшада соңғы рет осындай білімді тексеру өткізілген дата туралы ақпарат және хаттаманың нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте білімді тексерудің сипатын: кезекті немесе кезектен тыс екенін нақтылауға болмайды. Осы тармақшаны толтыру кезінде жазатайым оқиға орын алған кәсібі (атқаратын лауазымы) немесе орындау кезінде жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімді тексеру талап етілмесе, 9.4-тармақшада "Қажет емес" деп көрсетіледі.
Егер мұндай білімді тексеру талап етілсе, бірақ зардап шеккен жұмыскермен өткізілмесе, 9.4-тармақшада: "Өткізілген жоқ" деп көрсетіледі;
15.5. 9.5-тармақшада орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған кәсібі (атқаратын лауазымы) немесе жұмыс түрі бойынша соңғы медициналық қарап-тексеруден өткен түрі (алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде), мерзімді, кезектен тыс және оны өткізу датасы көрсетіледі.
Егер медициналық қарап-тексеруді жүргізу талап етілмесе, 9.5-тармақшада: "Қажет емес" деп көрсетіледі.
Егер орындау кезінде жазатайым оқиға орын алған кәсібі (лауазымы) немесе жұмыс түрі бойынша медициналық қарап-тексеруден өту талап етілсе, бірақ ол жүргізілмесе, 9.5-тармақшада: "Жүргізілген жоқ" деп көрсетіледі.
16. 10-тармақта жазатайым оқиғаның датасын толтыру кезінде айды жазбаша көрсету қажет.
Жазатайым оқиғаның уақыты 24 сағаттық есеппен көрсетіледі.
Дөңгелектеуге жол берілмейді.
17. Н-1М актісінің 11-тармағын толтыру кезінде мыналарға:
зардап шеккен жұмыскердің алкогольдік масаң күйде немесе есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, уытты немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуынан туындаған күйдегі мән-жайларды егжей-тегжейлі сипаттауға және спирттік ішімдіктерді ішуді, есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, уытты немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуды толық сипаттауға болмайды, медициналық қорытындының нәтижелерін көрсету жеткілікті;
егер себеп-салдарлық байланысы болмаса, жазатайым оқиғаға дейінгі мән-жайларды егжей-тегжейлі сипаттауға болмайды.
Н-1М актінің 11-тармағын толтыру кезінде:
жазатайым оқиғаның мән-жайларын оның зардаптарының сипаттамасымен, медициналық көмек көрсету туралы мәліметтермен алмастыруға;
жазатайым оқиғаға тікелей қатысы жоқ фактілерді сипаттауға және болған оқиғаның мәнін және оның себептерін айқындайтын сәттерді елемеуге жол берілмейді.
Н-1М актісінің осы тармағын толтыру кезінде кейінірек жазатайым оқиғаның себептерін анықтауды қиындататын жалпы сөз тіркестерінен тұратын мән-жайларды қысқаша сипаттауға болмайды.
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің 11-тармағында:
жазатайым оқиғаның мән-жайларын нақты, логикалық дәйектілікпен баяндау, оларды оқиғаға қатысы жоқ толық сипаттамалармен қиындатпау;
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізу барысында анықталған ақпаратты ғана енгізу, болжамдар мен жорамалдарды жазбау;
жарақаттану сәттерін сипаттау кезінде нақты операцияны көрсету;
жабдықтың, құрал-саймандардың, құрылғылардың жай-күйін, оның ішінде жарамдылығын, осы операцияның еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін сипаттау;
операцияны орындау кезінде зардап шеккен жұмыскердің жағдайын (қалпын), жұмысты орындау кезінде қолданылған тәсілдерді нақтылау;
егер оқиға жұмыстың дұрыс емес тәсілдерін қолдану салдарынан орын алса, еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы неден болғанын көрсету;
жарақаттың неден (оның ішінде жабдық, бөлшектер, құрал-саймандар, шаң, дақтар) болғанын анықтау;
егер жазатайым оқиға қауіпті өндірістік факторлардың, оның ішінде температураның, шаңның, газдың, дірілдің, шудың әсер етуіне байланысты болса, оның нақты неден байқалғанын сипаттау қажет.
Н-1М актісінің 11-тармағында зардап шеккен жұмыскер алған жарақаттың сипатын (көгеру, күйік, сыну, созылу және т.б.) сипаттамауға болады, себебі диагноз Н-1М актісінің 11.4-тармақшасында көрсетіледі.
17.1. Н-1М актісінің 11.1-тармақшасын толтыру кезінде нормативтік құқықтық актілерде, оның ішінде техникалық нормативтік құқықтық актілерде және жергілікті нормативтік құқықтық актілерде қамтылған нормалардың нақты бұзушылықтарын көрсете отырып, жазатайым оқиғаның себептерін жазу қажет.
Н-1М актісінің 11.1-тармақшасын толтыру кезінде мынадай:
жазатайым оқиғаның себептерін анықтамау;
жазатайым оқиғаның себептерін дұрыс анықтамау;
жазатайым оқиғаның себебі оның мән-жайынан туындамайтын;
жазатайым оқиғаның барлық себебі анықталмаған;
жазатайым оқиғаның себептерін оның мән-жайларымен алмастыру;
жазатайым оқиғаның негізгі және қосалқы себептерін сипаттаудың реттілігін бұзу фактілеріне жол берілмейді.
Жазатайым оқиғаның негізгі себебін міндетті түрде анықтау оқиғаның туындауына ықпал ететін оның қосалқы себептерін анықтау қажеттілігін жоққа шығармайды. Жазатайым оқиғаның себептерін баяндау кезінде мынадай реттілікті: бастапқыда, жазатайым оқиғаның негізгі себебін, одан кейін маңыздылығына қарай қосалқы себептерді сақтау қажет.
Егер олар бір мезгілде жұмыскердің жарақаттануына алып келсе, жазатайым оқиғаның себептері мынадай:
техникалық;
ұйымдастырушылық реттілігімен реттілігімен баяндалады.
Жарақаттанудың нақты мән-жайларын ескере отырып, жазатайым оқиғаның себептерін баяндау реттілігі өзгеше болуы мүмкін;
17.2. 11.2-тармақшада пайдалану кезінде жазатайым оқиға орын алған жабдықтың (машинаның, механизмнің, көлік құралының) атауы, типі, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші-кәсіпорын, уақыты бойынша техникалық байқаудан (куәландыру) өткен соңғы датасы көрсетіледі.
17.3. 11.3-тармақшада ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі бойынша қорытындыға сәйкес масаң болу жағдайы мен дәрежесі көрсетіледі.
Зардап шеккен жұмыскердің алкогольдік масаң күйде немесе есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, уытты немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуынан туындаған күйде болу фактісі болмаған жағдайда, Н-1М актісінің 11.3-тармақшасында: "Болған жоқ" деп көрсетіледі;
17.4. 11.4-тармақша ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты және олардың ауырлық дәрежесі немесе мертігудің себебі туралы медициналық қорытындыға сәйкес толтырылады.
18. Н-1М актісінің 12-тармағын толтыру кезінде:
жазатайым оқиғаның себептерін жою және жазатайым оқиғаның белгілі бір себептерінен туындайтын және соған байланысты мұндай оқиғалардың алдын алу жөніндегі нақты іс-шараларды ғана көрсету;
ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дұрыс анықтау және оларды барлық жағдайда тек ұйымдастырушылық іс-шаралармен алмастырмау қажет. Мүмкіндік болса, ұйымдастырушылық іс-шаралардан бұрын техникалық іс-шараларға басымдық берген, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары арасында таңдау болған кезде ұжымдық қорғаныс құралдарына басымдық берген жөн, өйткені олар адамның еркіне қарамастан жұмыс істейді;
жазатайым оқиғаның себептерін жою және мұндай оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды тіркеуде реттілікті сақтау қажет: алдымен ең маңыздылары, содан кейін маңыздылығына қарай қалғандарының.
Жазатайым оқиғаның себептерін жою және мұндай оқиғалардың алдын алу жөніндегі нақты іс-шаралардың орнына жалпы сөз тіркестерін көрсетпеген дұрыс.
Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері, сондай-ақ жазатайым оқиғаның себептерін жою және мұндай оқиғалардың алдын алу іс-шаралары арасында себеп-салдарлық байланыс болуы тиіс: жазатайым оқиғаның мән-жайларынан оның себебі тұжырымдалады, ал жазатайым оқиғаның себептерінен оларды жою іс-шаралары айқындалады.
Осы тармақты толтыру кезінде нақты мерзімдер мен орындаушыларды қамтымайтын, сондай-ақ жазатайым оқиғаның себептерін жою және мұндай оқиғалардың алдын алуға бағытталмаған іс-шараларды көрсетпеген дұрыс.
19. Н-1М актісінің 13-тармағында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың, техникалық нормативтік құқықтық актілердің, жергілікті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған адамның тегі, өз аты, әкесінің аты (бар болса), кәсібі (лауазымы) көрсетіледі.
Аталған бұзушылықтарға жол берген адамдар туралы ақпарат жазатайым оқиғаның себептері туралы ақпарат сияқты реттілікпен енгізіледі.
Жұмыскердің еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың, техникалық нормативтік құқықтық актілердің, жергілікті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуы оның өзі танысқан нормативтік құқықтық актілерде, оның ішінде техникалық нормативтік құқықтық актілерде, жергілікті нормативтік құқықтық актілерде қамтылған еңбекті қорғау талаптарын сақтамағаны деп танылады.
Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамада, техникалық нормативтік құқықтық актілерде, жергілікті нормативтік құқықтық актілерде көзделген еңбекті қорғау саласындағы міндеттерді ескере отырып, мыналар үшін:
қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындамайтын жұмыскерге еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық бағдарламасының, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, ұжымдық шарттың, жұмыс орнында нұсқама жүргізілуі тиіс еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық бағдарламасының, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, сондай-ақ өзі қол қоя отырып танысқан (жұмыс өндірісінің жобасы және т.б.) басқа да жергілікті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны туралы ақпарат көрсетіледі;
қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындайтын жұмыскерге осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген құжаттардан басқа, өзі белгіленген тәртіппен оқытылған және тексеруден өткен техникалық нормативтік құқықтық актілерді қоса алғанда, тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат қағазында көрсетілген қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтары туралы ақпарат көрсетіледі;
лауазымды адамға осы бөліктің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардан басқа, оның лауазымдық нұсқаулықты, құрылымдық бөлімше туралы ереженің және басқа да құжаттардың талаптарын бұзғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
20. Н-1М актісінің 14-тармағында жазатайым оқиғаны көргендердің тегі, өз аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және жұмыс орны (бар болса), тұрғылықты жерінің (болатын жері) мекенжайы көрсетіледі.
Тегі, өз аты, әкесінің аты (бар болса) осы Нұсқаудың 10-тармағына сәйкес көрсетіледі.