"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жезқазғансирекмет" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы сирек, жерде сирек кездесетін, асыл (бағалы) металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндіру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын кәсіпорынның меншікті капиталы есебінен және республикалық бюджет қаражаты есебінен 1017219000 (бір миллиард он жеті миллион екі жүз он тоғыз мың) теңге мөлшерінде қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық кызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) қоғамды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 77 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы "Ұлытау облысы" деген бөліммен және реттік нөмірі 308-жолмен толықтырылсын:
"Ұлытау облысы
308. "Жезқазғансирекмет" акционерлік қоғамы.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 410-4-1-жолмен толықтырылсын:
"410-4-1. "Жезказғансирекмет" акционерлік қоғамы".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға катысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
38 | Асыл (бағалы) металдар өндірісі | 24410 | республикалық меншік/коммуналдық меншік |
1) "Тау-Кен Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; | Қазақстан Республикасы | үнемі |
";
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
40. | Сирек, жерде сирек кездесетін металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндірісі | 24455 | республикалық меншік/коммуналдық меншік | 1) "Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамы; 2) "Жоғары технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 3) "Жезқазғансирекмет" акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы | үнемі |
".
4. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
Министрлік пен оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
акционерлік қоғамдар:
1) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы;
2) "Жезқазғансирекмет" акционерлік қоғамы;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
1) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
1) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".