Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) және "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп:
1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) 2014 жылғы 15 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2014 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары
Ағымдағы жағдайды талдау
Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 937; 12.02.2019 № 55; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.
Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қабылданды. ҮИИДМБ алдын ала қорытындысы оның елдің әлеуметтік–экономикалық дамуына оң әсер еткенін айғақтайды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны көлемінің өсуі 25,8 % құрады (1,8 ден 3,8 трлн. теңгеге дейін). Ұқсас кезең ішінде өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің нақты өсуі 158,5 %, 37,3-тен 57,5 мың АҚШ долл/адам. дейін1 құрады. Бұл ретте 2013 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 5 852,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тамақ өнеркәсібі – 1 172,6 млрд. теңге (20%), машина жасау – 859,2 млрд. теңге (14,5 %), химия өнеркәсібі – 185,9 млрд. теңге (3 %).2
Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы
ЖҚҚ нақты өсуі өңдеу өнеркәсібінің үлесі

___________________________
1"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері" статистикалық бюллетені (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/publicationsGPFIIR)
2"Қазақстанның және оның өңірлерінің өнеркәсібі" статистикалық жинағы (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/publicationsCompilations)
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу, жағымды макроэкономикалық орта және саяси тұрақтылық сияқты бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының арқасында орын алды. Бұл ретте болашақта ел экономикасы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы және "орташа табыс тұзағында" қалуы мүмкін3. Айталық, оң үрдістерге қарамастан, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны төмендеуде (2013 жылы – 1,9%, ал 2010 жылы – 13,9%). ЖІӨ-нің озыңқы өсуі есебінен оның құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2008 жылы 11,8%-дан 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 10,7%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, шикізаттық емес өнімнің экспорт құрылымындағы үлесі ұқсас кезеңде 28 %-дан 24%-ға дейін қысқарған.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің өсу қарқынының баяулауы елдегі инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен бірге жүреді. Айталық, соңғы бес жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялардың жылдық өсу деңгейі 14,8 %-дан 6,9 %-ға дейін қысқарды4. Бұл ретте 2013 жылы инвестициялық салымдардың ең көп көлемі, өткен жылдардағыдай, тау-кен өндірісіне тиесілі (негізгі капиталға барлық инвестициялардың 29 %). Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның меншікті қаражаты болып отыр (59 %), ал нарықта ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жетіспеушілігі байқалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылдың бірінші жартысында қабылдаған шаралар өңдеу өнеркәсібі секторында жағымды өзгерістерге әсер етті. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҰБ) ресми мәліметтері бойынша 2014 жылдың жаз кезеңінде өңдеу өнеркәсібіне берілген кредиттердің көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 2,8%-ға артты. Сонымен қатар, 2014 жылдың маусым – тамыз айларында берілген өңдеу өнеркәсібінің ұзақ мерзімді кредиттері өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті5. Дегенмен, жалпы кредит қоржынының құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тек 6,8 % сәйкес келеді, ал ҰБ зерттеу мәліметтері бойынша өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында кредитке деген қажеттілік тұтастай экономика бойынша алғанда жоғары. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық–инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үшін инвестицияларға деген болжамды қажеттілік шамамен 6,6 трлн. теңгені құрайды.
Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеуіне қолдау көрсететін қызмет көрсету салаларын дамыту мәселесі де маңызды болып табылады.Оған көлік және логистика, коммуникация, техникалық сынақтар және ғылыми зерттеулер, мамандандырылған техниканы жалдау, буып-түю және т.б. жатады. 2014 жылғы 9 айдың мәліметтері бойынша бұл секторларда негізгі қаражатқа инвестиция салудың теріс қарқыны байқалады (көлік және қоймада сақтау бойынша – 15 %, ақпарат және байланыс бойынша – 17 %).
Осылайша, өңдеу өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі үшін қызмет көрсететін секторлар үшін ұлттық валютада кредит қаражатының қолжетімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты кәсіпорынның айналым капиталын толықтыру және негізгі қорларды жаңарту қажеттілігін ескеретін қаржылық құралдарды бөлу бойынша мемлекеттің қосымша шаралар қабылдауының қажеттігі байқалады.
Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды:
бірінші бағыт: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жүктеу үшін кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға кредит береді (қаражатты шартты түрде орналастыру жолымен) (бұдан әрі – бірінші бағыт) (мақсатқа сай пайдалану шарты "Alatau City Bank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Alatau City Bank" АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды);
екінші бағыт: осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ІКС) қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ) ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт) (мақсатқа сай пайдалану шарты "Alatau City Bank" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды).
Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларға екінші бағыт бойынша кредит беру осы Жоспарға 2-1-қосымшаға сәйкес тамақ өнеркәсібінің қаржыландыруға арналған салаларының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаның нысаналы мақсатын растау үшін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты кодына байланыстырылған тізбеден кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ кодтарына жатқызу сәйкестік өлшемшарты болып табылады.
__________________________________
32015 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы
4"Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы" статистикалық бюллетені (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersInvestment)
5ҰБ статистикалық бюллетені (http://www.nationalbank.kz/?docid=310)
Жалпы ережелер
Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруды жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚРҰБ, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ) өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОКС-ны кейіннен қаржыландыру үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жүктеу үшін және өңдеу өнеркәсібінде ІКС-ні қаржыландыру үшін ШОКС-ның айналым қаражатын толықтыруға ЕДБ-ні қаржыландыру бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – ҚР ҰҚ) қаражатынан жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін ШОКС-ны және ІКС-ні қосымша қаржыландырудың жалпы көлемі 100 (жүз) миллиард теңгені құрайды.
"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ облигациялар айналысы басталған күннен бастап 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100 (жүз) миллиард теңге сомасына облигация шығару жолымен ҚР ҰҚ-дан қарыз алуды жүзеге асырады. Облигациялық қарызды өтеу мерзімі – айналыс мерзімінің соңында, 2024 жылдан бастап эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығы болады.
Қаражат алғаннан кейін "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ:
1) "Даму" КДҚ" АҚ-ға жасалған кредиттік шарт талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 (елу) миллиард теңге сомасына кредит береді;
2) "ҚДБ" АҚ-ға жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдың 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 (елу) миллиард теңге сомасына кредит береді.
Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 362; 26.02.2016 № 119; 29.12.2018 № 937; 13.05.2019 № 274; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) ЕДБ тізбесі және бірінші және екінші бағыттар бойынша лимиттер сомалары жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды.
2. "Даму" КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ-ның және ЕДБ осы Жоспарды іске асыру аясында ҰҚ-дан бөлінетін қаражаттан төлемдерді жүргізу үшін ҰБ-да жеке банктік шоттар ашады.
3. "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ жасалған кредиттік шарт пен қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын "Даму" КДҚ" АҚ-ның және "ҚДБ" АҚ-ның ҚРҰБ-дағы жеке банктік шотына орналастырады.
4. "Даму" КДҚ" АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:
1) Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде ҚРҰБ-да ЕДБ-ның жеке банктік шоттарында кредит қаражатын қамтамасыз етпей орналастыру;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-дан аспайды;
3) ЕДБ-ға кредит беру мерзімі – 20 жылға дейін;
4) қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредит қаражатын игеру мерзімі:
инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 3 ай;
айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредиттер бойынша – 3 ай.
5) ЕДБ-ға кредит беру валютасы – теңге;
6) "Даму" КДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:
Мемлекеттік комиссияның ұсынымдарына сәйкес ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын ЕДБ Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОКС-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатына жіберетін қарыздардың үлесі құрайды;
Мемлекеттік комиссияның ұсынымдарына сәйкес ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын ЕДБ Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі ШОКС-ның айналым қаражатын толықтыру мақсатына жіберетін қарыздардың үлесі құрайды.
Бұл ретте Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіне қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды іске асыратын ШОКС-ға айналым қаражаты берілмейді.
2019 жылдан бастап ШОКС-ны қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 25 (жиырма бес) миллиард теңге ҚР ҰҚ қаражатының айналыс мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жіберілетін болады. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға ШОКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – ШОКС-ға кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға қаражат беру.
Пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.
5. "ҚДБ" АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда банктік қарыз шартын жасасады:
1) кредит қаражатын Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде ҚРҰБ-да ЕДБ-ның жеке банктік шоттарында қамтамасыз етпей орналастыру;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-дан аспайды;
3) ЕДБ-ға кредит беру мерзімі – 20 жылға дейін;
4) ЕДБ-ның кредит қаражатын игеру мерзімі – қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап 18 ай;
5) ЕДБ-ға кредит беру валютасы – теңге;
6) "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шарты шегінде:
Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 100 %-ын ЕДБ Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде түпкілікті қарыз алушылардың инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатына жіберетін қарыздардың үлесі құрайды.
6. ЕДБ орналастырылған кредит қаражатын мақсатты пайдалану және игеру бойынша "Даму" КДҚ" АҚ мен "ҚДБ" АҚ алдында есеп береді.
ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де, оның ішінде: экспорттық түсімнің бар болуын анықтау үшін ковенанттарды белгілеу шарттары тиісті кредиттік келісіммен, банктік қарыз шартымен белгіленеді. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру үшін іріктеу кезінде басымдық осындай жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап 1 (бір) қаржы жылынан кейін экспорттық түсімнің жыл сайын кемінде 5 % өсуін қамтамасыз ететін жобаларға берілуі тиіс. Мұндай жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін алдыңғы 2 (екі) жыл ішінде ШОКС субъектілерінің экспорттық түсімінің көлемін экспорттық түсімнің орташа жылдық көлемі деңгейінде сақтауды қамтамасыз ететін экспортқа бағытталған жобаларды экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе қаржыландыруға жол беріледі.
ЕДБ-ге бөлінетін қаражатты қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру, қаржы құралдарына және (немесе) олармен жасалатын операцияларды инвестициялау мақсаттарына, сондай-ақ шетелдік валютаны сатып алу үшін валюта нарығына жіберуге тыйым салынады.
ЕДБ ШОКС-қа бұрын берілген қарыздарды өтеу есебінен босаған қаражатты ҚР ҰБ-дағы өздерінің жеке банктік шоттарына есепке жазуды ай сайын жүзеге асырады. Бұл ретте ЕДБ босаған қаражатты үш ай ішінде ШОКС-ке одан әрі кредит беруге жұмсайды не қаражатты "Даму" КДҚ" АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шоттарына мерзімінен бұрын қайтарады.
ІКС-тің бұрын берілген қарыздарын өтеу есебінен босатылған қаражатты ҚР ҰБ-дегі өзінің жеке банктік шоттарына есепке жазуды ЕДБ ай сайынғы негізде жүзеге асырады. Бұл ретте ЕДБ "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шарттарында белгіленген мерзім ішінде қаражатты ІКС-ке одан әрі кредит беруге бағыттайды. Қаражат банктік қарыз шарттарында көрсетілген мерзімдерде орналастырылмаған жағдайда, "ҚДБ" АҚ ЕДБ-ден қаражаттың орналастырылмаған бөлігін мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы.
7. ШОКС және ІКС жобаларын қаржыландыру шеңберінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ҰБ талаптарына сәйкес анықталады.
Кәсіпкерлік субъектінің қарыз бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа төлемдерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің қарызына байланысты комиссиялар, алымдар және/немесе басқа төлемдер алынбайды.
ШОКС және ІКС мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығындарды төлейді.
8. ЕДБ орналастырылатын қаражатты мақсатқа сай пайдаланбаған, толықтай немесе ішінара игермеген жағдайларда, сондай-ақ кредиттік келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген өзге де жағдайлар туындаған кезде "Даму" КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ ЕДБ-ге қатысты кредиттік келісімнің, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес шаралар қолданады, оның ішінде кредиттік келісімдерді, банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзу және/немесе кейін басқа ЕДБ арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты кері қайтарып алу, және/немесе ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ге құқықтар (талаптар) беру мәселесіне бастама көтеруге құқылы. Кері қайтарып алынған, ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу, сондай-ақ ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ге құқықтарды (талаптарды) басқа ЕДБ-ге беру Мемлекеттік комиссияның ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119 қаулысымен.
10. Осы кіші бөлімнің 2-тармағында, 4-тармағының 6) тармақшасында, 5-тармағының 6) тармақшасында, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттар "Alatau City Bank" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.
Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.1. Нысаналы топ – бірінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОКС.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығару көзделетін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауар шығару көзделетін жобаларды іске асыратын;
2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ШОКС қатысушы бола алмайды.
3. ШОКС мақұлданған өтінімдеріне кредит беру мақсатында ЕДБ ҚРҰБ-дағы ЕДБ жеке банктік шотынан қаражатты есептен шығару үшін қажетті сомаларды "Даму" КДҚ" АҚ-мен алдын ала келісуді жүзеге асырады. Бұл ретте қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын түпкілікті тексеруді "Даму" КДҚ" АҚ ШОКС жобасын іске асыратын жерге барғаннан кейін жүзеге асырады.
4. Кредиттер ШОКC-ға мақсатқа сай пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі, оның ішінде:
1) бір ШОКС/байланысты тұлғалар тобы үшін қаржыландырудың ең жоғары лимиті – "Даму" КДҚ" АҚ қаражатын шартты түрде орналастырудың барлық бағдарламалары бойынша қолданыстағы міндеттемелер ескерілгенде 7 (жеті) миллиард теңге;
2) кредит беру мерзімі:
инвестицияларға – 10 жылдан аспайды;
айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылдан аспайды;
3) ШОКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері ҚР ҰҚ-ның қаражатын ЕДБ-дің қаражатымен микширлеу есебінен белгіленеді;
4) кредит беру валютасы – теңге.
5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Alatau City Bank" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.
Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119; 08.09.2016 № 528; 15.12.2017 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 937; 12.02.2019 № 55; 13.05.2019 № 274; 21.09.2021 № 643; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.1. Нысаналы топ – екінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ІКС.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;
2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ІҚС қатысушылар бола алмайды.
3. ІКС-тің мақұлданған өтінімдеріне кредит беру мақсатында ЕДБ ҰБ-дағы ЕДБ-ның жеке банктік шотынан қаражатты есептен шығару үшін қажетті сомаларды "ҚДБ" АҚ-мен алдын ала келісуді жүзеге асырады.
4. Кредиттер ІКC-ке мақсатты пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі, оның ішінде:
1) ең жоғары лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 7000000000 (жеті миллиард) теңгеге дейін;
2) кредит беру мерзімі: инвестицияларға – 10 жылдан аспайды;
3) ІКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері ҚР ҰҚ-дың қаражатын ЕДБ-нің қаражатымен микширлеу есебінен белгіленеді;
4) кредит беру валютасы – теңге;
5) инвестицияларға кредит беру бойынша негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең – түпкілікті қарыз алушы кредитті игеруді бастаған күннен бастап 24 айдан аспайды.
5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Alatau City Bank" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.
5. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, уәкілетті органның оң қорытындысы қажет. Ол үшін "ҚДБ" АҚ уәкілетті органға сұрау салу мен мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті еткізу нарықтары.
Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.
Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар
1. Халықаралық рейтинг агенттігі берген кредит рейтингінің "В–" төмен болмауы.
2. Қазақстан Республикасының кемінде 5 өңірінде филиалдар желісінің болуы.
3. Негізгі қарыз және (немесе) қарыз қаражатын беру күніне есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен астамөткен берешегі бар, кредит деңгейі 15 %-дан жоғары ЕДБ үшін ҰБ-мен жеке келісім жасасу талабы қосымша белгіленеді. Жеке келісімде ЕДБ-ның негізгі қарыз және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен астам өткен берешегі бар кредиттер деңгейін ҰБ белгілеген мерзімде 15 %-ға дейін төмендету міндеті көзделетін болады. ЕДБ жеке келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, қаражатты "Даму" КДҚ" АҚ-ға және "ҚДБ" АҚ-ға қайтару көзделеді.
Мониторинг
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119; 29.12.2018 № 937; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.1. "Даму" КДҚ" АҚ-ның және "ҚДБ" АҚ тұрақты негізде осы Жоспарды іске асыруға қатысатын ЕДБ қаржылық-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыратын болады.
2. "Даму" КДҚ" АҚ және "ҚДБ" АҚ:
1) ЕДБ-ның қаражатты мақсатты пайдалануы мен уақтылы игеруіне;
2) ШОКС және ІКС алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына;
3) ЕДБ-нің бұрын берілген қарыздарды өтеуден босатылатын қаражат есебінен ШОКС-ты, ІКС-ті уақтылы қаржыландыруына мониторингті жүзеге асыратын болады.
3. ЕДБ "Даму" КДҚ" АҚ-ға, "ҚДБ" АҚ-ға тұрақты негізде қаражатты игеру туралы есептерді жіберіп отыратын болады, есептерді беру нысаны мен мерзімдері тиісті Кредиттік келісімде, Банктік қарыз шартында көрсетіледі.
"Даму" КДҚ" АҚ және "ҚДБ" АҚ осы тармақтың шарттарына сәйкес ЕДБ-ден алынған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығымен құрылған ҚР ҰҚ-дан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) және "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-ға береді.
4. ЕДБ қаржыландырылған субъектілерге мониторинг жүргізеді. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің қаржыландырылған әрбір жобасы бойынша жеке кредит дерекнамасы жүргізіледі, онда кәсіпкерлік субъектісінің қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталуы тиіс.
5. "Даму" КДҚ" АҚ және "ҚДБ" АҚ осы Жоспар шеңберінде бөлінетін қаражат бойынша ЕДБ-ның төлем тәртібін қадағалайтын болады.
6. "Даму" КДҚ" АҚ және "ҚДБ" АҚ Комиссияға және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҰБ қаражаты есебінен ЕДБ-дан қарыз алған соңғы қарыз алушылар туралы ақпаратты, сондай-ақ ЕДБ-ға кредит алу үшін өтініш білдірген кәсіпкерлік субъектілері туралы және ЕДБ-дан кредит беру туралы оң шешім алған кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты, оның ішінде "Даму" КДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған Кредиттік келісімнің, "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес ЕДБ-дан алынған банктік, коммерциялық және басқа заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты береді.
7. Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында, ШОКС, ІКС субъектілерінің келісімі болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Даму" КДҚ" АҚ-ға, "ҚДБ" АҚ-ға салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді: салық салынбайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс, шетелдік көздерден түсетін кірістер, салық салынатын кіріс, сатылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша жұмсалған шығыстар, жұмыскерлердің есептеліп жазылған кірістері бойынша жұмсалған шығыстар, таза кіріс, жұмыскерлердің саны (адам), бір жұмыскерге есептегенде орташа айлық жалақы, салықтық төлемдердің сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
8. Осы кіші бөлімнің 2, 3, 6 және 7-тармақтарының шарттары "Alatau City Bank" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 1-қосымша |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.
Секция | Атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
С | Өңдеу өнеркәсібі | 10-33 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі | 10 | |
Сусындар өндірісі | 11 | |
Тоқыма бұйымдарының өндірісі | 13 | |
Киім өндірісі | 14 | |
Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі | 15 | |
Жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі | 16 | |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі | 17 | |
Полиграфиялық қызмет және жазып алынған ақпарат жеткізгіштерді тыңдатып көрсету | 18 | |
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі | 19 | |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі | 20 | |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі | 21 | |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі | 22 | |
Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі | 23 | |
Металлургия өнеркәсібі | 24 | |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдардың өндірісі | 25 | |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі | 26 | |
Электр жабдықтарының өндірісі | 27 | |
Басқа да санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі | 28 | |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі | 29 | |
Өзге де көлік құралдарының өндірісі | 30 | |
Жиһаз өндірісі | 31 | |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі | 32 | |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 33 |
Өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер аясы салаларының тізбесі
Секция | Атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
H | Көлік және жинақтау | 49-53 |
Жүк теміржол көлігінің қызметі | 49.20 | |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі | 49.41 | |
Құбыр көлігінің қызметі | 49.50 | |
Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі | 50.20 | |
Өзендегі жүк көлігінің қызметі | 50.40 | |
Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 52.10 | |
Құрлықтағы жол көлігінің қосалқы қызметі | 52.21 | |
Су көлігінің қосалқы қызметі | 52.22 | |
Әуе көлігінің қосалқы қызметі | 52.23 | |
Жүктерді көліктік өңдеу | 52.24 | |
Өзге де көліктік қосалқы қызмет | 52.29 |
| Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 2-қосымша |
Соңғы қарыз алушылар, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 55 қаулысымен.
Секция | Атауы | ЭҚЖЖ коды |
С | Өңдеу өнеркәсібі | 10-33 |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 55 қаулысымен. | ||
Сусындар өндірісі | 11 | |
Тоқыма бұйымдарының өндірісі | 13 | |
Киім өндірісі | 14 | |
Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі | 15 | |
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі | 16 | |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі | 17 | |
Жазып алынған материалдарды басып шығару жәнежаңғырту | 18 | |
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі | 19 | |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі | 20 | |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі | 21 | |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі | 22 | |
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі | 23 | |
Металлургия өнеркәсібі | 24 | |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерінің өндірісі | 25 | |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі | 26 | |
Электр жабдықтарының өндірісі | 27 | |
Өзге санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі | 28 | |
Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі | 29 | |
Өзге көлік құралдарының өндірісі | 30 | |
Жиһаз өндірісі | 31 | |
Өзге дайын өнімдер өндірісі | 32 | |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 33 |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 2-1-қосымша |
Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі
Ескерту. Қаулы 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 55; жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 21.09.2021 № 643 қаулыларымен.
Р/с | ЭҚЖЖ кодының атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Ет өңдеу және консервілеу | 1011 |
2 | Ауыл шаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу | 1012 |
3 | Ет өнімдерін және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі | 1013 |
4 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | 1020 |
5 | Картопты өңдеу және консервілеу | 1031 |
6 | Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі | 1032 |
7 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері | 1039 |
8 | Май және тоң май өндірісі | 1041 |
9 | Маргарин және оған ұқсас тағамдық майлар өндірісі | 1042 |
10 | Сүтті өңдеу және ірімшік өндірісі | 1051 |
11 | Балмұздақ өндірісі | 1052 |
12 | Ұн-жарма өнімдерінің өндірісі | 1061 |
13 | Крахмал және крахмал өнімдерінің өндірісі | 1062 |
14 | Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру | 1071 |
15 | Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндірісі | 1072 |
16 | Макарон өнімдерінің өндірісі | 1073 |
17 | Қант өндірісі | 1081 |
18 | Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі | 1082 |
19 | Шай және кофе өндірісі* | 1083 |
20 | Дәмдеуіштер мен дәмдеуіштер өндірісі* | 1084 |
21 | Дайын тағам өнімдерінің өндірісі | 1085 |
22 | Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі | 1086 |
23 | Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерінің өндірісі | 1089 |
24 | Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтар өндірісі | 1091 |
25 | Үй жануарларына арналған дайын азықтар өндірісі | 1092 |
*ескертпе: ЭҚЖЖ 1083, 1084 кодтары шеңберінде өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана қарыздар беруге жол беріледі.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 3-қосымша |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы мен
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арасындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын орналастыру
туралы кредиттік шарт
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119 қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 4-қосымша |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы мен
"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы арасындағы қарыз
шарты
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119 қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 5-қосымша |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы мен екінші
деңгейдегі банктер арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласында және
көрсетілетін қызметтер саласында шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін қаражатты екінші
деңгейдегі банктерге орналастыру туралы кредиттік келісім
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119 қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 6-қосымша |
№___ Банктік қарыз шарты
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 119 қаулысымен.