Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығару туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 16 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (аталған Шартқа тіркелген № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығару туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне тіркелген № 10 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың 10-тармағының "е" тармақшасына сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын экспорттауға лицензия рәсімдеу үшін өтініш берушілер импорттаушы мемлекеттің құзыретті органы берген есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының нақты партиясын әкелуге рұқсатты (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ресімделген құжаттың көшірмесін) не аталған рұқсаттың талап етілмейтіні туралы осы органның ресми хабарламасын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ресімделген құжаттың көшірмесін) ұсынады.";

      б) 12-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Ереженің 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген құжаттарды өтініш берушілер келісуші органға ұсынады. Бұл ретте мүше мемлекеттің уәкілетті органына аталған құжаттар ұсынылмайды.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады