"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары;

      "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;

      "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;

      "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;

      "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесіне қосылу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң бірақ ерте дегенде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасында тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде электрондық ақпаратпен алмасу туралы хаттамаға қол қойылған күнінен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл ҚАҒИДАЛАРЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №124 шешімі;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде осындай шарттар тараптарының электрондық ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін Одақтың және оған мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттары (осындай халықаралық шарттардың ережелерін дамытатын хаттамалар) (бұдан әрі – үшінші елмен жасасқан халықаралық шарттар).

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Қағидалар "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесіне (бұдан әрі – жалпы процесс) қатысушылардың арасындағы, осы жалпы процестің шеңберінде орындалатын рәсімдердің сипаттамасын қоса алғанда, ақпараттық өзара іс-қимылдың тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Қағидаларды жалпы процеске қатысушылар жалпы процесс шеңберіндегі рәсімдер мен операциялардың орындалу тәртібін бақылау үшін, сондай-ақ жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалау, әзірлеу және пысықтау кезінде қолданады.

III. Негізгі ұғымдар

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төмендегілерді білдіретін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "техникалық шарттар" – үшінші елмен халықаралық шартта көзделген және ақпараттық алмасуды іске асыруға қойылатын техникалық талаптарды, оның ішінде сервистердің, электрондық хабарлардың құрамын, деректердің құрылымын, пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштардың құрамы мен мазмұнын, сондай-ақ осындай алмасуға қатысушылар арасындағы ақпарат алмасудың тәртібі мен регламентін айқындайтын құжат;

      "үшінші ел" – Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет;

      "мүше мемлекеттің уәкілетті органы" – мүше мемлекет тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беруге уәкілеттік берген және үшінші елмен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған орган немесе ұйым;

      "үшінші елдің уәкілетті органы" – үшінші ел тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беруге уәкілеттік берген және үшінші елмен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған орган немесе ұйым;

      "мүше мемлекеттің орталық кеден органы" – мүше мемлекет мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген және (немесе) кеден ісі саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      "үшінші елдің орталық кеден органы" – үшінші ел мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген және (немесе) кеден ісі саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      "тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі" – тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорларын қалыптастыру және тауардың шығу тегі туралы сертификаттардан электрондық түрде мәліметтер ұсыну (алу) мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен үшінші елдің орталық кеден органы арасында, сондай-ақ үшінші елдің уәкілетті органы мен мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасуды іске асыру оның шеңберінде қамтамасыз етілетін таратылған ақпараттық жүйе.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартта және Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту мәселелері жөніндегі Одақ органдарының актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. Жалпы процесс туралы негізгі мәліметтер

      5. Жалпы процестің толық атауы: "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету".

      6. Жалпы процестің кодтық белгіленуі: P.EE.01, 1.0.0-нұсқа.

1. Жалпы процестің мақсаттары мен міндеттері

      7. Жалпы процестің мақсаттары:

      а) Одақ пен үшінші елдер арасындағы еркін сауда аймағы шеңберінде сыртқы сауданы дамытуға жәрдемдесу;

      б) кедендік операцияларды жүргізу уақытын қысқарту және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқалығын, берілу фактісін және мазмұнын, сондай-ақ ақпарат алмасуға қатысушы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың тарифтік преференциялар алуының заңдылығын растайтын ақпараттың сенімділігін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен кедендік бақылау рәсімдерін жеделдету;

      в) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының берілген кез келген сертификаттың мазмұнын тексеру үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорына құру арқылы халықаралық практикаға сәйкес сыртқы экономикалық қызметте қағазсыз технологияларды пайдалану болып табылады.

      8. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:

      а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорларын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

      б) электрондық құжаттар және (немесе) электрондық түрдегі мәліметтер түрінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорларынан мәліметтерді кедергісіз және тегін ұсынуды ұйымдастыру;

      в) тауардың шығу тегі туралы сертификаттардан электрондық түрде мәліметтер ұсыну (алу) мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен үшінші елдің орталық кеден органы арасында, сондай-ақ үшінші елдің уәкілетті органы мен мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.

2. Жалпы процеске қатысушылар

      9. Жалпы процеске қатысушылардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Жалпы процеске қатысушылардың тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.ACT.001

мүше мемлекеттің уәкілетті органы

мыналарды: тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша осы мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органына ұсыну үшін Комиссияның интеграциялық сегментіне осындай сертификат туралы мәліметтерді жіберетін;
Комиссияның интеграциялық сегментінен тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды алуды жүзеге асыратын;
Комиссияның интеграциялық сегментінен келіп түскен үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуына жауап ретінде тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді не оның болмауы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ететін;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшінші елдің орталық кеден органынан берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға Комиссияның интеграциялық сегментінен сұрау салу алуды жүзеге асыратын; мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді не жаңартулардың жоқтығы туралы ақпаратты ұсынуды және оларды Комиссияның интеграциялық сегментінен келіп түскен үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуына жауап ретінде жіберуді қамтамасыз ететін тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ететін мүше мемлекеттің уәкілетті органы

P.EE.01.ACT.002

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

мыналарды: тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынған Комиссияның интеграциялық сегментінен осындай сертификат туралы мәліметтерді алуды және өңдеуді қамтамасыз ететін;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салуды қалыптастыруды және Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберуді қамтамасыз ететін;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді не сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты Комиссияның интеграциялық сегментінен алуды жүзеге асыратын;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды қалыптастыруды және Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберуді қамтамасыз ететін;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе жаңартулардың жоқтығы туралы ақпаратты Комиссияның интеграциялық сегментінен алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің орталық кеден органы

P.ACT.001

үйлестіруші

Еуразиялық экономикалық комиссия:
мүше мемлекеттің уәкілетті органынан үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін, оның ішінде оның сұрау салуы бойынша мәліметтер:
тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтер;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер;
мәліметтердің (жаңартулардың) жоқтығы туралы ақпарат алуды;
мүше мемлекеттің уәкілетті органына үшінші елдің орталық кеден органынан келіп түскен тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды немесе тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға сұрау салу жіберуді;
мүше мемлекеттің орталық кеден органына тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді жіберуді;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберуді;
мүше мемлекеттің орталық кеден органына мәліметтердің (жаңартулардың) жоқтығы туралы ақпарат жіберуді;
мүше мемлекеттің орталық кеден органынан үшінші елдің уәкілетті органына жолдау мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды немесе тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды алуды қамтамасыз ететін ақпараттық өзара іс-қимылды үйлестіреді және Комиссияның интеграциялық сегментінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді

3. Жалпы процестің құрылымы

      10. Жалпы процесс мақсаты бойынша топтастырылған рәсімдер жиынтығын білдіреді:

      а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдері;

      б) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері.

      11. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процестің рәсімдерін орындау кезінде мүше мемлекеттің орталық кеден органы Комиссияның интеграциялық сегментінен мынадай мәліметтер түрлерін алуды жүзеге асырады:

      а) Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) белгіленген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну регламентіне сәйкес оны беру (күшін жою (кері қайтарып алу) фактісі бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынатын осындай мәліметтер;

      б) мүше мемлекеттің орталық кеден органының тиісті сұрау салуына жауап ретінде үшінші елдің уәкілетті органы ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтер не сұратылатын мәліметтердің жоқтығы туралы ақпарат;

      в) мүше мемлекеттің орталық кеден органының тиісті сұрау салуына жауап ретінде үшінші елдің уәкілетті органы ресімдеген және берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы ақпарат.

      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне (бұдан әрі – Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына (бұдан әрі – Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы) сәйкес келуге тиіс.

      12. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процестің рәсімдерін орындау кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияның интеграциялық сегментіне оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органдарына ұсыну мақсаттары үшін мынадай мәліметтер түрлерін ұсынуды қамтамасыз етеді:

      а) Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарында) белгіленген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну регламентіне сәйкес оны беру (күшін жою (кері қайтарып алу) фактісі бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынатын осындай мәліметтер;

      б) үшінші елдің орталық кеден органының тиісті сұрау салуына жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынған тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтер не сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы ақпарат;

      в) үшінші елдің орталық кеден органының тиісті сұрау салуына жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы ресімдеген және берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы ақпарат.

      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне (бұдан әрі – Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуге тиіс.

      13. Жалпы процесс құрылымының келтірілген сипаттамасы 1-суретте көрсетілген.



      1-сурет. Жалпы процестің құрылымы

      14. Операциялардың егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса алғанда, өз мақсаты бойынша топтастырылған жалпы процестің рәсімдерін орындау тәртібі осы Қағидалардың VIII бөлімінде келтірілген.

      15. Рәсімдердің әрбір тобы үшін жалпы процестің рәсімдері мен оларды орындау тәртібі арасындағы байланысты көрсететін жалпы схема келтірілген. Рәсімдердің жалпы схемасы UML графикалық нотациясы (бірыңғай модельдеу тілі – UnifiedModelingLanguage) қолданыла отырып құрылған және мәтіндік сипаттамамен жабдықталған.

4. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдерінің тобы

      16. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдері мүше мемлекеттің орталық кеден органының Үйлестірушіден үшінші елдің уәкілетті органы ұсынатын тиісті мәліметтерді алуы мақсатында орындалады.

      Алынатын мәліметтердің түріне қарай тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдерінің тобына енгізілген жалпы процестің мынадай рәсімдері орындалады:

      "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001);

      "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002);

      "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003).

      17. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдері тобының келтірілген сипаттамасы 2-суретте көрсетілген.



      2-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдері тобының жалпы схемасы

      18. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі 2-кестеде келтірілген.

      2-кесте

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі

Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.PRC.001

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу

мүше мемлекеттің орталық кеден органы үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға арналған

P.EE.01.PRC.002

сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу

мүше мемлекеттің орталық кеден органы сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алуға арналған

P.EE.01.PRC.003

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу

мүше мемлекеттің орталық кеден органының Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарында) белгіленген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну регламентіне сәйкес оны беру (күшін жою (кері қайтарып алу) фактісі бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынатын осындай мәліметтерді алуына арналған

5. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдерінің тобы

      19. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына беру үшін Комиссияның интеграциялық сегментіне ұсыну мақсатында орындалады.

      Ұсынылатын мәліметтердің түріне қарай тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдерінің тобына енгізілген жалпы процестің мынадай рәсімдері орындалады:

      "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004);

      "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.005);

      "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006).

      20. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері тобының келтірілген сипаттамасы 3-суретте көрсетілген.



      3-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері тобының жалпы схемасы

      21. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі 3-кестеде келтірілген.

      3-кесте

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдерінің тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі

Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.PRC.004

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну

үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуы бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға арналған

P.EE.01.PRC.005

сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуы бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған

P.EE.01.PRC.006

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

мүше мемлекеттің уәкілетті органының Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарында) белгіленген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну регламентіне сәйкес оны беру (күшін жою (кері қайтарып алу) фактісі бойынша осындай мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органына ұсынуына арналған

V. Жалпы процестің ақпараттық объектілері

      22. Жалпы процеске қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде олар туралы мәліметтер немесе олардан мәліметтер берілетін ақпараттық объектілердің тізбесі 4-кестеде келтірілген.

      4-кесте

Ақпараттық объектілердің тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.BEN.001

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры

мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұлттық деңгейде құратын, мүше мемлекеттің осы уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы электрондық сертификаттарды және (немесе) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы электрондық түрдегі мәліметтерді қамтитын дерекқор, сондай-ақ мүше мемлекеттің орталық кеден органы ақпарат алмасу нәтижелері бойынша ұлттық деңгейде қалыптастыратын, үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс

P.EE.01.BEN.002

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

VI. Жалпы процеске қатысушылардың жауапкершілігі

      23. Мүше мемлекеттердің орталық кеден және уәкілетті органдарының ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын лауазымды адамдары мен қызметкерлерін мәліметтерді берудің уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды сақтамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Жалпы процестің анықтамалары мен сыныптауыштары

      24. Ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде пайдаланылатын ақпаратты кодтау үшін техникалық шарттармен айқындалған анықтамалықтар және (немесе) сыныптауыштар қолданылады.

VIII. Жалпы процестің рәсімдері

1. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу рәсімдері

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімі

      25. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімін орындау схемасы 4-суретте көрсетілген.



      4-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімін орындау схемасы

      26. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімі үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді сұрату және алу мақсатында тұрақты негізде орындалады.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарында) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады. Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді сұратудың және алудың уақытша регламенті техникалық шарттармен айқындалады.

      27. Бірінші болып "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.001) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің орталық кеден органы үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.

      28. Комиссияның интеграциялық сегментіне үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.002) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу үшінші елдің уәкілетті органына жіберіледі.

      29. Комиссияның интеграциялық сегментіне үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер немесе "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.002) операциясын орындау шеңберінде жіберілген сұрау салуға жауап ретінде қалыптастырылған жаңартулардың жоқтығы туралы ақпарат түскен кезде, "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.003) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберіледі.

      30. Мүше мемлекеттің орталық кеден органына үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен кезде "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.004) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің орталық кеден органы үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан алынған жаңартылған мәліметтерді не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны өңдеуді жүзеге асырады,. Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтердің құрамында мәліметтердің мынадай түрлері берілуі мүмкін:

      а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы (бұдан әрі – тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы);

      б) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген телнұсқасы туралы (қағаз жеткізгіште сертификат берілген жағдайда, бұдан әрі – тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасы);

      в) бұрын берілгеннің орнына тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы (бұрын берілген сертификаттағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, бұдан әрі – ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат);

      г) бұрын берілген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың күшін жою (кері қайтарып алу) туралы (бұдан әрі – тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат).

      31. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімін орындаудың нәтижесі мүше мемлекеттің орталық кеден органының үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны алуы болып табылады.

      32. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі 6-кестеде келтірілген.

      6-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.001

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу

осы Қағидалардың 7-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.002

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу

осы Қағидалардың 8-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.003

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу

осы Қағидалардың 9-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.004

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді қабылдау және өңдеу

осы Қағидалардың 10-кестесінде келтірілген

      7-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.001) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.001

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

4

Орындау шарттары

тұрақты негізде орындалады. Үшінші елдің уәкілетті органы ресімдеген және берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді сұратудың уақытша регламенті техникалық шарттармен айқындалады

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберілді

      8-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.002) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.002

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.001) операциясы)

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне және тиісті техникалық шарттарға сәйкес үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды алуды және үшінші елдің уәкілетті органына жіберуді жүзеге асырады

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу үшінші елдің уәкілетті органына жіберілді

      9-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.003) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.003

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды үшінші елдің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.002) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуге тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберіледі

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберілді

      10-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.004) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.004

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді қабылдау және өңдеу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама алынған кезде орындалады ("Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.003) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес алынған мәліметтерді қабылдауды және өңдеуді орындайды.
Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтердің құрамында мынадай мәліметтер түрлері берілуі мүмкін:
а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;
б) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың телнұсқасы туралы;
в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;
г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламалар өңделді

"Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімі

      33. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімін орындау схемасы 5-суретте көрсетілген.



      5-сурет. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімін орындау схемасы

      34. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімі үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың дұрыстығына қатысты негізделген күмән туындаған кезде не үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорында тауардың шығу тегі туралы белгілі бір сертификат туралы мәліметтер болмаған кезде, не қарапайым іріктеп тексеруді жүзеге асыру кезінде орындалады.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады.

      35. Бірінші болып "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.005) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің орталық кеден органы үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.

      36. Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салу Комиссиясының интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді үшінші елдің уәкілетті органына ұсынуға арналған сұрау салуды жолдау" (P.EE.01.OPR.006) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салу үшінші елдің уәкілетті органына жіберіледі.

      37. Комиссияның интеграциялық сегментіне сұрау салынатын мәліметтерге сұрау салуға жауап не олардың жоқтығы туралы ақпарат келіп түскен кезде "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.007) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберіледі.

      38. Мүше мемлекеттің орталық кеден органына сұрау салуға жауап ретінде үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламама келіп түскен кезде "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.008) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің орталық кеден органы үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы алынған мәліметтерді не сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны өңдеуді жүзеге асырады.

      39. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімін орындау нәтижелері мүше мемлекеттің орталық кеден органының үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді немесе сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны алуы болып табылады.

      40. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі 11-кестеде келтірілген.

      11-кесте

"Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.002) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.005

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастыру және жіберу

осы Қағидалардың 12-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.006

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді үшінші елдің уәкілетті органына ұсынуға арналған сұрау салуды жолдау

осы Қағидалардың 13-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.007

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу

осы Қағидалардың 14-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.008

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу

осы Қағидалардың 15-кестесінде келтірілген

      12-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.005) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.005

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастыру және жіберу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің орталық кеден органының үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алуы қажет болған жағдайда орындалады

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салу Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберілді

      13-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді үшінші елдің уәкілетті органына ұсынуға арналған сұрау салуды жолдау" (P.EE.01.OPR.006) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.006

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді үшінші елдің уәкілетті органына ұсынуға арналған сұрау салуды жолдау

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салу Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды қалыптастыру және жіберу" (P.EE.01.OPR.005) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуге тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне және тиісті техникалық шарттарға сәйкес үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуды алуды және үшінші елдің уәкілетті органына жіберуді жүзеге асырады

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салу үшінші елдің уәкілетті органына жіберілді

      14-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.007) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.007

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді үшінші елдің уәкілетті органына ұсынуға арналған сұрау салуды жолдау" (P.EE.01.OPR.006) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуге тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мүше мемлекеттің орталық кеден органына үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама жіберіледі

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберілді

      15-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.008) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.008

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер немесе сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама алынған кезде орындалады ("Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға арналған сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу" (P.EE.01.OPR.007) операциясы)

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес алынған мәліметтерді өңдеуді орындайды.
Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтердің құрамында сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің мынадай түрлерінің бірі берілуі мүмкін:
а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;
б) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың телнұсқасы туралы;
в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;
г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер немесе сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама алынды және өңделді

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімі

      41. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімін орындау схемасы 6-суретте көрсетілген.



      6-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімін орындау схемасы

      42. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімі үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады.

      43. Комиссияның интеграциялық сегментіне үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер келіп түскен кезде "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу" (P.EE.01.OPR.009) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер мүше мемлекеттің орталық кеден органына автоматты түрде жіберіледі.

      44. Мүше мемлекеттің орталық кеден органына үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер келіп түскен кезде "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.010) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің орталық кеден органы алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.

      45. Мүше мемлекеттің орталық кеден органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама келіп түскен кезде "Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алу" (P.EE.01.OPR.011) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама оны үшінші елдің уәкілетті органына жіберу мақсаттары үшін Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделеді.

      46. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімін орындау нәтижелері үшінші елдің уәкілетті органы Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді мүше мемлекеттің орталық кеден органының алуы және өңдеуі, сондай-ақ алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қалыптастыруы және Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберуі болып табылады.

      47. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімі шеңберінде орындалатын операциялардың тізбесі 16-кестеде келтірілген.

      16-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.PRC.003) рәсімі шеңберінде орындалатын операциялардың тізбесі

Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.009

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу

17-кестеде келтірілген

P.EE.01.OPR.010

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу

18-кестеде келтірілген

P.EE.01.OPR.011

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алу

19-кестеде келтірілген


      17-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу" (P.EE.01.OPR.009) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.009

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің уәкілетті органы мұндай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуге тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады және мүше мемлекеттің орталық кеден органына жібереді

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер мүше мемлекеттің орталық кеден органына жіберілді

      18-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.010) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.010

2

Операцияның атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы

4

Орындау шарттары

орындаушы үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алған кезде орындалады ("Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу" (P.EE.01.OPR.009) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы алынған мәліметтерді қабылдайды және өңдеуді орындайды, мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.
Осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтердің құрамында мынадай мәліметтер түрлерінің бірі берілуі мүмкін:
а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;
б) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың телнұсқасы туралы;
в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;
г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы

7

Нәтижелер

үшінші елдің уәкілетті органы осындай сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша ұсынған тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер алынды және өңделді, Комиссияның интеграциялық сегментіне мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама жіберілді

      19-кесте

"Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алу" (P.EE.01.OPR.011) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1


P.EE.01.OPR.011

2

Операцияның атауы

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

орындаушы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.010) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны үшінші елдің уәкілетті органына жолдау мақсаттары үшін қабылдауды және өңдеуді орындайды

7

Нәтижелер

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама алынды және Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделді

2. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімі

      48. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімін орындау схемасы 7-суретте көрсетілген.



      7-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімін орындау схемасы

      49. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімі үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуы бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға арналған.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерге сұрау салуды өңдеудің және ұсынудың уақытша регламенті техникалық шарттарда айқындалады.

      50. Комиссияның интеграциялық сегментіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.012) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу жіберіледі.

      51. Мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну" (P.EE.01.OPR.013) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуды өңдеуді, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыруды және Комиссияның интеграциялық сегментіне ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорындағы жаңартылған мәліметтердің құрамына сұрау салу параметрлеріне сәйкес мәліметтердің мынадай түрлері енгізіледі:

      а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;

      б) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген телнұсқасы туралы;

      в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;

      г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы.

      52. Мүше мемлекеттің уәкілетті органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен кезде "Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.OPR.014) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны алу және Комиссияның интеграциялық сегментінде өңдеу қамтамасыз етіледі.

      53. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімін орындау нәтижелері тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны алу және өңдеу болып табылады.

      54. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі 20-кестеде келтірілген.

      20-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.004) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.012

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау

осы Қағидалардың 21-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.013

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну

осы Қағидалардың 22-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.014

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу

осы Қағидалардың 23-кестесінде келтірілген

      21-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.012) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.012

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

Комиссияның интеграциялық сегментіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу үшін сұрау салу келіп түскен кезде

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу үшін сұрау салуды өңдеуді және мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберуді қамтамасыз етеді

7

Нәтижелер

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілді

      22-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну" (P.EE.01.OPR.013) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.013

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы

4

Орындау шарттары

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.012) операциясы)

5

Шектеулер

сұрау салудың және ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады, сұрау салу параметрлеріне сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.
Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорындағы жаңартылған мәліметтердің құрамына сұрау салу параметрлеріне сәйкес мәліметтердің мынадай түрлері енгізіледі:
а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;
б) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген телнұсқасы туралы;
в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;
г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы

7

Нәтижелер

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберілді

      23-кесте

"Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.OPR.014) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.014

2

Операцияның атауы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің уәкілетті органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну" (P.EE.01.OPR.013) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін жаңартулардың жоқтығы туралы хабарламаны алуды және Комиссияның интеграциялық сегментінде өңдеуді қамтамасыз етеді

7

Нәтижелер

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер немесе жаңартулардың жоқтығы туралы хабарлама оларды үшінші елдің орталық кеден органына жіберу мақсаттары үшін өңделді

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімі

      55. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімін орындау схемасы 8-суретте көрсетілген.



      8-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімін орындау схемасы

      56. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімі мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін үшінші елдің орталық кеден органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне сұрау салу келіп түскен кезде орындалады.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады.

      57. Үшінші елдің орталық кеден органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.015) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберіледі.

      58. Мүше мемлекеттің уәкілетті органына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу келіп түскен кезде "Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде ұсыну" (P.EE.01.OPR.016) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді немесе сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді.

      59. Комиссияның интеграциялық сегментіне үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуына жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен кезде "Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде алу" (P.EE.01.OPR.017) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша Комиссияның интеграциялық сегментінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді немесе сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны алу және оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін өңдеу қамтамасыз етіледі.

      60. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімін орындау нәтижелері мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға үшінші елдің орталық кеден органынан келіп түскен сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органында өңдеу және мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны Комиссиясының интеграциялық сегментінде алу және оларды кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін өңдеу болып табылады.

      61. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі 24-кестеде келтірілген.

      24-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша ұсыну" (P.EE.01.PRC.005) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.015

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау

осы Қағидалардың 25-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.016

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде ұсыну

осы Қағидалардың 26-кестесінде келтірілген

P.EE.01.OPR.017

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде алу

осы Қағидалардың 27-кестесінде келтірілген

      25-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.015) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.015

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға үшінші елдің орталық кеден органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне сұрау салу келіп түскен кезде орындалады

5

Шектеулер

сұрау салудың форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберіледі

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілді

      26-кесте

"Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде ұсыну" (P.EE.01.OPR.016) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.016

2

Операцияның атауы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде ұсыну

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу келіп түскен кезде орындалады ("Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау" (P.EE.01.OPR.015) операциясы)

5

Шектеулер

сұрау салудың және ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс


Операцияның сипаттамасы

орындаушы Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға келіп түскен сұрау салуды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады және мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді не сұрау салудың параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді
Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтердің құрамында сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің мынадай түрлерінің бірі жіберіледі:
а) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы;
б) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың телнұсқасы туралы;
в) ауыстыру үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы;
г) тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберілді

      27-кесте

"Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде алу" (P.EE.01.OPR.017) операциясының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.017

2

Операцияның атауы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде алу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуына жауап ретінде Комиссияның интеграциялық сегментіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен кезде орындалады ("Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұрау салуға жауап ретінде ұсыну" (P.EE.01.OPR.016) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама кейіннен үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін өңделеді

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер немесе сұрау салу параметрлерін қанағаттандыратын мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама алынды және Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделді

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімі

      62. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімін орындау схемасы 9-суретте көрсетілген.



      9-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімін орындау схемасы

      63. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімін мүше мемлекеттің уәкілетті органының үшінші елдің орталық кеден органына тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді беру (күшін жою (кері қайтарып алу) фактісі бойынша ұсынуы мақсатында мүше мемлекеттің уәкілетті органы орындайды.

      Егер ақпараттық өзара іс-қимылдың мұндай түрі Одақтың үшінші елмен жасасқан халықаралық шартында (техникалық шарттарда) көзделген жағдайда, рәсім белгілі бір үшінші елге қатысты орындалады. Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынудың уақытша регламенті техникалық шарттарда айқындалады.

      64. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшінші елдің орталық кеден органына ұсыну үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі не ол туралы мәліметтер бұған дейін үшінші елдің орталық кеден органына жіберілген тауардың шығу тегі туралы бұрын берілген сертификаттың күшін жоюы (кері қайтарып алынуы) кезінде "Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.OPR.018) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша тауардың шығу тегі туралы осындай сертификат туралы мәліметтер Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберіледі.

      Операция шеңберінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан тауардың шығу тегі туралы берілген бір сертификатқа қатысты мәліметтер ұсынылады. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың түпнұсқасы туралы немесе тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттың телнұсқасы туралы немесе тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.

      65. Мүше мемлекеттің уәкілетті органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және үшінші елдің орталық кеден органына жіберу" (P.EE.01.OPR.019) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер Комиссияның интеграциялық сегментінде қабылданады және үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін өңделеді.

      66. Комиссияның интеграциялық сегментіне үшінші елдің орталық кеден органынан мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама келіп түскен кезде "Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.020) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша көрсетілген хабарлама мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберіледі.

      67. Комиссияның интеграциялық сегментінен мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама мүше мемлекеттің уәкілетті органына келіп түскен кезде "Тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.021) операциясы орындалады. Осы операцияны орындау нәтижелері бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органында алынған хабарламаны өңдеу жүзеге асырылады.

      68. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімін орындау нәтижелері мүше мемлекеттің уәкілетті органының мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді кейіннен осы мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін Комиссияның интеграциялық сегментіне ұсынуы, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органында өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алуы болып табылады.

      69. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімі шеңберінде орындалатын операциялардың тізбесі 28-кестеде келтірілген.

      28-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.PRC.006) рәсімі шеңберінде орындалатын операциялардың тізбесі

Кодтық белгіленуі

Атауы

Сипаттамасы

1

2

3

P.EE.01.OPR.018

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

29-кестеде келтірілген

P.EE.01.OPR.019

тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және үшінші елдің орталық кеден органына жіберу

30-кестеде келтірілген

P.EE.01.OPR.020

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберу

31-кестеде келтірілген

P.EE.01.OPR.021

тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу

32-кестеде келтірілген

      29-кесте

"Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.OPR.018) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.018

2

Операцияның атауы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшінші елдің орталық кеден органына ұсыну үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген не бұрын үшінші елдің орталық кеден органына жіберілген тауардың шығу тегі туралы бұрын берілген сертификаттың күшін жойған (кері қайтарып алған) кезде орындалады

5

Шектеулер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынудың уақытша регламенті техникалық шарттарда айқындалады. Ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияның интеграциялық сегментіне жібереді. Операция шеңберінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан тауардың шығу тегі туралы берілген бір сертификатқа қатысты мәліметтер ұсынылады. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген түпнұсқасы туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген телнұсқасы туралы немесе ауыстырылатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы немесе тауардың шығу тегі туралы күші жойылған сертификат туралы мәліметтер болуы мүмкін

7

Нәтижелер

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберілді

      30-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және үшінші елдің орталық кеден органына жіберу" (P.EE.01.OPR.019) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.019

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және үшінші елдің орталық кеден органына жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер мүше мемлекеттің уәкілетті органынан Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады ("Мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.OPR.018) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы үшінші елдің орталық кеден органына жіберу үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдайды және өңдейді

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер алынды және Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделді

      31-кесте

"Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.020) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.OPR.020

2

Операцияның атауы

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберу

3

Орындаушы

үйлестіруші (операция Комиссияның интеграциялық сегментінде автоматты түрде орындалады)

4

Орындау шарттары

үшінші елдің орталық кеден органынан мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама Комиссияның интеграциялық сегментіне келіп түскен кезде орындалады

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы техникалық шарттарға сәйкес келуге тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдайды, өңдейді және мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілді

      32-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу" (P.EE.01.OPR.021) операциясының сипаттамасы

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1


P.EE.01.OPR.021

2

Операцияның атауы

тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу

3

Орындаушы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы

4

Орындау шарттары

орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберу" (P.EE.01.OPR.020) операциясы)

5

Шектеулер

ұсынылатын мәліметтердің форматы мен құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс

6

Операцияның сипаттамасы

орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдауды және өңдеуді орындайды

7

Нәтижелер

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама алынды және мүше мемлекеттің уәкілетті органынан өңделді

IX. Штаттан тыс жағдайларда әрекет ету тәртібі

      70. Жалпы процестің рәсімдерін орындау кезінде деректерді өңдеу әдеттегідей жүргізілмейтін ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Бұл техникалық ақаулар, құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау қателіктері және басқа жағдайларда орын алуы мүмкін.

      71. Құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау қателіктері туындаған жағдайда мүше мемлекеттің орталық кеден органы (мүше мемлекеттің уәкілетті органы) қате туралы хабарлама алынған хабардың Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына және Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне және Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес электрондық құжаттар мен мәліметтерді толтыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Мәліметтердің көрсетілген құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, мүше мемлекеттің орталық кеден органы (мүше мемлекеттің уәкілетті органы) анықталған қатені белгіленген тәртіппен жою үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      72. Штаттан тыс жағдайларды шешу мақсатында мүше мемлекеттер осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындау құзыретіне жататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары туралы Комиссияны хабардар етеді, сондай-ақ жалпы процесті іске асыру кезінде техникалық қолдауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді ұсынады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл РЕГЛАМЕНТІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №124 шешімі;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде осындай шарттар тараптарының электрондық ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін Одақтың және оған мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттары (осындай халықаралық шарттардың ережелерін дамытатын хаттамалар).

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Регламент жалпы процеске қатысушылардың "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесінің (бұдан әрі – жалпы процесс) транзакцияларын орындау тәртібі мен шарттарының, сондай-ақ оларды орындау кезіндегі өз рөлінің бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      3. Осы Регламент жалпы процеске қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға тікелей бағытталған жалпы процесс операцияларын орындау тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      4. Осы Регламентті жалпы процеске қатысушылар жалпы процесс шеңберінде рәсімдер мен операцияларды орындау тәртібін бақылау кезінде, сондай-ақ осы жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалау, әзірлеу және пысықтау кезінде қолданады.

III. Негізгі ұғымдар

      5. Осы Регламенттің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "авторландыру" – жалпы процестің белгілі бір қатысушысына белгілі бір әрекеттерді орындау құқығын беру;

      "Техникалық шарттар", "үшінші ел", "үшінші елдің уәкілетті органы", "мүше мемлекеттің орталық кеден органы" деген ұғымдар осы Регламентте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының (бұдан әрі – Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары) 4-тармағында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

      "Бастамашы", "бастамашылық операция", "қабылдаушы операция", "респондент", "жалпы процесс хабары" және "жалпы процесс транзакциясы" деген ұғымдар осы Регламентте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлестіру және сипаттау әдістемесінде айқындалған мәндерде пайдаланылады.

IV. Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл туралы негізгі мәліметтер

1. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар

      6. Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар рөлдерінің тізбесі 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар рөлдерінің тізбесі


Рөлдің атауы

Рөлдің сипаттамасы

Рөлді орындайтын қатысушы

1

2

3

Мәліметтер алушы

Комиссияның интеграциялық сегментінен тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша үшінші елдің уәкілетті органы ұсынған осындай сертификат туралы мәліметтерді алуды және өңдеуді қамтамасыз етеді;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді сұратуды, сондай-ақ үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерге сұрау салуды қалыптастыруды және Комиссияның интеграциялық сегментіне жіберуді қамтамасыз етеді;
Комиссияның интеграциялық сегментінен үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді, сондай-ақ үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді не сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты алуды жүзеге асырады

Мүше мемлекеттің орталық кеден органы (P.EE.01.ACT.002)

Үйлестіруші

мыналарды:
үшінші елдің уәкілетті органынан тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алуды және оларды алушыға жіберуді;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алуға сұрау салуды, үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді сұрау салуды алуды және өңдеуді;
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді, үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе сұрау салынатын мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты алушыға жолдауды қамтамасыз ететін ақпараттық өзара іс-қимылды үйлестіреді және Комиссияның интеграциялық сегментінің үздіксіз жұмыс істеуін қолдайды

үйлестіруші (P.ACT.001)

2. Ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы

      7. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде мәліметтерді алушы мен Үйлестіруші арасындағы жалпы процестің рәсімдеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылдың мынадай түрі – тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезінде мәліметтерді алушы мен Үйлестіруші арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы 1-суретте көрсетілген.



      1-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезінде мәліметтерді алушы мен Үйлестіруші арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы

      8. Мәліметтерді алушы мен Үйлестіруші арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жалпы процесс шеңберінде іске асырылады. Жалпы процестің құрылымы Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларында анықталған.

      9. Ақпараттық өзара іс-қимыл жалпы процестің транзакцияларының орындалу тәртібін айқындайды, олардың әрқайсысы жалпы процеске қатысушылардың арасындағы жалпы процестің ақпараттық объектісінің жай-күйлерін үндестіру мақсатында хабарлар алмасуды білдіреді. Әрбір ақпараттық өзара іс-қимыл үшін операциялар мен осындай операцияларға сәйкес келетін жалпы процестің транзакциялары арасындағы өзара байланыс анықталады.

      10. Жалпы процесс транзакциясын орындау кезінде бастамашы өзі жүзеге асыратын операция (бастамашы операция) шеңберінде респондентке сұрау-хабар жібереді, оған жауап ретінде респондент өзі жүзеге асыратын операция (қабылдаушы операция) шеңберінде жауап-хабар жіберуі тиіс.

      Хабар құрамындағы деректердің құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына (бұдан әрі – Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы) сәйкес келуге тиіс.

      11. Жалпы процестің транзакциялары осы Регламентте анықталғандай жалпы процесс транзакцияларының берілген параметрлеріне сәйкес орындалады.

V. Рәсімдер топтары шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл

1. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезіндегі ақпараттық өзара іс қимыл

      12. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезінде жалпы процестің транзакцияларын орындау схемасы 2-суретте көрсетілген. Жалпы процестің әрбір рәсімі үшін 2-кестеде операциялар, жалпы процестің ақпараттық объектілерінің аралық және нәтижелік жай-күйлері мен жалпы процесс транзакциялары арасындағы байланыс көрсетілген.



      2-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезінде жалпы процестің транзакцияларын орындау схемасы

      2-кесте

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді алу кезіндегі жалпы процесс транзакцияларының тізбесі


Р/с №

Бастамашы орындайтын операция

Жалпы процестің ақпараттық объектісінің аралық жай-күйі

Респондент орындайтын операция

Жалпы процестің ақпараттық объектісінің нәтижелік жай-күйі

Жалпы процесс транзакциясы

1

2

3

4

5

6

1

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу (P.EE.01.PRC.001)

1.1

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жолдау (P.EE.01.OPR.001).
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді қабылдау және өңдеу (P.EE.01.OPR.004)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001):
жаңартулар сұралды

үшінші елдің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды жіберу (P.EE.01.OPR.002).
үшінші елдің уәкілетті орган берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу (P.EE.01.OPR.003)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар ұсынылды тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жоқ

Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу (P.EE.01.TRN.001)


2

Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу (P.EE.01.PRC.002)

2.1

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуды қалыптастыру және жолдау
(P.EE.01.OPR.005).
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу (P.EE.01.OPR.008)

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер сұралды

үшінші елдің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салу жолдау (P.EE.01.OPR.006).
үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу
(P.EE.01.OPR.007)

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер ұсынылды тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер жоқ

Сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу (P.EE.01.TRN.002)


3

Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу (P.EE.01.PRC.003)

3.1

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жолдау (P.EE.01.OPR.009).
мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама алу (P.EE.01.OPR.011)

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер берілді

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу (P.EE.01.OPR.010)

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер алынды

Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу (P.EE.01.TRN.003)

VI. Жалпы процесс хабарларының сипаттамасы

      13. Жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде берілетін жалпы процесс хабарларының тізбесі 3-кестеде келтірілген. Хабар құрамындағы деректердің құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс. Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасындағы тиісті құрылымға сілтеме 3-кестенің 3-бағанының мәні бойынша белгіленеді.

      3-кесте

Жалпы процесс хабарларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Электрондық құжаттың (мәліметтердің) құрылымы

1

2

3

P.EE.01.MSG.001

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу (Request)

P.EE.01.MSG.002

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтер

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (Certificate)

P.EE.01.MSG.003

мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (Response)

P.EE.01.MSG.004

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу (Request)

P.EE.01.MSG.005

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (Certificate)

P.EE.01.MSG.006

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (Response)

VII. Жалпы процесс транзакцияларының сипаттамасы

1. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.001) жалпы процесінің транзакциясы

      14. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.001) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының сұрау салуы бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді респонденттің ұсынуы үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процесс транзакциясының схемасы 3-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 4-кестеде келтірілген.



      3-сурет. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.001) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      4-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.001) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.001

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салуды қалыптастыру және жіберу

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу және жіберу

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры(P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жоқ
тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар ұсынылды

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу (P.EE.01.MSG.001)


жауап хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорындағы жаңартылған мәліметтер (P.EE.01.MSG.002) мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.003)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

2. "Сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.002) жалпы процесінің транзакциясы

      15. "Сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.002) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының сұрау салуы бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорындағы тауардың шығу тегі туралы белгілі бір сертификат туралы мәліметтерді респонденттің ұсынуы үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процестің транзакциясын орындау схемасы 4-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 5-кестеде келтірілген.



      4-сурет. "Сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.002) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      5-кесте

"Сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.002) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.002

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

сұрау салу бойынша үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуды қалыптастыру және жолдау

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну үшін сұрау салуға жауап ретінде келіп түскен мәліметтерді алу және жіберу

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер жоқ
тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер ұсынылды

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу (P.EE.01.MSG.004)


жауап хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.MSG.005) мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.003)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

3. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.003) жалпы процесінің транзакциясы

      16. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.003) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді респондентке ұсынуы үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процестің транзакциясын орындау схемасы 5-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 6-кестеде келтірілген.



      5-сурет. "Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.003) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      6-кесте

"Үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу" (P.EE.01.TRN.003) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.003

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді жіберу

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

үшінші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер алынды

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.MSG.005)


жауап хабар

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.006)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

VIII. Штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі

      17. Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде деректерді өңдеуді әдеттегі режимде жүргізу мүмкін болмайтын штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Штаттан тыс жағдайлар техникалық іркілістер, күту уақыты аяқталған кезде және өзге де жағдайларда туындайды. Жалпы процеске қатысушының штаттан тыс жағдайдың туындау себептері туралы түсіндірмелер және оны шешу жөніндегі ұсынымдар алуы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдау қызметіне тиісті сұрау салу жіберу мүмкіндігі көзделген. Штаттан тыс жағдайды шешу бойынша жалпы ұсынымдар 7-кестеде келтірілген.

      18. Транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің орталық кеден органы) қате туралы хабарлама алынған хабардың Электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына және осы Регламенттің IX бөлімінде көрсетілген хабарларды бақылауға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Егер көрсетілген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда, транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің орталық кеден органы) анықталған қатені жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Егер сәйкессіздіктер анықталмаған жағдайда, транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің орталық кеден органы) осы штаттан тыс жағдай сипатталған хабарды Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдау қызметіне жібереді.

      7-кесте

Штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимыл


Штаттан тыс жағдайдың коды

Штаттан тыс жағдайдың сипаттамасы

Штаттан тыс жағдайдың себептері

Штаттан тыс жағдай туындаған кездегі іс-қимыл сипаттамасы

1

2

3

4

P.EXC.002

жалпы процестің екі жақты транзакциясының бастамашысы келісілген қайталаулар саны аяқталғаннан кейін жауап-хабар алған жоқ

көлік жүйесіндегі техникалық ақаулар немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің жүйелік қатесі

жауап-хабар қалыптастырылуы тиіс ұлттық сегменттің техникалық қолдау қызметіне не егер жауап-хабар Комиссияның интеграциялық сегментінен алынады деп күтілсе, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау қызметіне сұрау салу жолдау қажет

P.EXC.004

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы қате туралы хабарлама алды

анықтамалықтар мен сыныптауыштар үндестірілмеген немесе электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемалары, қолданбалы деректердегі қателер жаңартылмаған

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы пайдаланылған анықтамалықтар мен сыныптауыштарды үндестіруі немесе электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемаларын жаңартуы, қолданбалы деректердегі қателерді түзетуі қажет. Егер анықтамалықтар мен сыныптауыштар үндестірілсе, электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемалары жаңартылса, қолданбалы деректерде қателер анықталмаса, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау қызметіне сұрау салу жіберу қажет

P.EE.01.EXC.003

бастамашының ақпараттық жүйесінде респонденттің жауап хабарын өңдеу кезінде қате пайда болды

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы жағындағы хабар мазмұнының блогын тексеру мен өңдеудегі қате

транзакцияның бастамашысы мазмұнның блогын берілетін ақпараттың дұрыстығын тексеруге және осы штаттан тыс жағдайды сипаттайтын хабарды транзакция респондентінің қолдау қызметіне жіберуге тиіс

IX. Электрондық құжаттар мен мәліметтерді толтыруға қойылатын талаптар

      19. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу" (P.EE.02.MSG.001) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжатының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар 8-кестеде айқындалған.

      8-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу" (P.EE.02.MSG.001) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжатының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар *

Талаптың коды

Талаптың тұжырымдамасы

1

"Сертификаттың сәйкестендіргіші" (ID) деректемесі толтырылмайды

2

"Сертификатты беру орны" (IssueLocationID) деректемесі толтырылмайды

3

"Сертификат нысанының кодтық белгіленуі" (TypeCode) деректемесі толтырылуға және техникалық шарттарға сәйкес көрсетілетін сертификат нысанының кодтық белгіленуін (мысалы, "ЕАV") қамтуға тиіс

4

"Сертификаттың шығарылған күні немесе мәліметтердің жаңартылған күні" (IssueDateTime) деректемесі толтырылады және мүше мемлекеттің орталық кеден органының дерекқорында сертификат мәліметтерін есепке алудың бастамашыда бар соңғы күні, күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады

      20. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу" (P.EE.01.MSG.004) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар 9-кестеде келтірілген.

      9-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу" (P.EE.01.MSG.004) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар*

Талаптың коды

Талаптың тұжырымдамасы

1

"Сертификаттың сәйкестендіргіші" (ID) деректемесі толтырылуға тиіс

2

"Сертификатты беру орны" (IssueLocationID) деректемесі толтырылуға тиіс

3

"Сертификат нысанының кодтық белгіленуі" (TypeCode) деректемесі толтырылуға және техникалық шарттарға сәйкес көрсетілетін сертификат нысанының кодтық белгіленуін (мысалы, "ЕАV") қамтуға тиіс

4

"Сертификаттың шығарылған күні немесе мәліметтердің жаңартылған күні" (IssueDateTime) деректемесі толтырылады және онда сертификаттың берілген күні қамтылады

      21. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорындағы жаңартылған мәліметтер" (P.EE.01.MSG.002) немесе "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (P.EE.01.MSG.005) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (Certificate) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар техникалық шарттарда анықталады.

      ______________

      * Талаптардың құрамы белгілі бір үшінші ел үшін техникалық шарттарда нақтылануы мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл РЕГЛАМЕНТІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №124 шешімі;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде осындай шарттар тараптарының электрондық ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін Одақтың және оған мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттары (осындай халықаралық шарттардың ережелерін дамытатын хаттамалар).

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Регламент жалпы процеске қатысушылардың "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесінің (бұдан әрі – жалпы процесс) транзакцияларын орындау тәртібі мен шарттарының, сондай-ақ оларды орындау кезіндегі өз рөлінің бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      3. Осы Регламент жалпы процеске қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға тікелей бағытталған жалпы процесс операцияларын орындау тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      4. Осы Регламентті жалпы процеске қатысушылар жалпы процесс шеңберінде рәсімдер мен операцияларды орындау тәртібін бақылау кезінде, сондай-ақ осы жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалау, әзірлеу және пысықтау кезінде қолданады.

III. Негізгі ұғымдар

      5. Осы Регламенттің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "авторландыру" – жалпы процестің белгілі бір қатысушысына белгілі бір әрекеттерді орындау құқығын беру;

      "Техникалық шарттар", "үшінші ел", "мүше мемлекеттің уәкілетті органы", "үшінші елдің орталық кеден органы" деген ұғымдар осы Регламентте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының (бұдан әрі – Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары) 4-тармағында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

      "Бастамашы", "бастамашылық операция", "қабылдаушы операция", "респондент", "жалпы процесс хабары" және "жалпы процесс транзакциясы" деген ұғымдар осы Регламентте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлестіру және сипаттау әдістемесінде айқындалған мәндерде пайдаланылады.

IV. Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл туралы негізгі мәліметтер

1. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар

      6. Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар рөлдерінің тізбесі 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар рөлдерінің тізбесі


Рөлдің атауы

Рөлдің сипаттамасы

Рөлді орындайтын қатысушы

1

2

3

Мәліметтер иесі

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
үшінші елдің орталық кеден органына ұсыну үшін Комиссияның интеграциялық сегментіне мынадай мәліметтерді жібереді:
тауарды беру (күшін жою (кері қайтарып алу)) фактісі бойынша оның шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер);
үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуына жауап ретінде берілген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер не оның жоқтығы туралы ақпарат;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер не жаңартулардың жоқтығы туралы ақпарат;
Комиссияның интеграциялық сегментінен мыналарды:
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салуды алуды жүзеге асырады

мүше мемлекеттің уәкілетті органы (P.EE.01.ACT.001)

Үйлестіруші

осы мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органына, оның ішінде үшінші елдің орталық кеден органының сұрау салуы бойынша ұсыну үшін тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы ресімдеген және берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсынуға сұрау салудың, сондай-ақ мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салудың мәліметтерін иесіне жіберуді жүзеге асырады;
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді немесе осы мәліметтерді үшінші елдің орталық кеден органына ұсыну үшін жаңартулардың жоқтығы туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді

Үйлестіруші (P.ACT.001)

2. Ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы

      7. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде Үйлестіруші мен мәліметтер иесі арасындағы жалпы процестің рәсімдеріне сәйкес ақпараттық өзара іс қимылдың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

      тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл.

      Үйлестіруші мен мәліметтер иесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы 1-суретте көрсетілген.



      1-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезінде Үйлестіруші мен мәліметтер иесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың құрылымы

      8. Үйлестіруші мен мәліметтер иесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жалпы процесс шеңберінде іске асырылады. Жалпы процестің құрылымы Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларында анықталған.

      9. Ақпараттық өзара іс-қимыл жалпы процестің қатысушылары арасында жалпы процестің ақпараттық объектісінің жай-күйлерін үндестіру мақсатында хабарлар алмасу болып табылатын жалпы процестің транзакцияларын орындау тәртібін айқындайды. Әрбір ақпараттық өзара іс-қимыл үшін операциялар мен осындай операцияларға сәйкес жалпы процесс транзакциялары арасындағы қатынастар айқындалады.

      10. Жалпы процесс транзакциясын орындау кезінде бастамашы өзі жүзеге асыратын операция (бастамашы операция) шеңберінде респондентке сұрау-хабар жібереді, оған жауап ретінде респондент өзі жүзеге асыратын операция (қабылдаушы операция) шеңберінде жауап-хабар жіберуге тиіс.

      Хабар құрамындағы деректердің құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына (бұдан әрі – Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы) сәйкес келуге тиіс.

      11. Жалпы процестің транзакциялары осы Регламентте анықталғандай жалпы процесс транзакцияларының берілген параметрлеріне сәйкес орындалады.

V. Рәсімдер топтары шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл

1. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезіндегі ақпараттық өзара іс қимыл

      12. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезінде жалпы процестің транзакцияларын орындау схемасы 2-суретте көрсетілген. Жалпы процестің әрбір рәсімі үшін 2-кестеде операциялар, жалпы процестің ақпараттық объектілерінің аралық және нәтижелік жай-күйлері мен жалпы процесс транзакциялары арасындағы байланыс келтірілген.



      2-сурет. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезінде жалпы процестің транзакцияларын орындау схемасы

      2-кесте

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну кезіндегі жалпы процесс транзакцияларының тізбесі


Р/с №

Бастамашы орындайтын операция

Жалпы процестің ақпараттық объектісінің аралық жай-күйі

Респондент орындайтын операция

Жалпы процестің ақпараттық объектісінің нәтижелік жай-күйі

Жалпы процесс транзакциясы

1

2

3

4

5

6

1

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.PRC.004)

1.1

мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу үшін сұрау салу жіберу (P.EE.01.OPR.012).
мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу (P.EE.01.OPR.014)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар сұралды

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алу үшін сұрау салуға жауап ретінде мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.OPR.013)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жіберілді тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жоқ

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.TRN.004)

2

Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.PRC.005)

2.1

мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуға сұрау салу жіберу (P.EE.01.OPR.015).
сұрау салуға жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді алу (P.EE.01.OPR.017)

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер сұралды

сұрау салуға жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.OPR.016)
 

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер жіберілді тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.002): мәліметтер жоқ

сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.TRN.005)


3

Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.PRC.006)

3.1

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.OPR.018).
тауардың шығу тегі туралы берілген
сертификат туралы мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу (P.EE.01.OPR.021)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): тауардың шығу тегі туралы берілген
сертификат туралы мәліметтер берілді

үшінші елдің орталық кеден органына тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтерді қабылдау және жолдау (P.EE.01.OPR.019)
мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау (P.EE.01.OPR.020)

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): тауардың шығу тегі туралы берілген
сертификат туралы мәліметтер жіберілді

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну (P.EE.01.TRN.006)

VI. Жалпы процесс хабарларының сипаттамасы

      13. Жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде берілетін жалпы процесс хабарларының тізбесі 3-кестеде келтірілген. Хабар құрамындағы деректердің құрылымы Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес келуі тиіс. Электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасындағы тиісті құрылымға сілтеме 3-кестенің 3-бағанының мәні бойынша белгіленеді.

      3-кесте

Жалпы процесс хабарларының тізбесі


Кодтық белгіленуі

Атауы

Электрондық құжаттың (мәліметтердің) құрылымы

1

2

3

P.EE.01.MSG.001

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтер алуға сұрау салу

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу (Request)

P.EE.01.MSG.002

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорындағы жаңартылған мәліметтер

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтер (Certificate)

P.EE.01.MSG.003

мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (Response)

P.EE.01.MSG.004

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу (Request)

P.EE.01.MSG.005

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтер (Certificate)

P.EE.01.MSG.006

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (Response)

VII. Жалпы процесс транзакцияларының сипаттамасы

1. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.004) жалпы процесінің транзакциясы

      14. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.004) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының сұрау салуы бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді респонденттің ұсынуы үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процестің транзакциясын орындау схемасы 3-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 4-кестеде келтірілген.



      3-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.004) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      4-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.004) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.004

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді ұсыну

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу жіберу

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер алуға сұрау салуға жауап ретінде мәліметтер ұсыну

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жоқ
тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): жаңартулар жіберілді

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтер алуға сұрау салу (P.EE.01.MSG.001)


жауап хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорындағы жаңартылған мәліметтер (P.EE.01.MSG.002) мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.003)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

2. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.005) жалпы процесінің транзакциясы

      15. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.005) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының сұрау салуы бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді респондентке ұсыну үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процестің транзакциясын орындау схемасы 4-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 5-кестеде келтірілген.



      4-сурет. "Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.005) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      5-кесте

"Сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.005) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.005

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

сұрау салу бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

мүше мемлекеттің уәкілетті органына тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер ұсынуға сұрау салу жіберу

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

сұрау салуға жауап ретінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.001): мәліметтер жоқ
тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.BEN.001): мәліметтер жіберілді

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу (P.EE.01.MSG.004)


жауап хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.MSG.005) мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.003)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

3. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.006) жалпы процесінің транзакциясы

      16. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.006) жалпы процесінің транзакциясы бастамашының респондентке берілген (күші жойылған (кері қайтарып алынған)) тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсынуы үшін орындалады. Көрсетілген жалпы процестің транзакциясын орындау схемасы 5-суретте көрсетілген. Жалпы процесс транзакциясының параметрлері 6-кестеде келтірілген.



      5-сурет. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.006) жалпы процесінің транзакциясын орындау схемасы

      6-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну" (P.EE.01.TRN.006) жалпы процесі транзакциясының сипаттамасы


Р/с №

Міндетті элемент

Сипаттамасы

1

2

3

1

Кодтық белгіленуі

P.EE.01.TRN.006

2

Жалпы процесс транзакциясының атауы

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

3

Жалпы процесс транзакциясының шаблоны

сұрау/жауап

4

Бастамашылық рөл

бастамашы

5

Бастамашылық операция

мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерді ұсыну

6

Ден қою рөлі

респондент

7

Қабылдау операциясы

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарламаны мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолдау

8

Жалпы процесс транзакциясын орындау нәтижесі

тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқоры (P.EE.01.BEN.001): тауардың шығу тегі туралы берілген сертификат туралы мәліметтер

9

Жалпы процесс транзакциясының параметрлері:



алуды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


өңдеуге қабылдауды растауға арналған уақыт

техникалық шарттармен айқындалады


жауапты күту уақыты

техникалық шарттармен айқындалады


авторизациялау белгісі

иә


қайталаулар саны

техникалық шарттармен айқындалады

10

Жалпы процесс транзакцияларының хабарлары:



бастамашылық хабар

тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер (P.EE.01.MSG.005)


жауап хабар

мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама (P.EE.01.MSG.006)

11

Жалпы процесс транзакциясы хабарларының параметрлері:



ЭЦҚ белгісі

жоқ


Қате ЭЦҚ-мен электрондық құжатты беру

-

VIII. Штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі

      Жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде деректерді өңдеуді әдеттегі режимде жүргізу мүмкін болмайтын штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Штаттан тыс жағдайлар техникалық іркілістер, күту уақыты аяқталған кезде және өзге де жағдайларда туындайды. Жалпы процеске қатысушының штаттан тыс жағдайдың туындау себептері туралы түсіндірмелер және оны шешу жөніндегі ұсынымдар алуы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдау қызметіне тиісті сұрау салу жіберу мүмкіндігі көзделген. Штаттан тыс жағдайды шешу бойынша жалпы ұсынымдар 7-кестеде келтірілген.

      18. Транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің уәкілетті органы) қате туралы хабарлама алынған хабардың Электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына және осы Регламенттің IX бөлімінде көрсетілген хабарларды бақылауға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Егер көрсетілген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда, транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің орталық кеден органы) анықталған қатені жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Егер сәйкессіздіктер анықталмаған жағдайда, транзакцияның бастамашысы (мүше мемлекеттің уәкілетті органы) осы штаттан тыс жағдай сипатталған хабарды Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін қолдау қызметіне жібереді.

      7-кесте

Штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимыл


Штаттан тыс жағдайдың коды

Штаттан тыс жағдайдың сипаттамасы

Штаттан тыс жағдайдың себептері

Штаттан тыс жағдай туындаған кездегі іс-қимыл сипаттамасы

1

2

3

4

P.EXC.002

жалпы процестің екі жақты транзакциясының бастамашысы келісілген қайталаулар саны аяқталғаннан кейін жауап-хабар алған жоқ

көлік жүйесіндегі техникалық ақаулар немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің жүйелік қатесі

жауап-хабар қалыптастырылуы тиіс ұлттық сегменттің техникалық қолдау қызметіне не егер жауап-хабар Комиссияның интеграциялық сегментінен алынады деп күтілсе, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау қызметіне сұрау салу жолдау қажет

P.EXC.004

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы қате туралы хабарлама алды

анықтамалықтар мен сыныптауыштар үндестірілмеген немесе электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемалары, қолданбалы деректердегі қателер жаңартылмаған

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы пайдаланылған анықтамалықтар мен сыныптауыштарды үндестіруі немесе электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемаларын жаңартуы, қолданбалы деректердегі қателерді түзетуі қажет. Егер анықтамалықтар мен сыныптауыштар үндестірілсе, электрондық құжаттардың (мәліметтердің) XML-схемалары жаңартылса, қолданбалы деректерде қателер анықталмаса, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау қызметіне сұрау салу жіберу қажет

P.EE.01.EXC.003

бастамашының ақпараттық жүйесінде респонденттің жауап хабарын өңдеу кезінде қате пайда болды

жалпы процесс транзакциясының бастамашысы жағындағы хабар мазмұнының блогын тексеру мен өңдеудегі қате

транзакцияның бастамашысы мазмұнның блогын берілетін ақпараттың дұрыстығын тексеруге және осы штаттан тыс жағдайды сипаттайтын хабарды транзакция респондентінің қолдау қызметіне жіберуге тиіс

IX. Электрондық құжаттар мен мәліметтерді толтыруға қойылатын талаптар

      19. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу" (P.EE.02.MSG.001) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжатының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар 8-кестеде айқындалған.

      8-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алуға сұрау салу" (P.EE.02.MSG.001) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжатының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар*

Талаптың коды

Талаптың тұжырымдамасы

1

"Сертификаттың сәйкестендіргіші" (ID) деректемесі толтырылмайды

2

"Сертификатты беру орны" (IssueLocationID) деректемесі толтырылмайды

3

"Сертификат нысанының кодтық белгіленуі" (TypeCode) деректемесі толтырылуға және техникалық шарттарға сәйкес көрсетілетін сертификат нысанының кодтық белгіленуін (мысалы, "ЕАV") қамтуға тиіс

4

"Сертификаттың шығарылған күні немесе мәліметтердің жаңартылған күні" (IssueDateTime) деректемесі толтырылады және үшінші елдің орталық кеден органының дерекқорында сертификат мәліметтерін есепке алудың бастамашыда бар соңғы күні, күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады

      20. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу" (P.EE.01.MSG.004) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар 9-кестеде келтірілген.

      9-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтерге сұрау салу" (P.EE.01.MSG.004) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар*

Талаптың коды

Талаптың тұжырымдамасы

1

"Сертификаттың сәйкестендіргіші" (ID) деректемесі толтырылуға тиіс

2

"Сертификатты беру орны" (IssueLocationID) деректемесі толтырылуға тиіс

3

"Сертификат нысанының кодтық белгіленуі" (TypeCode) деректемесі толтырылуға және техникалық шарттарға сәйкес көрсетілетін сертификат нысанының кодтық белгіленуін (мысалы, "ЕАV") қамтуға тиіс

4

"Сертификаттың шығарылған күні немесе мәліметтердің жаңартылған күні" (IssueDateTime) деректемесі толтырылады және сертификат берілген күнді қамтиды

      21. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар дерекқорындағы жаңартылған мәліметтер" (P.EE.01.MSG.002) хабарында немесе "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (P.EE.01.MSG.005) хабарында берілетін "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (Certificate) электрондық құжаттарының (мәліметтерінің) деректемелерін толтыруға қойылатын талаптар техникалық шарттарда анықталады.

      _________________

      *Талаптардың құрамы белгілі бір үшінші ел үшін техникалық шарттарда нақтылануы мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының СИПАТТАМАСЫ I. Жалпы ережелер

      1. Осы Сипаттама Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №124 шешімі;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) пайдалана отырып, тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде осындай шарттар тараптарының электрондық ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін Одақтың және оған мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттары (осындай халықаралық шарттардың ережелерін дамытатын хаттамалар).

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Сипаттама "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен

      верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесі (бұдан әрі – жалпы процесс) шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      3. Осы Сипаттама интеграцияланған жүйе құралдарымен жалпы процесс рәсімдерін іске асыру кезінде ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалау, әзірлеу және пысықтау кезінде қолданылады.

III. Негізгі ұғымдар

      4. Осы Сипаттаманың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "деректеме" – белгілі бір контексте ажырамайтын болып саналатын электрондық құжат (мәліметтер) деректерінің бірлігі.

      "Техникалық шарттар", "үшінші ел", "тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі" деген ұғымдар осы Сипаттамада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының (бұдан әрі – Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары) 4-тармағында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

      Осы Сипаттамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартта және Одақ органдарының интеграцияланған жүйені құру және дамыту мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. Электрондық құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары

      5. Электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізбесі 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізбесі


Р/с №

Сәйкестендіргіш

Аты

Аттар кеңістігі

1

2

3

4

1

Электрондық құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары

1.1

Request

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:1

1.2

Certificate

Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:2

1.3

Response

Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:3

1. Электрондық құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары

      6. "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.

      2-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Аты

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу

2

Сәйкестендіргіш

Request

3

Нұсқасы

1.0.0

4

Анықтама

тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу параметрлері туралы мәліметтерді қамтиды

5

Пайдалану

6

Аттар кеңістігінің сәйкестендіргіші

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:1

7

XML-құжатының түпкі элементі

RootDocument

8

XML-схемасы файлының аты

Request.xsd

      7. Импортталатын аттар кеңістігі, "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар туралы мәліметтерге сұрау салу" (Request) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының деректемелік құрамы техникалық шарттарда айқындалған.

      8. "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (Certificate) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы 3-кестеде келтірілген.

      3-кесте

"Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (Certificate) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Аты

Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер

2

Сәйкестендіргіш

Certificate

3

Нұсқасы

1.0.0

4

Анықтама

тауардың шығу тегі туралы сертификаттағы мәліметтерді қамтиды

5

Пайдалану

6

Аттар кеңістігінің сәйкестендіргіші

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:2

7

XML-құжатының түпкі элементі

RootDocument

8

XML-схемасы файлының аты

Certificate.xsd

      9. Импортталатын аттар кеңістігі, "Тауардың шығу тегі туралы сертификат туралы мәліметтер" (Certificate) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының деректемелік құрамы техникалық шарттарда айқындалған.

      10. "Мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама" (Response) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы 4-кестеде келтірілген.

      4-кесте

"Мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама" (Response) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының сипаттамасы


Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Аты

Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама

2

Сәйкестендіргіш

Response

3

Нұсқасы

1.0.0

4

Анықтама

респонденттің сұрау салуды өңдеуінің нәтижесі туралы мәліметтер

5

Пайдалану

6

Аттар кеңістігінің сәйкестендіргіші

urn:wco:datamodel:WCO:Declaration:3

7

XML-құжатының түпкі элементі

RootDocument

8

XML-схемасы файлының аты

Response.xsd

      11. Импортталатын аттар кеңістігі, "Мәліметтерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлама" (Response) электрондық құжаты (мәліметтері) құрылымының деректемелік құрамы техникалық шарттарда айқындалған.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесіне қосылу ТӘРТІБІ I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 06 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №124 шешімі;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде осындай шарттар тараптарының электрондық ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін Одақтың және оған мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық шарттары (осындай халықаралық шарттардың ережелерін дамытатын хаттамалар) (бұдан әрі тиісінше – интеграцияланған жүйе, үшінші елмен халықаралық шарт).

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Тәртіп "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін (бұдан әрі – жалпы процесс) қолданысқа енгізу рәсімдерінің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды және жаңа қатысушының жалпы процеске қосылу талаптарын, сондай-ақ оларды орындау кезінде жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимылға қойылатын талаптарды айқындайды.

ІII. Негізгі ұғымдар

      3. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын құжаттар – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағында көзделген техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құжаттар;

      "технологиялық құжаттар" – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімінің 1-тармағында көзделген жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың үлгілік тізбесіне енгізілген құжаттар.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының (бұдан әрі – Ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары) 4-тармағында айқындалған мәндерде, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартта және Одақ органдарының интеграцияланған жүйені құру және дамыту мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. Өзара іс-қимылға қатысушылар

      4. Өзара іс-қимылға қатысушылардың осы Тәртіпте көзделген рәсімдерді орындау кезіндегі рөлдері 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Өзара іс-қимылға қатысушылардың рөлдері

Р/с №

Рөлдің атауы

Рөлдің сипаттамасы

Рөлді орындайтын қатысушы

1

Қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органы

жалпы процеске қосылатын, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорларынан мәліметтер алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің орталық кеден органы

мүше мемлекеттің орталық кеден органы (P.EE.01.ACT.002)

2

Қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы

жалпы процеске қосылатын, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорынан мәліметтер ұсынуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің уәкілетті органы

мүше мемлекеттің уәкілетті органы (P.EE.01.ACT.001)

3

Комиссия

осы Тәртіпте көзделген рәсімдердің орындалуын үйлестіреді

Үйлестіруші
(P.ACT.001)

V. Жалпы процесті қолданысқа енгізу

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің арасында электрондық ақпараттық алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 10 шешімі күшіне енген күннен (бұдан әрі – Комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күн) бастап мүше мемлекеттер Комиссияның үйлестіруімен жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімін орындауды қамтамасыз етеді.

      Жалпы процеске қосылу және қолданысқа енгізу жөніндегі іс – шараларды (бұдан әрі – қосылу жөніндегі іс-шаралар) орындау мерзімдері, оның ішінде үшінші елмен жасалған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында әзірленетін ақпарат алмасуды іске асыру жөніндегі жоспарларда айқындалған мерзімдер ескеріле отырып айқындалады.

      6. Жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімін орындау шеңберінде мүше мемлекеттер мыналарды:

      а) Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) жаңа қатысушының жалпы процеске қосылуы туралы (жалпы процесті іске асыру шеңберінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың дерекқорларынан мәліметтер ұсынуға және алуға жауапты органдарды (ұйымдарды) көрсете отырып) Комиссияны хабардар етуін (Комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күннен кешіктірмей);

      б) қажет болған кезде мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне технологиялық құжаттардың талаптарын орындау үшін қажетті өзгерістер енгізуін (Комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде) қамтамасыз етеді.

      7. Қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органы және қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүше мемлекеттің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегментінің операторы жалпы процесті қолданысқа енгізу үшін осы Тәртіптің VI бөліміне сәйкес жалпы процеске қосылу рәсімімен айқындалған қосылу жөніндегі қажетті іс-шараларды орындауы тиіс.

      8. Қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органы және қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүше мемлекеттің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегментінің операторы қосылу жөніндегі қажетті іс-шараларды орындағаннан кейін Комиссияның сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақтар жүргізу жөніндегі ұсынымдары негізінде Комиссия Алқасы жалпы процесті қолданысқа енгізу туралы өкім қабылдайды.

      9. Комиссияның интеграциялық сегментінің компоненттері мен орталық кеден органының ақпараттық жүйелері арасындағы, сондай-ақ Комиссияның интеграциялық сегментінің компоненттері мен осы мүше мемлекеттердің уәкілетті органының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеу нәтижелері сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақтар жүргізу жөніндегі комиссияның бір немесе бірнеше мүше мемлекеттерге қатысты жалпы процесті қолданысқа енгізуге әзірлігі туралы ұсынымдарды қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      10. Жалпы процесс қолданысқа енгізілгеннен кейін жаңа қатысушылар қосылу жөніндегі іс-шараларды орындау арқылы оған қосыла алады.

VI. Қосылу рәсімінің сипаттамасы

      11. Қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органы және қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір мүше мемлекеттің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегментінің операторы жалпы процеске қосылу үшін интеграцияланған жүйенің, технологиялық құжаттардың және техникалық шарттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын құжаттардың талаптарын, сондай-ақ мүше мемлекеттің ұлттық сегмент шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін заңнамасының талаптарын орындауы тиіс.

      12. Жаңа қатысушының жалпы процеске қосылу рәсімін орындау мынадай іс шараларды:

      а) қосылатын қатысушының – мүше мемлекеттің орталық кеден органының және қосылатын қатысушының – мүше мемлекеттің уәкілетті органының, сондай-ақ қажет болған кезде интеграцияланған жүйенің ұлттық сегментінің операторының ақпараттық жүйесін әзірлеуді (пысықтауды);

      б) егер мұндай қосылу бұған дейін жүзеге асырылмаған болса, қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органының және қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпараттық жүйесін ұлттық сегментке қосуды;

      в) қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің орталық кеден органы мен қосылатын қатысушы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы және үйлестірушінің ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкестігіне тестілеу жүргізуді қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады